Тақырыбы: Сакралды Қазақстан: Оңтүстіктің компазиторлары
Мақсаты: - оқушылардың өз халқының мәдениетіне деген сезімін арттыру, өнер мәртебесін көтеру, өз ұлтына сонау Қорқыттан, Шәмшіден бастау алып келе жатқан саз өнеріне деген сүйіспеншілігін ояту. Еліміздің саз әлемі тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өнегесін ұран ету, қазақ музыкасының мәртебесін көтеру.
Көнекіліктер: Музыкалық аспаптар, нота, таныстырылымдар, бейне жазба, кітаптар, суреттер
Мұғалім: Қымбатты ұстаздар мен кеш қонақтары! Бүгінгі сазды бағдарламамыздың негізгі мақсаты - оқушылардың өз халқының мәдениетіне деген сезімін арттыру, өнер мәртебесін көтеру, өз ұлтына сонау Қорқыттан, Шәмшіден бастау алып келе жатқан саз өнеріне деген сүйіспеншілігін ояту. Еліміздің саз әлемі тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өнегесін ұран ету, қазақ музыкасының мәртебесін көтеру.
Адамзаттың ақыл ойы алға жылжыған сайын өткенiне тереңiрек үңiлетiнi – қажеттiлiктен туған заңдылық. Өйткенi оның өткен жолы шыққан тегiне алып барады, тегiн тапса, тамырын iздейдi, тамырын тапса, нәр алып жатқан топырағын таниды.
Жалпы сазды бағдарламамыздың барысы «сакралды» деген ұғыммен өте тығыз байланыста болып тұр. Оқушыға құрғақ мәлімет жете бермейді, бала қай кезде өзі ізденгенде немесе өзі жасаған нәрсе мәңгі бақи есінде қалады. Сондықтан бүгінгі сазды бағдарламамыз зерттелген-сахналастырылған шығармашылық жұмыстар негізінде өткізіледі.
Киелі саз және музыка әлемінде өзіндік үн, өзіндік сыр, өзіндік бояу саз өнерімен тыңдарман қауымын елең еткізіп, жырларымен жүрек тербеп жүрген есімі республикаға танымал дарынды сазгер – композиторларымыз баршылық. Қазақтың біртуар өнерді ұлықтаған композиторларымызға арналған «Сакралды Қазақстан: Оңтүстіктің композиторлары» тақырыбындағы музыкалық сазды бағдарламамызға назар аударыңыздар!
1 «Сакралды» сөзінің мән-мағынасы – қасиетті, киелі ұғымдарын қолданумен ашылған. Бұл ұғым адам мен табиғатқа байланысты қолданылғанда олардың ерекше болмыс-бітімін білдіреді. Президент белгілеген «Сакралды Қазақстан» жобасының мақсат-міндеті – бірінші кезекте ақиқатты ашатын қағидаттарға сүйенуі керек. «Ақиқатты ашатын» дегенде нені ұғамыз? Тіпті сонау елге ерен еңбегімен еселене еңбегі сіңген саңлақтырымыз әлі ғылыми тұрғыда тереңінен зерттеліп ашыла қойған жоқ, тасада жатыр. Міне «сакралды ұғым» деген осы. Яғни «Сакралды Қазақстанның» әлі де ашылмаған киелі қырының бірі қазақ елінің саз әлемі мен музыка өнеріне ерекше үлесін қосқан сұңғыла сазгерлеріміз бен композиторларымызды ұлт тарихында келешекке нақтылап жастарымызға ұлықтап, үлгі етсек – міне бұл жаңғыруымыз бен мәңгі «сакралды» болып қалыптасуымыздың басты көзі. Қазақтың біртуар ақын- жазушыларының өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, өнегелі өмір жолы мен шығармашылық мұраларының өміршеңдігін ұғындыра білу бүгінгі кешіміздің басты идеясы.
Музыка – мәңгіліктің ең керемет символы, адам еңбегі мен талантының, ізденісі мен махаббатының, қайғы-қасіреті мен қуаныштарының жемісі. Әрдайым шындықты сергек сезініп, бірте-бірте дәуір стилін құрайтын тиісті ырғақ пен әуен дағдысын лезде тауып алатын халық музыкасы өмір бойы сол халықтың өміріндегі барлық оқиғаларға үн қосып келді. Сондықтан да ауыздан-ауызға тараған халықтық музыканың түп тамыры, сайып келгенде, соның ырғағы мен тынысында жатыр.
Әсем ән: Темірхан Төлебаев ағамыздың әнін қабыл алыңыздар.
2..Қазақ халқының дарындылығы туралы Ш.Уәлихановтың айтуы бойынша «Қазақ даласының Геродоты» А.И.Левшин былай деп айтқан: «Қазақтар адамның сазгер немесе ақын болып туылатынының бір дәлелі болып табылады». А.Эйгхорн қазақтардың музыкасы туралы өз еңбегінде: «Бірде көк жайылымда асыр салып, ойнақтаған құлын секілді шат- жарқын бейқам баладай, бірде еркін, өмірге құштар көкте қалықтаған өр қырандай қазақ әндерін тұлымшағы желбіреген жас жеткіншектен, шолпысы сылдыраған бұрымды қызға, аяулы анаға, кішкентай айдарлы баладан еңкейген қарияға дейін нақышына келтіріп орындайды. Бұл дегеніңіз – халықтың баға жетпес мұрасы мен мызғымайтын игілігі, халықтың өзіндік бет-бейнесі» – деп жазса, қазақ халқының ән дәстүрлеріне таң болған танымал орыс ғалымы Г.Потанин: «Мен үшін бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай» – деп жазды»
Ендігі кезекте оқушыларымыз өңіріміздің компазиторларымен таныс болыңыздар.
Әрине бұл бәрі емес Оңтүстік өңірінде көп теген компазиторлар бар, әрине олар туралы қанша айтсақта көптік етпейді және бір күн уақыт жетпейді. Сіздер қалған компазиторлар жайлы мағлұматты мына таныстырылымдардан көре аласыздар
3.Қазақ музыкасы – өмір шындығын дыбыстық көркем бейне көрсететін музыкалық өнердің ұлттық саласы. Қазақ халқының музыка мұрасы аса бай. Ол музыка фольклоры және музыка тарихы салаларына жіктеледі. Алғашқы салаға суырып салмалық негізде туған эпикалық жанрлар – жыр, толғау, терме, желдірме және лирикалық әндер мен айтыс өнері, екіншісіне көне түркі дәуірінен бергі кезеңдегі музыка үлгілері мен тарихи-мәдени мәліметтер енеді.
Өңіріміздің ақыны Ә. Садірбек ағамен арнайы дайындалған Бейне жазбаны: тыңдаңыздар.
4.Музыкада да ауыз әдебиетіндегі сияқты тұрмыс-салт әндерінің, еңбек әндерінің, балалар әндерінің болғаны белгілі. Бақсы ойыны, қыздың сыңсуы, жесірдің жоқтауы, жар-жардың айтылуы, жарапазан сарыны белгілі бір жүйедегі сөзіне қоса ән-әуенсіз болмаған.
Жанғали Мұса ағамыздың әні «Анаңның қадірін біл» орындайтын өңірімздің сазгері Жоракулов Н
5.Ән - ғұмыр немесе Шәмші туралы сыр.Халқымыздың рухани өмірі мен музыкалық мәдениетіндегі Шәмші Қалдаяқовтың алатын орны орасан екені - ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Елбасының үш Жарлығы Шәмші Қалдаяқов - аты алты алашқа әйгілі, қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналған ұлы композитор. Ол - бүкіл ел мойындаған, жалпы халықтың шексіз сүйіспеншілігіне бөленген, қалың жұрттың қайнаған ортасынан шыққан дара дарын, тума талант, аты көзі тірі кездің өзінде аңыз болып кеткен бірегей өнер иесі. Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Шәмші шығармашылығының бағы жаңаша жанды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Ш.Қалдаяқовтың ересен еңбегіне, шығармашылығына байланысты үш бірдей Жарлыққа қол қойды. Елбасының бірінші Жарлығымен оған «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы (1991 ж.) берілсе, екінші Жарлығымен композитордың «Менің Қазақстаным» шығармасы Әнұранға (2006 ж.) айналды, ал үшінші Жарлығымен Шәмші Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (2010 ж.) атанды.
«Шәмшіге арнау» СЕРІКБАЕВА Г
6.Халқымыздың біртуар азаматы, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев өзінің естелігінде: «...Дели! ...он жеті жыл бойы тәуелсіз үнді елінің көшін бастаған Нерудің сүйікті астанасы. Халқының бақыты үшін тер төккен сондай күрескер жанның сүйікті қызы Индира Ганди үнді халқына тән ашық-жарқын көңілмен, сән-салтанатымен, ән-жырымен қарсы алды. Ән-би галереясынан Шәмші Қалдаяқовтың «Бақыт құшағында» деп аталатын әнін естігенімде көзіме еріксіз жас үйірілді. Аэропортқа жиналған елде есеп жоқ. Құшақтары гүлге толған сан мыңдаған үндер толқындай тербетіліп, қазақ әнін қалықтата салғанда, олар түгел қазақ болып кеткендей көрінді. Мен үшін бұдан асқан сый, бұдан асқан қуаныш жоқ еді. Дәл осындай рухани ләззатты бұрын-соңды сезінген емеcпін. Бұл жолы қазақ әні Үндістан аспанында шырқалған тұста үш рет: «Тәубе! Тәубе! Тәубе» дедім. ...Осы сапардан оралысымен Шәмшіні іздестіре бастадым деген екен:
Ән:БАҚЫТ ҚҰШАҒЫНДА орындайтын Индибаев Н
7.Марат Омаров баршамызға «Анашым әнімен белгілі болған (қықаша ән тарихына шолу)
«Ана туралы жыр» орындайтын Ескулов Ералхан
8.Патриоттық тақырыптағы туындыларды халық арасында кеңінен дәріптеп, композиторлар мен орындаушылардың шығармашылық байланысын арттыруды мақсатында байқау өтті. Осы байқауда барлық жүлделі орындарды оңтүстік компазиторлары қанжығасына байлады.
Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені шымкенттік композитор Ізбасар Кеңесов пен «Сарын» тобы қанжығасына байлады. Ал, жүлделі І орынды түлкібастық Рысты Шымырбаева мен «Фараб» дуэті иеленді, II орын ордабасылық Мұхан Байбосынов пен сайрамдық Белгібай Дәрібаевқа, әншілер арасынан шымкенттік Айбек Қанатбек пен түлкібастық Әлімбек Бексұлтанға бұйырды. ІІІ орынды шымкенттік композиторлар Мұхтар Тұрлыбеков пен Әлжан Қасымбеков, әншілер арасынан Бахтияр Ақылбек мен Мақсат Қабай алды.Осы ағаларымыздың ізін жалғап жүрген мектебіміздің музыка пәні мұғалімі: Балғабеков Б ұстазымыздың «Көк тудың желбірегені» әнін қабыл алыңыздар.
9.Қортынды әнді өңіріміздің ақыны Лесбек Амановтың сөзіне жазылған «Ақторғын» әнімен ұстазымыз, ән-саз үйірмесінің жетекшісі: Тортаев Қазыбек ұстазымызды шақырамыз.
10 Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сакралды Қазақстан: Оңтүстік компазиторлары

шағым қалдыра аласыз