Сайыс Ән көңілдің ажары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сайыс Ән көңілдің ажары

Материал туралы қысқаша түсінік
музыка пәні мұғаліміне
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ән көңілдің ажары» сайысы

Мақсаты:  сайыс сабақтың әдістерін қолдану арқылы оқушылардың музыкалық білім деңгейін нығайту..

а ) білімділігі: музыкалық сауаттылықтарын жүйелендіру,ой қозғау арқылы білім сапсын шыңдау.

ә ) дамытушылығы: музыкалық терминдерді еске сақтау,музыкалық сауаттарын арттыру, өзін-өзі бағалау арқылы білім деңгейін тексеруге мүмкіндік жасау.

б )тәрбиелілігі:топтық жұмыс арқылы ұйымшылдыққа, ұжымдыққа тәрбиеле

Әділқазы алқасын сайлау.

2,3,4 сынып оқушыларын үш топқа бөлу: «До» , «Ре», « Ми»

Сайыстың шарттары:

1)Анкеталық сұрақтар

2)Әуенін табу.

3 )Мақал-мәтел жалғасын табу.

4)Бәйге.

5) Қорытынды

І бөлім: Анкеталық сұрақтар.

-Балалар, сайысқа дайын болсаңыздар шарт бойынша тапсырмаларды орындайық(Әр топ парақшаға жасырылған сұрақ-тапсырмаларға жауап береді.

-Қандай күйшілерді білесің?

-Өз қалауларың бойынша халық әнін орындаңдар.

-Шығармашылық қабілеттеріңді көрсетіп,берілген сөздерді пайдаланып,өлең сөздерін құрастыр

——————шарықтайды,

——————қалықтайды,

——————қалыспайды.

ІІ бөлім: Әуенін тап

Әр топқа әуендердің алғашқы жолдары ойналады. Сол әуенді табу керек.



ІІІ бөлім: « Мақал- сөздің мәйегі»

Өнер туралы мақал –мәтел әр топ сайысқа түседі.

1. Өнерлі өрге жүзер.

2. Өнер алды- қызыл тіл ,

3. Өнер алды бірлік,ырыс алды тірлік.

ІҮ бөлім: Бәйге.

Әр топқасұрақтар қойылады. Белгілі бір уақытта тоқталып ұпай сандары есептелеледі.

«До» тобына берілетін сұрақтар:

1. Қандай сал, серілерді білесің? (Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай)

2. «Құлагер» кімнің шығармасы? (Ақан сері)

3. Ән мен күйдің айырмашылығы қандай?  (ән- сөзімен, әуенімен орындалады, күй- сөзі жоқ, белгілі бір аспапта орындалатын шығарма)

«Ре» -тобына берілетін сұрақтар:

1.Халық композиторы деген кім? (арнайы музыкалық білімі болмаса да өз жанынан музыка шығаратын дарынды тұлға)

2.Кәсіби композитор (арнайы музыкалық білімі алған, өз жанынан музыка шығаратын дарынды тұлға)

3. «РЕ» нотасы қай сызықта орналасқан? (бірінші сызықтың астында)

«МИ» тобына берілетін сұрақтар

1. Күй атасы кім? (Құрманғазы)

2. Шертпе күйдің шебері? (Тәттімбет)

3. Төкпе күйдің шебері кім? (Дәулеткерей)

Ү шарт.жалғасын тап. Әр оқушы бір-біріненбастаған әндерін әрі қарай жалғатыруы керек.

ҮІ шарт. Балалар өздері бағалаған ұпай сандарын есептеп,жеңімпаз топтар  белгіленіп, оқушылардың білім деңгейі салаланады.

Ү. Қорытынды .Сөз әділқазылар алқасына беріледі.  Марапаттау.

«Қазакстанның болашағы жастардың қолында» , демек тәрбиелі,

білімді , саналы ұрпақтарын тәрбиелеп  өсіру біздің міндетіміз.,сондықтан халқымызға деген сүйіспеншілігіміз, патриоттық сезіміміз,күш қуатымыз мол болуы керек.  Бәріміз тік тұрып ,қолдарымызды кеудемізге қойып , патриоттық сезіммен  Әнұранды орындап сабағымызды аяқтаймыз.

























































Жаңажол орта жалпы білім беретін мектебі











Shape1



Сыныптан тыс шара

2,3,4 сыныптар

























2015 жыл



















«Екі жұлдыз» ән байқауы


1 - Жүргізуші: Армысыздар құрметті көрермендер, ұстаздар мен оқушылар!!! Бүгін міне, мектебімізде осымен 3 - рет ұйымдастырылып отырған «Екі жұлдыз» ән байқауына қош келдіңіздер!!!
2 - Жүргізуші: Біз бүгін сайыста мектеп ұстаздарымен оқушыларының жұптасып ән айтуларын тамашалайтын боламыз және оза шапқан жарық жұлдыздарды сіздермен бірге анықтайтын боламыз. Өздеріңізге ұнаған жұптарыңызға қолдау көрсетіп, қошеметтеп отырыңыздар. Әр жұп жарық жұлдыз болуға лайық, олай болса шын жүйрікті бірге анықтайық.
1 - Жүргізуші: Ендеше уақытты көп созбай бүгінгі жұлдызды кеште ән шырқайтын жұптарымызды таныстырып өтсек.
2 - Жүргізуші: Құрметті көрермендер жұптарымызбен танысып болсақ, бүгінгі сайыста төрелік ететін әділ қазылар алқасымен таныстырып кетсек.
1. Темірбаев Қуанғали Ыбырайұлы
2. Наурызбаева Қарашаш Қартқұраққызы
3. Бүгінгі кешіміздің хатшысы Әйгерім Әбшүкірова

1 - Жүргізуші: Екі жұлдыздың сахнасына алғашқы болып бірінші жұбымыз шыққалы тұр. Ендеше қарсы алайық. Айнұр мен Мөлдірдің Армансыз күнім болмайды әнімен қабыл алыңыздар!
2 - Жүргізуші: Құрметті қазылар алқасы айтар пікірлеріңіз қандай?
1 - Жүргізуші: Келесі жұбымыз да өздерінің бағын осы әннен іздемекші. Әннің қалай шығатынын мына сіздермен бірге тыңдап көрейік.
Өмір деген көк мұхиттың толқыны,
Бір – бірімен жатқан шулап жалғасып,
Бір – бірімен жатқан тулап арбасып,
О, толқындар, арпалысып алға шық!
Өмір деген пәк жаралған махаббат. – демекші,

Сахна төріне Мәрия мен Ажарды «Өмір – өзен» әнімен қарсы алыңыздар!
2 - Жүргізуші: Қазылар сөз сіздерде
1 - Жүргізуші: Тағы да керемет жұбымыз өз өнерлерін көрсетпекші.
Қарсы алыңыздар, Айнұр мен Әділбек Сағынамын әнімен
2 - Жүргізуші: Тағы да бір тамаша жұбымыз өз өнерлерін көрсетуге дайын.
Көңілім бүгін алаңды
Күттің бе әке балаңды
Шаттықпен жарқын тойыңа,
Сыйлаймын сазды бұл әнді – дей келе,
Алдарыңызда Гүлнұр мен Миржанды «Әкелер» әнімен қарсы алайық.

1 - Жүргізуші: Қазылар не айтасыздар?
2 - Жүргізуші: Сахна төрінде өздерінің тамаша әндерімен Кәмила мен Мейрамгүл «Жас қалам» әнімен. Құрметті көрермендер қол соғып қолдап отырыңыздар.
1 - Жүргізуші: Қазылар сөз сіздерде
2 - Жүргізуші: Тамаша«Аяла» әнімен осы жұбымыз орындап көрмек. Сахна төрінде Әділет пен Ернатты«Аяла» әнімен қарсы алыңыздар.
1 - Жүргізуші: Қазылар сөз сіздерде
2 - Жүргізуші: Келесі ән әлемдегі барша ақ жаулықты аналарға арналады. Әйелдер қауымына көбірек ән арнасақ артықтау етпейді деген ойдамыз.

1 - Жүргізуші:
Анадан жаралған ғой дана біткен,
Биіктен өз баласын ана күткен.
Біздерді кешір, ана, түсінбесек,
Еркелеп сәби, жастық, балалықпен – дей келе, сахна төрінде өздерінің әсем әндерімен Жанар мен Ораз орындауында «Кешір ана» әнімен. Қабыл алыңыздар.

2 - Жүргізуші: Жұптарымызға айтар сөздеріңіз.
1 - Жүргізуші: Келесі орындалатын ән адам өмірінде бірақ рет қайталанатын керемет шақ бақытты балалық шақ туралы.
Әділет: Бақыт есіңде ме мұғалім бізге бақыт туралы шығарма жаздырды.
Бақыт: Бақыт деген не екенін мен қайдан білейін...
Әділет: Бақыт деген - сенің бала күндерің
Бақытсыз - ақ бақытты боп жүргенің,
Бақыт деген - әркімдер де бір арман,
Сол арманның шыққан жері құмардан.
Ал сен үшін бақыт деген – дәл қазір, - дей келе,
Біздерді балалық шаққа апарып қайтатын жұптарымыз Руслан мен Бөтегөздің орындауында «Бақыт деген» әнімен қарсы алайық.

2 - Жүргізуші: Қазылар сөз сіздерде
1 - Жүргізуші: Осы жұбымыз Қайрат Нұртастың хит әндерінің бірін орындап көрмекші.
Амал бар ма, махаббатқа жан пидалық ете алмадың,
Аққу - арман жалт бергенде, қуып көрдiң, жете алмадың.
Жете алмадың, көлеңкеңнен алыс ұзап кете алмадың,
Жанар майын жағып бiткен машинадай от алмадың.
Көрермендер қалай ойлайсыздар осы әнді жұлдызды жұбымыз хит қылып айта алар ма екен.
Оны сіздермен бірге тамашалайық. Ортада Гүлнұр мен Батырбектің орындауында «Бара алмадым» әнімен
2 - Жүргізуші: Қазылар пікірлеріңіз.
1 - Жүргізуші: Сахна төрінде Сәния мен Гүлнәрды «Сүйген жүрек» әнімен
2 - Жүргізуші: Қазылар не айтасыздар
1 - Жүргізуші: Тағы да бір тамаша ән алау от боп лауламақ. Сахна төрінде Анар мен Мейірланның «Сұранамын» әнімен қарсы алайық.
2 - Жүргізуші: Қазылар сіздер не дейсіздер.

1 - Жүргізуші: Құрметті көрермендер кешіміз де шарықтау шегіне жетіп қалды. Бүгінгі сайысты қорытындылайтын жұлдызды жұбымыз Ғарифулла мен Гауһар болмақ.
Бізге белгілісі олар қазір сахна төріне шықпақ. Ал қандай өлең айтатындары бізге белгісіз.
2 - Жүргізуші: Сахна төрінде Ғарифулла мен Гауһар «Белгісіз жан»әнімен
1 - Жүргізуші: Қазылар сөз сіздерде
2 - Жүргізуші: Құрметті көрермендер жұлдызды жұптарымыз өз әлдерінше әндерін орындап шықты. Қазір олардың жүректері қуаныш пен үрейге толы, міне сырғыған сын сағаты да таяп қалды.
Музыкалық номер. Қазылар ойланғанша.
1 - Жүргізуші: Бүгінгі жұлдызды кешіміздің жеңімпаздарын анықтау үшін сахна төріне қошеметтеп әділ қазылар алқасын шақырамыз.
2 - Жүргізуші: Екі жұлдыздың әнұраны.




































 Ашық тәрбие сағаты

«Бәрі де,ана,бір өзіңнен басталады»

8-класс жетекшісі Қазыбекова Жұмагүл Тынышкалиқызы.

Сабақтың мақсаты:Оқушы бойында ізгілік,инабаттылық,адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру,

Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу .

Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер,бейне материалдар,интерактивті тақта

 Сабақтың барысы:

Мұғалім сөзі:

Ана-өмір қолдаушысы әлемнің

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы

Сейілмесін жанарынан ананың

Тіршілікке төккен нұрлы шуағы

Аялайық аналарды әрдайым

Қуанышқа бөлейікші өздерін

Әжелердің,аналардың,қыздардың

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін

 

Көрініс: “Сәбидің дүниеге келуі”

(Сахнада анамен сэби)

2-жүргізуші:        Сен дүниеге келдің. Айқай сала жылап, бұлданып келдің. Сонда кімге жылап, кімге бұлдандың?! Ал анаң үшін сенің соныңның өзі бақыт! Бүкіл сай-сүйегі босап, денесін әрең қозғап жатып, сенің айқайыңа жан жүрегі елжіреп мәз болады. Қайран, Ана! Анажан!

Мейірімді көздері мөлт-мөлт етіп күш жияды.

Анасы: Күнімменің, менсенімынажарықдүниеге алып келген анаңмын. Балапаным, ботам менің!

(Бесік жырын айтып сахнадан иіыгады.)

1-жүргізуші:Сәби өмірге алғаш келгенде өз сезімін гуілдеген үнімен білдірсе, өсе келе ерекше

сезімін энмен жеткізгісі келеді.

Ән: “Анаға сәлем”.

2-жүргізуші: Наурыз мейрам  жүректерге нұр сепкен

Маңдайымнан сүйіп жатыр нұр көктем

Жарығыңмен шуағыңмен күн ана

Алып келдің  жер бетіне гүл көктем

-Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан ,ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын,

Аяулы аналар!!!

Арулар!

 

1-жүргізуші  Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке !

Тәуелсіз еліміз тұрғындары ертеңгі күнге сеніммен қарайды. Бұл сенімділік қойылған мақсаттарға қол жеткізуге және ауқымды жоспарларды іске асыру мүмкіндігіне көмектеседі. Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек , жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан –ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің.Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару-ана, Ару-асыл жар, Ару – көңілдің гүлі.

2-жүргізуші  Ару — өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама. Қандай нақты айтылған ой десеңізші! Расында бар әйел қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес! Иә, Құдайдан кейін құдірет иесі – ана. Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иетініміз сондықтан десек, бүгінде ұрпақ өсірумен қатар, ел еңсесін көтеріле түсуіне өз үлесін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандайда болмасын құрметке лайық. Бүгінде қоғам өмірінің әйелдер араласпайтын саласы жоқ десе болады. Бірі ғалым , бірі саясаткер, енді біреулері дәрігер, кәсіпкер тізе берсең жалғаса береді. Солардың бірі аяулы ұстаздар. Аналар өмірдің барлық саласын меңгергеніне шүбә жоқ бас иеміз.

 І жүргізуші:

Той пердесін ашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын шашайық

 ІІ жүргізуші:

Құтты болсын ардақты анам

Асыл анам мерекең

Құтты болсын ұстаздарым

Қуанышты берекең

 І жүргізуші:

1910 жылы Данияда Копенгаген қаласында революционер әйелдердің халықаралық конференциясы өтті.

Мінбеге Клара Цеткин шықты. Ол ақ шашты қара көзді орта жастағы адам еді.

Біз күреспен қол жеткізген осы мерекені жыл сайын 8 наурыз күні атап өтейік. Бұл барша әйел қауымының мерекесі болсын деген ұсыныс айтты. Ұсыныс бір ауыздан қабылданып, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні болып қабылданды.

 1-оқушы:

Өзіңе еліктеп өсермін

Борышты өтермін қалайда

Тым нәзік, жұтаңдау жырымды

Жүректе жылытшы, жарай ма?

Мұғалім: Хор «Ананың тілі.»

 ІІ жүргізуші:

Оқушыларды өздерінің шығарған өлеңдерін оқиды. Қабыл алыңыздар.

Мұғалім: -«Анашым» әнін қабыл алыңыздар.

 І жүргізуші:

менің таң қалатыным, анам үйде барлық тірлікті істеп, одан қала берсе жұмысқа да барып үлгереді ғой.

 ІІ жүргізуші:

-Иә, мен мектептен келсем, тамағым да дайын , үй де жинаулы мұның бәрін қалай үлгереді екен?

 І жүргізуші:

-Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады , олар барлық шаруаны бітіреді,сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, біздің бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі.

 

 ІІ жүргізуші:

Олай болса аяулы аналарымызды бір сынап көрелік.

Мұғалім: -Аялы алақан ойыны

Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларын тапқызу

 1-оқушы

Азамат қуат алар ақ сүтіңнен,

Мәпелеп әлдилеген пейілі кең.

Аналық махаббатың кәусәр-бұлақ,

Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.

 І жүргізуші:

Ән де шырқап, ойын да ойнап жатырмыз.

Асыл ана бәрі осының сіздің ғана арқаңыз.

 2-оқушы:

Дүниенің жарық күні анамыз

Дана болсақ анаменен данамыз

Тыңдаңыздар, көңіл қойып ағайын

Анаға арнап тағы бір ән саламыз

 Мұғалім:

-Кластың орындауында ән «Ана туралы жыр.»

 І жүргізуші:

-Аналарымыз бізді байлаулы көзбен де көреді екен.

 ІІ жүргізуші:

-Олар осындай байлаулы көзбен басқа нәрсені де бізді көргендей жақсы көрер ме екен ?

 І жүргізуші: -Сынап көрелік.

І жүргізуші:

Мерген аналарымыздың құрметіне тағы да ән шашу

ІІ жүргізуші:

-Ерте заманның бірінде қазақ даласына шабуыл жасаған дұшпанның қалың қолы бір қаланы қоршап алады. Қалаға келетін ауыз суды тоқтатып қорғаннан өте алмаған жау халықтың берілуін күтіпті. Бірнеше күн өтсе де, қала берілмепті.

Сонда дұшпанның әскер басы мынадай бұйрық шығарыпты.

Қаладан көтергенше жүк алып, әйелдердің кетуіне рұқсат етемін,- дейді

Әйелдер бір-бір қапшық арқалап қаладан шығып кетеді.

Дұшпан қалаға кіріп қараса, бір де бір еркек жоқ.

Әйелдер ер азаматтарын қапқа салып көтеріп кетіпті.

Кішкене қыздар ұл балаларды,кемпірлер шалдарды көтеріп қаладан шығып кетіпті.

 І жүргізуші:

-Осылай бір халықты әйелдер аман алып қалған екен.

Кішкене қыздар ұл балаларды көтеріп шығарыпты.

Сен осылай жасай алар ма едің?

 

 ІІ жүргізуші:

Мүмкін мен тек біреуін ғана алып шығар ма едім?

 І жүргізуші:

-Ол бақытты жан кім екен ?

 І жүргізуші:

Білмеймін. Тек күшімнің келері сол болар дегенім ғой.

 

 ІІ жүргізуші:

Аналарымыз қандай өнерлі десеңші!

 І жүргізуші:

Өздері мерген. Өздері бір үлкен адамды да көтеріп кететіндей күштерін қалай сынасақ екен?

 ІІ жүргізуші:

-Олардың шешендігін сынап көрелік.

Мұғалім: Сөз тапқанға қолқа жоқ ойыны

Аналарды ортаға шақырып, бір санды таңдатамыз.

Таңдаған сандарының сұрақтарына жауап береді. Бір сан 5 сұрақтан тұрады.

 І ж -Менің анам алтын

 ІІ ж -Менің де анам алтын

 І ж -Аналарды құрметтеп

 ІІ ж -Қол соғыңдар жалпың

Аналарды ортаға шақырамыз

 І жүргізуші:

Біздің сөз тапқыш аналарымыздың құрметіне «Әже» әнін ұсынамыз.

 3-оқушы:

Алтын анам жасымнан аялаған,

Мен үшін игілікті аямаған.

Сабақтан шаршап үйге келгенімде,

Бал сөзі жаным деген сая маған.

4-оқушы  Ардақты Ана, аяулы ана, қымбаттым

Тәтті  ұйқыңды бөліп талай үн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтін

Кең құшағың аясындай гүл бақтың

 

 ІІ жүргізуші: Адам ең алдымен Ана алдында қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды.Ана баласының ер жетіп адал болуын қалайды.Анаға осыдан басқа артық тартутаралығының керегі жоқ. Мұсылман қауымы анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да парызынан құтылмайсың деген екен.

 І жүргізуші:  -Бәріміз де ана алдында борыштармыз. Сол борышты өтеу бізге міндет. Сынып оқушыларының орындауында «Анашым.» әнін қабыл алыңыздар!

5-оқушы:Ана деген,ана деген бұл өмірдің  тірегі

Аналардын мөп-мөлдір ғой тілегі

Құлыным  шырылдаған ,ешбір тыным таппаған,

Ауырмасын, ауырмасын ,аналардың жүрегі.

6-оқушы:Құттықтаймын мейрамыңмен ,аналар,

Әр күлгенің бізге бақыт саналар.

Еңбегіңді еш етпейді өмірде

Елің ,жұртың ,ұл мен жұртың бағалар.

Мұғалім:

-Сөзімнің соңын мынадай оқиғамен аяқтағым келеді: Екі дүниенің сардары, кісіліктің киесі өмірдің үлгісі болып, Аллаһтың хақ дінін насихаттаған пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғс.) –ға сахабалары келіп

-Алланың елшісі бұл өмірде кімге бірінші жақсылық жасау керек деп сұрағанда: — Ол анаңа,- деді, екінші кімге дегенде: — тағыда Анаңа,- деді, үшінші кімге дегенімізде: -тағыда Анаға,-деді төртінші кімге дегенді:

-Әкеңе,-деді .

Бейнеклип:       ˝Ана туралы аңызˮ

7-оқушы:  Көз керек-ананың  өнерін,парасатын көруге.

Көз керек-  арудың,әйелдің,ананың сұлулығын көруге.

Көз керек-ұйқысыз түндер мен  уайымды күндер салған.

Әжімдердің  сырын ұғуға,

Мейірім мен жылылыққа толы ана алақанындағы,

Ықыласты қолмен ұстап сезінуге.

Көз керек-бесік жырымен ана әлдейінің құдіретін

Толық біліп ұғынуға!-деи келе ақ шашты әжелерімізге арнап «Асыл әжем» әнін тарту етеміз.

8-оқушы

Маған қымбат адам жоқ бір анадан

Бар жақсылық аналардан жаралған

Жер бетіне өмір нәрін себуші

Аналарға борышты ғой бар адам,

9-оқушы

Мен ананы шуағы толы күн деймін,

Анадан зор құдіретті білмеймін.

Анам аман-сау жанымда жүрсе егер

Бақытым да әр лез бірге жүр деймін.

10-оқушы

Дүниедегі еңардақты асыл жан,

Анам мені мәпелеген жасымнан

Мен қуансам қуанады ол бірге

Мен қиналсам табылады қасымнан

Хор:

1-2-жүр .құрметтейік ,о адамдар ,аналарды

Бізді өмірге әкелген аналарды.

Міне бұл тек аналарға деген ерекше құрмет. Осындай хақ діннің заңына бағынған халқымның салт-дәстүрін құрметтеген адам аналарын құрметтеуі тиіс. Әрқашан да аналар беделі биік болсын!-дей отыра класс сағатымызды аяқтаймыз.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.10.2018
1425
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі