Материалдар / Шәкәрім атаға хат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шәкәрім атаға хат

Материал туралы қысқаша түсінік
Шәкәрім атаға хат
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Желтоқсан 2020
583
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шәкәрім атаға хат


Ата, сізге бұл хатты жазарда ойымды үлкен мақтаныш биледі.

Себебі, сіздей бір туар ұлы тұлғаның ұрпағы болу мен үшін үлкен мақтаныш. Ата, биыл 162 жасқа толдыңыз. Сіздей жанды өлді деудің өзін қараңғылық деп білемін. Ұрпаққа қалдырған әрбір өлең-жырыңыз бізді алға жетелеп, білім алуға құлшындырады. Сіздің жастарға деген өлең жолындағы, біздерді Абай атаға барайық деген ойыңыздан не айтқыңыз келгеніңізді ұқтым. Бар мақсатыңыз, қазақ жастарының көзін ашып, көкірегін оятып, білім алуға шақырдыңыз. Менде сіз ұстанған сара жолды таңдадым.

Менің де мақсатым – кейінгі ұрпаққа саналы білім беру. Кейінгі ұрпақтарымыз сіз секілді ақын болмаса да, сіздің бойыңыздағы бір қасиетіңізді бойларына дарытса деймін. Сіздің мергендігіңіз, болмаса тігін тігу шеберлігіңіз ұрпақтың бойынан табылса деген үміттемін. Мен сіз сияқты көп тілді білмесем де, кейінгі ұрпаққа қазақ тілі мен ұлттық құндылықтарды бойларына дарытсам деп ойлаймын. Адамгершілікке, ата-ананы сыйлауға, ұлттық құндылықтарды сақтауға тәрбиелегім келеді. Өкініштісі, қазіргі ұрпақтар ата-ана мен үлкендерді сыйламайтындығы мені қатты қынжылтады.

Ата, сіз білесіз бе, білмейсіз бе ол жағы маған беймәлім.

Жас ұрпаққа сана берер даналықтарыңыз кез-келген ұрпағыңыздың жанына жалау болып, мәңгілік жол көрсетер шырағына айналды. Өзіңіз дүниеден кеткенмен артыңызға өшпейтін із қалдырдыңыз. Ұстаздан шәкірт озар деген, сіз өз ұстазыңыз Абай атамыздан алған іліміңізді жетілдіріп, ұстазыңыздан кем болмадыңыз. Бұл ісіңіз ұрпағыңызға өнеге қалдыратындай, үлгі тұтар іс болды. Барша қазақ сіздей болса, еліміз ең алдыңғы қатардағы мемлекет болар еді. Әліде сізден өнеге алар ұрпағыңыз көп. Сіздің бір өлеңіңізде;

Үш-ақ түрлі өмір бар: бәрі де – мас. Бір рәуішті болады шал менен жас. Ең керекті дегенің - ортаншы өмір, Түгел қолың жетпейтін бір жанталас. Қапы өткізбе сол кездің бір сағатын , Өкінішің қалмайды кетсе ағатың. Күндіз түні дей көрме ғылым ізде .... деп қалдырғаныңыздай.

Мінекей қаншама жыл өтседе сөзіңізді арқау тұтып,ел басымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Үлгі тұтар сіздей қариясы бар, Біз бақытты жастармыз.

Башенова Нағима Серікқызы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!