жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сайыс сабақ "Тапқыр дос" 6 сынып
«Тапқыр достар» сайысы 6а сынып оқушылары
Мақсаты:
Сөз өнері туралы мағлұмат беру, білімін тереңдету, меңгерту. Тапсырмалар арқылы алған білім сапасын анықтау, оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілі грамматикасы саласынан білімдерін жүйелеу.
Оқушының ой-өрісін дамыту, сөздік қорын тұрақты сөз тіркестерімен байыту. Логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін арттыру.
Мұғалім:
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,
Мемлекеттік тілде үйренген жөн болар.
Оқушылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай тіл? (қазақ тілі)
Ендеше «Тапқыр достар» атты сайысымызды бастайық.
Ал, халайық, халайық!
Енді бері қарайық.
Тілдер апталығына арналған
Сайысымызды бастайық
Біздің бүгінгі сайысымызға қазылар алқасы қатысып отыр. Әр ойыншының жұмысын бағалайды.
(қазылар алқасы таныстырылады)
Сайыс ҮІІ кезеңнен тұрады. Әр кезеңдегі тапсырма бойынша оқушылар бағаланады. Ең көп ұпай жинаған оқушы жеңіске жетеді. Сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып, ойынымыздың I кезеңін бастайық.
I кезең: «Танысу»
(сөз кезегі сайыскерлерімізге беріледі, яғни өздерін таныстырады) 3-5 ұпай аралығы.
ІІ
кезең. "Өлең - сөздің патшасы, сөз
сарасы" мәнерлеп оқу сайысы.
Оқушылар тарихи
тұлғалар: Абай, Сәкен, Ілияс,
өлеңдерін мәнерлеп оқиды.
5 ұпай
III кезең: "Зымыран
сұрақтар" кезеңі (қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша)
Мықты болсаң - алдағыны басып оз.
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымыздың үшінші
кезеңіне өтейік.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша берілетін сұрақтарға дұрыс
және жылдам жауап беру. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі.
Сұраққа бірінші болып қол көтерген ойыншы жауап береді. Егер ол
ойыншының жауабы дұрыс болмаса, онда қолын екінші болып көтерген
ойыншы жауап береді. 5 ұпаймен
есептеледі.
1. Батыр сөзінің синонимін ата? (ержүрек, батыл,
жаужүрек)
2. «Ақ киізге көтерді» сөз тіркесінің мағынасы
қандай? (хан
сайлады)
3. Жақсы мен жаманның
айырмасы.(авторы Сүйінбай
Аронұлы)
4. Фонетика нені
зерттейді? (тіл
дыбыстарын)
5. Қазақтың алғаш әліппесін жазған
кім? (Ыбырай
Алтынсарин)
6. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған
күн)
7. Мақалды жалғастыр: Бұлбұл гүлзарын
сүйеді,..... (Адал адам Отанын
сүйеді)
8. Қазақстан президенті кім? Туған
жері (Н.Ә. Назарбаев. Алматы обл, Қарасай
ауд.
Шамалған ауылы)
9. Тарихи тұлғалар: Бес арысты ата. (Мағжан, Жүсіпбек, Міржақып, Шәкәрім, Ахмет)
10.С. Сейфуллиннің туған жері, өмір сүрген жылдары, шын аты (Қарағанды обл, Шет ауданы, 1894-1938 ж, Сәдуақас
ІV кезең: «Маржан сөз». 5 ұпай
-
үш қуат – асыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат,
-
үш арсыз – ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз
-
үш жұрт – өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты ,
-
жеті ата - 1.Бала. 2.Әке. 3.Ата. 4.Арғы ата. 5.Баба. 6.Түп ата. 7.Тек ата.
-
жеті апта- 1.Дүйсенбі. 2.Сейсенбі. 3.Сәрсенбі (сәтті күн). 4.Бейсенбі. 5. Жұма
(қасиетті күн). 6.Сенбі. 7.Жексенбі
-
жеті қазына- 1.Ер жігіт. 2.Сұлу әйел. 3.Ақыл, білім. 4.Жүйрік ат. 5.Қыран
бүркіт. 6.Берен мылтық. 7.Жүйрік тазы (ит).
V кезең: «Жалғасын тап». 3 ұпай
-
Отан - Отан үшін отқа түс — күймейсің
-
Отансыз адам- Отансыз адам — ормансыз бұлбұл
-
Ата - . Ата -бәйтерек
Бала - Бала-жапырақ
-
Туған жердің қадірін - шетте жүрсең білерсің.
-
Егілмеген жер жетім – Елінен айрылған ер жетім
Логикалық сұрақтар. 3 ұпай
-
Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?
Жауабы: 4 мысық.
-
Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
Жауабы: Үш
VI кезең: «Сен білесің бе?». 5 ұпай
(сандардың артына сұрақтар жазылған, әр оқушы бір санды таңдап алады, жауабы дұрыс болса, сонша ұпай жинайды)
|
Ұпай |
Сұрақ |
Жауап |
|
9 |
1.ҚР қашан тәуелсіздік алады? 2.І. Жансүгіров. «Домбыра» өлеңі. |
1.(1991 ж. 16 желтоқсан). 2. Өлеңнен үзінді жатқа айту |
|
8 |
(ұпай сыйлыққа беріледі) |
- |
|
10 |
1.«Дүниеде не өлмейді?» шешендік 2.Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? |
1.Жиренше шешен
2.(А. Байтұрсынов). |
|
7 |
1.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? 2.Қазақ даласының жарық жұлдызы? |
1. (Тоқтар Әубәкіров). 2. (Шоқан). |
|
8 |
1.Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? 2.Қазақстан Республикасы қандай мемлекет |
1.(түркі тілдес). 2.Тәуелсіз мемлекет |
|
7 |
1. БҰҰ сөзін түсіндір 2. ОҚМУ |
1.Біріккен Ұлттар Ұйымы 2.Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университет |
Мұғалім:
Қорытындылау
(Жеңімпаздар анықталып
марапатталады.)
«Тіл – ата - баба аманаты. Ғасырдан ғасырға,
ұрпақтан ұрпаққа ұласқан, бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың
ұлысы алдымен әр ұлттың тілі ғой. Ендеше ата - баба мұрасын
жалғастыру, оның мәртебесін көтеру - мына баршамыздың міндетіміз,
парызымыз.
О, адамдар, қадіріне
жетіңдер!
Ана тілің - анаң. Сыйлап
өтіңдер!
Туған тілін танымаған
көрсоққыр,
Болып өтер ертең мәңгі
өкінер.
«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған
тілімізді ұмыту - бүкіл ата - бабамыздың тарихын ұмыту»,- деген
Бауыржан Момышұлы
атамыз.
Ана тілін құрметтеп, сүйе білейік. Бүгінгі
ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы
шарт.
Білмеу - ұят
емес,
Үйренбеу -
ұят!
Мұғалім:
Сөз кезегі қазылар алқасына беріледі. Ойын қорытындыланады.
Осымен бүгінгі сыныптан тыс сайыс сабағымыз осымен аяқталды.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген