Қайырлы күн, құрметті көрермендер, сайысқа қатысушы әріптестер!
Бұрынғының адамдары түнде жүрсе, адаспас үшін Темірқазықты бетке алады екен. Себебі ол өзге жұлдыздар секілді қозғалмайды, таң атқанша тапжылмай бір орында тұрады. Сол секілді әр адамның өмірде адастырмайтын «Темірқазығы» болуы тиіс деп ойлаймын. Сонда бұлтарысы мен бұралаңы көп өмір жолында қиыс кетпейсің. Менің «Темірқазығым» - «Отбасы хрестоматиясы» жобасымен шығатын кітаптар болып отыр.
Сол кітаптардың бірін бүгінгі жарыстың айлық кезеңінде қорғаймын, яғни қорғайтын кітабым - Санжар Керімбай, Мұхит Төлеген, Сәкен Нұрқабекұлы, Әділбек Нәбидің авторлық командасымен жазылған «Махаббаттың мәні» кітабы.
«Махаббаттың мәні» кітабының атауын қарап, дүкен сөрелерінде толып тұрған махаббатқа қатысты жеңіл-желпі кітаптардың бірі шығар деп топшыласаңыз бек қателесесіз, бұл кітап көз бен құлақ үйренген «Қызды ғашық етудің 10 әдісі», «Күйеуіңді ұстап қалудың 20 тәсілі» секілді емес. Бұлар махаббатты тек бетінен ғана сылап-сипап қана қойса, бұл кітапта махаббатты тереңінен қозғап, махаббаттан тарайтын тармақтарды саралайды.
Кітап экзистенция әдісімен талданған. Экзистенция дегеніміз адам болмысынан, яғни рухынан шығып, адами қасиет болып көрінетін феномендерді айтады.
Махаббат қалай пайда болды? Қалай түрленді?
«Кеңес одағы қазақтарға қандай зардап тигізді?» дегенде, ең алдымен, қазақ қоғамынан қазақ тілін, дәстүрлі дінді тамырымен жұлып алуды көздеді, аштық пен соғыс - өз алдына бөлек тақырып. Алайда «Махаббаттың мәнінде» Кеңестер Одағының жүргізген саясатының ұлттық мүддеден бөлек, рухани мүддеге де қол сұққаны айтылады, махаббатқа қиянат жасады. Соның салдары бүгінгі қоғамның өзекті проблемасына айналған – сәбиінен бас тарту, онымен қоймай, өмірін қатерге тігіп, қоқысқа, дәретханаға тастауы, неке деген асыл түсінікті тас-талқан етті. Оған дәлел ретінде нақты тарихи факторларды келтіреді. Онда аборт жасауға, некесіз бала тууға, азаматтық некеде тұруға, еркін жыныстық қатынасқа түсуге үгіттейді.
Қазіргі қоғамдағы азғындықтың тұқымын Кеңестер Одағы сол кезде-ақ егіп кеткен екен. Қазір ол тамырын тереңге жайып бара жатқаны жасырын емес. Тәуелсіздік алар тұста түсік жасату мен ажырасу өте көп болған. Зорлық, психикалық ауру, ауытқу, ұл мен қыздың болмыс ауысуы сынды біраз сұмдықты жасаушылар – сол кезеңде дүниеге келгендер.
Шынайы махаббат дегеніміз не? Осы сұрақты өзіңізге қойып көрдіңіз бе? «Махаббаттың мәнінде» шынайы махаббат адамның түр, сипатына, тәтті қылығына қызығу немесе физиологиялық түрде қалау емес екенін, шынайы махаббат адамның болмысын сүю екенін айтады. Оған мынадай өмірлік мысал келтіреді.
Қыз бен жігіт әлеуметтік желі арқылы танысып, бір-бірін сүйіп қалады. Қыз жігіттен мүгедек екенін жасырып, кездесуден бас тартып жүреді. Жігіт қыз жүре алмайтынын білсе де, онымен отбасын құрып, өмірдің ащысы мен тұщысын бірге көруге бел буады. Қыздың да, жігіттің де туыстарының тарапынан қарсылыққа қарамастан екеуі отбасын құрады, балалы болып, тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр екен. Мұндай мысалдар кітапта жетіп артылады. Бұдан шығатын қорытынды - адам орнын баса алмайтын, алмастыруға келмейтін адамды кездестіргенде онымен мәңгілікке бірге болуға серттеседі.
Кітапта отбасын құру, жар таңдауда бұрынғы және қазіргі негізгі критерийлерге тоқталып өткен.
Отбасында береке мен бірлікті, құтты сақтап қалу үшін ер адам отбасына мән алып керу керек дейді. Ежелгі заманда ер азаматтар аңшылыққа шықты. Әйел үңгірде де оның амандығын тілеп отырды. Ер адам болмаса, әйел нанын таба алмай өлетін жағдайда болды. Қазір заман да, жағдай да өзгерді. Әйел өз күнін өзі көре алатын жағдайға жетті. Материалдық тұрғысынан ер адамға тәуелді емес сияқты. Олай болса, ер адам отбасына қаржы мен материалдық құндылықтан бөлек мән алып келу керек дейді. Мән дегеніңіз үнемі дамып, өсіп, өніп отыру қажет. Сонда әйел мен ер адамның арасындағы махаббат оты сөнбейді.
Бұл ретте де Кеңестер Одағының салқыны тимей қоймады. Қазақ қоғамында әйел адам ер адамнан төмен тұрды. Коммунистер әйел мен еркекті теңеді. Уақыт өте келе әйелдер ер адамдардан бірнеше сатыға көтерілді. Осыдан «ең алдымен қызға білім беру керек, ер бала өзі күнін өзі көреді» деген секілді түсінік пайда болды. Нәтижесінде ер адамдардың ынжықтығы, білімсіздігі, мақсатсыздығы келіп шықты.
Шеге тағаны көтереді,
Таға тұлпарды көтереді,
Тұлпар ер-тұрманды көтереді,
Ер-тұрман ер азаматты көтереді,
Ер азамат елдің абыройын көтереді, - деп қазақ даласы жауапкершілікті ұлға жүктеді. Ер-азаматтың жауапкершілігін ұлықтау үшін еңбек етуді, табыс табудың қыр-сырын алдымен ұлға үйреткен қағида Кеңестер Одағында бәсеңдеді. Осылардың ықпалынан қазақ отбасындағы жауапкершілік әйелге ығысты. Бұның салдары кітапта ой саларлықтай етіп берілген.
Бір ғана біздің мектепті алатын болсақ, 38 пайыз оқушы жартылай отбасында тәрбиеленуде, яғни тек анасының тәрбиесінде, ал әкелер бөлек тұрады, оның 5 пайызы ғана балаларымен араласады. Бұл өз кезегінде 20 жылдан соң өз жемісін басқаша беруі мүмкін.
Ақылды әйел қаһарман азаматты туу үшін жаралса, ер-азамат әлемді өзгерту үшін жаралған.
Әрине, бұл кітап «былай істесең өмірің былай болады», «бақытты өмір сүрудің формуласын түсіндіремін», «үйлене алмай жүргендер теңін тауып, күйеуінен зәбір көріп жүргендерге шешім тауып беремін» дегендей жалған міндет арқаламайды. Кітапты алғашқылардың бірі болып оқыған бір кісі «бұл кітап менің махаббат тақырыбындағы оқыған шығармаларымның ішіндегі ең тәуірі болды. Әр мәселені жіліктеп беріпсіңдер. Бірақ сонда да бірдеңе жетіспей тұр, не екенін өзім де айта алмаймын»,- деп пікір айтқан екен. Сол айтқандай, кітаптың соңында біраз сұраққа жауап табасыз, тіпті көкейіңіздегі сұрақтар одан ары көбейіп те кетуі мүмкін. Әрине, кітап адамды ойлануға жетелей алмаса оның мақсатының орындалмағаны. Ал бұл кітап сізді ойландыратынына сенімім мол.
Махаббат – өмірдің мәні емес, ол бар болғаны өмірдің мәнін табуға септесетін құрал. Махаббаттың биік сатысы – Тәңірге деген ғашықтық. Мұны махаббаттың онтологиясы десек те болады. Бұл деңгейді бағындырған адам махаббатың шұғыласын әлемге шашады. Олар адал жарына ғашық. Ата-анасын шын сүйеді. Ұрпағын махаббатпен өсіреді. Ауыл-аймағын, ел-жұртын, ағайын-туысын, дос-жаранын риясыз жақсы көреді. Тіпті өзіне тас атқан дұшпандарын да қарғамайды. Ал бұл қасиеттер заманның қай кезеңінде болса да өзектілігін жоймаған.
Егер әр қазақ азаматы, әр отбасы, әсіресе жастар, «Махаббаттың мәні» кітабын оқитын болса, өмірінің мәніне терең үңіліп, қазақи дәстүрді сақтап, болмысын кіші Отан - отбасының іргесін берік құратыны сөзсіз.
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
1
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сәкен Нұрқабекұлы. "Махабаттың мәні" кітабының таныстырылымы

шағым қалдыра аласыз