Салауатты өмір салтымыз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Салауатты өмір салтымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
ата-аналармен өткізілетін іс-шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Салауатты өмір салтымыз

Мақсаты: Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға қызығушылықтарын арттыру, қимылдық іскерлігін жақсартуға тырысу, оларды дұрыс және нақты орындай білуге үйрету.

Балалардың ынталы іскерлігін арттыру, балалармен жақсы достық қатынасын қолдау. Балаларды спорттық ойындармен, жаттығулармен таныстыру арқылы ойын техникасын меңгерту. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Денелерінің дұрыс дамуына, бұлшық етінің шымыр болуға тәрбиелеу.

Барысы:

Құрметті ата-аналар, тәрбиешілер, балалар сіздерді өсіп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту барысында өткізгелі отырған «Салауатты өмір салтымыз» атты көңілді сайысына қош келдіңіздер!


Жарысқа 2 топ қатысады. Әр бір сайыстың ең жоғарғы балы 5 – тік жүйемен бағаланады.


Жүргізуші:

Ұстанған салауатты өмір салтын,

Жасқанып ешқашанда мойымайтын

Болашақ спортшылар келді ортаға

Қол соғып қарсы алайық жарқын – жарқын

Сайысымызды бастамас бұрын сайыс шартттарымен таныс болыңыздар.

Эстафеталық ойындар:

1.«Кім жылдам»‑ эстафетасы

2.«Жалауды тез жеткіз» эстафетасы

3.«Жүйрік ат»‑ эстафетасы

4.«Шебер» эстафетасы

5.«Жаңа орын» ойыны

Екі топ өз топтарының атымен таныстырсын.

Командалар сәлемдеседі:

Тобымыздың аты: «Қызғалдақ »

Біздің ұранымыз:

Ұш биікте қалықта,

Қалықтаудан еш уақытта жалықпа .

Қызғалдақ тобынан

Аққу тобына жалынды сәлем.


Екінші қатысушы топ «Аққу тобы»

Тобымыздың аты Аққу тобы.

Біздің ұранымыз:

Намысы бар балапандар қайдасың,

Білген дұрыс бұл спорттың пайдасын.

Дене шынықтыру керек бәрімізге,

Жаттығу ырғағы қосылады әнімізге

Дене шынықтыру жалқаулыққа жол бермей,

Ауру‑сырқауды жолатпайды тәнімізге.


Құрметті қатысушы спортшылар сайысымыздың шарттарымен таныс болдық, енді әрі қарай сайысымызды бастаймыз.

Жүргізуші:

Міне, балалар шықты алаңға

Жас спортшылар жеке -жеке команда

Ал, балалар өздеріңді танытыңдар

Естілік, мықтылық батылдық көрсетіп табанды

«Ура»‑ деген ұранды ортаға біз тастаймыз

Жарысымызды, денені қыздырудан бастаймыз деп «Қара жорға» биі .


Жүргізуші:

Ал қане бір‑бірімізді қостаймыз

Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.

«Жеңіске жетеміз!»‑деп

Жалынды ұран тастаймыз.

Әр команда өз орындарын тауып тұрады.


«Кім жылдам»- эстафетасы бастаймыз.

Балалар жарты шеңбер доға астынан өту жарысына қатысып, өз ептіліктерін шапшаңдықтарын танытады.

Жүргізуші:

Қатал, қайсар жүрегі,

Қайтпас болат темірден.

Қымбат елдің намысы,

Спортшыға берілген.

Спорттық мерекемізді


«Жалауды тез жеткіз» эстафетасы

Команда капитандары қолына жалау ұстап ойынды бастауға белгі бергенде ойын алаңына қойылған кегілені айналып өтіп, жалауды келесі балаға береді. Өзі команда тізбегінің соңына барып тұрады. Қай команда тез бітсе сол жеңіске жетеді.

Жеңсек тасымаймыз,

Жеңілсек тасымаймыз.

Бірлігіміз жарасқан,

Біз болашақ балдырған!


«Жүйрік ат»- эстафетасы

Балалар допты тақымға қысып, секіру арқылы жарысады. Ойынды сапалы әрі тез аяқтаған команда жеңіске жетеді.

Жүргізуші:

Мен қазақпын ұланымын елімнің,

Мен қазақпын тірегімін жерімнің.

Ұланымын туын көкке көтерген,

Болашаққа алға бастап жетелер – деп,

«Шебер»- эстафетасын бастаймыз


Команда капитандары ойынды бастауға берілген белгі бойынша шеңберге жүгіріп жетіп, шеңбер ішіндегі допты алып, өз командасының ойыншысына жеткізеді. Ол ойыншы допты қайтып шеңбер ішіне апарып қояды. Қай команда тез аяқтаса сол команда жеңіске жетеді.

Жүргізуші:

Жарыс заңды ежелден-

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену, жалықпау.


«Жаңа орын» ойыны

Ойынды бастауға белгі берілгеннен кейін команда капитаны ойын алаңына қойылған кегелені айналып өтіп екінші ойыншының қолынан жетектеп кегелдің қасына апарады. Ал екінші ойыншы дәл осылай үшінші ойыншыны кегелге жетектеп апарады. Осылайша қай команданың балалары жаңа орынға ауысса, сол команда жеңіске жетеді.

Жүргізуші:

Бүгін міне оң болып әр ісіміз,

Жоғары боп күш жігер намысымыз.

Осылайша қуанышпен думандатып,

Аяқталды халайық жарысымыз.

Жарыс аяқталғаннан кейін ойыншылар жанкүйерлерге қарап түзіліп, сапқа тұрады. Жарыстың қорытындысы шығарылып, үздік ойыншылармен , жақсы жанкүйерлерге сыйлықтар табыс етіледі.


























Бестамақ «Болашақ» балалар бақшасы












Shape1






(спорттық сайыс)



Ортаңғы «Балапан» тобы






Өткізген: Тәрбиешілер: Шинтасова С.О.

Нүрмухан Б.Ө.



















2018 жыл, сәуір

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.06.2018
383
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі