Шағын Отан неден басталады?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шағын Отан неден басталады?

Материал туралы қысқаша түсінік
Отан
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Шағын Отан неден басталады?»

Бір кеудеге екі жүрек симайды. Қазақ үшін Отан жалғыз, Ту жалғыз!

Бүгінгі таңда өскелең ұрпақты бойына Отансүйгіштік пен патриотизм сезімін қалыптастыру мемлекет саясатының басым мақсаты болып табылады. «Ел болам десең – бесігінді түзе», – демекші Отанға деген махаббат ана сүтімен берілуі тиіс деп санаймын, өйткені Отан алдындағы кіршіксіз махаббат ананың аялы алақаны мен әке қамқорлығымен бойға тарайды.


«Отан – отбасынан басталады», - деген тәмсіл бекер айтылмасы керек. Міне, егер әр бала осы махабатты көріп өссе, ер жеткен уақытында нағыз патриот болып қалыптасады. Өлкені сүйетін кім? Ата-ананың тәрбиені көрген, ерлікті таңған, білімді бала.


Менің елім – менің Қазақстаным! Осы құдіретті сөзді әрбір азамат асқақ сезіммен, мақтанышпен айталады, өйткені біздер, асқақ арман жетегінде, отаншылдық рухты ту еткен, ұлт пен ұлыстардың ұл-қыздары, қасиетті қазақ топырағында өсіп-өніп, мекен етіп, береке-бірлікте, достық қарым-қатынаста, тыныштық пен татулықта өмір сүріп жатырмыз.


Біз осы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жан-жақты ойлап, ата-бабаларымыздың жолымен жүрген ақыл-парасатының нәтижесі деп білеміз. Отансүйгіштік сезім өрге бастайтынын өз ұлтымыздың тарихы да талай дәлелдеп келеді. Отансүйгіштік рухтың аса бір қасиетті тірегі демекші, Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіздік жолында ту етіп көтерген идеялар бірі-«Қазақстандық отансүйгіштік» ұғымымен жалғасып жатыр.


Біз бақытты ұрпақпыз! Себебі, ата-бабаларымыз қанып-төгіп, жанын беріп аңсап кеткен.


Біз Тәуелсіздікке қол жеткізіп, ешкімге тәуелді болмай, еркін өмір сүріп келеміз. Бабаларымыз басынан не кетпеді? Екі жүз жылдық жонғар – қазақ тартысында Абылай хан сияқты жандар, Төле, Қазыбек, Әйтеке секілді билер, Қабанбай, Бөгенбай батырлар өз жерін ерлікпен қорғады.


«Отан үшін отқа түс - күймейсің», деп Бауыржан атамыз айтқандай, азаттық жолында құрбан болған, азап шегіп қасірет тартқан аға-апаларымыздың ерлігін қалай ұмытамыз! Әрине, біз, ұрпақ, халқымыздың ерлік дәстүрін әрі қарай жалғастырамыз, халқымыз өтпелі кезеңнен абыройын өтіп, экономикамыз өрлеу жолына түсті. Менінше, кейінгі біз де із қалдыруға тиістіміз. Ол үшін жастықтың жалынымен, бойдағы күш-қуат, ойдағы ұшқынмен Отан – ананың тірегі болуымыз керек. Елбасымыз айтқандай, ХХІ ғасыр – білім, ғылым, бәсеке ғасыры болмақ. Әр азамат өзін мемлекетінің өткеніне, бүгініне және ертеңіне тікелей қатысын сезініп, Отан тағдыры үшін өзіне жеке жауапкершілік жүктелетінің терең білуі керек деп ойлаймын.


Отан! Бұл сөз біздің қай-қайсымыз үшін де айрықша ыстық. Отан – кіндік кескен жеріміз ғана емес, баршамыздың кең, байтақ, ғажайып өлкеміз. Біздің өлкеміз – туысқандық салтанат құрған еркін Халықтардың елі, сондықтан мен өз өлкемді шексіз сүйіп мақтан етемін!


Ең бірінші бақытым неде? Ең бірінші бақытым – халқым менің, ал екінші бақытым – тілім менің, ал үшінші бақытым – отан деген... Бұл, ең бірінші бақытым – халқым, елім, отбасым, әке-шешем, халқым барда мен әрқашан құшағындамын.


Ал екінші бақтым – менің тілім, ана тілімсіз өмірімнің мәні жоқ.


Үшінші бақытым – Отан! Отанымның ертеңгі болашақ ұрпақтарына, ертеңгі ел тірегі болатын ұландарына білім беріп, тәрбиелеп, өз үлесімді қосып отырғаныма бақыттымын.


Менің үлкен мемлекетім – Қазақстан, ал кіші өлкем Мұқан Төлебаев ауылы! Өз Отанын, өз халқын, туған жерін сүймейтін азамат елінің қорғаны, патриоты бола алмайды. Мен ойлаймын, егер әр адам ата-анасын құрмет етсе, өзінің өскен жерін, туыстарын сыйласа, туған ұлтын қадірлесе, сол адам нағыз Отанымыздың патриоты болады. Сонымен, Отансүйгіштік – әрбір азаматқа керек ұлы қасиет, отаншыл болуы керек, отанымызға көп пайда келтіре отырып, Отанды сүйетіндігінді іспен дәлелдеу, өз ел үшін еңбек ету керек, өйткені Отаншылдық өз үйіннен басталады: Ұлан-байтақ жерді алып жатқан мемлекетіміздің әскері болу біз үшін асқан абырой. Отанға, туған жерін деген сезімін күшейіп, сылдырлап аққан суы мен аспанмен таласқан тауларына қарап, кеуденде от жанғандай боласын.


«Отан! Отан!

Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем», дегендей, туған елін, жерін, Отанын сүю, қорғау – әрбір азаматтың қасиетті парыз, адамдық борышы.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
8174
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі