Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік»

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Отанын,халқын сүюге, табиғатты қызықтап оны қорғауға әрі әдемілікті,әсемдікті сезіне білуге үйрете отырып,олардың эстетикалық талғамын арттыру.

 Білімділігі: Оқушылардың  білім деңгейлеріне қарай тапсырмалар бере отырып, оларды шығармашылық ізденіске баулу,оқу техникасын (дауыстап,іштей түсініп,шапшаң әрі мәнерлеп оқу) жетілдіру.

Дамытушылығы:  Оқушылардың сөздік қорларын молайтып, ауыз екі сөйлеуі дағдылары  мен жазба тілдерін дамыту.

Тәрбиелілігі:Оқушыларды жақсы-жаман қасиеттерді ажырата білуге,үлкендердің ақылын тыңдауға үйрету.Туған жерін,табиғатты сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.Экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Оқытудың нәтижелері:

1.     Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптастыру.

2.     Берілген тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсіндіру.

3.     Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы орындай алдырту.

4.     Оқушы өз ойын еркін,сыни тұрғыдан ойлай отырып жеткізе және талдай алады.

Қамтылатын модульдер:

1-модуль Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсіл(сергіту, сәті, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, сатылай талдау)    2-модуль Сыни тұрғыдан  ойлауға үйрету (Ассоциация, INSERT түртіп алу, Фишбоун, РАФТ.3-модуль Бағалау (формативті), 4-модуль-АКТ пайдалану (бейнежазба).5-модуль. Талантты және дарынды оқушыларды оқыту. 6-модуль-көшбасшылық(топты басқару   және барлық сабақтарда белсенділікпен қатысып отыру)

Қадамдар:

              1.Үй тапсырмасын тексеру

              2. Интерактивті тақтамен жұмыс

              3. Топпен жұмыс,жұппен жұмыс, жеке жұмыс

              4. Кері байланыс

              5. Бағалау

Сабақ барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

             1.Ұйымдастыру

                Шаттық шеңбері: (2мин)

  2.  Мұғалім балалармен бірге шеңбер құрып тұрады,сәлемдеседі. Психологиялық ахуал. «Менің Отаным - Қазақстан» тренингі

3.Оқушының зейінін сабаққа аудару.

II.Үй тапсырмысын тексеру. (8 мин)

 Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда» өлеңі

III.Жаңа сабақ.Интерактивті тақтамен жұмыс. (5мин)

 «Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин.  

Өлімге жан екенсің қия алмайтын,
Өлеңнің құшағына сыя алмайтын.
«Қазақты көргің келсе, міне, осы деп» деп,
Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын.
Сырбай Мәуленов

1.Сәкен Сейфуллин(1894-1938)Қазіргі Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында,Нілді станциясында туған.  Қазақтың аса көрнекті ақыны,жазушысы,белгілі қоғам қайраткері,ағартушы,зерттеуші,компазитор.Халқына қалтқысыз қызмет еткен.Сәкеннің шығармашылық еңбектері: «Тар жол тайғақ кешу»романы,бірнеше өлеңдердің әнін жазған( «Сарыарқа Көкшетау,Тау ішінде,Ақсақ киік)»

(кітаптарын слайдтан көрсетіп болғасын видеоролик.

Видео көрсетіп болғасын ақбөкен туралы мағлұмат)

1 тапсырма. Ой қозғау. (Видеоролик) (3мин)

СТО,әдісі INSERТ  Мәтінмен жұмыс. «Ақсақ киік»

2 тапсырма  сөздік жұмысын жүргізу.

Картадан (Арқа, Бетпақдала дегеннің ұғымын беру үшін) Қазақстанның жер көлемін таныстыру.Оның қай тұстарын бетпақдала алып жататыны көрсетіледі. «Бетпақ» деген сөздің мағынасын беруде Қ-ның ең әдемі жерін Бетпақдаламен салыстырып түсіндіру. Қазіргі сақталған киіктердің үш тобы бар. Олардың ең ірісі және сан жағынан басымы – Бетпақдала-Арыс тобы. Бұл ақбөкендердің мекені – Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл облыстарының елсіз жазықтары. Жаппай төлдеуі мамырдың 1-жартысында өтеді. Бұл кезде күн салқындап, жауын-шашын көп болады да, оны қазақ халқы «Құралайдың салқыны»деп атайды.

-Біздің халықта киік туралы қандай ұғым бар?

-Ол- киелі жануар.

- Киіктің лағын қалай атаймыз?

- Құралай

Слайдттан киік суретін көрсету арқылы қосымша дерек беру.

  -Ақбөкен,киік-жұп тұяқты тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты дала жануары. Текесінің мүйізі қайқылау келеді,ешкісінде мүйіз болмайды.Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады,қыста түсі ақшылданады.Көбіне егізден,кейде 3 лақтан туады.Жейтін қорегі тек қана шөп, таза су ішеді. «Ақбөкендердің жаппай қырылуына пастереллез ауруы (қоздырушысы – Pasteгella multocida) себеп болған.

4-тапсырма. Топпен жұмыс. (8мин)

Өлеңді мәнерлеп оқытып шығып топқа тапсырма беру, постермен  қорғау.       

1-топ    «Фишбоун» әдісі

2-топ   Сатылай талдау.

3-топ   «РАФТ» әдісі  – оқушы, аудитория – сынып, форма – ой толғау, тақырып – Киіктің зары.

Бекіту сұрақтары.

1.Бетпақ даланы неге шөл деп атайды?

2.Киік қандай жерді мекендейді?

3.Киікті басқаша қалай атайды?

4.Киік мүйізінен не жасалады?

5.Өлең сендерге несімен әсерлі болды?    

-Оқушы: Өлеңдегі ақынның табиғатты суреттеуі, жанашарлығы ұнады.Басқа шығармаларға қарағанда бізге әсер еткені-адамдардың табиғатты қорғамауы, мергендердің жазықсыз аңды атуы.Себебі: Қазіргі таңда саны жағынан азайып бара жатқан түз жануары.

6.Өлең қалай аяқталады деп болжам жасайсыңдар?

Оқушы: Ақын киіктің өлгені не өлмегені туралы бізге нақты мәлімет айтпаған.Сондықтан қансырап өлуі мүмкін немесе жолаушыға кез болып мейірімді жандардың қолында жарақатынан жазылуы мүмкін,ит-құсқа жем болуы мүмкін немесе жолшыбай адамға кез болып, оны адам қазақша бауыздап етін азық етуі мүмкін.

Кері байланыс. (1мин)

Бағалау. ( 1мин)1.Жалпы топқа баға беру, мадақтау. 

                 2.Әр оқушыға баға қою.

Үй тапсырмасын беру. Үзінді жаттау.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
984
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі