Шахмат ойынының негіздері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шахмат ойынының негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
дене тәрбиесі мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Шахмат ойынының негіздері»
Мақсаты: Білімділік: шахмат ойынының шығу тарихы мен фигуралардың атауларын, олардың жүру тәртібін білу. Шахмат ойынындағы басты фигура корольге әр түрлі әдіс -тәсілдерді қолданып, мат қоя білу.
Дамытушылық: шахмат ойынын үйрету барысында оқушылар бойында стратегиялық жоспарды тактикалық тәсілдермен дамытудың тиімділігін арттыру.
Тәрбиелік: адамгершілік, еңбек, ақыл -ой тәрбиесін жетілдіру.
Сабақтың типі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдіс -тәсілдері: сұрақ- жауап, түсіндіру, ойын, ой -толғаныс, «Кубизм» әдісі
Көрнекілік: интерактивті тақта, шахмат тақтасы, шахмат фигуралары
Пәнаралык байланыс: математика, сурет.
Барысы: І.Ұйымдастыру кезең
Армысыздар құрметті ұстаздар, сайысқа қатысушы жас өркен! Бүгінгі «Шахмат ойынының негіздері» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер! Олай болса әділ қазылар алқаларымен таныстырайық. 
Әділ қазылар алқасымен таныстыру:
1.
2.
3.

ІІ. Кіріспе
Шахмат ойыны туралы түсінік
Шахмат ойыны жоғары интеллектуалдық спорт түрі. Шахмат - адамның ақыл- ой дамуына ықпал ететін білім. Шахмат ойыны балаларға тек қуаныш сыйлайтын ойын ғана емес, ойлауды дамытудың тиімді құралы. Шахмат ойыны сонымен қатар, кеңістікті бағдарлай алу қабілетін дамытуға , ойлаудың аналитикалық синтетикалық жолдарын, ой тұжырымдарын жасау, есте сақтау, қорытынды жасай алу қабілетін, мақсат қос білу қабілетін дамытуға көмектеседі. Елбасымыз шахматтың тұнып тұрған есеп екенін айта келіп, «Есепке жүйрік адам математиканы еркін меңгереді» деген болатын. Сондықтан шахмат пен математика ғылым мен ілім ұштасып жатқан тұтас ұғым деп түсінуіміз керек. 
ІІІ. Негізгі бөлім
Сайыс кезеңдері:
І. Таныстыру ( әр топ өз аттарымен, ұрандарымен таныстырады)
ІІ. «Кім жүйрік?» ( сұрақ жауап сайысы, барлығы 10 сұрақ)
ІІІ. «Ойлы болсаң озып көр» ( семантикалық картаны толтыру)
ІУ. «Жорға» ( кубикті лақтыру арқылы сан таңдау, сол санға сәйкес құпия суреттерді анықтау)
У. Кім жылдам ( шахмат фигураларының қиындыларын құрастыру)
УІ. Тест тапсырмалары ( 7 )
УІІ. Жас шахматшы ( екі топ ойыншысы шахмат ойынын ойнайды)

Жарыс десең өртеніп, жанып тұрар
Сусындап сол жарыстан қанып тұрар.
Сегіз қырлы, бір сырлы сайыскерлер,
Кезі келді өзін- өзі таныстырар - дей келе бірінші кезең бойынша әр топ өз аттары мен ұрандарын таныстырады.
І. «Шах» тобы ( Ақ түсті фигуралар)
ІІ. «Мат» тобы ( Қара түсті фигуралар)
ІІ Кезең «Кім жүйрік?» әр топқа бірдей нұсқадағы 10 сұрақ беріледі. Оқушылар жауабын ауызша айту керек. 
1.Шахмат ойыны қай мемлекетте және қай ғасырда пайда болған? ( 5 ғасырда, Индия)
2.«Шах және мат» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағына береді? ( «шах» билеуші, «мат» жеңілді, ұтылды)
3.Шахмат фигуралары ( король, ферзь, піл, ат, тура, пешка)
4.Шахмат фигураларының түстері қандай? (ақ және қара)
5.Шахмат тақтасында қанша шаршы бар? (64 )
6.Шахмат тақтасында қандай әріптер мен сандар бар? ( 1 2 3 4 5 6 7 8 - A B C D E F H G )
7.Ең әлсіз фигура қандай? (король)
8.Шахмат ойынының мақсаты қандай? (корольге мат қойып, ойынды аяқтау)
9.Шахмат ойынынан басқа қандай ойындарды білесің? 
10. Шахмат фигураларының саны ( 16, 16, 32)
ІІІ кезең . «Ойлы болсаң озып көр» ( семантикалық картаны толтыру)
Бір немесе екі шаршыдан аттап жүреді Қиғаш қана жүреді «Г» әрпіне ұқсас жүреді Бір бір қадамдап қана жүреді Алға, артқа, тура ғана жүреді Алға, артқа, оңға, солға, қиғаш жүреді
Король (патша)
Ферзь (уәзір)
Слон (піл)
Конь (ат)
Ладья (тура)
Пешка (жаяу әскер)

ІУ. «Жорға» ( кубикті лақтыру арқылы сан таңдау, сол санға сәйкес құпия суреттерді анықтау)
-Король 
-Ферзь
-Слон 
-Конь
-Ладья
-Пешка 
У. Кім жылдам ( шахмат фигураларының қиындыларын құрастыру)
Оқушылар берілген қиындылардан шахмат фигурасын құрастыру керек.
УІ. Тест тапсырмалары
1.Шахмат фигураларын көрсет
А. патша, уәзір, піл, ат
Ә. Патша, уәзір, піл, ат, тура, пешка
Б. патша, уәзір, піл, ат, пешка
2.Патша фигурасының жүру тәртібін көрсет
А. оңға, солға, артқа бір қадамдап
Ә. оңға, солға, артқа, тура
Б. Тура, артқа, қиғаш
3.Уәзір фигурасының жүру тәртібін көрсет
А. алға , артқа жүреді
Ә. Тура, қиғаш, оңға, солға, алға, артқа жүреді
Б. Тек қиғаш ғана жүреді
4.Піл фигурасының жүру тәртібін көрсет
А. тек қиғаш ғана жүреді
Ә. «Г» әрпі сияқты жүреді
Б. Тура ғана жүреді
5.Ат фигурасының жүру тәртібін көрсет
А. тура ғана жүреді
Ә. «Г» әрпі сияқты жүреді
Б. Тек қиғаш ғана жүреді
6.Шахмат тақтасында қандай әріптер бейнеленген 
А. a b c d e f
Ә. a b c e h g
Б. a b c d e f g h
7.Шахмат ойынының мақсаты қандай
А. корольге мат қою
Ә. Қарсыластан жеңілу
Б. Тек шайқасу
УІІ. Жас шахматшы ( екі топ ойыншысы шахмат ойынын ойнайды)

Қорытындылау 
Өнерпазды жарау аттай баптасын,
Жүлде алып ел намысын ақтасын
Өнерімен танылып оқушылар,
Ел сенімін еңбекпенен ақтасын.
Оқушылар сендер шахмат ойынын қалай ойнау керектігін оқып үйренудесіңдер, алдағы уақытта сіздер де Динара Сәдуақасова , Жансая Әбдімәлік, Әсел Серікпай сияқты әлем чемпионаттарына қатысып, биіктен көрінулеріңізге тілектеспін.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
1757
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі