Материалдар / сайыс сабақ. "Химия, биология ғажайыптары" интеллектуалдық сайыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

сайыс сабақ. "Химия, биология ғажайыптары" интеллектуалдық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға сайыс сабақ өткізу үшін көмегі бар деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Сәуір 2021
4220
25 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Химия, биология ғажайыптары» интеллектуалдық сайыс

Пән мұғалімі: Т.Н.Нұрахметова, А.С.Көшекбаева

Қатысатын сыныптар: 8-9 сыныптар

Мақсаты: Оқушылардың химия ғылымы жайлы білімдерін тереңдету, әртүрлі ойындар ойнату арқылы ойлау, есте сақтау, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сайыс жоспары:

1

Бәйге


9мин

2

«Ғажайып ұяшықтар» кезеңі


8 мин

3

«Полиглот» кезеңі


15 мин

4

Сиқырлы құтылар


5 мин

5

Сенесіз бе сенбейсіз бе


3 мин


Ұйымдастыру кезеңі

(Оқушылармен амандасу, сайысқа дайындықтарын тексеру, сайыс кезеңдерімен таныстыру).

Біз қазір химия БИОЛОГИЯ ғасырындамыз. Кәдімгі қасықтан бастап, ұшақ, жер серігіне дейін химия өнімдері. Адам тамақсыз, киімсіз, қажетті бұйымдарынсыз өмір сүре алмайды. Мінеки, солардың бәрін жасауға химия қатысады. Сондықтан да «Қайда қарасақ та, қайда көз жіберсек те көретініміз ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ғажайыптары» демекші,шындығындада бізді қоршаған табиғат химиялық құбылыстарға толы.

Армысыздар,ағайын!

Ағайын тілін табайын!

Бармысыздар,бауырлар,

Өкпе жоқ,бізде бауыр бар.

Есенбісіз, ұстаздар,

Шаршамайтын қыс-жаздар.

Сайысымызды ашайық,

Көңілді кеш жасайық.

Бүгін жаратылыстану апталығында Болып жатқан «Химия, биология ғажайыптары» атты интеллектуалды сайысын бастаймыз.


Интеллектуалдық сайыс 5 кезеңнен тұрады:

1. «Бәйге»

2. «Ғажайып ұяшықтар»

3. «Полиглот» кезеңі

4. . «Сиқырлы құтылар»

5. Сенесіз бе сенбейсіз бе

(8-9 сынып оқушылары арасында әр сыныптан 4 оқушы қатысады , топ аттарын, эмблемаларын өздері алдын- ала ойластырып келуге тапсырма берілген).

Сонымен сайысымызды бастаймыз! Топтарға сәттілік!

1 кезең «Бәйге» кім жылдам екенін көрейік ( Сайыс шарты – Интербелсенді тақтада 15сұрақ беріледі, әр дүрыс жауапқа 5 ұпай беріледі. Кез-келген топ жауап бере алады).

1. Жарық және жылу бөле жүретін реакция (жану)

2. Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшек (молекула)

3.Химиялық элемент таңбасының төменгі жағына жазылып, атом саныны білдіретін сан (индекс)

4.Бастапқы заттың түрленіп жаңа затқа айналуы (химиялық құбылыс )

5. Қан топтары нешеге бөлінеді (төрт)

6.Бастапқы заттардың құрамы мен қасиеті өзгермей сақталады (физикалық құбылыс)

7.Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі (атом)


8.Өнеркәсіпте оттегін неден алады (ауадан)

9.Ауаның салыстырмалы молекулалық массасы ( 29)

10.Қазақстанның Қызыл кітабы қай жылы шықты(1981)

11.Генетиканың негізін салушы (1981)

12. Пластидтер болады (.өсімдіктерде)

13.Өсімдіктерге арналған Қазақстанның “Қызыл кітабы” қай жылы шықты. (1981)

14. І топтың негізгі топша металдары қалай аталады (сілтілер)

15.Инсулин жетіспегенде болатын ауру (қант ауруы)



2 кезең «Ғажайып ұяшықтар» (Әр топ ұяшық таңдап, сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап болмаған жағдайда, басқа топ жауап беруіне болады).

10 ұпай. Химиялық элемент дегеніміз не?(Ядро зарядтары бірдей атомдардың белгілі–бір түрі)

10 ұпай. Химиялық элементтердің периодтық жүйесін кім жасады? Менделеев Д.И

10 ұпай. Д.И.Менделеев химиялық элементтердің периодтық кестесін қай жылы жасап шығарды. 1869ж

10 ұпай. Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде неше металл бар? 87

20 ұпай. Оксидтер дегеніміз не? (Біреуі оттек болып келетін екі элементтен құралған күрделі заттар)

20ұпай. Өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен қарап, жасуша екенін анықтаған ғалым? Роберт Гук

20ұпай. Пристли мен Шееле оттегін қай жылдары анықтады? 1772-1774жж

20ұпай. Күн жүйесінде сутегі қанша пайыз кездеседі? 92

30 ұпай. Гиподинамия дегеніміз? Аз қозғалу. Сымбаттың бұзылуы

30 ұпай. Химиялық элементтердің таңбасын кім енгізді? Берцелиус

30 ұпай. Кавендиш сутегін қай жылы анықтады? 1766

30 ұпай. Оттегінің неше аллотропиялық түр өзгерісі бар? 2 оттег 2 оттегі, озон.

40 ұпай. Валенттілік дегеніміз не? Бір химиялық элемент атомдарының басқа химиялық элемент атомдарының білгілі – бір санын қосып алу қабілеті)

40 ұпай.Атомның планетарлық моделін ұсынған ғалым кім? Э. Резерфорд

40 ұпай.Италян ғалымы А.Авогадро өз атымен аталатын заңын қай жылы тұжырымдады? 1811ж

40 ұпай Алюминийдің периодтық жүйедегі орны ІІІ период, ІІІ топтың негізгі топшасы

3 кезең «Полиглот» (Жұмбақ беріледі. Соның шешуін тауып, қазақша, орысша, ағылшынша (латынша) айту. Толық жауапқа 20 ұпай, жартылай жауапқа 10 ұпай).

1 Ең жеңіл газ болып саналады, Периодтық осыдан басталады (Сутегі \ водород\ гидрагениум)

2 Өзі ауыр металға жатады, балалар осы метал құйған сақамен атады (Қорғасын\ свинец\ плюмбум)

3 Қысқа сүйектерді ата (омыртқа, алақан, табан, саусақ сүйектер)

4 Иісі, түсі, өңі жоқ, Табиғатта онсыз өмір жоқ. Өсімдіктен аламын, Өміріме нәр қыламын (Оттегі, кислород, оксигениум)

5машина мен трактордың жаны қара металлургияның наны темір железа феррум


6 «Арпа- бидай ас екен,.......-күміс тас екен. Алтын золота аурум


7 Мишық қайда орналасқан. Сопақша ми мен ми көпірінің арт жағында.

4 кезең «Сиқырлы құтылар» (Қауіпсіздік техникасы ережелерін табу( Дұрыс жауапқа 10 ұпай.).

1.Сынауықтың ашық аузын оқушы өзіне немесе жанындағы адамға қаратып ұстамауы керек

2.Егер газ күйіндегі заттың иісін сезгің келсе , оның ыдысын мұрыннан алысырақ ұстап, аздап желпіп көру керек.

3.Химиялық тәжірибе жасаған жерде тамақ жеуге болмайды

4.Қыздырып жатқан ыдыс аузына үңілуге болмайды

5.Артық алынған реактивтің қалғанын қайтадан таза зат салынған ыдысқа салуға немесе құйюға болмайды

5 кезең Сенесің бе сенбейсіңбе?

Қызықты сұрақ 10 ұпай: Жаңбыр құйып тұр. Қарлығаш құсы қандай ағашқа қонады?

Қызықты сұрақтар 20 ұпай: Алманың жартысы неге ұқсайды?

Қызықты сұрақ 30 ұпай: Көкеттің пішіні қандай

Сенесің бе, сенбейсің бе 10 ұпай: Сенесің бе, сенбейсің бе жануар жасушасында пластидтер кездеседі

Сенесің бе, сенбейсің бе 20 ұпай: Сенесің бе, сенбейсің бе паразитті саңырауқұлақпен нан ашытуға болады

Сенесің бе, сенбейсің бе 30 ұпай: Сенесің бе, сенбейсің бе Африка түйеқұсының саусағы екеу


Қорытынды:Интеллектуалдық сайысты мына өлең жолдарымен аяқтадым:

Ұлағаттың түп-тамыры өзің ұшқан ұяда

Өскен ұяң жетелейді асқар биік қияға

Өз ұясын қорғамаса әрбір құс

Басқа ұяға бауыр басып сияма?

Ойлау керек елдің жайын, ел жайын

Пәк табиғат тозып жатыр жыл сайын

Өзімізді асыраушы табиғаттай – Ананы

Азаматтық арың менен аялауға тұр дайын.


Жеңімпаздарды анықтап, марапаттау.

Интеллектуалдық сайыс өткізу нәтижелі болды және айтылған мақсаттарға жеттім деп ойлаймын.










Ж













Shape1

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!