Материалдар / Сахналық қойылым сценарийі "Шілдекүзет"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сахналық қойылым сценарийі "Шілдекүзет"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Сәуір 2019
3245
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Шілде күзет»


Қойылымға қатысатындар:  Ата, әже, әйелдер мен ер адам, жігіт пен қыздар, балалар.

Декорация: кереге, төселген кілем, төсеніш, көрпелер, дөңгелек үлкен үстел, сандық, бесік...

/осы кезде іңгәләп дүниеге келген сәби үні шығады да ол алыс аймаққа тарап жатады. Екі баланың асыға жүгіріп, жарыса дауыстаған қуанышты үндері естіледі /


Кішкентай ұл бала:

үйінші, Сүйінші! Дүниеге ат ұстар келді! Сүйінші!

 /үй ішінде дастарқанды қоралай отырған ер-әйелі, кәрі-жасы аралас адамдар тобы көрінеді /

Ақсақал: Ой айналайын, өркенің өссін! Қуанышты хабарды жеткізгенің үшін сүйіншіңе қалағаныңды ал, балам!

Кішкентай ұл бала: Ата, сіздің он екі өрім қамшыңызды қаладым.

Ақсақал: Ала ғой, балам, бердім қамшымды! (қамшысын береді)

1-жігіт: өрде отырған ақсақалға қарап / -Ақсақал, келініңіз аман-есен қол-аяғын бауырына алып, немерелі болдыңыз, немереңіздің бауы берік, жасы ұзақ болсын!

Қыз: -Балаңыздың бауы берік болсын!

Ақсақал: Айтқандарың келсін!

Одан кейін туған-туыстар, көршілер және алыс-жақын ағайындар шілде күзетке жиналады:

: Немереңіздің бауы берік болсын!

: - Қуаныш құтты болсын!

: - Жақсы хабар естідік! Құтты құрма болсын! - деп тілек айтып, шашу шашып келеді. Одан кейін бір топ жастар кіреді.

қыз: / ол да төрде отырған ақсақалға қарап / -Ата, міне бүгін жеңгеміздің аман-есен босанып, тағы бір немерелі болған қуанышымызға ауыл жастары құтты болсын айтып, шілдехана күзетуге келіп отыр.

Ақсақал: Иә, жарайсыңдар, қарақтарым! Ендеше, қош келдіңдер!

Кішкентай қыз бала: - «Шілдехана күзетуге келді» деп неге айттыңыз?

Үлкен қыз:

-Шілдехана-баланы жын- шайтаннан қорғап, күзетуден пайда болған дәстүр ғой. Сондықтан, айналайын сіңілім, шілдехананы кейде «шілдекүзет» деп те атаған.

Кішкентай қыз бала: - А, солай ма екен? ! /түсінгендей болды/

Ақсақал: - Иә, қызым. Қазақ халқы Шілдехана мәнін, туған нәрестені жын-періден қорғап, “күзету” деген сенімге айналдырған. Сондықтан оны “Шілде күзет” деп те атайды. Бұл ғұрыптың түпкі мәні бала мен ананы тіл-көзден сақтау, жыншайтандардан қорғау дегеннен туындаған ғой. «Шіллә» (“чілле”) парсы тілінде “қырық” деген мағына береді. Дәстүрлі қазақ қоғамында бала туылғаннан 40 күнге дейін қауіпті кезең саналған, оған дейін нәрестеге көп адамды жолатпай, бала мен анасын жақсылап күткен. Әсіресе, жас нәресте жатқан үйде үш күн кейде 40 күнге дейін күні бойы шам жағылып, “күзетілген”. Кейіннен ол ұлттық ойын-сауық кешіне айналған.

Жігіт: -Ата, осы шілдехана тойын өзіңіз ата дәстүріміз бойынша ақ батамен бастап беріңіз?!

/ Дастарқан басында отырғандардың барлығы қолдарын жая ақсақалға қарайды /

Ақсақал: -Аумиін!   / көтеріле отырып, тамағын қырнап алғаннан кейін қолын жая /

Көтерейік білекті,

Нұрға бөлеп жүректі.

Бөбекке бата берейік,

Ағынан айтып тілекті:

Сәбиіміз сүйкімді болсын,

Өнер-білімге икемді болсын,

Бәйтеректей бойшаңданып,

Өрен, өршіл, өркенді болсын!

Жақсы жолды таңдасын,

Жамандық тәлім алмасын!

Даналардың дәстүрін,

Жаңаласын, жалғасын,

Шұғылалы шуақты күн кешсін,

Басын сұр бұлт шалмасын,

Қос топшысы талмасын,

Қырандай биік самғасын!

Жігіт: -Аумиін, айтқаныңыз келсін. Берген батаңыз періштелердің құлақтарына шалынсын.

Үйдегі қыз: -Аталарымыздан «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады, құтсыз қонақ келсе, қойға қасқыр шабады» деген сөз қалған еді. Сіздер бүгін жас сәбиді өмір есігін аштырған ерекше құтты қонақ болып отырсыздар. Таң атқанша домбыра тартып, би билеп, өлең айтайық!

4-қыз: - Ал онда, «Бекер қарап отыру жараспайды» дегендей, шілдехана тойымызды бастай берейік, дәстүр бойынша бүгінгі сауығымызды бимен бастайық.

Биші қыз бала: -Біз сіздерге қазақ халқының «Қамажай» биін билеп берейік.(Би биленеді)

Үйдегі қыз: -Ой, міне, бәрекелді, тойымыз басталып та кетті. Мына өнерлі балалардың кәдесін берейік/билеген қыз балаға кәдесін береді/.(білезік, жүзік айна, тарақ,т.б.)

Үй иесі: - Кәне, қонақтар, өнерлеріңіз болса көрсете отырыңыздар?!

1-қыз: -Әу демейтін қазақ жоқ дейді ғой қазақта. Ал, шілдехана тойымызды дәстүр бойынша әсем әнмен әрлеп жіберейік.

Ақнұр: Ендеше мен сіздерге «Шілдехана, бесік той» әнін шырқап берейін. /ән айтады./

Ақсақал: -Ой, құтты қонағым, өзің асқан әнші екенсің-ау! Рақымет саған, айналайын!

2-жігіт: / күле орнынан тұрып /  -Мен де бірталайдан бері өзімше әншімін деп, жүрт ішінде ән айтып жүрген едім. Байқасам, мына қарындасымды менен асқан әнші тәрізді. Сондықтан қарындасыма жолымды беремін. Мына бір жүзікті көзімдей көріп, саусағыңа тағып жүр, қарындасым.

/ Жүзікті саусағына кигізеді/

Ақнұр: / ол да орнынан тұрып келіп / -Рақымет аға! Сіз де мына бір бет орамалмен жүзіңізді сүртіп жүріңіз!? / Қалтасынан орамал алып ұсынады/

Үй иесі: - Ал балам, қонақтардың қолына су құй!/ бала келген соң/ Оң жақтан бастап құя бер.

/ Кішкентай бала оң жақтан бастап қолға сұй құяды. Бәрі батасын береді/

-Өркенің өссін.

-Бақытты бол.

-Жасың ұзақ болсын.

- Ғұмырлы бол.

- Көп жаса.

Келіншек: /Дастарқан жайып,ортаға табақ әкеледі/ Жаңа босанған әйел үшін қалжаға сойылған малдың етінен ауыз тиіңіздер!

Ақсақал: /Омыртқаны қолына алып, ұсынады/ Омыртқаның етінен әйелдердің бәріне ауыз тисін,әбден мүжіп, тазартып, сүйекті тобылғыға тізіп, үй ішіндегі биік жерге іліп қоялық. Немеремнің мойны тез бекісін.
Үй иесі: /қасындағы халыққа қарап айтады/ -Қалжаға сойылған малдың етінен ауыз тиіңіздер!

Қыз : /келесі қыз жалғастырады/ -Омыртақадан ауыз тиіңіз.

Қыз: / жан-жағына қарап күлімдейді:/ -Оны мүжіп болған соң не істейміз?

Үй иесі: /қасындағы халыққа қарап айтады/ - Бір тобылғыға тізіп үйдің ең жоғары жеріне іліп қоямыз. Баланың мойны тез бекісін деген қазақтың ырымы ғой.

Әже: - Бұл тезілген сүйек тамда болса төбедегі арысқа, киіз үйде болса уықтың қарымына ілінуі керек. Бұл күні әйелдер төрдегі бас пен жамбастан ауыз тимесе өкпелемейді.  Ал омыртқаны мүжуге қатыспаса ат кекілін кесуге дейін барады. Мұның себебі әйел затының бәрі де бала табуға құштар. Сондықтан қалжаның омыртқасынан ауыз тиюді, өздері де осы әйел құсап тезірек ана болармыз деп ырымдайды. Болмаса жайшылықтағы омыртқаға қарай ма олар. Қалжаға арнайы сойылған мал етінің омыртқадан басқасының бәрін босанған әйел өзі жеуі керек. Өйтпесе белі тез бекімейді. Көшпелі тіршіліктің қатты-қайырымына тез қосыла алмайды/

Үй иесі: -Қазақ халқында баланың дүниеге келуіне байланысты ежелден келе жатқан салт-дәстүріміз бар. Баламызға ат қояйық.

Отырған халық: /бәрі/ -Иә, иә...

Үй иесі: -Ата-бабамыз «Қарты бар үй – қазыналы үй» демей ме? Ортамызда жасы үлкен ақсақалымыз бар. Баланың атын сол қойсын.

Ақсақал: -Әумин. Ендеше өмірі нұрлы болсын деп немеремнің есімін Нұрбол деп қоймақшымын.

Үй иесі: Ал, ендеше, қонақтар! Баламыз қырқынан шыққан соң, «Бесік тойын» жасамақпыз. Сол кезде ақсақалымызға азан шақырып ат қою рәсімін жолдармыз. Баламыздың бесік тойына шақырамыз баршаңызды. Ал, қазір ас жетсе, бата сұраймыз. Ал, ата, енді асымызға бата беріңіз!

Ақсақал: / асқа бата беру /

-Асың,асың асыңа,

Бақыт қонсын басыңа!

Денсаулығын зор болсын,

Дастарқаның мол болсын!

Қайда барсаң алдыңнан,

Жарқыраған жол болсын!

Дұшпаның саған құл болсын,

Үйің толған ұл болсын!

Бәрі: Әумин! Дастарқаннан тұрады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!