Салауатты өмір-денсаулық кепілі.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Салауатты өмір-денсаулық кепілі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлеуметтік педагогтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Салауатты өмір-денсаулық кепілі.


Салауатты деген сөздің негізгі мағынасы-парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, білімді, зерделі және сабырлы деген ұғымды білдіреді.

Өмір салты дегеніміз-әрбір жеке адамнан бастап, бүкіл қоғамның қалай еңбек етіп, қалай тұрмыс құрып, бос уақытында демалатыны, қысқасы, олардың қалыптасқан өмір тіршілігі. Яғни, адамның өмір салты қандай болса, өзі де сондай.

Сонымен, еліміздің кез келген азаматы салауатты өмір сүру үшін парасатты, зерделі және білімді болуы керек. Әсіресе денсаулық жайында білімді болғаны жөн.

Байқап –байыптап қарасақ, адам деген ұлы ғажайып күш қой!

Биологияда, медицина мен психологияда қаншама түсініксіз жайлар бары таңқаларлық. Әрине, адам миының жұмысын түсіндіру қиын-ақ: 15 миллиард нерв клеткалары бар, олардың әрқайсысы мыңдаған, тіпті миллиондаған басқа клеткалармен байланысқан және жүйелі жұмыс атқарады. Адам гендерінде не «жазылғанын» оқу да оңай емес. Денсаулыққа қатысы бар ең қарапайым нәрсенің қайшылықтарының өзі қаншама?!

Салмақ мәселесін алайық. Жас ұлғайған сайын салмақ өсу керек пе, жоқ жас кезіндегідей қалыпта қалуы керек пе? Әрбір ғылым өзінше фактілер келтіріліп, дәлелдеп жүр ғой.

Адам ерекше құбылыс! Әсіресе оның ақыл-есі шебер қайталанбас дүние. Алайда адамдардың ауруына, сыртқы әсерлер мен адам табиғатының әлсіздігінен гөрі, көбінесе, өздерінің теріс мінез-құлықы себеп болады. Мінез-құлық дегеніміз- істелген іс- қылықтар, әрекеттер, психика.

Іс-қылық дегеніміз не? Бір жағынан ол-қол, аяқ, кеңірдек бұлшық еттерінің қимылдары. Қимылдар жәй және қысқа, күрделі, және ұзақ болуы мүмкін. Оның мақсаттары да әрқилы, соған жету үшін іс-қылықтардың, әрекеттердің көптеген түрлері жасалады.

Адам үшін денсаулықты сақтап қалу- мақсат. Дәмді тамақтану – мақсат, бірдеңені істеу-мақсат. Мақсаттар көп, ал уақыт пен күш шектеулі. Таңдауға тура келеді. Мақсаттар бәсекеге түседі.

Ертедегі ата-бабаларымыз бізге шынығуды қажет ететін дене мен кемістікке бейім биологиялық сезімдер немесе психика қалды. Олардың біріншісі- жалқаулық. Адам жануарлар сияқты, ынталандыру болса ғана күш салады. Босаңсу әрқашанда жағымды.

Екінші кемшілік- қомағайлық. Тамақ ішіп жеуден қанағат табу-аса маңызды құбылыстардың бірі. Дәмді тамақ ішіп, оны басқа сезімдер сияқты жаттықтыруға болады.

Үшінші кемшілік-қорқыныш. Хайуандармен салыстырғанда адамда қорқыныш күшейе түседі, өйткені ол есіне жақсы сақтайды.

Қорытып айтқанда, адам баласы ақылды, бірақ жалқау әрі қомағай. Мол және дәмді тамақ ішіп-жеп, рақаттанып, жылы жайда демалғанының есесін аурумен өтеуіне тура келеді. Егер алғашқыда, қанағат алуда асыра сілтесе, оның төлемі тым көбейіп кетуі ықтимал. Дене азабы өркениет игілігінен келген барлық рақатты жоққа шығаруы мүмкін. Әрине, денсаулық сақтау режимін барлық адам қатаң ұстайды деп санауға болмайды, бірақ оған адамдардың көзін жеткізуге тырысу қажет: қауіпті ауруларға ұшырамас үшін, өзіне-өзі қажетті шек қоя білген кім-кімге болса да тиімді. Мұны салауатты, дұрыс мағынаға жетелейтін ғылым ғана іске асырады.

Бүкіл медицинаның даму кезеңінде оның екі бағыты анықталды: біріншісі- бұзылған денсаулықты дәрі-дәрмектің көмегімен қалпына келтіру, екіншісі- сол мақсатқа «организмнің табиғи қорғаныс күштерін» жұмылдыру арқылы жету. Өкінішке орай, көпшілік адамдар, кейбір дәрігерлер де организмнің ауруға қарсы күресетін табиғи күшін ескере бермейді. Сол табиғи күштерді толықтырып, шынықтыруға көңіл бөлмейді. Енді осы мәселеге келейік.

Ең алғашқы сөз- тамақтану мәдениеті жөнінде.

«Ас адамның арқауы» дейді халқымыз. Сол айтқандай-ақ, денсаулық сақтау- дұрыс тамақтанудан басталады. Тамақтағы қоректі заттар, сапасы жағынан, адам организмінің мұқтажын өтеуі қажет. Әсіресе тамақ нормасын әркім өзі ақылымен мөлшерлеуі тиіс. Әрине, дастарханның бәрін тауыса ішу мақсат емес. Мешкейлікті о бастан-ақ жағымсыз қылықтардың біріне саналған. «Ас десе, асты-үстіне түсіп, құлқыны құру- хайуандық болса, керісінше, кекірейіп тамақ тартпау- ноқайлық, тым құнықпа және ас ішуді де ұмытпа», дейді белгілі академик, физолог И.П. Павлов.

Қазір көпшілік адамдар арасында асқазан ауырады және тоқ ішектің қабынуына шалдыққан. Осы ауруларға әкеліп соқтыратын экономикалық-әлеуметтік факторлар көп. Қарынды кере тамақ ішіп, орындарынан зорға көтерілетіндер де аз емес. Ол, әрине, өте зиян. Мөлшерден артық ішіп-жегендердің көбісі түнде ұйқысыз, мазасы қашып, соның салдарынан кейде ауырып, хирург пышағына ілігіп жүргендерде көп. Диетологтардың айтуынша: «Кез келген ауру сырқаттың әкесі белгісіз болғанымен, шешесі белгілі: ол-орынсыз, артық ішкен ас!». Сондықтан қанағат – табиғаттың одақтасы және денсаулықтың сақшысы. «Батпайтын ас- жеген адамның өзін жейді. Сол себептен, жегенің бойыңа сіңсін десең, шамадан аспа»,- деп жазды Абуль Фарадж.

Қазіргі кезде белең алып отырған тағы бір жаман әдет-гиподинамия, адамдардың күнделікті өмірде аз қимылдауы. Ол, әрине, жалқаулық пен жатыпішерліктің салдарынан болады. Жаяу жүруге ерінеміз, жақын жерге болса да, баратын жерімізге автобуспен барамыз, қимыл азайған сайын дене ауырлай береді, жүрек пен қан тамырларының, қысылғандықтан, қызметі нашарлап, адам семіреді. Өз ықтиярымен семіздік дертіне шалдығады.

Семіздік әр түрлі ауруларға-қан қысымының көтерілуі (атаресклероз) және тағы басқа күрделі, емделуі қиын жүрек пен қан тамырларының созылмалы сырқаттарына әкеліп соқтыратыны баршаға аян. Олардың (семіз адамдардың) өмірі сау адамдардың өмірімен салыстырғанда 10-15 жылдай қысқа болады. Өйткені семіздік, зат алмасу үрдістері бұзылғандықтан, адамдарды гипертония, қант диабеті, бауыр циррозы, өтте және бүйректе тас пайда болу сияқты сырқаттарға душар етеді. Буын-буындарда тұз жиналып, сырқырап қақсайтын, артрит сияқты әр түрлі буын ауруларына да әкеп соқтырады. Денені май басқандықтан және асқазанды кере, тойып тамақтанудан, адамның кеуде мен іш қуысын бөліп тұратын диафрагма сияқты көк еті жоғары көтеріліп, өкпеге және жүрекке қысым түсіреді. Сол себепті ол ағзалардың қан айналымы нашарлайды, өкпе мен жүректің қызметі нашарлағандықтан, адам организімін оттегімен қамтамасыз ету қабілеті төмендейді, оны гиповентиляция дейді. Жоғарыда айтылғандай, оттегі- адам денесіндегі клеткаға қажетті «жанармай». Осындай қысым жиі қайталана берсе, ондай адам пневмония, бронхит және т.б. сияқты, әр түрлі созылмалы өкпе ауруларына шалдығады.

Семіздіктен адам бойындағы ет пен терінің арасындағы қан тамырлары қысылып, қан айналымына үлкен кедергі жасайды. Сол себепті, әсіресе қанды бойға тарататын «насос» қызметін атқаратын жүрекке үлкен күш түседі. Семіз адамның жүрегінде май басады, сондақтан да қысылып, қан айналымы нашарлайды, осыдан келіп, әр түрлі қысылмалы- стенокардия, инфаркт сияқты – жүрек аурулары пайда болады. Сондай-ақ ми клеткаларының да жұмысы нашарлайды, атаресклерозға шалдығып, адамның есте сақтау қабілеті нашарлайды.

Кейінгі жылдары, адам организмі есейіп жетілген сайын, гипофиз-«кәрілік гормонын» бөліп, оны қан арқылы денеге тарата бастайтыны анықталды. Алайда америка ғалымы Денкльдің дәлелдеуінше, тамақты нормадан асырмай тарта жеу арқылы да «кәрілік гормонының» организмге таралуын тежеуге болады екен. Демек мұның, әсіресе, жасы ұлғайған адамдар үшін айрықша маңызы бар.

Осы жерде айта кететін бір жай: соңғы 70-80 жылдың ішінде біздің тек менталитетіміз бен психологиямыз ғана өзгерген жоқ, сонымен қатар ішіп-жейтін тағамымыз да еуропашаланып, өзгерді. Зауыт-фабрикадан шыққан, рафинадталған және қолдан жасалған, шайнамай, ауызға салып, қылғыта беретін тамақтар көбейді. Ас қорыту жолдарының медицина дәлелдеген екі негізгі жауы бар: тым бапталған (рафинадталған) тамақ және «кернеу жүйесі». Ұсақталған, жұмсақ тамақ ішектер қабырғаларындағы ферменттердің бөлінуін нашарлатады және бұлшық еттерінің жаттығуын төмендетеді. Функциясын жоғалтқан кез келген ағза бірте-бірте әлсіреп, ауруға шалдығатыны физиологиядан белгілі. Сонымен қатар ұзаққа созылған жағымсыз эмоциялармен немесе стресстермен ұштасқан психикалық күш түсу, екі бөлімінің, көбінесе орталық нерв жүйесімен байланысқан асқазан және тоқ ішек нервтік реттеуін өзгертуге қабілетті. Бұл фактор, әсіресі, өте баптаған ас ішкеннен кейін бөлінеді.

Ішектер атониясы деп аталатын, бұлшық еттер жаттығуының нашарлауына байланысты, оны перистальтикасының (қимылының) әлсіреуі тоқ ішекке жиналатын индол, скатол сияқты улы заттардың (токсиндермен) организмді уландыруына, зиянды микробты флораның дамуына әкеліп соқтырады.

Біздің асқазанымыз бен ішектеріміздің кез-келген түрпілеу, қатты тамақтың бәрін қорытуға қабілеті бар. Сондықтан, егер «жоғарыдан» немесе жоғарғы нерв жүйелерінен олардың реттелуі бұзылмаса, олар өз қызметін ойдағыдай атқара береді. Ішек-қарынның қызметін, негізінен, вегетативті нерв жүйелері атқарады.

Қандай тағамдарды қалай пайдаланған жөн? Енді осыған тоқталайық. Осы уақытқа дейін тамақтар қуатына қарай топқа бөлінетін. Ал соңғы ғылыми жетістіктердің нәтижесінде, тағамдарды оның құрамындағы адам организіміне өте қажет зат алмасу үрдістерін жақсартатын биологиялық заттарына қарай бөлінудің тиімділігі айқындалып отыр. Ондай биологиялық заттар биосинтез кезінде организмдегі қажетті химиялық қоздырғыш заттарды, атап айтқанда ферменттерді, гармондарды және нерв клеткаларының бойымен жүретін нерв импульстерін өткізетін медиаторларды түзуге қатысады. Асқа пайдаланатын тағамдардың химиялық құрамын осылай тексерудің нәтижесінде, мамандар, тағамдардың, жалпы тағамдық (барлық пайдалы жақтарын ескеріп) құнына, қуаттық немесе калориялық құнына және биологиялық құндылығына байланысты, үш топқа бөлетін болды. Мұндай топқа бөлу несімен тиімді? Осы арқылы соңғы жылдары организмге тек ғана калория беретін, ал витаминдерден, микроэлементтерден және тағы басқа пайдалы кондитерлік тағамдар сияқты «бос калориялы»- заттар белгілі болды. Ал арақ пен шараптарда адам организмін уландыратын улы калория да болатыны анықталды.

Сондай-ақ үнемі біріңғай тағамдармен тамақтану немесе астағы организмге керекті тағамдық (белок, углевод, май, микроэлементтер мен витаминдер) заттардың кейбіреулерінің үнемі жетіспеуі, немесе мөлшерден артық болуы әр түрлі тамақтан пайда болатын элиментарлық ауруларға шалдықтырады. Сол үшін асқа пайдаланатын тағамдардың құрамын үнемі өзгертіп отырған жөн.

Қазіргі таңда ер азаматтарымен қатар әйел затының зиянды әдеттерден арыла алмайтыны аян. Оның көпшілігі салауатты өмір салтын ұстанбай, есесіне, азу және ас қорту т.б. мақсатта шылым шегуге әуестігі оянып, кейіннен өз өміріне балта шабатыны қаншама? Әйелдердің және жас өспірім қыздардың дене бітімін қалпына келтіремін деп, денсаулығына орыны толмас өкінішке әкеліп соқтыруда.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
1449
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі