Сабақтың тақырыбы: Ондық
бөлшекті натурал санға көбейтуге есептер
шығару.
Сабақтың
мақсаты: Оқушыларды ондық бөлшектерге
амалдар қолдана білуге дағдыландыру;
Міндеттері:
-
Ондық бөлшекті натурал санға
көбейту алгоритмін айта білуге үйрету және оны пайдалана білуге
үйрету;
-
Білім сапасын арттыру, білуге
тиісті деңгейдегі есептерді шығара білуге
дағдыландыру;
-
Ұлттық тәрбиемен ұштастырып, көпшіл және зерек
болуға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Сабақтың
әдісі: Ақпарат хабарын жүргізу,
математикалық шолу, ұлттық ойындар, топтық сайыс есептер
шығару;
Пәнаралық
байланыс: Қазақ әдебиеті,
тарих.
Сабақтың
көрнекілігі: А. Құнанбаев пен Ы.
Алтынсариннің портреттері және оқу-білім туралы нақыл сөздер,
сайыстың әр кезеңін белгілейтін кезеңдер.
«Бөлшекті білмейінше, арифметиканы білемін деп
ешкім де айта алмайды». (Цицерон)
Сайыстың
түрлері:
-
«Бәйге».
-
«Теңге ілу».
-
«Қыз қуу».
-
«Жорға».
-
«Көкпар».
-
Қорытынды.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Сабақтың мақсат-міндеттерін
айқындау.
-Балалар біз «ондық бөлшектер» деген үлкен
тақырыпты бастағанбыз. Бөлшектерді оқып-үйрену бүтін сандарға
қарағанда қиынырақ болды. Дегенмен көп нәрселерді үйрендік. Бүгінгі
сабақта ондық бөлшектерді натурал санға көбейтуге, ондық
бөлшектерді қосуға және азайтуға есептер шығарамыз. Ендігі кезекті
«Математика тарихы» телекомпаниясына берейік.
ІІІ. Ақпарат хабарын жүргізу.
-Сөйлеп тұрған «Математика тарихы»
телекомпаниясы.
-Сәлеметсіздер ме?
Бүгінгі бағдарламамыз бойынша ондық бөлшектер
тарихынан хабарлар береміз.
Бөлшектер шамаларды өлшеу қажеттілігінен
туған.
Орта Азияның Саиарқан
қаласында Ақсақ Темірдің немересі, әйгілі астраном Ұлықбек
салдырған обсерваторияда ХV ғасырдың 20-жылдарында сол заманның ірі
ғалымы Ғияседдин Жәмшид Әл-Кәши жұмыс істеді. Ол алғаш рет ондық
бөлшектер туралы ілімді баяндады.
Әл-Кәшиден кейін шамамен 150 жылдай уақыт өткенде
Европада ондық бөлшетер туралы ілімді ниднрланд математигі Симон
Стевин тұңғыш рет баяндады. Ол 1585 жылы ондық бөлшектер туралы
«Ондық» деп аталатын кітапша жазды.
Үтірді айырғыш таңба ретінде қолдануды атақты
ағылшын ғалымы Джон Непер 1616-1617 жылдары ұсынған.
Бүгін 5 сынып оқушыларының
арасында ондық бөлшектерден білімдік сайыс
болады.
Сайыс
Абай
ата ауылы мен
Ыбырай
ата ауылының оқушыларының арасында
өтеді.
Математикалық шолу. Әр топқа қайталауға арналған
сұрақтар беремін.
-
Қандай санды ондық бөлшек дейміз?
-
Ондық бөлшектердің қандай қасиеттерін
білесіңдер?
-
Ондық бөлшектерді қалай қосып,
азайтуға болады?
-
Ондық бөлшнетің соңына нөлді тіркегеннен мәні
өзгере ме?
-
Ондық бөлшнкті натурал санға
қалай көбейтуге болады?
Жақсы.
-
«Бәйге».
Қазағымда сайыстың аты да
бар,
Ойындар көп, бар елді
мойындатар.
Бірі жеңіп, біреуі
ұтылатын
Топтың ойын жарысын
қызықтаңдар!
Алдағы біз баратын бағыт
анық
Сәйгүлік екеніңді тағы
таныт
Бәйгеде аттың басын тартпас
болар,
Ал, енді
тізгіндерді ағыталық,- деп бірінші кезеңімізді бастайық. Тақтаға
екі топқа ондық бөлшектерді салыстыруға есептер
ілінеді.
30,07 30,11 8,725
8,527
5,645 5,7 32,87
33,99
8,1 81 31
3,1
-
«Теңге ілу».
Таңдап тұлпар ат
міндім,
Төс айылын
тарттырдым.
Таралғыны тарлау
ғып,
Тұлымшағын шарт
түйдім.
Терлеп – терлеп
жердегі,
Тегіс ілсем
теңгені.
«Теңге ілуде
теңдессіз,
Тарланбоз!...» дер ел мені, - деп екінші кезеңіміз «теңге
ілуде» екі топқа кубиктің алты жағына жазылған есептер
беріледі.
-
(18,07 – 6,03)*8
-
(24,95+17,8)*9
-
40-(3,16*12)
-
2,3*11+9
-
0,08*400
-
1,23*600
Кітаппен
жұмыс.
-
«Қыз қуу».
Қамшылапа атыңды текке
бекер,
Көп қудың ғой, жігітім, енді
жетер.
Тізгніңді тежей алдыма
түс,
Келді менің кезегім жүндей
түтер – деп үшінші кезеңімізде тақтағ ұл бала мен қыз бала шығып,
есеп шығарады. Кітаппен жұмыс. № 1096 (2), № 1096 (3)
-
«Жорға».
Жорға да жорға бар,
Жүйріктей аттай
жорғалар.
Жарыстарда
жүлдені,
Желдей жүйрік жорға алар, -
деп төртінші кезеңімізде тақтаға теңдеуді шешуге есеп
ілінеді.
1)
=
8,376 2)
=
63 –
56,08
-
«Көкпар».
Көктемгі зымыран
сияқты,
Көкпаршы көкем қыр
асты.
Күркіреп күндей
дүркіреп,
Кең дала қиқу ұласты, - деп
соңғы кезеңімізде жасырылған суретті есептерді шешу арқылы
табады.
0,7+0,5 6,5+2,3
6,7-2,5 8,9 – 0,3
49-42,5 38-32,6
5,3*9 7,2*6
12,52*3 15,12
15,6*100 12,5*100
-
Қорытынды.
-
Бағалау.