Сайыс "Туған елім Қазақстан"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сайыс "Туған елім Қазақстан"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сайыс "Туған елім Қазақстан" бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Туған елім – Қазақстан»

Бастауыш сынып оқушылармен бірге өткізген «Туған елім – Қазақстан» атты білім сайысы.

Мақсаты: оқушыларды отан сүйгіштікке, елін,жерін сүйіп,болашақта өз елінің өнегелі, үлгілі азаматы болуға тәрбиелеу.

Міндеті:

Оқушының білімін,ынтасын арттырып, Отан сүйгіштікке,елі,жері үшін адал болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Отан,туған ел туралы ұлағатты сөздер, мақал-мәтелдер.

Түрі: сайыс

1-жүргізуші:

Мен қазақпын,биік бір белеспін мен,

Европа да,Азия да емеспін мен.

Аралықпын,жетінші материктей,

Бірақ барша адаммен тел өстім мен.

Мен қазақпын!

Сән-салтанат,салтымды сүйемін мен,

Бақ орнатам,басына моланың да

Мұрагермін оған да иемін мен.

І бөлім.

2-жүргізуші: қатысушыларды ортаға шақырамыз.

1-топ-«Тапқырлар».

2-топ-«Білімділер». Әр топ өздерінің командасын, ұрандарын айтады.

бірінші сұрақ команда капитанына беріледі.

1. Қазақ елінің этнографы,ұлы зерттеушісі кім?

(Ш.Уәлиханов)

2. Қазақ ұлының тұңғыш академигі кім? (Қ.Сәтбаев).

3. Қазақстандағы ең биік шынды ата? (Хан-Тәңірі).

4. ХХ ғасырдың Гомері атанған ақынды ата. (Ж.Жабаев)

5. Республикадағы көмірлі қала? (Қарағанды)

6. Суырлы тау қай жерде? (Тарбағатай)

7.Қазақстандағы ең ірі қорықтарды ата

(Алматы,Ақсу-Жабағылы,Катон-Қарағай,Марқакөл).

ІІ бөлім.

Отан, ел туралы мақал-мәтел айту.

Командалық есеп бойынша 1 минутта 7-8 мақал айту керек.

ІІІ бөлім.

Туған жер, Отан туралы нақыл сөздер айту.

ІҮ бөлім.

Екі команда біріне-бірі сұрақтар қояды.

Ү бөлім.

Қазақстан, Отан тақырыбына ақын-жазушылардың өлеңдерін мәнерлеп оқу.

Командалық есеп бойынша:

«Тапқырлар». командасы -47 ұпай,

«Білгірлер». командасы -45 ұпай жинады.

Нәтижесінде «Тапқырлар». командасы жеңіске жетті.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
863
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі