Сәләфизм ағымының зияны

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сәләфизм ағымының зияны

Материал туралы қысқаша түсінік
Сәләфизм ағымының зияны туралы толық мәлімет берілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Псевдосалафизм ағымының зияны

«Бір жылдығын ойлаған ел бидай егеді, он жылдығын ойлаған ел ағаш егеді, мәңгілігін ойлаған ел ұрпағының жүрегінеі згіліктің дәнін егеді» демекші, ізглік, имандылық дегеніміз бұл - дін. Абай атамыз «Мүмин болсаң әуелі иманды бол, иман пендеге ашады жол» - деп адамдарды мейірмділікке, бауырмалдылыққа, ұлтжандылыққа шақырған.

Жалпы әлемдік діндердің өзі (Буддизм, Христиан, Ислам) адамдардымейірім мен кешірімділікке, сабыр мен төзімділкке шақыратын рухани құндылықтарға негізделген. Десекте қазіргі таңдаізгілікке, тазалыққа, адам сүйгіштікке шақыратын асыл діндердің бірі Ислам дінінің атын жамылған деструктивті топтар пайда болуда. Исламның  атын жамылған сондай адасқан топтардың бірі сәләфилік. Жалпы сәләфт сөзінің этималогиясынатоқталатынболсақ «алдыңғыөткендер», «бұрынғылар» деген мағынаны береді. Яғни Мұхаммед пайғамбардың көзін көрген мұсылмандарды сахабалар, сахабаларды көрген мұсылмандарды табиғиндер және табиғиндерді көрген мұсылмандарды тәбәға-тәбиғиндер деп атайды. Ал осы үш буын яғни сахабалар, табиғиндер, тәбәға-тәбиғиндерді  «сәләфилер»  депатаған. Осы аталғанұрпаққа VII, VIII, IX, ғасырлардаөмірсүрген Имам ӘбуХанифа, Имам Тахауи, Имам Шафиғи, Имам Мәликит.б. ғалымдарды жатқызса болады. Жоғарыда аталған үш буын нағыз мұсылмандар болғанына тарихкуә.

Бірақ қазіргі Сәләфилерміз дегендер шынымен "сәләфтар" ма? Негізінде қазір өздерін сәләфпіз деп жүргендер шын мәнінде - уаххабилер. XVIII ғасырда Мұхаммед ибн Абдулуаххаб (1704-1787) сәләфилік ағымның негізін қалаушылардың бірі. Мұхаммед ибн Абдулуаххаб өзініңең бектерінде өздері сияқты сенбейтін адамдарды күпірлікпен айыптап қарулы жиһадқаүн деген. Өздерін «сәләфпіз» деп санайтындар, өз қатарларындағы азаматтарды Алланың бірлігіне шақыру, ислам дінінбидағат (дінгеенгенжаңалық) амалдардан тазалау, дінімізді пайғамбар заманындағыдай яғни орта ғасыр адамдары секілді өмір сүру, араб әлемін біріктіру сияқты діни фундаменталды идеяларды ұранға айналдырып, көптеген адамдарды тура жолдантайдырып жазықсыз мұсылмандардың қанын төккен. Сәләфилік ағымының негізін салушы Мұхаммед ибн Абдулуаххаб практикада ханбалимазһабын ұстанғанымен, ақидада (сенімде) ханбалимәзхабы бойынша дінді ұстанбайды.

Осы себепті олардың  діни танымырадикалданыпқоғамғазиянтигізуде. Себебі, Мұхаммед ибн Абдулуаххаб «Китабт-таухид», (Сенім кітабы), «Кәшфуш-шубуһат», (Күмәндінәрселерденарылту), және «Китабул-усулис-сәләсә», (Үш негіз кітабы) еңбектерінде таухид (сенім), ширк, бидғат (дінге енген жаңалық) деп көнеден кележатқан салт-дәстүрлерімізді, ұлттық құндылықтарымызды, тарихи-рухани ескеркіштерімізді, ұлттық және мемлекеттік мейрамдарымызды ширкке, харамға теңеп жастардың санасын улауда.

Десекте Кез-келген топ уақыт өте өзішінен бөлініп ыдырайтын секілді  сәләфилерде өзара саяси мәселе де бірнеше топтарға бөлінуде. Олардың бұлай бөлінуіне бірнеше себептер түрткі болған. Мәселен, амал етпеген жан «кәпірме, әлде мұсылман ба?», «кәпірлермен одақтасуға бола ма, болмайма?» «басшыға бағыну», «патшаны саясатын қолдау немесе қолдамау» секілді Әрі ақидаға (сенім), әрі Саясатқа қатысты Мәселелер төңірегінде келісе алмай «мадхалиттер», «сурурилер», «такфирлер» болып бөлінген. Аталмыш ағым өкілдерінің ұстаздары мен негізге алатын әдебиеттері бір бола тұра бір-бірлерін адасушылықпен, күпірлікпен айыптап, тек өздерін ғана тура жолда

Жүрген мұсылман ретінде санауы, шын ислам дініне жат нәрсе. Ал бұндай түсінікті батыстық ғалымЭ.Трельчайтпақшы  «Діни ағымдарға тән қасиет, тек өздерінің сенімінғанадұрыссанайдыжәнеқоғамнаноқшауланып жүреді», - деген. Қоғамнан оқшауланып, заманға сай Өмір сүрудің орнына орта ғасырдағы адамдар секілді өмір сүруді аңсайтын Сәләфилерді сыңаржақ, радикалды діни ағым екенін аңғаруғаболады. Сәләфилердің радикалды әрекеті 2016 жылы Ақтөбе қаласындағы террорлық актідед әлелденді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұлқанды Оқиғаға дәстүрлі емесдіни ағым өкілдері сәләфиттер кінәлі деп айтқан болатын. Елбасының сөзінен кейін облысымыздағы сәләфилікағымының өкілдері сенімдерін жасырып бірі уасатия енді бірі ханафиміз деп синтезделуде. Десекте сәләфилер «вконтакте»,  «facebook», «whatsaapp»  мессенджері арқылы жаңа жақтастар жинауда. Сәләфилік немесе басқада теріс діни ағымның жетегінде кетпеу үшін дінге қызығушы азаматтар ресми сайттар мен имамдардан діни ақпарат алу тиіс деп есептеймін. Ресми сайттарды атап өтетін болсақ «kazislam.kz», «azan.kz»,  «muftyat.kz», «hibatulla.kz» т.б. Сонымен қатар, сәләфилерді Тамырымен Жеңу үшін ел болып Күресуіміз керек. Себебі сәләфилік идеология бұл адамзат қазия нәкелетін вирус. Бұлвируска, антивирус ата-бабаларымыздың дәстүрлі діни танымы болмақ. Дәстүрлі діни танымды түсіну үшін томдап діни әдебиеттерді оқудың қажеті шамалы. Ата-бабаларымыз дінді  үш ауыз сөзбен жеткізген ұят болады, обал болады, сауап болады деп. Бұл сөздердің мағыналары терең және өнегелік, тәрбилелік, көркем мінезділік құндылықтарға толы десек қателеспейміз. Абай атамыз өзінің өлең

шумақтарында:

Махаббат пен жаратқан адамзатты

Сенде Сүй ол Алланыжаннан тәтті

Адам заттың бәрін сүй бауырып деп

Және хақ жолы осы деп әділетті

Осы үш сүю болады иманигүл – деп Алланы, адамды, әділеттілікті

сүюгешақырған. Абай атамызадамзаттысүюдепнәсіліне, дініне, ұлтына қарамастан адамдарды жақсы көруді үндегеніне аса назар аударған жөн.

Руза, намаз, зекет, хаж талассызіс

Жақсы болсаң жақсы тұт бәрін тегіс

Бастапқы үшті бекітпей соңғы төртті

Қылғанменен пайда бермес жеміс – деп адамға құлшылықты үйретпестен, діннің асыл құндылықтарын түсіндіріп көкейге тоқу керек екенін жеткізген. Бізде Абай атамыздың әдісі бойынша өскелең ұрпаққа тәрбие беретін болсақ

рухани бай, дініне берік, сеніміне бекем жастар көп болар еді.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.06.2025
95
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі