Шәкәрім Құдайбердіұлы шағармашылығындағы дүниетанымдық мәселелер
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басы – қазақ әдебиетінің жаңғыру кезеңі болып басталды. Яғни, бұл уақытқа дейін қазақ халқының әдебиеті әлі бір қалыпқа түспеген. Сол кезеңнен бастап, қазақ философиясында байырғы заманғы философиялық ойлардың танымдық өрісі дамып, жаңара бастады. Бұл әсіресе, Абай Құнанбаевтың және шәкірттерінің кезінде басталды. Әсіресе, Шәкәрімнің туындыларынан толықтай байқауға болады.
Ауыз әдебиетіндегі философиялық ой, дүниетаным Шәкәрімнің еңбектерінде дамып, әлемге белгілі пәлсапашылардың ойлары қазақ дүниетанымымен байланысқаны жазба әдебиет үрдісінде байқалды. Ал, бұл ақынның еңбектеріндегі «жасырынған мағыналар қазынасын» одан әрі зерттеу болашақтың еншісінде.
Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық жолы әрқилы. Ол алдымен – ақын. Кейін шежіреші, тарихшы және көсемші деп айтуға болады. Ең бастысы, өз кезеңіндегі қоғамдық-саяси құбылыстар арқылы өмірдің тылсымына зер салған дүниетанушы адам. Сондай-ақ, ол ғұлама ойшыл адам.
Ол әр туындысын тарихи бағытта қана жазбады. Мәселен, ескінің жаңаға көшуін, бұрынғы кезең және қазіргі кезеңнің саналық, сапалық өзгешеліктерін образ бейнелері, ой-түйіндері арқылы жиі тоқталып бейнелейді.
Шығармалардағы кейіпкерлердің іс-әрекеті де, ойлау жүйелері де, көбіне саналы тіршіліктің икеміне қарай бағытталады. Яғни, автор кейіпкер арқылы сол уақыттағы тыныс-тіршілікті суреттейді. Бұл – сол кездегі заманның шындығы. Автордың осыған ұқсас тағылымы терең туындыларының тәлім-тәрбиелік маңызы зор. Мәселен, шығармаларда сол кезеңдегі ескілік өмірді, білімді азаматтардың қара халықты маса ретінде оятуы, сондай-ақ, халықтың өмірі, ғасырдан ғасырға ұласқан салт-дәстүрі, әдет-ғұрпын байқауға болады. Бұдан авторды жақсылықты дәріптеуші ретінде санауға болады.
Бұдан кейін Шәкәрімнің танымдық көзқарасының кезеңі басталады. Нақты бір халықты толықтай зерттеп, оның өмірлік философиясын тануға, алдымен сол ұлттың тарихын, ауыз әдебиетін зерттеу қажет. Сол себепті, Шәкәрімге де қазақ халқының тарихын толықтай білу үшін оған ұлтымыздың ауыз әдебиеті, аңыз әңгімелері оң әсерін тигізді. Ұлттық ертегілеріміз, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер ғасырдан ғасырға жетіп, халықтың жан жақты дамуына оң әсер етті. Адамгершілік, бауырмалдық, бір-біріне қамқорлық, ғашықтық, сүйіспеншілік, барлығы да қазақ халқының дәстүріне тән құндылықтар.
Шәкәрімді қызықтырған ауыз әдебиеті болды. Ондағы айтылған халықтың мұң-мұқтажы, халықтың тіршілікке деген көзқарасы Шәкәрім дүниетанымын, философиялық ойын жетілдірді, оның өмірге деген көзқарасы халықпен ортақ, бірге болды. Шәкәрімнің қай шығармасын алып қарасаңыз да адамдық қалыптан таймаған, мейірімді пейілден айнымаған көпшілік қауым бар, ол халық екенін, халық санасының қай кезде де қалпы құрымайтындығын, болашақ кездің қиыншылығы ел-жұртты тұрмыстық жағынан да, рухани жағынан және мәдени жағынан да қысуы мүмкін екенін түйіндей барлап, елдің елдігін сақтайтын сара жол халық пейілі екенін болашаққа әдейі ескертетін сықылды.
Шәкәрім шығармаларындағы халық, ұлт образы астарында ең бірінші адам образы тұр. Шәкәрім адамтанушы. «Үш анықта» адамды «Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді» дейді. Сонда адамның бұл өмірдегі орыны, қызметі тәнге емес, мәңгі өмір сүретін жанға арналу керек. Ал, жаны таза адамның, тәні де таза болады. Ойшыл бергіні емес арғыны қозғап, сол арқылы адамның шын мәнінде кім екендігін танытқысы келеді.
Мысалы: Адам бір боқ көтерген боқтың қабы,
Боқтан сасық боласың өлсең – дағы, — дейді.
Бұл шәкәрімнің Абаймен үндестігі, ұстазы Абайдан алғаны. Мұнда айтары тәннің уақытша екенін, бұл өмірдің рахаты үшін адам бар жағдайды жасатыны, тіпті тән рахаты үшін сауап бермес қылықтарды, озбырлықтарды жасайтыны, ал сол тән өлгенде тіптен жиіркенішті болатынын айта келе жан тазалығын ұсынады. «Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен ұжданы соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін ешнәрсе қарайта алмайды». Сондықтан ол позитивті сезім мүшелері, түйсік арқылы жинақталған тәжірибені көбірек жақтайтын ойшылдарды, мысалы Кантты сынайды.
Шәкәрім – Шығыс шайырлары желісін үзбей келген ізгілік ілімінің, Исламның ішкі мазмұнының мәнін бізге жеткезуші ұстаз. Әр сөзі Құран аяттарымен астасып жататын ақын жырларындағы кәміл махаббат үнін есту үшін қадірлі оқырман қауымның дін тарихы мен Ислам даналығынан, пайғамбар хадистері мен Ибрахим Әдһам, Зун Нун Мисри, Баязид Бистами, Омар Һәйям, Фарид ад-Дин Әттар, Джалалләддин Руми, Әмір Хұсрау Деһләуи, Муслихуддин Сағди, Қожа Ахмед Йасауи, Шамсуддин Хафиз, Низами Гәнджәуи, Әлішер Науаи сынды әулие ақындардың сырға толы жырларымен таныстығы болса керек. Әдебиетші соны теңеулерге таңдай қақса, философ бағалы пайымдарына бас шайқады. Ғұлама терең мазмұнына тәнті болса, өнертанушы шексіз қабілетіне қайран қалды. Мінсіз Құдайға ғашық мұндай құлдардың махаббаты да мінсіз, айтқан сөздері де сүйектен өтеді.
Шәкәрім бабамызға тән түйткілдің түп – төркінін тез танытқыш ықшам тіл мұндай ұғымдарды бір – екі шумақпен жеткізеді:
Сол бұлбұл Жарға асық боп,
Нұрлы гүлге айтты зар.
Көбелек те Шамды алам деп,
Отқа түсті боп құмар.
Ақынның ақық сөздерінің бағамын бір – екі ауыз сөзбен түйе салам деу еш мүмкін емес. Қазағының төбеліне таныс, торысына таңсықтау сыр сөздерді ұғыну атар таңға сілтер шаруа еместігін, танудың, зерттеудің тым қажет екендігін зерделесек керек.
1917 жылғы ақпан төңкерісі қазақ халқының ұлттық ана – сезімінің көтерілуіне зор себеп болды. Ауылда айтылып жүрген ұлт қамы, ұлт мұңы іс жүзінде жарыққа шығаратындай көрініп, Шәкәрім жарқын ойлар мен жоспарларға беріледі. Азамат соғысы 1919 жылы 1 желтоқсанда аяқталып, Семей облысында Кеңес үкіметі түпкілікті күшейді. Шәкәрім «Бостандық таңы атты!», — деп адал ниетімен қуанып, рухы көтеріліп шабыттанады. Бірақ көп ұзамай – ақ аудандарда болып жатқан заңсыздықты, шолақ белсенділікті, елдің бұрынғыдан да ауырлай түскен халін көрген ол сенімнен, бұрынғы үмітінен айырылып, дағдарады. Не қыларын білмей ашынған ойшыл бұл қалде қалуға болмайтынын, бір жол, шара іздеу керектігін түсініп қайғыға батады. Айналып келіп, халқын өлеңиен оятпаққа ұмтылады. Ақырында, халқына танымал дананың әр сөзінде үлкен қопарылыс жатқанын тез аңғарған өкімет құрығынан ажал табады.
Кейін, өмірінің соңында бәрінен аулақта сопылық тірлік кешуінің, «әрекетсіз әрекет» позициясын көрсетуінің өзі болмыс құбылыстары мен қоғамдағы оқиғаларға белсенді қатынас сипатында болды. Демінің таусылуына аз жылдар қалғанда Шәкәрім шығармашылығы иррационализм мен мистицизмге бет бұрғанымен, оның философиясы анық логикаға құрылған қазақ философиясы тарихындағы негізді, рационалды философиялық жүйе.
Әдебиеттер тізімі:
Айтбаева А. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларындағы діни және
дүниетанымдық мәселелер Кан.дисс.-Алматы – 1996
Тілеуханова А.Т. Шәкәрім шығармаларындағы шеберлік пен таным бірлігі: ф.ғ.кан.дисс. – Алматы – 1995
Әбдірасымова Г.З. Шәкәрім Құдайбердіұлы философиясындағы адам мәселесі:
ф.ғ.кан.дисс. Алматы. 1998 – 148 бет.
Әбдіғазиұлы Б. Шәкәрім шығармашылығының дәстүрлік және көркемдік негіздері: ф.ғ.кан.дисс. – Алматы, 2001 – 338 бет.
Әмірғазин С.Т. Исламның қазақ халқының рухани дәстүріне ықпалы: ф.ғ.кан.дисс. – Алматы , 1997 – 140 бет.
Жұмағалиев З.Т. Шындық және көркем әдебиет. Қарағанды, 1993 – 216 бет.
Шәкәрім Құдайбердіұлы Иманым. – Алматы: Арыс, 2000 – 321 бет.
Мұсылмандық шарт – Алматы: Қазақстан Мерей, 1992 – 78 бет.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз