Материалдар / Сайыс сабақ "Ұшқыр ой мен шешен тіл"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сайыс сабақ "Ұшқыр ой мен шешен тіл"

Материал туралы қысқаша түсінік
6-сынып оқушылары арасындағы әдебиеттен сайыс. "Алпамыс батыр" жыры мен "Қобыланды батыр" жырынан білімдерін саралауға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қаңтар 2018
2596
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ОҚО Созақ аудандық білім бөлімі «Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі» КММ



Сайыс сабақ



Тақырыбы:

Ұшқыр ой мен шешен тіл

Авторы : Дадашева Гүлстан Рысбекқызы



Сыныбы: 6-сынып





















Шолаққорған

2017-2018 оқу жылы




Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұшқыр ой мен шешен тіл» сайыс сабағы

Сабақтың тақырыбы: «Ұшқыр ой мен шешен тіл»

Сабатың мақсаты: Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Оқушылардың үш тілді білімдерін сынға ала отырып, полиглоттық шеберліктерін арттыру.
1. Оқушылардың «Қобыланды батыр» жыры мен «Алпамыс батыр» жыры туралы білімдерін жинақтап, тереңдету.

2. Оқушылардың әдебиетке, оның ішінде , батырлар жырына деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.
3. «Қобыланды батыр» жыры мен «Алпамыс батыр» жырынан арнайы дайындалған топтық тапсырмалар арқылы өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Сабақтың көрнекілік: Қобыланды батыр мен Алпамыс батырдың суреттері, мен батырларға арнайы дайындалған буклеттер, жұмбақтар, өлең жолдары, үзінділер, презентация.
Сабақтың барысы:

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының -бәсекелік қа­бі­летімен айқындалады. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы» дейді елбасымыз. Міне осы тұжырымды негізге ала отырып біз бүгін 6-сынныптар арасында үш тілді сайыс ұйымдастырып отырмыз.

2-жүргізуші: Сонымен қоса Елбасы 2017 жылдың 12 сәуірінде жазған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына бір сәт үңіліп көрсек, шынайы прагматизмнің талай жарқын үлгілерін табуға болады. Халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді, әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келді» - деген. Сондықтан да бүгінгі сайысымызды ата-бабаларымыздың, қазақ батырларының елін, жерін қорғаудағы ерліктері мен қайсарлықтарын насихаттауға арнадық.

1-жүргізуші: «Ұшқыр ой мен шешен тіл» сайыс сабағымыздың мақсаты: Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Оқушылардың үш тілді білімдерін сынға ала отырып, полиглоттық шеберліктерін арттыру.
1. Оқушылардың «Қобыланды батыр» жыры мен «Алпамыс батыр» жыры туралы білімдерін жинақтап, тереңдету.

2. Оқушылардың әдебиетке, оның ішінде , батырлар жырына деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.
3. «Қобыланды батыр» жыры мен «Алпамыс батыр» жырынан арнайы дайындалған топтық тапсырмалар арқылы өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Көрнекілік: Қобыланды батыр мен Алпамыс батырдың суреттері, мен батырларға арнайы дайындалған буклеттер, жұмбақтар, өлең жолдары, үзінділер, презентация.

2-жүргізуші: Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шағын баяндама жасау, ойынның тақырыбы мен мақсатымен және ойыншыларды ойын ережесімен шарттарымен таныс болайық.






1-жүргізуші: Ереже

  1. Тәртіпке бағыну

  2. Топтық жұмыста бірлескен жұмыс көрсете білу

  3. Тапсырмаларды сапалы орындау

  4. Сұрақтардың мағынасына көңіл бөлу

  5. Келесі топтың жұмысын тыңдау

  6. Тіл тазалығын сақтай білу

  7. Уақытты тиімді пайдалану

  8. Жазу барысында грамматикалық қателердің болмауына көңіл бөлу

2-жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Бүгін 6-сынып оқушылары осы уақытқа дейін «Қобыланды батыр» жыры мен «Алпамыс батыр» жырынан алған білімдерін көрсетіп, ортаға салады.
Ойынға 3 топ қатысады. Ендеше ойынға қатысушы топтарымызды ортаға шақырайық.

І-топ. Топтың аты – «Сұңқар»
Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.

ІІ-топ. Топтың аты – «Тұлпар»
Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.

ІІІ-топ. Топтың аты – «Болашақ»
Ұранымыз: Болашақтың ұл-қызымыз
Көркейтеміз елді біз.


1-жүргізуші: Ойыншыларымыз ортада ендеше ойын шарттарымен таныстырайық. Ойын 4 айналымнан тұрады.


І -айналым «Ұшқыр ой»
Әр топқа «Қобыланды батыр» жыры мен «Алпамыс батыр» жырынан сұрақтар қойылады. Ойыншылар сұрақтарға жауап беріп ұпай жинайды. Бағалау критериі әр жауапқа бір ұпай беріледі. Ережеге бағынып нақты жауап беру ескеріледі.

2-жүргізуші: ІІ айналым «Құпия сандық»

Бұл айналымда жұмбақ жасырылады сендер жұмбақтың шешуін 3 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) айтуларың керек. Мақал-мәтелдегі бос орынға тиісті сөзді тауып қойып, ол дұрыс жауапты 3 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) айтуларың керек.


1-жүргізуші: ІІІ айналым «Жыр маржан»

Бұл айналымда әр топтан екі оқушы « Қобыланды батыр» жыры мен «Алпамыс батыр» жырынан үзінділер жатқа оқиды. Әділқазылар тіл тазалығы мен жатқа оқу мәнерін қоса сарапқа салады.

2-жүргізуші: IV айналым «Салыстырып бақ ортақ қасиетін тап»

Бұл айналымда әр топ «Қобыланды батыр» жыры мен «Алпамыс батыр» жырының айырмашылықтары мен ұқсастықтарын тауып жар қағаздарына жазады.





1-жүргізуші: Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз.

Әр топқа он сұрақ қойылады. Алғашқы 5 сұрақ «Қобыланды батыр» жырынан, соңғы 5 сұрақ «Алпамыс батыр» жырынан.

2-жүргізуші: «Сұңқар» тобына:
1. Қарақыпшақ елінен шыққан Қобыландының әкесінің аты кім? (Тоқтарбай)

2. Тоқтарбай неше жасқа дейін бала көрмеді? (80 жас)

3. Тоқтарбайдың 90 жылқышысының төресі кім еді?

4. Естеміс пен Қобыланды бір тауда жатып бір шуды қай уақытта естіді? Намазшамннан өткенде, Құптан мезгіл жеткенде.

5. Қызылбас елінің ханы кім еді? (Көктім Аймақ)


1-жүргізуші: «Тұлпар» тобына:
1. Биік бақанға ілінген теңгені екіге бөліп, Көктім Аймақ ханның уәдесі бойынша қызы Құртқаны қалыңдыққа алғалы отырған Қобыландыға «Мені жеңсе алар» деп қарсылық білдірген кім еді? (Қырық бес кез Қызыл ер)

2. Қобыланды Қызыл Ерді өлтірген соң жауынан құтылған Көктім Аймақ қызы Құртқаның жасауын қандай ғып береді? Алтын күміспен қоса 40 күң, 40 құл қосып береді.

3. Қобыландының аты Тайбурылды кім баптады? (Жары Құртқа )

4. Қызылбастың елінен шыққан Қазан батыр Ноғайлының қандай қалаларын тартып алды? (Қырлы қала, Сырлы қала)

5. Көбікті ханның ақылды тұлпарының аты кім? Тарлан ат


2-жүргізуші: «Болашақ» тобына:

1.Тұтқынға түскен Қобыланды мен Қараманды құтқарған кім еді? Көбікті ханның қызы Қарлыға

2.Қобыландының елін Алшағыр жауалап алды дегенді естіп қай батыр Қобыландыға көмекке жолға шыққан еді? Орақ батыр

3.Алшағыр ханның еліне кек алуға жорыққа шыққан кімдер еді? Қобыланды, Қараман, Қарлыға, Орақ батыр.

4.Алшағырды жеңіп Қалмақтан алған олжаны Қобыланды еліне қалай бөліп берді?

5.Қобыланды батыр жырында кездесетін ат әбзелдері қандай?


1-жүргізуші: Келесі сұрақтар «Алпамыс батыр» жырынан

«Сұңқар» тобына: 1.Қоңырат елінен шыққан Алпамыстың әкесінің аты кім? (Байбөрі)

2. Бөрібай мен Құлтайдың туыстығы қандай? (Немере ағайын)

3. бөрібай мен жары Аналық асырап алған Құлтайдың ұсқынсыз ұлының аты кім? (Ұлтан)

4. «Алпамыс батыр» жырында Созақ ауданының қандай әулиелі жерлері кездеседі? (Әзіреті Қаратау, Баба ата)

5. Байбөріге бір ұл бір қызды болатыны жөнінде аян берген қандай әулие? (Шашты Әзіз)

2-жүргізуші: «Тұлпар» тобына

1.Байбөрімен «Біреумізден ұл, біреумізден қыз туса құда болайық» деп уағдаласқан кім? (Сарыбай)

2. «Алпамыс батыр» жырында қандай салт-дәстүр кездеседі? (Құйрық жеп, ұн жағу, ірге басып, қалыңдық ойнау.)

3. Алпамыс он жасында ойнаймыз деп түртіп кімнің баласын өлтіріп қояды? (Өрмек тоқушы кемпірдің)

4. Алпамыстың жары мен тұлпарының аты кім? (Гүлбаршын, шұбар ат)

5. Алпамыс сарыбайдың елін қалмақтардан құтқарып, Гүлбаршынды алып еліне келгенде Байбөрінің жылқыларын алып елін шауып кеткен қай хан? (Тайшық хан)





1-жүргізуші: «Болашақ» тобы

1.Тайшық ханның түсін жаманға жорыған кім? (Жалмауыз)

2.Тайшық хан жалмауыздың таз баласына берем деп келіскен қызының аты кім еді? (Қаракөз)

3. Жалмауыздың арбауымен тұтқынға түскен Алпамысты Қаракөз қалай құтқарады? (Кейқуат қойшы арқылы Шұбар аттың көмегімен.)

4. Алпамыс Тайшық ханды өлтіріп орнынан хан етіп кімді сайлайды? (Кейқуат қойшыны)

5. Ұзақ жорықтан кейін Алпамыстың ата-анасын құл етіп, ұлы Жәдігерге қозы бақтырып қойған кім? (Ұлтан)


2-жүргізуші: Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді» дейді. Міне сондықтан да біз бүгін екінші айналымды ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейтуге арнадық. Қазақ ежелден тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін таба білген. Және жұмбақ, жаңылтпаштар арқылы баланың тілін дамытып сана-сезімін кеңейтіп отырған. Бүгінгі ұрпақ, біздер, сол ұлттық құндылығымызды сақтай білуіміз керек. Сондықтан да үшінші айналымды ұлттық сананы кемелдеуге арнадық.

1-жүргізуші: ІІ айналым «Құпия сандық»

Бұл айналымда жұмбақ жасырылады сендер жұмбақтың шешуін 3 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) айтуларың керек. Мақал-мәтелдегі бос орынға тиісті сөзді тауып қойып, ол дұрыс жауапты 3 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) айтуларың керек.


2-жүргізуші:1-топ: Жұмбақ

Төбедегі көзінен,

Күн сәулесі түседі.

Бұрышы жоқ төрінен,

Самал еркін еседі. (киіз үй, юрта, yurt)

Мақал- мәтел

Батыр *** бастар, (қол, рука, hand)
Шешен ***бастар. (сөз, слова, the words)


1-жүргізуші: 2-топ: Жұмбақ

Қоян жақты, тақыр жонды,

Төрт тұяқ, екі аяқты, екі қолды.

Салпы ерін, өзі жүйрік,

Кең омырау, жуан құйрық. (ат, лошадь, horse)
Мақал-мәтел

*** елінде, (батыр, герой, hero)

*** көлінде (балық, рыба, fish)


2-жүргізуші: 3-топ: Жұмбақ

Белі қайқы, Жоны тайқы. (қылыш, меч, sword)
Мақал-мәтел

Арпасыз *** қыр аса алмас,  (ат, лошадь, horse)
Арқасыз ***жау ала алмас. (батыр, герой, hero)

1-жүргізуші: ІІІ айналым «Жыр маржан»

Бұл айналымда әр топтан екі оқушы « Қобыланды батыр» жыры мен «Алпамыс батыр» жырынан үзінділер жатқа оқиды. Әділқазылар тіл тазалығы мен жатқа оқу мәнерін қоса сарапқа салады.
2-жүргізуші: IV айналым «Салыстырып бақ ортақ қасиетін тап»

Бұл айналымда әр топ «Қобыланды батыр» жыры мен «Алпамыс батыр» жырының айырмашылықтары мен ұқсастықтарын тауып жар қағаздарына жазады. Марапаттау, бағалау, қорытындылау.



Сайыстан көріністер


Сайысқа қатысушы 6 «Ә» сынып оқушылары топ мүшелерін таныстыруда

Сайысқа қатысушы 6 «Б» сынып оқушылары топ мүшелерімен таныстыруда

Сайысқа қатысушы 6 «А» сынып оқушылары топ мүшелерімен таныстыруда



Оқушылар топтық тапсырма орындауда

Picture 6 Топттық жұмыстарға бағыт-бағдар беру



Топтық жұмысты қорғау сәттерінен





Марапаттау сәтінен



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!