Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сәкен Сейфуллин "Сыр сандық"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ:

Мектеп:№2ЖОББМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Елеуова А.А.

Сынып: 11

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:



Сабақтың тақырыбы


«Ұлттық тарихи жәдігер – ұлт құндылығы»

Оқу мақсаттары 

11Ж4 Эссе жазу. Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу.

11ӘТН Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану.


Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады:

Мәтінді оқиды, түсінеді, талдайды, омоним, синонимдерді табады, өз көзқарасын білдіреді

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Эссе жанрының құрылымын сақтай отырып, нақты дәлелдер келтіреді, жүйелі, сыни пікірмен түйіндейді

Кейбір оқушылар орындай алады:

Көркем тілдік қолданыстарды шебер үйлестіріп, аргументті эссе немесе жоба жасай алады

Бағалау критерийі


1. Эссе жазудың талаптарын, құрылымын сақтайды

2. Көркемдегіш құралдар арқылы жеке көзқарасын сараптама, дәлелдемелерге негіздейді

3. Оқушылар сыни ойлау арқылы өзіндік пікірін жүйелеп жазады және тақырыпты ауқымды зерттейді


Құндылықтарға баулу

  • азаматтық жауапкершілік пен патриоттық: ұлттық киім үлгілерін насихаттау

  • ынтымақтастық: бір-бірін қолдау, өзгенің пікірін сыйлау

  • жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға деген құрмет;

  • өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық;

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, технология, әдебиет

АКТ –ны қолдану дағдылары

Эссеге қойылатын талаптар жайлы слайд көрсетіледі

Алдыңғы білім

Тірек сөздер арқылы мәтін құрастырып, ауызекі сөйлеу стиліндегі мәтіндердің тілдік құралдарын салыстырады


Сабақтың

басы

3 минут


Қызығушылықты ояту

ЖЖ. «Қос шеңбер» әдісі. Оқушылар «Мектеп формасына қандай өзгеріс енгізуге болады?» деген тақырыпта әңгімелеседі

ҚБ. «Бас бармақ»


Сабақтың ортасы



40 минут







  • Мағынаны тану. ТЖ.

  • Жазылым алдындағы жұмыс

  • тапсырма(10 мин)

Ұлттық ою-өрнектер

Әдемілік пен әсемдікке құштарлық адамзатқа тән. Көркем бұйымдар көңіл-күйді көтеріп, жанды сергітеді. Ежелгі адамдар жын-шайтаннан қорғану үшін және өзін-өзі сәндеу үшін ұлттық нақышта киімдерін әшекейлеп, үйлеріне тұмар іліп қойған. Осының нәтижесінде ою-өрнек (орнамент) пайда болған. Ол латынның «ornamentum» сөзінен аударғанда «әшекей, өрнек, бедер» деген мағынаны білдіреді.

Қазақтар табиғаттың әдемілігіне сүйсіне отырып, өз айналасының сұлулығына мән берген. Ежелгі шебер қазақтар үшін шабыт көзі табиғат және оның өсімдіктер мен жануарлар әлемі болды. Шеберлер ыдыс-аяқты, киім-кешекті, қару-жарақты, киіз үй жабдықтарын тамаша әшекейлеген.

Қазақ халқының ою-өрнегінің алғашқы негізі –«мүйіз» оюы. Халық шеберлері тек мүйіз ғана емес, сонымен қатар, жануарлардың өзге де дене мүшелерін бейнелеуді кеңінен қолданған. Бұл жерде «түйе мойын», «құс қанаты», «қаз мойын» бейнелерін атауға болады.

«Топтық тергеу» әдісі бойынша талдайды.

1-топ. Баяндаушы топ мәтіннің тақырыбы мен идеясын ашады.

2-топ. Бейнелеуші топ қазақтың ою-өрнектерінің суретін салады,киім үлгілерін оюлармен безендіреді.

Критерийлер:

1. Ою-өрнектердің әдемі, тартымды, бояуы қанық болуы;

2. Заманауи киім үлгілеріне ұлттық нақышты үйлесімді қондыруы;

3-топ. Сілтеме табушы топ тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер, қанатты сөздер ойластырады.

4-топДәнекерлеуші топ бүгінгі өмірмен байланыстырады.

Критерийлер:

1. Күнделікті өмірімізден дәлелді мысалдар келтіре алады;

2. Қазақ халқының ұлттық қолөнер бұйымдарының күнделікті тіршілікке ену маңыздылығын тұжырымдайды

5-топ. Сұрақ құрастырушы топ ой тастайтын сұрақтар құрастырады.

Бағалау критерийлері:

1. Құрастыратын сұрақтар мәтіннен алынған ақпаратқа сәйкес болады

2. Оқушыларға ой тастап, ұлттық ою-өрнектердің мәнін, маңызын түсінуге жетелейді

6-топ. Зерттеуші топ мәтіннен синоним, омоним, антоним,көп мағыналы сөздерді табады, талдап түсіндіреді.

Бағалау критерийлері :

1.Мәтіндегі омоним, антоним,синонимдерді табады,мағыналарын ашып көрсетеді;

2.Синонимдік қатар жасайды;

3.Сөз тіркестерін жасап, тиімді қолдана алады.

ҚБ. Өзара бағалау

Ж.

Жазылым тапсырмасы. Эссе.(25 минут)


Жазылымды орындауға нұсқаулық:

1. Тақырыптан ауытқымаңыз.

2. Эссе құрылымын сақтаңыз.

3. Көркемдегіш құралдар мен тиісті қыстырма сөздерді орынды қолданыңыз.


Слайд көрсетіледі. (2 минут)

Эссе жұмысы үш бөлімнен тұрады:

  • Кіріспе бөлім

  • Негізгі бөлім

  • Қорытынды бөлім

Негізгі бөлім – бір немесе бірнеше абзацтан тұрады. Әр абзацта бөлімдерге бөлінген тақырыпшалар дамытылады, ойлар талқыланып ашылады. Олардың саны бөлінген тақырыпшаларға байланысты.

  • А. Тақырыптық сөйлем

  • Қолдаушы сөйлем

  • Қолдаушы сөйлем

  • Қолдаушы сөйлем

  • Қорытынды сөйлем

  • В. Тақырыптық сөйлем

  • Қолдаушы сөйлем

  • Қолдаушы сөйлем

  • Қолдаушы сөйлем

  • Қорытынды сөйлем

  • С. Тақырыптық сөйлем

  • Қолдаушы сөйлем

  • Қолдаушы сөйлем

  • Қолдаушы сөйлем

  • Қорытынды сөйлем


Эссені бағалау критерийлері:

1. Эссе жазудың талаптарын, құрылымын сақтайды

2. Көркемдегіш құралдар арқылы жеке көзқарасын сараптама, дәлелдемелерге негіздейді

3. Оқушылар сыни ойлау арқылы өзіндік пікірін жүйелеп жазады және тақырыпты ауқымды зерттейді.

Кері байланыс

«Галереяда ой шарлау» әдісі бойынша оқушылар бір-бірінің эсселерін оқып, өз пікірлерін стикерге жазып қалдырады.


Энциклопедия




































Сабақтың

соңы2 мин




Рефлексия. «Бес саусақ» әдісі арқылы бағалау


Кері байланыс. «3-2-1» стратегиясы






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.06.2021
448
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12