400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл. «Шәкәрім өсиеті» тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл. «Шәкәрім өсиеті»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Танымдық сабақ

Тәрбие сағаты

Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл. «Шәкәрім өсиеті»

Күні


Сынып жетекші:


Сынып: 5 А

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

  • Жас ұрпақтың бойына ұлы бабамыз Шәкәрімнің өмір жолы мен шығармаларының тарихи мазмұны мен мағынасы туралы білімдерін жетілдіру. 

  • Оқушыларға Шәкәрім шығармашылығының табиғатын таныту,

  • Шәкәрім тұлғасын толыққанды қарастыруға күш салу.

Ресімдеу

Презентация, бейнеролик, суреттер

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд, суреттер, бейнеролик

Үлестірмелі материалдар

Кластерлер

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


  • Балалар, біз бүгін Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы бойынша оқып білгендерімізді ортаға салып, жинақтап, қорытындылауға тырысамыз.

  • Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан тұлғаларымыздың бірі- Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Шәкәрім-қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген , қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен кемеңгер ақын еді.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.

презентация








Сабақ басы (13 мин)







ІІ. Психологиялық дайындық

«Ой қозғау».

«Шәкәрім кім?» Интерактивті тақтадан Шәкәрім туралы слайд көрсетіледі, әр топ оқушылары Шәкәрім бойынша өз білімдерін ортаға салады.

«Ассоциациялық аймақ» кестесі.

Оқушылар тақтадағы кестеге ақын туралы білетіндерін жазады.








Оқушылар сергіту сәтіне берілген тапсырманы орындайды

презентация

 



Ортасы (20 мин)


 Шәкәрім:

Адам үшін еңбегім,

Өмірден барлық тергенім.

Қалағанын қарап ал,

Мұрам сол ,жастар бергенім.


Рисунок 3


- Шәкәрім Абайдың сазгерлік дәстүрін ары қарай жалғастырушы.Шәкәрім жастайынан домбыра тарту, гармонда ойнау,ән айту сияқты өнер түрлеріне ден қойған. Оның әсем сазға толы «Жастық» , «Шын сырым», «Анамнан алғаш туғанымда», «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» т.б. әндері бар.

«Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй»,

-деп ұлы Абай атамыз жыр еткендей, ендігі кезекті әсем әнге берейік.

( Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әні тыңдалады).

А) Шәкәрім-лирик.

Ә) Шәкәрім-аудармашы

Б) Шәкәрім-эпик

В) Шәкәрім –сазгер

Г) Шәкәрім –жазушы

Д) Шәкәрім-тарихшы,ойшыл

Абай мен Шәкәрім шығармаларын салыстыру. Оқушылар ақындардың өлеңдеріндегі ұқсастыққа тоқталады.

Мысалы:


Шәкәрім:

Адам үшін еңбегім,

Өмірден барлық тергенім.

Қалағанын қарап ал,

Мұрам сол ,жастар бергенім.


Абай:

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды ертегіні термек үшін,

Көкірегі сезімді,тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.


Шәкәрім:

Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек

Бұған ұйқасты өлең сөз керек,

Өзіне орайлы,

Ән-өлшеуіш

Өлең – күміс

Қоспаңыз мыс аралас.


Абай:

Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.


Сөздікпен жұмыс.


  • Мансап - атақ

  • Нәпсі - жаман іс

  • Тұл - ешнәрсесі жоқ

  • Ғибрат - үлгі.


Адамдық борыштарды жазамыз.


  1. адал еңбек ету

  2. білім мен өнер үйрену

  3. келешекке жол көрсету

  4. үлгі болатын іс қалдыр


Өлеңді мәнерлеп оқу


«Адамдық борышың»
Адамдық борышың-
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта оны біл.
Талаптан да білім мен өнер үйрен,
Білімсіз, өнерсіз,
Болады ақын –тұл.
Мақтанға салынба
Мансаптың тағы үшін,
Нәпсіңе билетпе
Басыңның бағы үшін.
Өміріңді сарп қыл


Қазақтың өлеңінің пірі болған,

Халқының сөзін айтар ұлы болған.

Абайдың аманат қып беріп кеткен.

Шәкәрім түсірмеген туын қолдан

(С. Мәуленов)

Бойында табиғи таланты, ақындық дарыны бар Шәкәрімнің өмірдегі ұстазы, мектебі, университеті – Абай болды. Ұстазының «Ғылым таппай мақтанба, пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге, артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» – деген өсиетін бойына сіңіріп, санасына тоқып өскен Шәкәрім ғылым-білім жолында бар өмірін сарп етті.











Оқушылар берілген ақпараттарды оқиды

















Өлең шумақтарын мәнерлеп оқиды













Берілген сұрақтарға жауап береді











Абай мен Шәкәрім шығармашылыған салыстырады


























Дәптерге сөздікпен жұмыс жасайды





Адамдық борыштарын дәптерге жазып алады











Өлеңді мәнерлеп оқиды









Берілген ақпаратты оқиды

Презентация



















Бейнеролик
























Суреттер











Интерактивті тақта






















Интерактивті тақта


























Тапсырмалар




Соңы






Қорытынды

Шәкәрім-қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген ,

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
82 ұстаз жүктеп алған
9 наурыз
1850
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі