Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
сайыс сабақ "Математика әлемінде"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Оңтүстік Қазақстан облысы
Ордабасы ауданы
Б.Оңтаев жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
интеллектуалды жарыс
Математика пән мұғалімі: Қайрат Г.Қ
Қараспан елді мекені
2016-2017 оқу жылы
«Математика әлемінде» интеллектуалды жарыс
(10 «А», 10 «Б» сыныптары арасында өткен сыныптан тыс жұмыстың сценарийі)
Мақсаты:
-
Оқушылардың ойлау қабілеті мен математикалық қабілеттерін арттыру;
-
Математика пәні бойынша білімдерін тереңдету;
-
Пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Құрал –жабдықтар: Презентация
Мұғалім сөзі:
Сәлеметсіздер ме, осы залға жиналғандар!
Бүгін, біз мұнда математика ғылымының қыр – сырымен танысу үшін.
Викториналар шешу үшін.
Көңілді дем алып, күліп , ойнау үшін жиналдық.
Сіздерді әділ-қазы алқасымен таныстырып кетуге рухсат етіңіздер:
Ойынға 2 топ қатысады, әр топта 4 оқушыдан. Сегіз оқушы қатысады. Музыка ойналады. Оқушыларды «Пәтер пәтерші» арқылы топқа бөлу. Топқа бөлінген соң оқушыларға топтың атын қоюға 1 минут уақыт беріледі.
Біздің «Интеллектуалды жарыс» төрт кезеңнен тұрады.
Мұғалім сөзі:
Біз сайысымыздың алғашқы кезеңін бастаймыз.
Бірінші кезең «БӘЙГЕ»
1. Мұғалім қатысушыларға қарапайым сұрақтар қояды.
2. Қатысушы дұрыс жауап берген жағдайда бір
ұпай иеленеді.
3. Жауап «ыстық орындық» әдісі бойынша жауап беріледі.
4. Жауапқа бес секунд уақыт беріледі, одан кейінгі жауаптар
қабылданбайды.
5. Тур кезінде артық сөз айтуға тыйым салынады, бұл шартты екі
мәрте бұзған ойыншы ойыннан шығарылады.
6. Әділ қазы алқалары ұпаймен қатар әр ойыншының жауап беруге
жұмсаған уақытын да тіркеп отырады.
І топ
-
Абылай ханның шын аты кім? (Әбілмансұр)
-
Әртүрлі аспаптарда ойнайтын музыканттардың үлкен тобы (Оркестр)
-
Қазақ алфавитінде М әрпінен кейін қандай әріп келеді? (Н)
-
Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана)
-
Күнге ең жақын планета (Меркурий)
-
Үшінші нота қалай аталады? (Ми)
-
Қазақстанда Конституция күні қашан тойланады? (30 тамыз)
-
Буын түрлерін ата. (ашық, тұйық, бітеу)
-
„Ғылым таппай мақтанба“ кімнің өлеңі? (Абай Құнанбаев)
-
Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)
ІІ топ
-
Қазақтың ұлы ақыны кім? (Абай Құнанбаев)
-
Экватор, синтаксис, метр, ғасыр қандай сөздер? (термин)
-
Қазақстанда тіл мерекесі қай күні тойланады? (22 қыркүйек)
-
Адамда неше саусақ бар? (20)
-
Жүз жасаған қазақ ақыны кім? (Жамбыл Жабаев)
-
12 жылда қайталанатын жас (Мүшел)
-
Мұсылмандар діні (Ислам)
-
Бір жылда 12 не бар? (Ай)
-
Сиырдың төлі (бұзау)
-
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері (бастауыш, баяндауыш)
Мұғалім сөзі:
Біз сайысымыздың екінші кезеңін бастаймыз.
Екінші кезең «МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ...»
Бірінші турда жиналған ұпай екінші турда сақталады. Екінші турда сұрақ әр топқа блоктағы есептердің барлығы ашылғанша қойылады.
1. Қатысушыларға шартты түрде төрт блокқа бөлінген 16 сұрақ ұсынылады. Бірінші сұрақты таңдау мүмкіндігі бірінші турда көп ұпай жинаған қатысушы ашады. Сұраққа жауап беру уақыты 2 минут. Сұрақ екі топқа да арналады, себебі бірінші топ дұрыс жауап бере алмаған жағдайда екінші топтың жауап беруге мүмкіндігі бар.Әділ қазы алқалары есептің дұрыстығы мен уақытты бақылап отырады
2. Әр блоктың ішінде төрт сұрақ болады,
сұраққа дұрыс жауап берген ойыншының бірінші турда жинаған ұпай
санына блокта көрсетілген балл қосылып отырады.
3. Математика және әдебиет блогында жұмбақтар үш тілде жауап
берілуі тиіс. (қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі)
4. Ребустар блогындағы сұрақтардың жауабы тақтада көрсетіледі
5. Әр сұраққа жауап беру үшін
2 минут уақыт беріледі. Бұл уақыт өткеннен кейін жауап
қабылданбайды.
6. Жауап ауызша беріледі.
Математика және биология
20: Піл баласынан 480 кг-ға артық, яғни пілдің салмағы баласының салмағынан 5 есе ауыр. Пілдің салмағы қандай? 600
30: 3 күнде 1400 кг картоп саылды. 1-ші күні екінші күнге қарағанда 100 кг аз, ал үшінші күні 1-ші күні сатылған картоптың 3/5 сатылды.Әрбір күні қанша кг картоп сатылды. 500,600,300
40: Күніне жылқыларға 96 кг шөп беретіндей етіпишөп қора дайындалды. 2 жылқыны көршіні колхозға өткізгендіктен, күніне әр жылқыға беретін тиісті. Мөлшерлі шөпті 4-кг-ға артық беруге тура келеді. Әуелде қанша жылқы болып еді? 8 жылқы
50: Тасбақа өзенге дейін 4 сағат жорғалап барды, сол 4 сағаттың әрбір келесі сағатында алдында жүрген жолындағыдан екі есе аз жол жорғалап отырды.Егер оның барлық жүрген жолы 90 м болса,онда ол алғашқы бірінші сағатында қанша жол жүргенін табыңыз. 48 м
Математика және әдебиет
20: Мақал-мәтел
Жүз сомын болғанша, жүз досың болсын .
Жұмбақ
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
(сызғыш-линейка—ruler)
30: Мақал-мәтел
1. Досынды үш күн сынама, үш жыл сына .
2. Бір елі ауызға, екі елі қақпақ.
Жұмбақ
Доп емес, дөңгелек емес,
Ұқсас бірақ достарым.
Фигура ол ең негізі
Дәл жауапты қостадым.
(шеңбер – окружность - circle)
40: Мақал-мәтел
1. Жеті жұрттын тілін біл, жеті түрлі білім іл .
2. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
3. Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.
Жұмбақ
Көк құтанша ақ айдында,
Бір аяқпен тұрады.
Тұмсығымен ол мұнда,
Шыр айналып шығады.
(циркуль – циркуль - сircle)
50: Мақал-мәтел
1. Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды .
2. Білгенің бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз .
3. Бір кісі қазған құдықтан , мың кісі су ішеді .
Жұмбақ
Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай.
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағыңа қарамай?
(натурал сан – натуральное число – natural number)
Ребустар
20: Сіріңке шилерінен үй жасалған (суретті қара). Екі шиді қозғау арқылы үйді екінші жағына бұру керек.
30: Сіріңке шиінен істелген шаян жоғары өрмелеп барады (суретті қара). Үш шиді қозғау арқылы төмен қарай қалай жылжытамыз.
40: Тоғыз сіріңке шиінен жасалған таразы теңгерілмей тұр (суретті қара). Бес шиді қозғау арқылы, қалай теңестіруге болады?
50: Он сіріңке шиінен істелген екі стаканнан алты шиді қозғап, қалай үй жасауға болады?
Математика және бейнелеу
20:
30:
40:
50:
Мұғалім
сөзі:
Біз сайысымыздың үшінші кезеңін бастаймыз.
Үшінші кезең «СИҚЫРЛЫ ӘРІПТЕР»
1. Турға сегіз оқушы қатысады.
2. Қатысушыларға «мюнстерберг» әдісі бойынша ретсіз әріптер
беріледі сол әріптер ішінен математикалық терминдерді және
математикада қолданылатын сөздерді теріп жазу тиіс. Қатысушыларға
слайдта көрсетілген ретсіз әріптердің көшірмелері қағаз жүзінде
беріледі. Табылған сөзге 1 ұпай беріледі. Ұпай саны табылған
сөздерге байланысты. Тапсырманы орындауға 1 минут уақыт
беріледі.
С ИҚЫРЛЫ ӘРІПТЕР
олапррожұпмыитақмроюысинусавлкосинусоналуйіікпқосунегәібөлуңұүкөбейтуіғаифункцияіңобұрышрбжіградусптомикоординатайуыфвекторчтпаькубвидлпризмаыпфпирамидауеосм
Мұғалім сөзі:
Біз сайысымыздың төртінші кезеңін бастаймыз.
Төртінші кезең «ЖОРҒА»
Төртінші кезеңде әр топқа 10 сұрақ қойылады. Жауап беру уақыты 5 секунд. Жауаптың дұрыстығын экран арқылы бақыланады. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай.
Мұғалім сөзі:
Шеберлікті, білімді,
Сараптап сендер көрдіңдер.
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңіздер, деп сайысымыздың қорытындысын шығару үшін сөз кезегін әділқазы алқасына берейік.
Жарыстың қорытындысы
№ |
Топтар |
І кезең |
ІІ кезең |
ІІІ кезең |
IV кезең |
Жалпы ұпай |
1 |
І топ « » |
|
|
|
|
|
2 |
ІІ топ « » |
|
|
|
|
|
І кезең
Уақыт – 0,5 ұпай
Дұрыс жауап – 1 ұпай
ІІ кезең
Уақыт – 0,5 ұпай
Дұрыс жауаптың ұпайы, блокта көрсетілген ұпайлар
ІІІ кезең
Уақыт – 0,5 ұпай
Табылған сөздер санына, әр сөз – 1 ұпай
IV кезең
Уақыт – 0,5 ұпай
Дұрыс жауап – 1 ұпай
Мұғалім сөзі:
Осымен «Интеллектуалды жарыс» атты ойынды аяқтауға рұхсат етіңіздер.
Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар.