Материалдар / Сайыс сабақ математика білгіштері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сайыс сабақ математика білгіштері

Материал туралы қысқаша түсінік
математикаға байланысты сыныптан тыс іс шара
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Мамыр 2023
354
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады













"Математика білгіштері"

Математикалық турнир

7 сыныптар

















Қостанай қаласы



«Қызықты математика» математикалық турнир.

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.

  2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке тәрбиелеу, жеке тұлға етіп қалыптастыру.

  4. Көрнекілігі: нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер.

Түрі: топтық сайыс сағаты
Типі: ойын түрінде

Жоспары:

1.Топқа бөлу. Таныстыру. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі
2. Блиц-турнир (сұрақ-жауап)

3. Логика әлемінде
4. Полиглот

5. Сәйкестендіру

Қолданылған нақыл сөздер:
1. “Білімді, интеллектуалды адамдарсыз, озық ғылымсыз Қазақстанның перспективасы жоқ. Қазір адамдардың бәсекелестігі, білімнің бәсекелестігі, ғылымның бәсекелестігі жүруде. Бұған дайындалу қажет.”

Н.Ә.Назарбаев

2. «Логика өнері - адамның ақыл-парасатын жетілдіруге көмектесетін құрал.»

Әбу Насыр Әл-Фараби

3. «Математика - барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те»

Р.Бэкон







Барысы:

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер! «Математика білгіштері» атты математикалық ойын сайысымызды тамашалауға қош келдіңіздер!


1-жүргізуші: Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер

Білім деген оқырман

Қиындыққа жеткізер.

2- жүргізуші:Бүгінгі кеш қызықты

Көрермендер халайық

Ми – түйсікті қозғап қазір

Биікке қанат қағайық.

дей келе , Сайысқа түскелі отырған қарсылас екі топтың білімдері мен тапқырлықтарын сынағалы жиналдық. Іске сәт! –деп сайысымызды бастайық.

  1. Топқа бөлу. Таныстыру. Топтың өзін таныстыруы

  2. Блиц – турнир. Сұрақ- жауап. 1 сұраққа - 1 бал.

І топ.

1) Екі нүктемен шектелген фигура. ( кесінді)

2) Бөлмеде 2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар . Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша болады?4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойылғанда 4-тен артық бірақ 5-тен кем сан шығады?

3) 9-дың квадраты (81)

4) 900-тан кіші бұрыш (сүйір)

5) Қанша цифр білесіндер? (10)

6) 5 сантиметр метрдің қандай бөлігі? (1/20)

7) х қойдың неше аяғы бар? (4х)

8) Бестің кубы неге тең? (125)

9) 2 ғасырда неше жыл бар? (200)

10) Кез келген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады.(Түзу)

ІІ топ

  1. Дәлелдеуді қажет ететін сөйлем (теорема)

  2. Нөл саны натурал сандарына жатама (жоқ )

  3. 500 –қа сыбайлас бұрыш (1300)

  4. Төртбұрыштың бир бұрышын кескенде қанша бұрыш қалады. ( 5)

  5. 4 пен 5 тің арасына қандай таңба 4-тен артық бірақ 5-тен кем сан шығады? үтір

  6. 1 минутта неше сағат бар?(1/60)

  7. Координаталық жазықтықта неше ширек бар? (4)

  8. 5 бақа 5 минутта 5 шыбын ұстайды. Неше бақа 50 минутта 50 шыбын ұстайды?50 бақа

  9. 5 санына кері сан (1/5)

  10. 64 қандай санның кубы? (4)


3. Логика әлемінде . Екі топқа логикалық есептер беріледі . Әрбір дұрыс жауап – 2 ұпай.

  1. І топ: Қорада тауықтар мен қояндар бар. Олардың барлығы 15 бас, ал аяқтарының саны 50 болса, қорада неше тауық, неше қоян бар? Жауабы: 5 тауық, 10 қоян.


  1. ІІ топ:Бірдей үш цифрмен жазылған үш таңбалы сан 3-ке де, 37-ге де бөлінеді. Сол санды тап. Жауабы: 111.



  1. І топ: Егер сағат түнгі12-де жаңбыр жауып тұрса, онда 72 сағаттан соң күн шығуы мүмкін бе? Жауабы: жоқ, ол кезде түн ортасы болады.



  1. ІІ топ: Сұрақтын орнында қай сан тұруы керек 2; 3; 5; 8; 12;17? (23)

  2. І топ: 1-ден 81-ге дейінгі барлық натурал сандардың көбейтіндісі қандай

цифрға аяқталады?

Шешімі: 0-ге, себебі кез келген санды 0 цифрымен аяқталатын санғакөбейткенде, 0-ге аяқталатын сан шығады.

  1. ІІ топ:Бес жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарын бірге алғанда 8 жас болды. 5 жылдаң соң олардың жастарын бірге алғанда неше жас болады? Шешуі: 10 жылдаң соң олардың әрқайсысының жасына 10 жастан, ал бірге алғанда 20 жас қосылады. 5 жылдаң соң олардың жастарын бірге алғанда 28 жас болады.

  2. І топ:Әкесі 27 жаста болғанда баласы 3 жаста болды. Ал казір баласының

жасы әкесінің жасынан 3 есе кем. Әрқайсының жасы нешеде?

Жауабы: 36;12

  1. ІІ топ:Сыныпта 35 оқушы бар. Қыздар ұлдардан үшке артық. Сыныпта

ұлдар қанша , қыздар қанша?

Жауабы: 16 ұл, 19 қыз.

4. Полиглот. Екі топқа жұмбақтар қойылады, жауабын үш тілде айту керек.

Егер жауабы дұрыс болып, аудармасы жоқ болса, 1 ұпай алынады. Ең көбі – 3 ұпай.

  1. Доп емес, дөңгелек емес,

Ұқсас бірақ достарым.

Фигура ол ең негізі

Дәл жауапты қостадым.

(шеңбер – окружность - circle)

2. Бірдей санды бірнеше рет

Көбейтуден тұрады.

Егер оны ықшамдасаң

Қандай атау болады?

(Дәреже-степень-degree)


3.Алды-артымыз шексіз де

Жете алмайсың біздерге.

Сәулеменен кесілді

Шықан тегін білсе де.

(түзу - прямая - line)

4.Көк құтанша ақ айдында,

Бір аяқпен тұрады.

Тұмсығымен ол мұнда,

Шыр айналып шығады.

(циркуль – циркуль - сircle)


5.Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай.

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жан-жағыңа қарамай?

(натурал сан – натуральное число – naturalnumber)


6.Атадан он баламыз

Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз

Көбейіп те аламыз.

(цифрлар – цифры - figure)




5.Сәйкестендіру.Екі топқа тапсырма беріледі жауаптырымен сәйкестендіреді.

Әрбір дұрыс жауапқа 2 балл





1-жүргізуші: Санаңды сенің толтырар,

Есептану пәні бар.

Сабағынды егер оқысаң,

Өмірде саған жол болар.

2-жүргізуші: Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.

Ал, қазыр әділқазылар сөз алады.

Сайысымыздың жеңімпаздарың анықтап,

Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.


Қорытынды: Әділқазылар алқасы ойын жеңімпазын анықтап қорытындылайды.

Топтарды бағалау



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!