Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Шахмат үйрену сабақтары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Шымкент қаласы
Шахмат үйрену
сабақтары
Әдістемелік құрал
Жаттықтырушы
Уразалиев Анарбек Серикович
Шахмат сабақтары
Сабақтың тақырыбы:Кіріспе
Сабақтың мақсаты:Шахмат ойыны жайлы түсінік беру.Мақсатымен таныстыру.Сабаққа қажетті шахматпен таныстыру.Ойын кезіндегі тәртіппен,ережесімен таныстыру.
Көрнекілігі:Шахмат,жазулар,шахмат тақтасы.
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II. Кіріспе әңгіме.
Шахмат сабағы аптасына үш рет жүргізіліп отырады. Қарама-қарсы отырған екі ойнаушыда бір шахмат тақтасы, 16 ақ, 16 қара фигуралары болуы қажет.
Үйірмеге келген оқушы тәртіп сақтауы қажет. Сабақты себепсіз босатпау, сабақта артық сөйлемеу. Айғайлап сөйлеп, шулауға болмайды, ойланып ойнау керек.
Шахмат-өте қызық ойын, оның бойында ғылым, өнер, және спорт элементтері астасып жатыр. Ойын нәтижесі тек бір нәрсеге-ой мықтылығына байланысты.
Шахмат ақыл-ойды, математикалық қабілетті дамытады, назар аударуды жинақтайды, қиындықты жеңе білуге баулиды. Шахмат ойнағанда қарсыласты сыйлай білу керек, дауласуға болмайды. Шахмат ойнасаңдар сабақты,оның ішінде математиканы жақсы оқи бастайсыңдар.
Шахмат-бұл күрес, ақыл-ой күресі, егер сен жеңбесең, онда ол сені жеңеді. Шахматты жақсы ойнау-қиын, алдымен жеңіле білуді үйрену керек, содан кейін жеңе білуді үйрену керек. Ал ол үшін шыдамдылық қажет.
III. Шахмат ойынын үйрету.
IV. Қорытынды.
Сабақтың тақырыбы: Шахмат ойыны туралы аңыз
Сабақтың мақсаты: Шахмат ойынының шығуы туралы, шахматты ойлап табу жөніндегі қызықты аңызды айту арқылы шахмат ойнауға деген қызығушылықтарын арттыру. Ойлау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: Шахмат тақтасы, шахмат фигуралары.
I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды отырғызу, шахматты тарату.
II.Жаңа сабақ.
Гав және Талханд туралы аңыз.
Үнді патшасы Джамхур дүние салғаннан кейін оның екі баласының арасында таққа отыру жөнінде үлкен талас туады. Көп кешікпей патшаның балалары Гав пен Талханд әскер жинап, соғыс ашады. Бұл соғыста Талханд жағы жеңіліске ұшырайды. Оның өзі піл үстінде кенеттен қайтыс болады.
Соғыс аяқталған соң анасы кіші ұлының қайғылы қазасына ашынып, Гавқа «бауырыңды өлімге қалай қидың» деп аналық айып тағады. Гав анасын жұбату үшін және қиян-кескі соғыста ағасына ешкімнің де қару көтермегенін, оның жарақатсыз өлгенін көрсету мақсатымен ел ішіндегі дана-ақылгөй адамдардың бәрін патша сарайына жинайды. Солардың ішінен бір айбынды да дана адам майдан алаңын бейнелейтін тақта жасайды. Оны өзара тең шаршыларға бөліп, тақтаның екі жақ бетіне қару-жарақтары бар әр түсті әскерді бейнелейтін фигураларды тігеді. Шахтар(патша) әскер қатарының орта шенінде, оның қасына шахтың оң қолы-уәзір (ферзь), екі жағына екі піл, пілдердің жанына түйе мінген екі жауынгер (бұл фигура қазір жоқ), оның қатарына екі жауынгер тігіледі. Тақтаның екі жақ шеткі шаршыларына аузынан қанды көбік бұрқыраған екі рух-тұра (ладья) қойылады. Осыдан кейін ол фигураларды кезекпенен жүріп қиян-кескі соғыстың барысында қолбасшылардың өмірін сақтай отырып, қырғынға ұшыраған әскерлерді бейнелеп береді. Міне, Гав жағының тағдыр жаршысы тұраның (ладьяның) жазуы бойынша Талханд дүние салған, яғни шах мат болған.
Сонда тақта үстіндегі соғысты және кенже баласының өлімін осылайша көзімен көрген ана қалған өз өмірін азалы жағдайда өткізген екен дейді.
III. Шахмат ойынын үйрету.
IV. Қорытынды.
Сабақтың тақырыбы: Шахмат ойынының тарихы
Сабақтың мақсаты: Шахмат ойынының тарихымен таныстыру. Шахмат ойынының маңызын түсіндіру.
Көрнекілігі:
I.Ұйымдастыру кезеңі. Шахмат таратып, екі ойыншыдан отырғызу.
II. Кіріспе әңгіме.Шахмат ойыны Үндістаннан Қытайға, Тибетке, Малайя аралдарына, Иранға тараған. Ал Ираннан шығыс халықтарына-арабтарға, армяндарға, грузиндерге, византиялықтармен түріктерге ауысқан. Иран, Кавказ арқылы Россияға, арабтар арқылы Европаға және Жер Орта теңізі аралдарының тұрғындарына, Пиреней, Аппенинге, одан Францияға, Германияға, Британияға, Испанияға дейін жеткен.Новгородтық жырлардағы саудагер жолаушы (көпес) Садко Ильмен көлінің түбіне батып бара жатып, алтын фигуралары бар қымбат бағалы шахмат тақтасын өзімен бірге ала кетеді. Оны қарсы алған теңіз патшасы Садкоға шахмат ойнауды ұсыныпты деседі...
Орыс жерінде шахмат ойнау XV ғасырдың басында патша мен ақ сүйектердің балаларын тәрбиелеп, баулу жүйесіне енгізілген. Тарих бізге осы кезеңдердегі тамаша орыс шахматшыларының есімін сақтап жеткізе алмады. Иван Грозныйдың патшалығы кезінде Москваға келген Павел Одерброн деген біреу:
« Орыстар немесе москвалықтар шахматты зор шеберлікпен ойнайды. Бұл ойынды олардың шебер ойнайтындығы сондай, тіпті мен олармен тең түсетін халықтың бар-жоғын білмеймін.» деп жазады.
XIX ғасырда шахмат өнері дамыған елдер мәдениетінен кеңінен орын ала бастады. Халықаралық жарыстар, чемпиондардың турнирлермен матчтарда кездесулері басталды.
Қазақстанда әйелдер арасында өткен 1934 жылғы біріншілікте петропавлдық шахматшы Ольга Стрелова жеңіске жетті. Кейінгі кездегі өткен чемпионаттарда спорт шебері Аида Мүсілімова Қазақстанның он дүркін чемпионы болды. 1981-1982 жылдары Қазақстанның екі дүркін чемпионы атағын спорт шебері Гүлнар Сахатова иемденді.
III. Шахмат ойынын үйрету.
IV. Қорытынды.
Сабақтың тақырыбы: Әлем, Қазақстан чемпиондары
Сабақтың мақсаты: Әлем, Қазақстан чемпиондарымен таныстыру. Олардың шахмат мәдениетіне қосқан үлестері жайлы әңгімелеу.
Көрнекілігі:
I.Ұйымдастыру кезеңі. Шахмат таратып, екі ойыншыдан отырғызу.
II. Кіріспе әңгіме.
Үйірме барысы:
Өткенді пысықтау.
Шахмат ойыны туралы аңызды сұрау. Шахмат ойынының тарихы жайлы әңгімелесу.
Әлем, Қазақстан чемпиондары.
Орыстар немесе москвалықтар шахматты зор шебер-лікпен ойнайды. Бұл ойынды олардың шебер ойнайтындығы сондай, тіпті мен олармен тең түсетін халықтың бар-жоғын білмеймін.
Павел Одерброн
XIX ғасырда Францияда-Л.Лабурдоннэ, Англияда-Г. Стаунтон, Германияда-А. Андерсен, АҚШ-та П. Морфи таңдаулы шахматшылар ретінде танылды. Россияда шахмат тақтасына қарамай ойнаудың асқан шеберлері П. Шиллинг, К. Яниш, Сергей Урусов пен оның інісі Дмитрий, шахмат есебін құрастырушы және күшті тәжірбиелі ойыншы И. Шумов, А. Петров шахмат мәдениетін дамытуға айтарлықтай үлес қосты.
М. Чигорин-көрнекті орыс шахматшысы. Ол ширек ғасыр бойы үздіксіз Россия чемпионы болды және халықаралық жарыстарды сол кездегі мықты шахматшылар
В.Стейницті, Э. Ласкерді, Г. Пильсбериді, Д. Блекбернді, З. Таррашты және шетелдердің басқа да таңдаулы шахматшыларын тізе бүктірді. Әлемнің алтыншы чемпионы атағын совет азаматы М. Ботвинник жеңіп алды. Матчқа дайындық кезінде шахмат тақтасы үстінде А. Алехин кенеттен қайтыс болады. Совет гроссмейстері Анатолий Карпов әлемнің он екінші чемпионы деп жарияланды.
Қазақ халқы ежелден спортқа бейім болған. Сол сияқты біздің халқымыз ой спорты түрлерінен де құралақан қалмаған. Той-думандарда, жиындарда болмаса, спорттық жарыс, сайыс арнайы ұйымдастырылмады. Жаңа дәуірмен бірге өркен жайған таланттың бірі-әйгілі шахматшы, спорт шебері қостанайлық Анатолий Гаврилович Уфимцев еді. Ол Қазақстанның он дүркін чемпионы. Петербург шахмат мектебінің түлегі 1909 жылдан шахмат шебері Сергей Николаевич Фрейман, оралдық Шәмшит Мырзағалиев, астаналық Хәкім Омаров, шымкенттік Константин Коханов, алматылық Серікбай Бейсембаев, Евгений Браун-әйгілі шахматшылар. Аида Мүсілімова-Қазақстанның он дүркін чемпионы.
III. Шахмат ойынын үйрету.
IV. Қорытынды.
Сабақтың тақырыбы: Шахмат ойынының мақсаты
Сабақтың мақсаты: Шахмат ойынының мақсатымен таныстыру.Шахматқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі:тақта,буклеттер,шахматтар.
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II. Кіріспе әңгіме.
Тақта үстіндегі шиеленіскен тартыста белгілі бір мақсат бар. Ол шахмат ойынында басты фигура болып есепте-летін корольге мат беру. Корольге мат берілуімен партия аяқталады.
Ойнаушылар кезектесіп жүреді, яғни кез келген фигураны оның жүру тәртібі бойынша бір шаршыдан екінші шаршыға жылжытады. Кезекте тек бір ғана фигураны жүруге болады. Бұл ереже тек рокировка (корольді тұрадан аттатып қою) жасағанда ғана сақталынбайды.
Ақ жағының бірінші жүрісінен кейін, қара жағы бірінші жүріс жасайды. Сөйтіп ойын осылай жалғаса береді.
Әрбір шаршыда тек бір ғана фигура тұра алады. Алайда жүрілген фигураның жолында қарсы жақтың ережеге сәйкес «жеуге» болатын фигурасы тұрса, онда оны алып, орнына өз фигурасын қояды. Бірақ фигураларды жеу міндетті емес, оны жеу керек пе, керек емес пе, оны жағдайға қарап ойнаушының өзі шешеді.
III. Шахмат ойынын үйрету.
IV. Қорытынды.
Сабақтың тақырыбы: Ойын ережесі
Сабақтың мақсаты: Шахмат ойынның ережесімен таныстыру. Шахматты жетік үйрену үшін ойынның негізгі ережелері мен принциптерін позицияның өрістеу жолдарын ойын үстінде шебер ұштастыра білуге дағдыландыру.
Көрнекілігі:шахмат,тақта, магнитті фигуралар.
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II. Кіріспе әңгіме. Шахмат екі ойыншы арасында шахмат тақтасында ойналады. Ойын тақтасы 64 шаршыдан тұрады. Ойынның басында әрбір ойыншының иелігінде ақ немесе қара түсті он алты тас (шахмат фигурасы) болады: бір патша, бір уәзір, екі піл, екі ат, екі тура және сегіз пешка. Ойынның мақсаты: қарсыластың тастарын шабуылдай отырып, патшаға мат қою.
Ойын басталғанда король қанатындағы ат пен пілді тез жылжыта отырып, қысқа рокировка жасаған жөн, ол корольдің қауіпсіз жерге орналасуын және тұраның (ладья) ойынға тез шығуын қамтамасыз етеді.
Ұтылып қалам-ау деп жүрексініп, ойындағы белгілеген жүрістен ешқашанда бас тартпау керек. Егер сол жүрісті мығым жүріс деп шешімге келген жағдайда қалайда жүру керек.
Дебютте пешкалармен а3, а7, һ7 сияқты дәрменсіз жүрістер жасамаған дұрыс. Әрбір жүріс өзінің қимылына қарай фигураны мақсатпен жылжытатын немесе линия ашатын (тігінен, көлденеңінен және диагональ) жүріс болуы тиіс.
Ойын барысында амалсыз жағдайда болмаса, бір фигурамен мақсатсыз бірнеше жүріс жасауға болмайды. Ол позицияның дамуына кедергі келтіреді.
III. Шахмат ойынын үйрету.
IV. Қорытынды.
Сабақтың тақырыбы: Аттың жүрісі
Сабақтың мақсаты: Аттың жүрісімен таныстыруды жалғастыру. Шахмат ойынына деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
-Король қалай жүреді?
-Уәзір ше?
-Кім тұраның жүрісін көрсетеді?
II. Кіріспе әңгіме.
Шахмат нотациясында К (орысша «конь» деген сөзден алынып отыр) әрпімен белгіленетін ат ең күрделі фигура. Оның жүрісінде белгілі бір заңдылық бар. Ойынды жаңадан үйреніп жүрген шахмат әуесқойлары осы ерекшеліктерді зейін сала қараса, оның жүріс жолдарын тез меңгереді. Аттардың жүрістеріне тоқталайық. Аттың жүрісі «Г» әрпіне ұқсайды. Басқа фигураларға қарағанда ол ерекше секіріс жасап жүреді. Ат өзінің тұрған орнына байланысты ең кем дегенде екі шаршыдан сегіз шаршыға дейін қауіп төндіріп тұрады.
Тақтамен жұмыс.
Мысалы, ақ жағының d5-тегі аты бірден b4, b6, с7, е3, е7, f4, f6 шаршыларына, ал қара жағының һ1-дегі аты f2, g3 шаршыларына жүруіне мүмкіндігі бар. Сондай-ақ тақтадағы аттың бірін ақ шаршыға, екіншісін қара шаршыға қойсақ тағы бір ерекшелікті көруге болады. Қара түсті шаршыда тұрған ат келесі жүрісінде ақ түсті, ал ақ түсті шаршыда тұрған қара түсті шаршыға жүреді.
III. Шахмат ойынын үйрету.
IV. Қорытынды.
Сабақтың тақырыбы: Тұраның (ладья) жүрісі
Сабақтың мақсаты: Тұраның жүру жолдарымен таныстыру. Жолындағы фигураларды қалай жейтінін түсіндіру. Шахмат ойынына деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II. Кіріспе әңгіме.
Әрбір ойнаушының екі-екіден тұрасы болады.
Тұра ферзіден кейінгі күшті фигура болып саналады. Оны шахмат нотациясында Л әрпімен белгілейді. Оның күшін екі жеңіл фигураға, яғни екі пілге немесе екі атқа теңестіруге болады. Тұра тіке және көлденең қатарлармен жүреді. Ол өзі түстес және қарсыластың фигураларының үстінен аттай алмайды. Егер жүріс кезегінде жолында қарсы жақтың пешкасы немесе фигурасы тұратын болса, оны жей алады. Мысалы ретінде тақтада түсіндірейін. Ақ жағының с3-тегі тұрасы а3-һ3 және с1-с8 бағыттарындағы шаршыларға жүре алады. Ал қарсылас жағының е5-тегі тұрасы а5-һ5, е3-е6 аралығындағы шаршы-ларға жүре алады. Ол үшін е2-дегі пешканы алады да, оның орнына өзі тұрады. Қағаз бетіне түсіргенде 1.Ле5:е2 болып жазылады. Қорыта айтқанда, тұраның (ладьяның) жүрісі өте қарапайым да оңай.
III. Шахмат ойынын үйрету.
IV. Қорытынды.
Сабақтың тақырыбы: Уәзірдің (ферзінің) жүрісі
Сабақтың мақсаты: Уәзірдің жүрістерімен таныстыру. Ферзь-ең күшті фигуралардың бірі екенін айтып өту. Шахмат ойнауға деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II. Кіріспе әңгіме.
-Король қандай фигура? Ол қалай жүреді?
-Бүгінгі сабақта уәзірдің (ферзінің) жүрісімен танысамыз. Әрбір ойнаушының бір-бірден уәзірі (ферзісі) болады. Шахмат нотациясында Ф әрпімен белгіленетін ферзь ең күшті фигуралардың бірі. Оның бір өзінің күші екі тұраға (ладьяға) тең десе де болады. Осыған орай ол шабуылда қарсыласына аса қауіпті, ал қорғаныста бағалы фигура болып есептеледі. Оған мысал ретінде шахмат тақтасында уәзірдің жүрісін көрсетейін. d5-те тұрған ақ уәзір а2-g8, а8-һ1 диагональдарын-дағы, а5-һ5 (горизонталында) көлденеңіндегі, d1-d8тігіндегі (вертика-лында) шаршыларға жүре алады.
g3 шаршысында тұрған қара жағының ферзісі g1-g8, а3-һ3, b8-һ2, е1-һ4 бағыттарындағы шаршыларға жүре алады. Міне, бұдан оның күшін байқау қиын емес.
III. Шахмат ойынын үйрету.
IV. Қорытынды.
Сабақтың тақырыбы: Шахмат тақтасы
Сабақтың мақсаты: Балаларды шахмат тақтасымен таныстыру.
Көрнекілігі:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II. Кіріспе әңгіме.
Шахмат тақтасы 64 шаршыға бөлінген, оның 32-сі ақ түске, 32-сі қара түске боялған.
Қарама-қарсы отырған екі ойнаушының сол жақ шеткі шаршысы қара түсті, оң жақ шеткі шаршысы ақ түсті болу керек. Тақта бұлай орналастырылмаған жағдайда теріс тұрған болып есептеледі.
Мынау-шахмат тақтасы. Оның осылайша қағаз бетіне түскен бейнесін диаграмма деп атайды. Фигуралар тігілмей тұрған шахмат тақтасын қарап көрейік. Шын мәнінде тақта үстіндегі ойын көлденең-жазықтықта өтсе де диаграмманың төменнен жоғары қарай жатқан шаршыларын вертикаль (тік) деп атаймыз. Ал оған тік бұрыш жасай-тын шаршыларды горизонталь (көлбеу) және қиғаш орналасқан шаршыларды диагональ дейді.
Әрбір шаршының өз аты болады. Шахмат тақтасының 8 горизонталь қатарындағы шаршылары а,b,c,d,e,f,g,h латын әріптерімен (ағылшын-ша емес) белгіленеді де, а, бэ, цэ, дэ, е, эф, жэ, аш деп оқылады, ал 8 вертикаль қатарындағы шаршылар 1,2,3,4,5,6,7,8 араб цифрларымен белгіленеді. Мұны шахмат нотациясы (шартты белгілері) деп атайды. Оны жатқа білген жөн. Дегенмен әр шаршы тігінен және көлденеңінен қиылысып жатқандықтан, оларды әріппен, санмен қосып белгілейді. Мысалы, «е» тік алаңы мен 6-шы көлденеңнің қиылысқан шаршысы «е6» деп аталады.
Диаграммадағы белгіленген шаршыларды көшіріп жазып алып, жақсылап естеріңде сақтаңдар. Бұл неге керек?
Нотация шахмат тақтасындағы шаршыларды білу және ойналған ойынды қағаз бетіне түсіру үшін қажет. Дұрысы-Ұлы шахматшыларың ойындарын қадағалап, партияларды, тапсырмаларды, этюдтерді жазып алып, шахмат ойындарына жаттығу үшін қажет. «Теңіз шайқасы» ойынын білетін балалар мұны бірден түсінеді. Егер оны өздерің түсіне алмасаңдар, әке-шешелеріңе айтыңдар. Олар шахмат шаршыларының қалай аталатынын тез түсіндіреді.
Тақтаның орталық шаршылары бар. Ойынның бас кезінде осы орталық шаршыларды жаулап алу ойнаушыға ойында көп басымдық әпереді. Осыны әрқашанда есте сақтау керек.
III. Шахмат ойынын үйрету.
IV. Қорытынды.
Сабақтың тақырыбы: Пілдің жүрісі
Сабақтың мақсаты: Пілдің ж