Сайыс сабақ "Жаңа әлемнің жас ақпаратшылары" 6сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сайыс сабақ "Жаңа әлемнің жас ақпаратшылары" 6сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сайыс сабақ сабақтан тыс іс-шара болып табылады. Бұл материалды барлық информатик мұғалімдер қолданса болады. Сайыс сабақ оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырады
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жаңа әлемнің жас ақпаратшылары» атты

интеллектуалды сайыс



Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Информатика пәнінен алған теориялық білімдерін тапсырмалар орындау 
кезінде проблемаларды шешуде білім мен біліктілігін тиімді пайдалану.
ә) дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып өзін-өзі 
өзектілендіруге, өзін танытуға бейімдеу;
б)тәрбиелік: Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге 
тәрбиелеу.
 
Сабақтың түрі: 
Сыныптан тыс жүргізілетін сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Топтық жарыс сабағы
Сабақтың типі: Білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру сабағы.
Жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютерлер 
Көрнекіліктер: Слайд презентация, плакаттар, карточкалар.
Пәнаралық байланысы: Математика, ағылшын тілі, орыс тілі.

Олимпиаданың өту барысы:
1 – жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар және білімге құштар жас өрендер! Бүгінгі «Жаңа әлемнің жас ақпаратшылары» атты интеллектуалдық сайысымызға қош келдіңіздер!

Компьютер- сенің көмекшің Қаламың әрі қағазың ! Керек емес демессің, Аздаған болса хабардың. Үйрену керек бәрін де Ақпараттық заманның! 2 – жүргізуші: Сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейік. Сайысқа екі топ қатысады. 
1 – топ: «
Ақпарат» тобы 
2 – топ: «
Информатика » тобы

1 – жүргізуші: Сайысымызға топтардың ұпайларын есептеп, әділ бағасын қадағалау үшін әділ – қазылар алқасын тағайындап алайық.

Интеллектуалды сайыстың кезеңдері:
1-кезең: “Иә не жоқ”;
2-кезең: 
“Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!”;
3-кезең: 
“Интеллектуалды дуэль”:
4-кезең: 
“Аннограммалар”.

5-кезең. Компьютердің пайдасы мен зияны.

2 – жүргізуші: Таныстырып таңдамалы команданы,
Ұшталсын деп тілейік қадамдары.
Бірінші кезең де басталыпты,
Сәтті болсын иллайым қадамдарың.


1-кезең: “Иә не жоқ”. 
ТУР ережесі: Әр командаға 10 – 10-нан 20 сұрақ қойылады. Сұраққа “иә” не “жоқ” деп жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 10 ұпай деп саналады. 1 – ші топқа арналған сұрақтар:
1 – сұрақ: “ІNFORMATION” латын сөзі мәлімет дегенді білдіреді ме? (иә)
2-сұрақ: Ақпарат тасушы – сигнал болып табыла ма? (иә)
3-сұрақ: Мәтін, радио арқылы хабар, арифметикалық мысал графикалық ақпаратқа жата ма? (иә)
4-сұрақ: Жүйелік бағдарламалардың негізгі болып интерфейс табыла ма? (жоқ) 
5-сұрақ: Суретте көрсетілген сканерде кез келген кескінді сканерлегеннен кейін графикалық бағдарламаларда өңдеуге бола ма? (иә)
6-сұрақ: Суретте көрсетілген қатқыл диск басқаша винчестер деп атала ма? (иә) 
7-сұрақ: 4 қайталау операторы бар ма? (жоқ)
2 – ші топқа арналған сұрақтар:
1-сұрақ: 1642 жылы алғаш қосу машинасын француз математигі Блез Паскаль ойлап тапты ма? (иә)
2-сұрақ: ЕNIAC –тың (І ЭЕМ) салмағы 1 т болды ма(жоқ 30т)
3-сұрақ: Монитор бетіндегі түрлі түсті нүктелер пиксельдер деп атала ма? (иә)
4-сұрақ: Пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орыс алфавитіне ауыстыру: Alt+Ctrl ма? (жоқ)
5-сұрақ: Суретте көрсетілген қапшық немесе бумада бірдей атпен, бірақ әр түрлі уақытта сақталған файл (құжат) сақтауға бола ма? (жоқ)
6-сұрақ: Пернетақтада абзацтан жазу пернесі Сарs Lock болып табыла ма? (жоқ) 
7-сұрақ: Case таңдау операторы ма? (иә)
1 – жүргізуші: Келесі кезеңді бастайық,
Ұяшықтарды ашайық.
Асығыстық қылмаймыз,
Ұпайларды жинаймыз.


2 кезең: “Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!”. 
Мұнда орыс тілінде сөйлем беріледі,сөйлемнің ішінен информатикадан термин сөз жасырынып тұр. Сол сөзді тапқан командаға 50 ұпай қосылады.

1 – сұрақ: Этот старинный комод ему достался в наследство от бабушки.

2 – сұрақ: По просьбе хозяина квартиры мы шкаф сдвинули в угол.

3 – сұрақ: Река Днепр интересна тем, что на ней имеются несколько гидроэлектростанций.

4 – сұрақ: Потом они торжествовали долго и радовались, как дети.

2 – жүргізуші: 1 және 2 кезең қорытындысын саралау үшін сөз әділ-қазылар алқасына беріледі.

1 – жүргізуші: Әр жүйріктің жететін мәресі бар,
Биіктерге жете алмас өресі бар.
Екеуінен жете алмас өресі тар,
Қалғандарын ойнауға қалайсыздар?


3-кезең: “Интеллектуалды дуэль”.
Бұл кезеңде де 4 ұяшық беріледі. Әр ұяшықта 1-1 сұрақ және топ өз қалауынша “ставка” қояды (500 400 300 200 100). Дұрыс жауап берсе ұпай саны қосылады, бұрыс болса, сонша ұпай саны шегеріледі.

1 - ұяшық: 
500 400 300 200 100 
1 – сұрақ: 1761 жылы Исаак Ньютон ұсынған идеямен ағылшын ғалымы логарифм сызғышын жасады. Сол ғалымның аты-жөні кім? Робертсон

2 - ұяшық: 
500 400 300 200 100 
2 – сұрақ: Американ ғалымы Джон фон Нейман принципі бойынша ЭЕМ арифметикалық есептеулерді мына санау жүйесінде орындайды, яғни кез келген мәлімет “0” және “1”-ге сәйкес сигналдардың 2 түрлі тізбегімен қолданылады. Бұл қандай санау жүйесі? Екілік санау жүйесі

3 - ұяшық: 
500 400 300 200 100 
3 – сұрақ: 1833 жылы алғашқы есептеуіш автоматтың авторы Чарлз Бэббидж жоба жасады. Оны қазіргі кезде компьютердің атасы деп атайды. Жобаны қалай атады? Аналитикалық машина

4 - ұяшық: 
500 400 300 200 100 
Билл Гейтс Программа Империя 
4-сұрақ: Билл Гейтс 1955 жылы қазан айында Сиэтледе қарапайым ұстаздар отбасында дүниеге келді. Ол 13 жасында алғашқы программасын жазып үлгерді.1975 жылы Билл Гейтс және Пол Аллен бірігіп, университет бітірулеріне 2 жыл қалғанда ... деп аталатын фирма ашты. Алғашында Билл программа құрып, көп ізденсе, кейіннен басқа әдіс ойлап тапты. Ол программасымен авторларды да қоса фирманы сатып алды. Осылайша ... ....империясы пайда болды. Microsoft

2 – жүргізуші: Шыңда тұрған шынардай арманы бар,
Өнерлерін көрсетті ұл мен қыздар.
Ең соңғы кезеңге де келіп жеттік,
Ойлантып отырғанды таңқалдырар.


4- кезең: «Тіл шеберлері» Әр топ тақтадағы Жасырылған жұмбақтың жауабын шешеді жіне жұмбақтың шешімі бойынша шыққан сөздің қызметін айтулары тиіс.

  1. Төрт бұрышты әйнек, тұнып тұрған әлек. (Монитор)


  1. Компьютеріңіз ауырса, ұызметі дайын үнемі.

Кірген зиян залалды, күмансыз ол кетірер. (Антивирус)


  1. Бұтақ орнында мың бір инесі, компьютер жаны мекені (Кактус)


  1. Әуез сазды беретін, олда керек құрылғы.

Дыбыс шықса тосыннан, бәрің соған бұрылдың. (Калонка)


  1. Кемірушіге ұқсайды оның бейнесі, түсі оның сұр құйрығы ұзын.

Ойланып жауап берші білгіш болсаң, қалай деп аталады оның аты. (Тышқан)


  1. Экранның бетінде тұрағы, қашанда болса жыпылықтап тұрады. (Меңзер)


5-кезең. “Аннограмалар”.Бұл турда орыс тілі, ағылшын тілі, математикалық және информатика аннограммалары ретінде сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауап 100 ұпаймен есептеледі.

1- сұрақ: Адасқан әріптерден сөз құрап, артық сөзді көрсетіңіз:
О Р Я Д ЯДРО 
Т ЕФИЙНЕСP ИНТЕРФЕЙС
В Р Д Й А Е Р ДРАЙВЕР
Р И П Р Н Е Т ПРИНТЕР

Адасқан әріптерден сөз құрап, артық сөзді көрсетіңіз:
I W D W O S N WINDOWS
R M D D O V DVDROM 
F O I F E C OFFICE
S H C O L O SCHOOL

3-сұрақ:
МАТЕМАТИКАЛЫҚ АННОГРАММА 
Сұрақ белгісінің орнында тұратын санды табыңыз: 50 60 ? 70 30 
Жауабы: 50 +10=60-20=
40+30=70-40=30

4-сұрақ
ИНФОРМАТИКА АННОГРАММАСЫ 
Амалды орындаңыз: 0110 ? 0101 ? 0111=1000
Жауабы: 0110 +0101 – 0111=1000


5-кезең. Компьютердің пайдасы мен зияны.

  1. сұрақ: «Компьютердің пайдасы».

2-сұрақ: «Компьютердің зияны».

1 – жүргізуші: Өрбітіп ойлар ойда қала берер,
Білім сана толастап жана берер.
Әділқазыларды ортаға шақырайық 
Сайыскерлерге әділ баға берер.
(Әділқазылар алқасына сөз беріледі).

2 – жүргізуші: Осымен бүгінгі интеллектуалдық ойынымыз өз мәресіне жетті, қатысып, көңіл бөлгендеріңіз үшін көп – көп рахмет. 
Информатика нық басып ғаламатта,
Ой бөлісіп заманды саралапты.
Қош болыңдар, қымбатты көрермендер,
Қайта айналып көріскенше саламатта.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2019
611
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі