Материалдар / сайыс сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

сайыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалім, студенттерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2018
625
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сайыс сабақ:Географиялық алаң

Мақсаты: Оқушылар дүниетанымын кеңейту,жаңа дүниені білуге қызықтыру.

-Картамен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру.

-Географиядан алған білімдерінортаға салу.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта,слайд,карта

Ойынның жүру барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды топқа бөлу,белгіленген орындарына отырғызу, әділ-қазылар алқасын белгілеу,барлық қатысушылардың назарын аудару.

Ойынның шарттары:

  1. Камандалардың таныстыруы

  2. «Зымыран » ойыны

  3. Топ басшылар сайысы

  4. Сөзжұмбақ

  5. Әріптер ойыны

  6. Географиялық ассоциация

  7. Ситуациялық сұрақтар.

  1. Кезең :Камандалардың таныстыруы,өз топтарының атымен таныстырып өтеді.

8- «Б» Балқаш тобы 8-«В» Арал тобы

2 кезең: « Зымыран » ойыны

Әрбір топқа 10 сұрақтан беріледі,әрбір дұрыс жауап 1 ұпай . Жауап тез-тез берілуі керек.

І топтың сұрақтары.

  1. Елтаңбаның авторы / Ш.Уалиханов/

  2. Қытай мемлекетінің астанасы / Пекин/

  3. Жердің тас қабаты / литосфера/

  4. Ормандар қандай түспен белгіленеді. / жасыл/

  5. Васко-до-Гамма кім? /саяхатшы/

  6. Қазақстан дүние жүзінде жер көлемі бойынша нешінші орында / 9/

  7. Ең кіші материк /Аустралия/

  8. Ресейдің қазіргі президенті/ В.В.Путин/

  9. Жердің серігі / Ай/

  10. Еліміздегі ең төмен жатқан жер /Қарақия ойысы -132 м/



ІІ топтың сұрақтары.

  1. Туудың авторы / Ш. Ниязбеков/

  2. Ресей мемлекетінің астанасы / Мәскеу/

  3. Жер бетіндегі ауа қабаты / атмосфера/

  4. Таулар қандай түспен боялады. /қоңыр/

  5. Муссон деген не? /жел/

  6. Ең үлкен материк / Еуразия/

  7. Өзбекстанның қазіргі президенті / Шавкат Мирзаев/

  8. Ең көп тараған дін / христиан/

  9. Өзбекстанның ақша бірлігі /сум/

  10. Суық материк / Антрактида/

ІІІ кезең «Топ басшылар жарысы »

Географиялық нысанның аты аталады,сіздер оның не екенін айтасыздар. Мысалы: Гималай-тау Сарыарқа –жазық

І топ:

Сахара-шөл

Мадагаскар –арал

Ертіс- өзен

Зайсан-көл

Алтай-тау

Каспий-көл

Алматы-қала

Барсакелмес –қорық

Африка-материк

Асбест- пайдалы қазба

ІІ топ:

Наурызым-қорық

Аустралия-материк

Іле-өзен

Анхель-сарқырама

Сырдария-өзен

Алмас-пайдалы қазба

Дели-астана

Тянь-Шань-тау

Марқакөл-көл

Гренландия-арал

ІV кезең : Жұмбақтар жасыру,оның шешуін үш тілде айту.

І топ

Тұрғыны жоқ елдер

Үйі жоқ қалалар,

Ағашы жоқ ормандар.

Суы жоқ теңіздер. /карта,карта,map/

Ай үстінде асыл тас.

Алайын десем табылмас /жұлдыз,звезда,star/

Қолы да жоқ,көзі жоқ

Сурет салар өзі кеп. /аяз,мороз,frost/

Бетін адам ашады,

Білім нұрын шашады. /кітап,книга, book/

Бөлінген екі елге,

Халқы бар азиялық шетелде. /Солтүстік,Оңтүстік Корея/

Жер бетінде халқы көп,

Кім айтады елді дөп. /Қытай/

ІІ топ:

Бір зат бар дүниеде құшағы кең,

Ұшқан құс,жүгірген аң бәріне тең

Адамзат жан-жануар арасында

Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген.

Бұл не? / Жер, Земля,

Өркеші бар,түйе емес,

Не ақ отау –үй емес

Бір орнында тұрғаны

Не болады бұл, кәне ? / Тау, гора,

Бір нәрсе бетінде жоқ ой мен қыр,

Өзінің кіндігінен айналып жүр.

Өзіңе назар салып қарасаңыз

Келбеті жер жүзінің көрініп тұр. /Глобус,

Бар мА жоқ па

Оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде

Өмір сүре жүрмейсің. / Хаво,Ауа, Воздух, -----/

Өзі қала,ел –өзі

Дамыған үлгі үрдісі

Азиялық болса да

Еуропалық тұрмысы / Жапония/

Мұсылман үшін қасиетті ,

Дінінің туған жеріеді.

Мұнайдан халқы байыған

Бұл әлемнің қай елі? / Араб Әмірлігі/

Yкезең:

Тақтада әліпбидегі кейбір дауыссыз дыбыстар бойынша сұрақтар берілген.Бұл сұрақ жауаптарының бас әріптері алфавитпен байланысты болады .Дұрыс жауап-1 ұпаймен бағаланады

Б,В,Г,Д ,Ж,З,К,Қ,Л,М,Н,П,Ш,С,Т,Ф

1 1939 ж Нью-Йоркте өткен халықаралық көрмеде жүлделі орынға ие болған Қазақстандағы курорты аймақтардың бірі? /Бурабай/

Машина маркасымен аттас өзен? /Волга/

2 Жер бетіндегі нүктенің экватордан градуспен алынған қашықтығын қалай атаймыз? / географиялық ендік/

3 Шөп басқан,батпақсыз жазық жер? /Дала/

4 Еліміздегі мысы көп аймақ ? /Жезқазған/

5 Жануарлардың жер бетінде таралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым ? / зоогеография/

6 Қазақстандағы қала? /Көкшетау/

7 Көмірге бай қала? /Қарағанды/

8 Жер бетіне шығып, газынан айрылған магма? /лава/

9 Жер бетіндегі өлшенген қашықтықты қағаз бетіне түсіру үшін кішірейту дәрежесі? /Масштаб/

10 1931жылы құрылған қорық / Наурызым/

11Күнді айнала қозғалып жүретін және күн жарығымен жарқырап көрінетін аспан денесі /Планета/

12 Жер қыртысында су,жел,,т.б күштер әсерінен пайда болатын тау жыныстары ? /Шөгінді тау жыныстары/

13 Жер сілкінуі қайталанып тұратын аймақ ? /Сейсмикалық аймақ/

14 Қарағанды қаласында ең көп өндірілетін пайдалы қазба түрі? / тас көмір/

15 Географияның бір саласы ? /Физикалық география/

Оқушыларға әр түрлі ұғымдар беріледі,соларды саралап қарап қандай географиялық ұғымды білдіріп тұрғанын табулары керек. Ойлануға уақыт беріледі.

І топ

Толқын,апатты құбылыс, судыңкөтерілуі. /Цунами/

Масква,Дели,Мадрид,Ташкент. / Астаналар/

Гренландия,Мадагаскар,Отты жер . /Аралдар/

Алтай,Орал,Тянь-Шань /Тау/

Шығыс Еуропа,Батыс Сібір, Тұран /Жазық/

ІІ топ

Дала,Орманды дала,шөл /зона/

Сырдария,Амудария,Ертіс /өзен/

Рим, Пекин, Астана /Астаналар/

Зайсан,Марқа,Сасық /көл/

Сайқан,Ебі,Арыстанды Қарабас /жел/

YІІ кезең . Ситуациялық сұрақтар.

Сіздер бейтаныс жерге кемемен жүріп келдіңіздер.Жергілікті адамдар мен тіл табыспақшы болдыңыздар.Оларға әртүрлі сұрақтар қоя бастадыңыздар.Олар сіздерге «Кенгуру» деген сөзден басқа сөз айтқан жоқ.Сіздер қай жерге тап болдыңыздар?

/Австралия материгі/

Сіздер бұл материкте оқымысты ғалымдардан басқа адамдарды кездестірмейсіздер.Бірақ ешқайсысы зәулім ғылыми институттарға жұмысқа бармайды және қарапайым вагон үйлерде тұрады.Бұл қай материк. / Антрактида /



















































«Шорнақ» жалпы орта мектебі









Сайыс сабақ

Географиялық алаң







Пән мұғалімі: Ш.Раметова



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!