Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сахналық қойылым "Сиқырлы, Жаңа жыл!!!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жыл мерекесі - әлемдегі қуанышқа толы ғажайып мерекелердің бірі. Бәріміз Жаңа жылдан жаңа бақыт күтеміз. Жаңа жыл, оның тарихы туралы барлығыңыз жақсы білесіздер. Сондықтан біз бүгін Жаңа жыл мерекесі жайындағы қызықты деректерге кезек береміз. Толығырақ: https://massaget.kz/arnayyi_jobalar/jana_jyil_2015/23049/ Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ерейментау ауданы «Еркетай»бөбекжай-бақшасы МКҚК







Тақырыбы: "Сиқырлы, Жаңа жыл!»

/сахналық қойылым/

























Өткізген Ән-күй жетекшісі: Умарова Г.Е

Тәрбиешілер: Нигметова Г.А Жардембек Тонида











Еркіншілік - 2017 жыл

Жүргізуші: Құрметті біздің бөбектеріміз, қонақтар, ұжымдар!

Барлығыңызды бүгінгі Жаңа жылдық шыршы тойына қош келдіңіздер.

Бүгінгі шыршамызға сән беретін мерекелік шеруімізді бастайық.

(мерекелік әуен ойналады ,балалар залға кіреді)

Жүргізуші: Балалар қош келдіңіздер.Жаңа жылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөзін балабақша меңгерушісіне Омарова А.Х-ға береміз.

Жүргізуші: Балалар сендер сиқырды жақсы көресіңдерме?

Ендеше ертегі әлеміне барып қайтайық.

"Қызыл телпек" жаңартылған ертегі

(әуен ойналады )

Автор: Ертеде кішкентай бір қыз өмір сүріпті. Анасы оны өте жақсы көреді екен. Әжесінің де ең сүйікті немересінің туылған күніне қызыл телпек сыйлапты. Қыз әжесінің сыйлығын басынан тастамай киіп жүретін болыпты.Содан бері кішкентай қызды"қызыл телпек" деп атап кетіпті.

Бірде, Қызыл Телпек өз қүрбылармен би билеп жүріпті: "Қызыл телпектер"биі

(Анасы кіріп келеді)

Анасы: Қызым сен әжеңді сағындың ба?

Қызыл телпек: Ия, мен әжемді қатты сағындым.

Анасы: Олай болса мына бәлішті әжеңе ала бар, жолда ойнап кетпе әйтпесе тура жолдан адасасың.

Автор: Қызыл телпек бәлішті алып әжесінің үйне жол тартады.Әдемі гүлдерді жинап жолдың айрығына келіп сасқалақтап қалады да, жылайды. Сол сәтте жылаған дауысты естіп қасқыр келеді.

Қасқыр: Қызыл телпек сен неге жылап отырсың?

Қызыл телпек: Мен әжеме бара жатып орманда адасып қалдым.

Қасқыр: Жылама дос болайық мен саған жолды көрсетемін

Қызыл телпек: Рахмет, сен мені қүтқардын!

Автор: Қасқыр жолды көрсетіп өз жолымен кетеді.

Автор: Алдынан секіріп ,қоян шығады

Қоян: Қызыл телпек сен қайда баражатырсын?

Қызыл телпек: Мен әжеме баражатырмын

Қоян: Дос болайық бірге барайық.

Автор: Қоян ,Қызыл телпекті қолынан жетектеп келе жатып, сиқырлы әлемге кіріп кетеді. Алдарынан Санта клаустар шығады.

"Санта клаус"биі

Санта клаус: Қош келдіңдер, біздің сіқыр әлемге!

Дос болайық, біз жаңа жыл мерексін тойлап жатырмыз, бізбен бірге тойлайық

Автор: Сөйтіп, Қызыл телпек Жаңа жыл мерекесіне келіп қапты

Жүргізуші: Тамаша-тамаша

Қуанады балаша

Жаңа жыл!Жаңа жыр!

Жаңа жылда жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.

(әуен ойналады)

Жүргізуші: Біздің мерекемізде біреу жетіспейтін сияқты. Бүл кім?

Балалар: Аяз ата мен Қаршақыз.

Жүргізуші: Ендеше бәріміз бірге Аяз атаны және қаршақызды шақырайық "Аяз ата" "Аяз ата""Аяз ата"

Аяз ата: Сәлеметсіңдерме балалар!

Күнтізбеде қалыпты

Жалғыз ғана бір парақ

Дайындалдым жыл бойы.

Жолға шығар келді уақ!

Сендерді көргеніме өте қуаныштымын!

Балалар орындауында ән "Аяз ата"

Бірақ менің қызым қайда жүр екен?

(Ақшақар биі)

(Ақшақар қыздар ,Қаршақызды жетектеп алып келеді)

Қаршақыз: Сәлеметсіңдерме балалар!

Орманды көктей өтіп жеттім-ау сендерге!

Қандай әдемі, неткен сұлу шырша!

Мен білемін бір ойын

Үйретейін сендерге

Мен бастаймын ал сендер аяқтаңдар ойынды. Бірге жауап айтыңдар!

-"Қарға мүлгіп дала тұр

келе жатыр......."(жаңа жыл)

-"Қызыл мұрын ,ақ мұрты

Білсең атын тез ата келеді бізге........." (аяз ата)

Аяз ата: Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!

"Қуант бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат"(үш рет)

(шырша жарқырайды, балалар шыршаны айналып жүреді)

(Клоун кіреді)

Клоун: Сәлеметсіндерме балалар! Жаңа Жыл қүтты болсын!

бәріміз көңілін көтеріп ойын ойнайық

(Ата-аналар мен ойын)

Аяз ата: Ал балалар кім Жаңа жыл туралы тақпақ біледі?

(Балалар тақпақ айтады)

Аяз ата: Мінекей балалар сендермен қоштасатын да кез келді. ладта



Қаршақыз: Сендерді қимай тұрмыз,барлығың да көңілді,әдемі бала екенсіңдер

Аяз ата: Жаңа жылда балалар

Тек қуаныш көріңдер

Ауырмандар ешқашан

Мықты болу өзіңнен

Ақшақар : Жаңа жылда балалар

Тек жақсылық көріңдер.

Жылау, ауру, жамандық

Қастарыңда болмасын

Сау болыңдар балалар!



Автор: Қызыл телпек достар мен бірге Жаңа жыл мерекесін тойлап көнілін көтеріп ,куанып әжесіне кетеді.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
2569
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі