Материалдар / Сайыс: «Асыл әжем, ақ әжем ақ жаулықты дана әжем"» әжелер сайысының бағдарламасы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сайыс: «Асыл әжем, ақ әжем ақ жаулықты дана әжем"» әжелер сайысының бағдарламасы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналармен жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылатын шаралар барысында сынып жетекші үшін қажет. бала тәрбиесін ата-анамен бірлесе ұйымдастыру сынып жетекшілердің міндеті. Осы орайда әжелер сайысын ұйымдастыру өте тиімді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Ақпан 2018
1372
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: «Асыл әжем, ақ әжем ақ жаулықты дана әжем"» әжелер сайысының бағдарламасы.

Мақсаты: Балабақша мен ата-аналар арасында тығыз қарым-қатынас орнату, халқымыздың ұлттық мейрамы Наурыз мерекесін дәріптеу, ұлағатты дәстүрді құрметтеуге, аналар еңбегін бағалауға дағдыландыру. 

Көрнекілігі: нақыл сөздер, шарлар, слайд, қабырға газеті.

Өтілу түрі: сайыс


І. Ұйымдастыру кезеңі


Жүргізуші:Басталды, міне ,тойымыз,
Ұнады ән мен ойымыз.
Наурыз бақыт әкеліп,
Тойға ұлассын тойымыз.

Жүргізуші: Қымбатты қонақтар, ата-аналар, әріптестер! Адам үшін ең аяулы, ең қатерлі жанның бірі– әже. Бала дүниеге келген күннен бастап, өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы мен мейірімін, махаббатын бере білген әжелер .

Ана деген ыстық қой әрбір жанға 
Теңеймін аналарды нұрлы жанға
Көктемгі мейрамдарыңыз құтты болсын!
Анадан ардық адам бар ма, сірә!
Асылдай әжелерім қартаймашы
Таудан аққан бұлақтай сарқылмашы
Өздеріңді мәңгілік аялаймыз
Көк аспанда жұлдыздай жарқылдашы.
 
Ардақты аналар, аяулы да қымбатты ақ жаулықты әжелер мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасыларыңызға құт-береке, бірлік, дендеріңізге саулық тілейміз. Құрметті қауым! «Асыл әжем, ақ әжем, ақ жаулықты дана әжем!» атты сайысымызға қош келдіңіздер.
 
Наурыз тойын аңсап дәйім
Ата – бабам жырлап келген.
Той – думандар жалғассын деп
 
Той басталды дәстүр еткен халқымыз – дей отырып, сайысымызға қатысқалы отырған асыл әжелерімізді ортаға шақырайық.
 

1.__________________________________________________

2.__________________________________________________

3.__________________________________________________

4.__________________________________________________

5.__________________________________________________

6.__________________________________________________

7.__________________________________________________

8.__________________________________________________

9.__________________________________________________

10.__________________________________________________


Жүргізуші: Әділ-қазы береді,
Өздеріңе биікті.
Өнерде кім жеңеді,
Алады сол сыйлықты.

Шеберлерім өнер тамып қолынан
Жаңылмаған ата-баба жолынан
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсің
Біз айтайық төрелігін соңынан – дей отырып бүгінгі сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасын таныстырып өтейін.


Жүргізуші: Маған ақыл беретін,
Әжем менің асыл .
Сипап жақсы көретін,
«Құлыным» деп басымнан – құрметті әжелер! Әділқазылар алдындағы реттік нөмірлеріңізді алып кезектеріңізді анықтап алыңыздар.


ІІ. Негізгі бөлім

Жүргізуші: Еркелетсе «күнім» дейді,
Ұрысқаны білінбейді.
Маңдайымнан иіскеп мені
«Құлыншағым», «Күнім» дейді.
Менің әжем, ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десең,
Айтып берер тағы әжем. – дей отырып
«Мен, анамын, ұрпағын әлдилеген» (өзін таныстыру) кезеңіне кезек берейік.

(барлық әжелер немересімен бірге өздерін таныстырып өтеді, әділқазылар алқасы бағалайды)


Жүргізуші: Әжем менің ақ әжем,
Аппақ әжем, пәк әжем.
Басқалардай емессіз,
Сүйкімдісіз ақ әжем.

Бізді өсірген апатай,
Еңбегің де зор екен.
Құтты болсын апатай,
Құтты болсын мерекең - олай болса, келесі кезең
«Көтерейік көңілді ән-жырменен» (өнер сайысы) кезеңін бастайық.

(барлық әжелер немересімен қосылып өз өнерлерін көрсетеді \би, ән, өлең оқу\, әділқазылар алқасы бағалайды)

Жүргізуші: Шашымды өріп тараған, 
Қабағыма қараған.
Үлкен-кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.-
«Өнерлі саусаутар» кезеңінеде келіп жеттік. Бұл жерле әжелеріміз қолөнер бұйымдарын көрсетие отырып, жасалу жолдарымен таныстырады. (матасы, тігісі, жасалу жолы). Сонымен қатар немересінің шашын өріп береді. Әділқазылар алқасының әжелерімізге берген бағасымен танысып өтейік.



Жүргізуші: Менің әжем – шежіре,
Көп ертегі біледі.
Сыртта жүрген кезінде,
 
Бізді ойлап жүреді. – олай болса
«Ескірмеген есті сөздер» кезеңі бойынша әжелеріміздің көрегендігін сынға салайық. Мұнда әжелеріміз қазақ халқының ескіріп бара жатқан салт-дәстүрлеріне тоқтала отырып, оның тәрбиелік маңызына, қалай өткізілетініне сипаттама береді. (әділқазылар алқасы бағалайды)


Жүргізуші: Менің әжем – гүл әжем,
Алтын әжем, күн әжем.
Апам үшін, мен үшін,
Бар тілегі батасы – дегендей үлкеннен бата алу барша қазақ халқында жақсы болып өсуінің, мақсатына жетудің бір жолы іспетті. «Жаңбырмен жер көгеген, Батамен ел көгегер» деген аталы сөз бар, ел анасындай болған әжелеріміздің берер батасы мол болсын дей отырып келесі кезең
«Жақсы сөз, жарым ырыс» (бата беру) яғни бата беру кезеңіне өтейік.

(барлық әжелер өз баталарын береді \батаның мазмұны, сөз шеберлігі, айтылуы\ әділқазылар алқасы бағалайды).

Жүргізуші: Тәтті сүтін пісірген

Дәмді тамақ жегізген.
Әжем аман жүрсекен

Аппақ әжем дегізген.


Менің әжем сымбатты,
Әжем маған қымбатты.
Құрт пен майын жинайды,
Бізге оны сыйлайды.- дей отырып,
«Әжемнің бал қаймағы» (ұлттық тағамдардың жасалу жолдарымен таныстыру. (Үйден пісіріп әкеліп көрерменге көрсету) кезеңі бойынша әжесі мен немересінің әзірлеген тағамына кезек берейік. (әділқазылар алқасы бағалайды)

Жүргізуші: Жақсылыққа үйреткен,
Жамандықтан шектейді.
Ертегі айтып беретін,
Әжеге ешкім жетпейді. – дей отырып соңғы кезегіміз
«Ойлы болсаң озып көр» кезеңі бойынша әжелерімізге сұрақтар қойып, жауаптар алайық.


ІІІ. Қорытынды бөлім


Жүргізуші:  Қайырымды қасиетті
Ең ардақты ақ әжем
Әрбір сөзі өсиетті
Баға жетпес, бал әжем
Аман – есен жүріңізші
Бар тілегім сол әжем – дей отырып, көктемнің мерекесі 22-наурыз күнімен құттықтаймыз.
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым
Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүттің
Кең шуағың аясындай гүл бақтың – дей отырып бүгінгі мерекелік сайысымызды аяқтаймыз.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!