400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«САИД БАЯЗИТОВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН ТАНУ» АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада 7-сынып оқушыларына арналған «Саид Баязитовтың шығармаларын тану» атты авторлық бағдарламаның тәжірибеде қолданылуы туралы ақпарат беріледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«САИД БАЯЗИТОВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН ТАНУ» АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ


Қызылорда облысы

Қызылорда қаласы

М.Шоқай атындағы №187 ақпараттық технология мектеп-лицейінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Мурынбаева Баян Тыныштықбаевна


Әдебиеттің ішіндегі негізгі саланың бірі – балалар әдебиеті. Тәрбие мен тәлім беріп, балалардың болмысын қалыптастыратын құралдың бірі де – балалар әдебиеті.

«2021 жыл – Балалар әдебиеті жылы», «2022 жыл – Балалар жылы» болып аталғандықтан, мемлекет тарапынан балалар әдебиетіне ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда балалар әдебиетін зерттеуге деген сұраныс та осындай мемлекеттік бағдарламалар аясында туындап отыр. Бұл бағытта оқушылардың әдеби шығармаларға қызығушылығын арттыру, оқуға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру - қазіргі уақытта маңызды міндеттердің бірі. Бұл тұрғыда Саид Баязитовтың шығармалары ерекше орын алады. Оның шығармалары балалардың қиялын кеңейтіп, эстетикалық талғамдарын жетілдіріп, тілдік дағдыларын қалыптастырады. «Саид Баязитовтың шығармаларын тану» авторлық бағдарламасы осы бағытта тиімді құрал бола алады.

«Саид Баязитовтың шығармаларын тану» атты авторлық бағдарлама осы қажеттіліктен туындаған. Бағдарламада оқушылардың жас ерекшелігі мен қызығушылықтарын ескере отырып, жергілікті балалар жазушысы Саид Баязитовтың шығармалары таңдалып алынды. Жазушы шығармаларының оқушылардың тұлға болып қалыптасуына қажеттілігі бағдарламаның өзектілігі болып табылады.

«Саид Баязитовтың шығармаларын тану» авторлық бағдарламасын оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру — бұл маңызды және өзекті тақырып. Бұл бағдарлама арқылы оқушылар тек қана белгілі бір автордың шығармашылығымен танысып қана қоймай, өздерінің шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алады. Саид Баязитовтың шығармалары оқушыларға тіл байлығын арттыруға және әдебиетке деген қызығушылықты оятуға ықпал етеді. «Саид Баязитовтың шығармаларын тану» авторлық бағдарламасы 7-сынып оқушыларына арналады. Аптасына 1 рет , жылына 34 сағатқа бөлінген. Сонымен қатар, оқушылар әдеби шығарманың жанрын, тақырыбы мен идеялық мазмұнын анықтап, көркем шығармадағы кейіпкердің бейнесін ашады, шығарманың құрылысына талдау жүргізіп, шығармадағы жазушының суреткерлік шеберлігін анықтайды, көркем шығармаға түрлі деңгейдегі талдау жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың ойлау қабілеті дамиды. Авторлық бағдарламаны қазақ әдебиетіне қосымша құрал ретінде пайдаландым. Нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, ғылыми-зерттеу тапсырмаларына назар аударғанын байқадым. Оқушылардың сөйлеу дағдысы ілгеріледі. Сабақтарда оқушылардың белсенділігі мен жазушының шығармаларына қызығушылығының артқаны байқалды.

Авторлық бағдарламада қосымша дидактикалық материалдар қоса берілді. Бағдарламада Саид Баязитовтың өмірбаяны, шығармалары сілтеме арқылы көрсетілді. Бағдарламада тақырып бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспарларының үлгісі жаңартылған білім беру мазмұны аясында жоспарланған. Бағдарлама оқушыларды ғылыми шығармашылық жұмысына тартуды мақсат етеді. Қолданылатын әдіс-тәсілдер үлгі ретінде көрсетілген.

«Саид Баязитовтың шығармаларын тану» атты авторлық бағдарлама 7-сынып оқушыларының әдебиетке деген қызығушылығын қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуда өз нәтижесін берді. Бағдарлама мазмұны оқушылардың оқу белсенділігін арттырып, шығармашылыққа жетелей алды. Соның нәтижесінде оқушыларым- Әбділда Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының тұрақты оқырмандары. 7-сынып оқушылары кітапхана ұйымдастырып отырған байқауларға, шараларға үзбей қатысып отырады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 сәуір
222
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі