400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сәкен Сейфуллиннин туғанына 130 жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Сәкен Сейфуллиннин туғанына 130 жыл
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп


Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Сәкен Сейфуллиннин туғанына 130 жыл

Сабақтың мақсаты:

Үш бәйтеректің бірі Сәкен Сейфуллин  жайлы мәлімет бере отырып,  өмірі мен еңбектерімен таныстыру.

Оқушыларды өз бетінше ізденіп ,оқып-үйренуіне дағдыландыру, сөздік қорын молайту. Тәрбиелік : туған жеріне деген сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу, қазақ елінің тарихын, мәдениетін құрметтеуге баулу


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар


Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Психологиялық тренинг жүргізеді

Мақсаты: Оқушылардың қиындық туындаған жағдайда кімге сенім артып, көмек сұрайтынын анықтау.

слайд


Жаңа сабаққа кіріспе


«Миға шабуыл» әдісі

  1. Сәкен Сейфуллин қандай ақын?

  2. Поэманың құндылығы неде?

Армысыздар, құрметті қонақтар! XX ғасырдағы қазақ поэзиясын жаңа түр, тың мазмұнмен байытқан ақиық ақын, ірі мемлекет қайраткері, сарабдал жазушы, драматург, әдебиет зерттеушісі, республика қаламгерлерінің бетке ұстар беделді серкесі, осыларға сал - серілігі мен сирек ұшырасатын сымбаттылығы қосылып, көзінің тірісінде - ақ аңызға айналған Сәкен Сейфуллин «Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы» деп аталатын әдеби кешімізге қош келдіңіздер!

Диас:

- Атыңнан айналайын қайран Сәкен, Ұмытпан демім бар да тұлғаңды әсем. Ту ұстап, тұлпар мініп, қол бастаған, «Тар жолда, тайғақ кешіп» болдың көсем.

Маржан:

- Қуанды елің, өшкенімді жандырдың, Ерлігіңмен ел мейірін қандырдың. Ту түбінен таймай барып ту алып, Ер атыңды мәңгі өшпестей қалдырдың.




Сабақтың ортасы

26 мин.

Сәкен - біздің ұлттық мақтанышымыз, ел үшін еңіреген ер, қайтпас қайсар күрескер Сәкен - өлеңнен өрнек өрген ақын, қара сөздің сиқырын игерген прозашы. Сәкен - тыңдаған жанның жүрегін тербемей қоймайтын сырлы да сазды ән шығарған талантты композитор.

Нұрсұлтан Назарбаев

Қызметі:

Топтастыру.

Ақын :

1. «Өткен күндер» (1914), «Асау тұлпар» (1922), «Домбыра» (1924), «Экспресс» (1926)

2. Поэмалары: «Аққудың айырылуы» (1925), «Советстан»(1925) , «Көкшетау» (1929), «Альбатрос»(1933), «Қызыл ат» (1933-34)

Жазушы:

  1. Повестері: «Айша» (1922), «Жер қазғандар» (1928), «Жемістер» (1935) «Тар жол, тайғақ кешу» мемуарлық романы (1927)

  2. Драматург: «Бақыт жолына» (1917), «Қызыл сұңқарлар» (1920)

Педагог: Әдебиет тарихын зерттеуші ғалым: «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары»,

«Батырлар», «Қазақ әдебиеті»

Публицист:

  1. Композитор: «Біздің жақта», «Сарыарқа», «Көкшетау», «Ақсақ киік», «Тау ішінде», «Жас қазақ марсельезасы», «Жолдастар»


Өмірінен деректер:

1905-1908 Нілдідегі орыс-қазақ және Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде оқыды.

1908-1913 Ақмолада приходская школада, қалалық училищеде оқыды.

1913-1916 Омбы мұғалімдер семинариясында оқыған. Омбыда қазақ жастарының «Бірлік» қауымын,Ақмолада «Жас қазақ» ұйымын ашып, «Тіршілік» газетін шығаруды ұйымдастырған

1917 Ақмола Совдепі президиуымының мүшесі.

1918-1919 1918 маусым ақ казактар мен контр-революцияшыл чехослвактардың көтерілісі кезінде Ақмолада Кеңес өкіметі құлап, Сәкен жолдастарымен революция дұшпандарының қолына түседі, Ақмолада, Петропавл түрмелерінде, атаман Анненковтың «Азап вагонында», Колчактың Омбы лагерінде ауыр азаптар шегеді.

1919ж. Қашып шығып, «Дүйсенбі» деген жалған ат жазылған құжатпен жаяу Павлодар, Баянауыл арқылы туған еліне жетеді. Одан кейін қазіргі Тараз қаласына келіп, Совдептің көмегімен Сарысу, Шу өзенінің бойындағы елдерде кеңестендіру жұмысын жүргізеді. Елді Колчак үстемдігіне қарсы көтеріліске ұйымдастырып, Ақмола уезінде Кеңес өкіметін орнатуға қатысады.

1920 Қазақ Автономиялық Республикасы құрылған съезде Қазақстан Орталық Атқару комитетінің Төралқа мүшесі болып сайланады. Жер-су комиссиясының төрағасы.

1922-1925 Қазақстан Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы.

1922 «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы.

1925 Халық ағарту комиссараты жанындағы Ғылым орталығының төрағасы, Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияциясының басшысы.

1927 Қызылорда Халық ағарту институтының, Ташкенттегі Қазақ педагогикалық институтының директорыы.

1932 «Әдебиет майданы» ( қазіргі «Жұлдыз») журналының редакторы.

1934 Қазақтың коммунистік журналистика институтының профессоры.

1936 Әдеби қызметінің 20 жылдығы тойланып, оған Еңбек Қызыл ту ордені берілді.

1937 Тұтқындалды.

1938ж.26.02. «Халық жауы» ретінде атылды.



Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Р ефлексия

7 мин.


Күн шуақтың ішіне сабақты меңгергендігіне немесе, толық меңгермесе, және мүлдем түсінбесе соған сай суреттер қою.Сабақты меңгергендігін, толық меңгермесе сұрақтар жазу, немесе мүлдем сабақты түсінбесе күн шуақтың аз нұрын шашып тұрғанға түрлі түсті қағаз арқылы өз ойын жазу арқылы кері байланыс жасау.


Рисунок 23






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
240
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі