
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сәкен - біздің ұлттық мақтанышымыз.
Қармақшы ауданының оқушылар үйі
(Тәрбие сағаты)
Сәкен Сейфуллин 130жыл
1894-1938
Жосалы кенті, 2024 жыл
«Бекітемін»
«_____» _________ 2024 жыл
Қармақшы ауданының оқушылар
үйінің директоры________И.Абдибекова
Қармақшы ауданының оқушылар үйіндегі «Фитодизайн» үйірмесінің ұйымдастыруымен Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына арналған «Сәкен- біздің ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында
өтетін тәрбие сағатының
ЖОСПАРЫ
Мақсаты: Жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмір мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның сыршыл лирикасының табиғатын таныту, оқушылардың сезімталдық пен парасаттылық қасиеттерінің дамуына ықпал ету, ақынның өз заманындағы саяси - қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Өтетін орны: Қармақшы ауданының оқушылар үйі
Өтетін күні: 23 ақпан 2024 жыл, сағат 10:00 де
Шараның жүргізілу барысы
І. Кіріспе
1.Шара өтетін орынды талапқа сай безендіру
2.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Негізгі бөлім.
-
Кіріспе сөз.
-
«С.Сейфуллиннің өмір жолы» туралы бейнеролик.Ақынның өмірбаяны және шығармашылығына шолу.
-
«Қазақты қазақ дейік, тарихи қатені түзейік!» ақынның тарихтағы алатын орны.
-
«Ананың хаты» көрініс.
-
Әдеби монтаж. «Ақсақ киік» ақынның өлеңін мәнерлеп оқу.
-
«Жазылар естеліктер мен туралы» ақын жайлы ой қозғау.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Қорытынды сөз
«Фитодизайн» үйірмесінің жетекшісі: М.Зұлпыхарова
«Сәкен- біздің ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында өтетін тәрбие сағатының
Сценарииі
Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар және
оқушылар!
Қазақстанның қоғамдық тарихында абыройлы орын алатын, революционер - коммунист, қазақтың белгілі жазушысы, ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің туғанына биыл 130 жыл толуына орай «Сәкен- біздің ұлттық мақтанышымыз»
атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Сәкен Сейфуллин 1884 жылы 15 қазанда Жезқазған өңіріндегі бұрынғы Ақадыр ауданына қарасты Қарашілік қыстағында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Сейфолла мен Жамал тұңғыш ұлдарының есімін Сәдуақас деп қойған еді. Кейін еркелетіп Сәкен деп атап кеткен.
«С.Сейфуллиннің өмір жолы» туралы бейнеролик. Келесі кезекте назарымызды экранға аударсақ ақынның өмірбаяны және шығармашылығына жасалған бейнероликті көрейік.
Сөзге шешен, саятшы, аңшы Сейфолла тұңғыштарынан үлкен үміт күтті. Сәкен 7 баланың үлкені болды. Сәкеннің Мәлік, Әбен, Мәжит атты інілері мен Рахима, Сәлима, Қалима деген үш қарындасы бар еді. Алайда, сондай әдемі, сұлулығы көз тартарлық болған үш қарындасына да көз тиіп, 11-13 жастарында қайтыс болып кетеді. Кейіннен інісі Әбен де ерте өмірден өтеді.
Сәкен анасын ерекше жақсы көргендіктен, Жамалды ана демей, «Жәмеке» деп еркелетіп атайтын. Бала кезінен орынсыз жылауды, орынсыз еркелеуді білмеген Сәкен шешесі Жамалдың ертегілерін тыңдаудан жалықпайтын. Ауыл молдасынан сауат ашып, арабша хат танып, қисса-хикаяларды өз бетімен оқи алатын Сәкенді әкесі енді орыс мектебіне беруге бел буады. Балам білімді, көзі ашық болсын деген ниетті әкесі Сейфолла осылайша баласын мектепке береді.
1906 жылы мамыр айы. Нілдінің 2 жылдық орыс-қазақ мектебінің оқушысы Сәкен аңыз-әңгіме айтудың шебері Ыбырай ұстаның дүкеніне күн сайын барып тұратын. Бірде ұстаның көмекшілері Үсен мен Арын кеңсе тілмашы Әмірдің есерсоқтығын әжулап өлең жазбақшы болады.
Бірақ, келістіре алмай, жандарына келген озат оқушы Сәкеннен бір өлең шығарып беруін сұрайды. Сонда Сәкен не істерін білмей ойланып қалады. Ол жыр-дастандарды жаттап жүргені болмаса, өз бетімен өлең шығарып көрмеген. Дегенмен, аяулы ағаларының көңілін қимай, «жарайды» деп басын изейді. Қарындашты қолына алып, қағазға қадала қарап тұрады да, жаза бастайды.
Бала Сәкен оқуды үздік бітіреді. Мектепті үздік аяқтаған ол Ақмолаға үлкен арманмен аттанып, прихотская мектебіне түседі. Одан кейін тағы екі жылдық мектепте оқып, оны 1912 жылы ойдағыдай аяқтайды. Осы кезде оған ұстаз болған өкілі әкесі Шаймерден Ниясов пен оның жолдасы адвокат Рақымжан Дүйсенбай Сәкенді әрі қарай оқыту үшін Омбыға аттандырады.
Сәкен – қазақ кеңес әдебиетінің қарыштап дамуына үлкен үлес қосқан жаңашыл ақын. Өзінің бар өнерін халқының дамуына, туған елінің жарқын болашағына арнап, жаңа заманның дауылпазы болды. Абайдан кейін қазақ поэзиясына жаңалық қосқандардың ішінде оның орны бөлек еді.
«Қазақты қазақ дейік тарихи қатені түзейік» ақынның тарихтағы алатын орнытуралы бейнероликке назар салайық.
Бейнеролик көрсетіледі.
Сәкен Сейфуллин – қазақ әдебиетін жаңа түр, тың мазмұнмен байытқан, қоғамдық ой мен әдеби-мәдени тарихымызда ерекше орын алатын күрескер тұлға.
1925 жылы 15-19 сәуір аралығында Қызылордада өткен ҚССР Қырғыз (Қазақ) Кеңестерінің V съезінде қазақтарға «қазақ» деген тарихи атауын қайтару туралы шешім қабылданды. Содан бастап Қазақ ССР-і боп атала бастады және астана Қызылордаға көшірілді.
Советтік қазақ автономиясында ең алғаш қазақ халқының тарихи атауын ресми түрде қайтарып, оны дұрыс жазу мәселесін көтерген сол кездегі ҚАССР Халкомкеңесінің төрағасы С.Сейфуллин болды. Ол 1923 жылы 15 ақпанда шыққан «Еңбекшіл қазақ» газетінде «Қазақты қазақ дейік, тарихи қатені түзетейік» деген мақала жариялап, онда: «Біздің әр қазақ жігіті –«қазақ» болуы тиіс». Қазақстанның орталық өкіметі «киргиз» деген есімді жойып, «қазақ» деген есімді қолдануға жарлық (декрет) шығару керек. Қазақты «қазақ» дейік, тарихи қатені түзетейік!» деп ұран тастады.
Осыншама үлкен қадыр-қасиет пен атақ-даңқты өмір өткелдерінде аударып-төңкеріп алмай өтуіне Сəкеннің пенделік сипаттары, əсіресе өтірік айта білмеуі, кіршіксіз адалдығы, қандай күйге түссе де өкінбейтін табандылығы, бір сөзбен айтқанда, кімді болса да сүйсіндіретін арлы азаматтығы себепші болды.
«Ананың хаты» көрініс
Күй ойнап тұрады.
Почташы бала келіп
Руслан : Сәкенге: «Аға, сізге хат келді.» - деп хатты беріп кетеді
Абай: Ортаға Сәкен шығады. Қолында анасынан келген хат болады. Хатқакөз жүгіртеді.
Раида: «Ананың хаты» өлеңі оқып тұрады.
Ананың хаты
Байғұс ана хат жазыпты,
Депті «Балам, сағындым».
Ұмыттың ғой бізді тіпті,
Бір келмедің не қылдым?
Жас күніңде көп ойлаушы ем,
Сені әлдилеп, тербетіп.
«Арманым жоқ деп ойлаушы ем,
Қалқам өссе ер жетіп.
Қызық еді ойындарың,
Бәйге тігіп жарысқан.
Ұзын шыбық сойылдарың,
Жаумен ел боп алысқан.
Пәлен жерде сені сырттан,
Ұлық болды деседі.
Ағайының естіп жұрттан,
Гулеп желдей еседі.
Қалжырадым, сағындым мен,
Бір кеп көрін көзіме.
Ұмытқандай неқылдым мен?
Жауап қайыр сөзіме!
Абай: (Сәкен үстел басына отырып, өзі анасына жауап хат жаза бастайды. («Анаға жауап» өлеңінен үзінді оқылады.)
Анаға жауап
Амансың ба, байғұс апа?
Денің сау ма, апа?»
Қайтардың ба болып қапа?
Әжемдей боп Тәп-екең?
Қалжырадым, сағындым деп,
Елге қайт деп жылайсың?!
Ұмытқандай неғылдым деп,
Тез хат сал деп сұрайсың.
Апа-ау, бұл не қайғың тағы?
Неге сонша, қапасың!
Балаң қайда жүрсе дағы,
Неге ұмытсын апасын!
Әлі есімде мені талай,
Аш бауырыңа басқаның.
Ұмытылады, айтшы, қалай,
Талай тамған жастарың.
Қайт деп, апа, жылай берме,
Жүремін ғой, жазып хат.
Жазғұтұрым барам елге,
Партком берсе рұқсат!
«Сәкен, ең алдымен, өтірік дегенді білмейтін адам еді. Оның досы да, дұшпаны да көп болды. Солардың ешқайсысы не бұрын, не қазір Сәкеннің жалған сөйлегенін не көрдік, не естідік демеуге тиіс. Сәкен аса уәдешіл болатын, уәделі ісін бұлжытпай дер кезінде орындайтын. Екі сөзді айтпайтын» деп, өмір бойы қол ұстасып өткен жан досы Сәбит Мұқанов жазған болатын.
Егер ақынға сезім мен сұлулықты, қосып берген жағдайда одан нағыз шедевр дүниелерді күтуге болады. Қазақтың маңдайына біткен Сәкен Сейфуллин дәл сондай сері адам болатын. Қазақ халқы келбетті ер адамдарды көргенде сері деген. Дәл сол сері Сәкен ақынның сұлу жанынан өріліп, талай дүниелер дүниеге келді. Соғыстың да ащы дәмін татып, бала оқытуды да меңгерген ірі ұстаз өмірінің соңғы кезіне дейін құдіретті ақындық өнердің жүректе жатқан шырағын сөндірген емес. Жаңалыққа толы қым - қуыт жиырмасыншы ғасыр өмір майданына, өмір жағалауына таңдаулыларды өзі шығарып тастап отырды. Сәкен Сейфуллин өз шығармашылығында шындықты жеткізіп, қазақ халқының өз құқықтары үшін күресі сипатталған, сондықтан ақын Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Ақын туралы қанша айтса да жарасады. Дәл осы уақытта біздің арамызда жүрмесе де, шығармалары мен өлеңдері бізбен бірге.
Қазақтың біртуар ұлының қолынан «Өткен күндер», «Бақыт жолында», «Асау тұлпар», «Домбыра», «Экспресс», «Тұрмыс толқындары», «Көкшетау», «Альбатрос», «Қызыл ат», «Социалистан», «Жер қазғандар», «Қызыл сұңқарлар», «Ақсақ киік», «Ананың хаты», «Бурабай», «Біз», «Біздің жақта», «Қырда», «Тергеген болсаң айтайын», «Орман» атты үздік туындылар туды.Соның бірі мектеп қабырғасында жаттап өскен «Ақсақ киік» өлеңі.
Әдеби монтаж.Ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу.
Ақынның табиғатқа, жан-жануарларға, тіршілік атаулыға аса жанашырлықпен, қамқорлықпен қарайтынын ақынның көптеген шығармаларынаан көруге болады.Соның бірі-бала кезден мектеп қабырғасында жаттап өскен, табиғаттың еркесі киік туралы өлеңін айтып өсттік.
«Ақсақ киік» ақынның өлеңін мәнерлеп оқу
Ақсақ киік
Арқаның Бетпақ деген даласы
бар,
Бетпақ - шөл, ойлы-қырлы панасы
бар.
Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ
өсіп-өнген
Жәндіктің киік деген баласы
бар.
Бетпақта қысы-жазы ел
болмайды,
Ел-жайлау, өзен яки көл
болмайды.
Бұтасы қу баялыш, қара
жусан,
Көгала бетегелі бел
болмайды.
Бетпақтың көлденеңі сегіз
көштік,
Сайланып қыс ішінде талай
көштік.
Азамат, ат пен
айғыр, атан ғана
Шыдар деп қоста
отырып, талай дестік.
Бетпақта
елсіз-көлсіз өсіп-өнген,
Жалғыз-ақ
құлан, киік шөлге көнген.
Қазақтың
малдарындай қыбырласып,
Әр ойдан
топ-топ болып жусап өрген.
Жалғыз-ақ ел
жылында көшіп өтер,
Асығып қар
суымен "несіп етер".
Қаптасып,
көшкен елмен дамыл алмай,
Мергендер аң
ауласып кәсіп етер.
Мергендер дамыл
алмай киікті атқан,
Ауылды қан
сасытып топырлатқан.
Киікті ойлай ма
екен таусылар деп,
Азайып
бірте-бірте келе жатқан!..
Бетпақтың
көкпек, жусан, шөбі сұйық,
Сол шөпті қорек
қылған байғұс киік.
Таңы - аппақ,
екі көзі мөлдір қара,
Тигендей емес
адам көзі қиып.
Киікті қазақ
және дейді бөкен,
Бетпақты бұл
бейшара қылған мекен.
Бөкенді атып
мерген өлтіргенде,
Жазасыз жан
өлді деп ойлай ма екен?
Бөкеннен сұлу
аңды мен көрмедім,
Өзге аңға
жануарды тең көрмедім.
Көздері
мөлдіреген ақбөкенді
Адамның
баласынан кем көрмедім.
Қап-қара екі
көзі мөлдіреген,
Әдемі екі танау
желбіреген.
Елеңдеп жас
балаша жалтаңдайды,
Жел түрткен
жусаннан да селдіреген.
Азайды соңғы
кезде байғұс бөкен,
Мың-мыңнан
баяғыда өреді екен.
Бұл күнде келе
жатқан жолаушыға,
Кез келеді
анда-санда саяқ-некен.
Кей қазақ әдет
қылған киік атып,
Мүйізін пайда
қылып, шетке сатып.
Сандалған бір
киікке ұшырастым,
Бір жылы Бетпақ
шөлде келе жатып.
Бетпақта келе
жатты ақсақ киік,
Сандалып
қаңғырақтап басын иіп.
Пана іздеп
шыбын жанға сүйретіліп,
Мергеннің
кеудесіне оғы тиіп.
Тамады қара
жерге аққан қаны,
Қиналып
ентігеді шыбын жаны.
Боялып ақ
денесі қызыл қанға,
Келеді әлі
кетіп жығылғалы.
Қиырсыз, Бетпақ
дала... қураған шөл...
Жалғыз-ақ
сырғандайды қоңылтақ жел.
Меңіреу... тірі
жан жоқ... жып-жылмағай.
Ел қайда? Ел
алыста - шулаған ел!
Сандалып келе
жатты ақсақ киік,
Бір тоқтап,
анда-санда әлін жиып...
Ақбөкен
сахаранын бота көзі,
Атты екен
қандай мерген көзі қиып?
Келеді
қаңғылақтап жалғыз өзі,
Тілі жоқ, құр
жүректе айтар сөзі.
Шағады шыбын
жанның қиналғанын
Жалғыз-ақ
мөлдіреген екі көзі.
Жапанда еш сая
жоқ шыбын жанға,
Моншақтап жерге
тамған қызыл қанға.
Жапанда басын
сүйер тірі жан жоқ,
Әл кетіп сорлы
киік жығылғанда!..
Бота көз
сахарада қына терген,
Кім екен жапан
түзде сені көрген?
Аяныш сезімі
жоқ бір қазақ-ау,
Дәл көздеп
жүрегіңе атқан
мерген!
«Жазылар естеліктер мен туралы» ақын жайлы ой қозғау.
1936 жылы 24 қыркүйекте Сәкен Сейфуллин тұтқындалады.Алайда Қазақстан тарихында 1937-1938 жылдар репрессия құрбандарымен есте қалды. Қазақ зиялылары “халық жауы” деп айыпталып, Сәкенді НКВД-ның қабырғасы алдында атып тастайды. «Халық жауы» деп аталған зиялы қауым өкілдерінің әйелдері де қамалып, бірнеше жылын лагерьлерде өткізген. Босап шыққан соң да, олар жарының атын ақтау үшін күрескен. Сәкен Сейфуллин – қазақтың бір туар ұлы, қазақ әдебиетінің негізін салушыларының бірі. Өлмес әдеби,мәдени мұра қалдырған ақын, қазақтың ірі қоғам қайраткері, революционер, жазушы, сазгер, әнші, әрі өте сымбатты, сән салтанатын сақтаған сері Сәкен, сұлу Сәкен. Сырбай ақынның Сәкенге арнаған төрт таған жыры бар:
Өлімге жан екенсің қия алмайтын,
Өлеңнің құшағына сия алмайтын,
Жігіті қазағымның осындай – деп,
Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын- деп Сәкеннің қайталанбайтын тұлға екендігін, бір туар азамат екендігін, өлімге қимайтын асыл екендігін өз жырларына қосқан.
Осындай орыстың қыспағына кең байтақ өз жерінде тұруды аңсап, елінің тыныштықта тұруды, бейбітшілік заманды аңсап кеткен, өзінің келешек ұрпақтарының бақытты заманда ғұмыр кешуі үшін өз жанын құрбан еткен елін, жерін қорғауды ұрпағына аманат еткен қаншама зиялылар бар. Біз сол аманатқа қиянат жасамауымыз керек.
Бүгінгі тәрбие сағатымыз осымен аяқталда.
Келіп қатысқандарыңызға көп-көп рахмет! Қош сау болыңыздар.
Қармақшы ауданының оқушылар үйіндегі «Фитодизайн» үйірмесінің ұйымдастыруымен Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына арналған
«Сәкен- біздің ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында өткен тәрбие сағатының
Анықтамасы
23 ақпан 2024 жылы Қармақшы ауданының оқушылар үйіндегі «Фитодизайн» үйірмесінің ұйымдастыруымен Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына арналған «Сәкен- біздің ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында өткен тәрбие сағаты болып өтті. Мақсаты: Жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмір мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның сыршыл лирикасының табиғатын таныту, оқушылардың сезімталдық пен парасаттылық қасиеттерінің дамуына ықпал ету, ақынның өз заманындағы саяси - қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.Әдеби шараға 12 оқушы қатысты.Шара барысында оқушыларға «С.Сейфуллиннің өмір жолы» туралы бейнеролик көрсетіліп, ақынның өмірбаяны мен шығармашылығына шолу жасадық. «Қазақты қазақ дейік, тарихи қатені түзейік!» ақынның тарихтағы алатын орны, елі үшін, жері үшін өз жанына қатер төнсе де болашақ ұрпақтары үшін алып қадамдарға барғаны туралы мәліметтер берілді. Ақынның анасына деген сағынышы туралы өлең жолдарын еске түсіре отырып, оқушылардың дайындаған «Ананың хаты» көрінісін тамашаладық.Үйірме мүшелерінің дайныдаған әдеби монтажы тамашаланып, ақынның «Ақсақ киік» өлеңін Мұхаммедқали Раида мәнерлеп оқыды. «Жазылар естеліктер мен туралы» қорытынды кезеңде оқушылар ақын жайлы ой қозғап, таратпаларда берілген сұрақтарға өздерінің жауаптарын жазып, оқып берді. Шара соңында оқушылардан құралған трио «Қазақ елі» әнін шырқалды. Шараға оқушылар үйінің әдіскері Әділов Алтынбек, оқушылар үйінің психологы Жұмағазықызы Фариза, «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі Өскелеңов Самат қатысып, ұсыныс- пікірлерін айтып, талдау барысында «өте жақсы» деп бағалады.
Анықтама беруші: М.Зұлпыхарова

