«Мерей»балабақшасындағы
«Тәрбие басы – тіл»
сайысы.
«Біз барша қазақстандықтарды
біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің мемлекеттік
тілін,барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға күш –
жігерімізді жұмсауымыз керек. Әлі – ақ қазақ тілі тіршілігіміздің
барлық саласында кеңінен қолданылатын болады,тек оны насихаттай
білуіміз керек»
Н.Ә.Назарбаев.
Мемлекетімізге тәңір сыйлаған
тәуелсіздігіміздің тірегі тіл екендігін жүрегімізбен сезінуді
ұмытпауымыз керек.
Рухани жаңғыру бағдарламасы
аясында,біздің «Мерей» балабақшасында
«Тәрбие басы - тіл» атты сайыс
өткізілді.Бұл іс-шара жоғарыда айтылған Н.Ә.Назарбаевтың қазақ
тілін насихаттау жолында орындалды.
Сайысқа «Мерей»балабақшасының
өзге ұлт қызметкерлерінен құрылған «Жалын» тобы және «Айналайын»
балабақшасынан «Көркем – ай» тобы өзара бәсекеге түсті. Өлең
жолдарында айтылғандай үкілі кәмшат,бүрмелі көйлек киген өзге ұлт
қыздары мың бұралып, өздерін қазақ тілінде таныстырғанда, мені бір
мақтаныш сезімі әсер етті.
Сайыскерлерімізді бағалау үшін
әділқазылар алқасы: «Мерей» балабақшасының директоры Г.О.Хамзина,
Педагогика саласының ардагері Б.Б.Қасенова, «Бурабай» газетінің
тілшісі Омаров Жеңіс сайланды.
Қатысушылар өздерінің
мемлекеттік тілді меңгергендерін, қазақ салт-дәстүрін, қол өнерін
жоғары дәрежеде көрсете алды. Осындай өзге ұлт өкілдерінен жақсы
нәтижелерді көріп, мемлекеттік тіл мәртебесі өз тұғырына нық
орнайды деп сенгім келеді. Сайыс барысында ерекше айта кететін
«Жалын» тобының «Құстар қайтып барады» биі әділқазылар алқасын таң
қалдырып, қошеметке ие болды. Ал «Көркем-ай» тобының «Рухани
жаңғыру» тақырыбына дайындаған киім үлгілері бәрінің көңілінен
шықты.
Соңында әділқазылар алқасы сөз
алып, ұйымдастырушыларға,қатысушы-
ларға ризашылықтарын білдіріп,
сайыс қортындысын жариялады.Топтардың ұпай сандары бірдей болып,
екі топта жеңіске жетті. Сонымен бұл сайыста «Достық» жеңіп,
қатысушылардың көңілін бір көтеріп тастады. Мұндай әділ шешім
бәрімізді де қуантты.
Қазақ халқының ұлы қайраткері
А.Байтұрсынов халықтың салт – дәстүрлері,әдет – ғұрпы,қазақ тілінің
атқаратын маңызын атап көрсетіп, тер төгіп,еңбек еткен. Біз де осы
ағамыздай тер төгіп, еңбек етіп, қазақ тілінің мәртебесін көтере
берейік-дегім келеді.
«Мерей»
балабақшасының
қазақ тілі мұғалімі:
Симанбаева А.К.