Салауатты өмір салтын қалыптастыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Салауатты өмір салтын қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға дене шынықтырумен айналысу керектігі туралы мағұлмат беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Салауатты өмір салтын қалыптастыру


Мектепке дейінгі білім беру жүйесіне Қазақсатан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын енгізу ҚР-ның мектепке дейінгі білім беру мазмұнын түбегейлі өзгертуді қамтамасыз етуге арналған. 
Мектепке дейінгі салада педагогикалық процесті ұйымдастыру: 
-мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың құзыреттілік әдісі; 
-бес білім беру саласы арқылы танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруды біріктіру әдісі; 
-құзыреттілікті дамыту индикаторларының,яғни мектеп жасына дейінгі баланың тұтастай даму деңгейін зерттеу және бақылау құралымен әрбір баланың жетістіктерін диагностикалау негізінде қамтамасыз етіледі. 
Бала денсаулығын қорғау проблемесын шешу қоғамның барлық сатысының тиімді ұштастырғанда ғана нәтиже болмақ.Академик П.петленконың пікірі бойынша денсаулықты сақтау проблемелерын шешуде екі бағытқа ерекше назар аударуы керек. 
1.батыстық бағыт.дені сау болу үшін «өзіңдң таны»деген Сократ тезисіне негізделген. 
2.Шығыстық бағыт.дені сау болу үшін «денсаулығыңды өзің жаса»деген Конфуции тезисіне негізделген. 
Баланың өз денсаулығына қарым-қатынасынқалыптастыруда балалақшада дене шынықтыру сияқты арнаулы пәндердің орны ерекше,сонымен қатар белгілі бір пәндер көлемінде шектелмей барлық пәндердің мүмкіндіктерін пайдаланған жөн. 
Біздің елімізде бала тәрбиесіне ,дені сау,сымбатты әрі келбетті,сұлу болып өсуіне аса зор көңіл бөлінді.Өйткені,бала біздің болашағымыз.Өміріміздің ең қымбат қазынасы,табиғи жалғасы мұрагеріміз,яғни қоғамымыздың ең қымбат қазынасы адам. Сондықтан да балалармен және ата-аналармен мынадай іс-шаралар жүргізген дұрыс. 
Әдемі де сымбатты болып өсудің бірден-бір ережесі:
 
1. Жеке бастың гигиенасы
 
2. Күн режимін сақтау
 
3. Уақытында тамақтану
 
4. Уақытында ауаға шығып,демалып ойнау
 
5. Уақытында ұйықтау.
 
Міне оы жағдайлардың барлығы қарастырылған жағдайда әрбір баланың денсаулығы жақсы болады.
 
Жұқпалы аурулардан қалай сақтануға болады:
 
1.даладан келгенде қолды жақсылап жуу қажет.
 
2.жеміс-жидектердің сыртын мұқият жуу.
 
3.Қайнамаған су ішпеу.
 
4.Өзінің қол орамалы,ыдысы болуы қажет.
 
«жеке тұлға тәрбиесінде салауатты өмір салтын қалыптастыру технологиясын қолдану» шешеу жолдары:
 
1. Кварцпен бөлмелерді тазалау.
 
2. Тұзға малынған ұзын матаның үстімен жүру.
 
3. Массажор пайдалану.
 
4. Өз-өзіне массаж жасау тәсілдеті түскі ұйқыдан кейін жасалады және ертеңгілік гимнастикалар мен сергіту жаттығулары жүргізіледі.
 
Сонымен баланың дене күші мен рухани күшін бірлікте дамытуға бағытталған тәрбие ғана өмірмен,еңбекпен ұштасуын қамтиды.Баланың денсаулығын сақтайды.
 
Денсаулықты сақтаудың бірден-бір дұрыс жолы-зиянды жатқылықтарға үйренбеу,салауатты өмір сүру,аурудың айықпас сырқатқа айнлуына жол бермеу.
 
Адамзат өмірге келген соң қалай болса солай өткізбеуі тиіс.Яғни адам саналы да жарқын өмір сүруі қажет.Ал денсаулықты сақтау өз қолымызда.
 
«Денсаулық-зор байлық»-деген мақал тегін айтылмаса керек.денсаулық болса бәрі болады.
 
Денсаулық-бірдің емес,мыңның байлығы және баршаға ортақ ең басты байлық.Сондықтан өмір салтын дұрыс бағытқа өзгертіп, денсаулық мәдениетін көтеруге әркімнің өзі ынталы болғаны жөн.


Бұл сәби  жастан басталуы мүмкін бе? Деген сұраққа иә белгілі бір жағдай туғызып жасауға болады. Бала өмірін арнайы ұйымдастырылған  салауатты өмір салтын қалыптастыру. Бұл үшін сабақта, ойын барысында, күнделікті өмірде  балаға жеткізе білу керек. Адам бала кезінен бастап өз ісіне жауаптылық, қалыптасу деген ұғымға  жауапкершілікпен қарайды. Егер бала бұл процесте енжарлы болса оның қалыптасуы мен денсаулығы да өзгереді. Сондықтан кіші жастан бастап денсаулықты сақтау және оның жүйелігіне қызығушылық туғузу қажет.Бірақ бала денсалығын нығайту  үшін ұмтылмайды. Ол үшін жеке тұлғаға тиісті  белгілі бір жасына сәйкес өзін өзі дамыту және өзін өзі сақтау  техналогия  қалыптастыру қажет. Ол күнделікті біздің  таңғы гимнастика, сергіту сәттері, қимылды ойындар, серуен. Денсаулықты сақтау оқыту прцесі бала дамуына белсенді  қозғалысқа, қуатты ынталандыру, ақыл – ой және эмоционалдық белсенді  болып табылады. Нақтырақ  тоқталсақ денсаулыққа ынталандыру, дені сау өмір әрекетіне қамтамасыз ету дағдылары  мен іскерлігін қалыптастыруға баланы дене тәрбиеге деген қызығушылықтар пайда болады. Кейінгі уақытта білім беру жүйесінде валилогия негізі қалыптасты. Осы негізге сәйкес педагогикалық процесте бала денсаулығы ең басты құндылық  болып саналады.

         Валеология – денсалықты сақтау, денсаулықты қалыптастыру заңдылығы болып табылады. Валиология негізін қалаушы деп  орыс ғалымы И.И.Брехман. Ол 1982 жылы өз тәжірибесінде  денсаулығы бар адамдарды  практикаға алды. Валилогия пәнінің негізі болып дені сау адам және оның денсаулығын нығайту болып табылады. Мектепке дейінгі мекемеде валиология пәнінің мақсаты гигиеналық тәртіптер мен нормалар, денсаулықты сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Олар: қозғалмалы еңбек, рационалы демалыс, шынықтыру процедурлары, дене тәрбиесі мен өзін –өзі дамыту, рационалды және дұрыс  тамақтану, жеке дара гигиена, уақытында дәрігерге көріну т.б.

Балабақшада салауатты өмір салтын қалыптастырудың міндеттері:

1.Адам табиғат пен қоғамнның бір бөлігі деген жүйелік бойынша балаларды тәрбиелеу.

  2.Баланың өлі және тірі табиғатпен үйлесімді қарым қатынасын орналастыру

3.Жеке тұлғаның қалыптасуы

4. Жеке дара гигиеналық тәрбиесі

5.Баланы шынықтыру және оның белсенді қозғалысы

6. Зиян қылықтарды жою және оны алдын – алу.

Валиология курсын ата- аналармен бірлесіп өткізу  өте тиімді. Ата-анамен бала арасындағы қарым –қатынастын проблеммасын ойын және әртүрлі методикалық ойындар арқылы шешуге болады.

         Салауатты өмір салтын қалыптастыру негізінде денсалық бұрышын «Дені сау балақай!», балалармен жеке дара жұмысқа қоса  альбомдар ашуға болады. Мысалы: «Есіне сақта балақай!», «Назар аудар балақай!», «Таңғажайып лабиринт». Балбақшада салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін арнайы физминуткалар жасауға болады.

Балалардың гигиеналық тәрбиесі

Балаларды жеке және қоғамдық гигиеналық дағдыларына тәрбиелеу -  олардың денсаулықтарын қорғауда тұрмыстық, қоғамдық мінез-құлықтарының дұрысқалыптасуында маңызды орын алады. Ақыр түбінде балалардың гигиеналық ережелері және мінез-құлық нормаларына қажетті  білім мен дағдыларын үреніп – орындауларынан, олардың ғана денсаулықтары ғана емес, сонымен бірге басқа балалардың, ересектердің денсаулықтары да тәуелді,байланысты болады.

Балалармен күнделікті жұмыс процесінде олардың жеке гигиена ережелеріг орындаулары үйреншілік әдетке айналып, ал есейген сайын гигиеналық дағдылар үнемі жетілулері керек.

         Әуелі балалар қарапайым ережелерді орындауға үйрену керек: тамақ алдында, дәретханадан, ойыннан, серуеннен, т.б. іс-әрекеттен  кейін қолдарын жуу. 2 жасар бала тамақтан соң аузын ауыз сумен шаю әдеттеріне дағдыландырылады, әрине балаларды осыған алдын-ала үйреткеннен кейін ғана. Ортаңғы және ересек топ жасындағы балалар жеке гигиена ережелерін орындауға  жетік түсіне қарауы қажет. Өз беттерімен қолдарын жуу, көбік шықанша сабындау және құрғата сүрту, жеке орамал, тарақ, ауыз шаятын стақанды қолдану және барлық заттарды таза болуын қадағалауы керек.

         Жеке гигиеналық дағдыларын қалыптастыру – баланың үнемі ұқыпты боуын, киіміндегі ақаулықты өздігінен немесе ересектің көмегімен жою икемдігілігін жорамалдайды. Гигиеналық тәрбие және үйрету мен мәдени мінез-құлық тәрбиесі тығыз байланысты.Сондықтан сәбилер тобынан бастап балалар тамақтану кезінде үстел басында дұрыс отыруға, тамақты мұқият және баяу шайнап, асхана аспаптары мен сүлгілерді қолдана алулары үйретіледі.

Ал асханадағы кезекшіліктер, тек қана үстелді дұрыс жабдықтап қана емес, сонымен бірге кезекшілікке кіріспес бұрын міндетті түрде қолдарын тазалап жуу, өзін тәртіпке келтіру, шашын тарауы керек.

         Мәдени-гигиеналық дағдыларына тәрбиелеу міндеттерін шешуге көптеген педагогикалық тәсілдерді баланың жас шамалық ерекшеліктеріне қарай қолданылады.(Тура үйрету, көрсету, іс-әрекеттерді орындау жаттығулары, дидактикалық ойындар, т.б.)

Ең бастысы балаға мәдени-гигиеналық немесе жеке-гигиеналық дағдыларды бойына сіңдіру үшін оған гигиена ережелерін жүйелілігін сақтау керектігін үнемі естеріне салып отыру және қойылған талаптарды біртіндер күрделендіру қажет. Жәнеде әрекеттерді нақты да  дәл орындауына бірізділікпен жету керек.

 

Мәдени-гигиеналық дағдыларды сәбилер тобының балалары арнайы бағытталған ойын әрекеттері арқылы оңай меңгереді, ал ересек тобында сөздік және көрнекілік тәсілдер арқылы, алуан түрлі мазмұнды каринкалар, белгілер арқылы үйретіледі. Мәдени-гигиеналық тәрбие дене тәрбие, айналамен таныстыру және экология сабақтары арқылы өткізіледі, онда көбінесе дидактикалық, мазмұнды-рөлдік ойындар және кішкене қойылым, рөлдерді бөлісіп ойнау әдіс-тәсілдері қолданылады.

         МЖД балаларға тәрбиеші( кезкелген ересек адам) үлгі екенінде ұмытпаған жөн. Сондықтан ересектердің жағынан балаларға қойылатын талап бірдей болуы керек.

  Қазіргі таңда әлеуметтік маңызы зор мәселенің бірі – бала денсаулығы. Республика көлемі бойынша статистикалық мәліметтерге қарағанда мектепке жасына дейінгі жас балалардың 85%-ке дейін  әр түрлі аурулардың белгілері кездеседі. Яғни біздің қазіргі кездегі елімізде экологиясы жағынан күннен - күнге нашарлап бара жатқаны бәрімізге мәлім. Сондықтан соңғы жылдары мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие процесінде балалардың психикалық дамуы мен тәрбиеленуіне, денсаулығын нығайтуға, олардың салауатты өмір салтын сақтау әдеттерін қалыптастыруға ерекше мән берілуде әр адамның өзі үшінде мемлекет үшін де денсаулық шешуші саясат және демографиялық мүдденің түйіні.

Қазақ халқының ұлттық ойындар туралы қарастырылған ғалымдар: Ж.Ембергенова, Д.В.Хухлаева, А.И.Левшин, З.М.Богуславская, Е.О.Смирнова және т.б.

Салауаттылық өмір  салтын сақтау дегеніміз не? деген сауалға зерттеуші Ж.Ембергенованың мына тұжырымдарын айтуға болады:«Салауатты өмір салты дегеніміз-адамның өмір сүруі үшін қажетті іс-әрекеті мен қызметіндегі ақыл, зерделілігін, парасат, байсалдылығын, сабырлы сана-сезімін, жалпы адамның рухани деңгейін көрсететін жеке тұлғалық мінез-құлық нормасы мен өмір сүру тәсілінің жүйесі»,-дейді. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда салауаттылық туралы білім, іс-әрекет және дағдыларды игеру жөнінде арнайы нақтылы бағыт болуы аса маңызды екенін айтады[1].

Ал қазақ халқының ұлттық ойындарының ерекшелігі жайлы мына ғалымдардың еңбектерінен көрініс табуға болады:

Д.В.Хухлеваның пікірінше , дене шынықтыру жаттығуларын ойынмен ұштастыған сәтте баланың тұрақты іс-әрекетке бейімділігінің қалыптасуы нақ көрінеді., сондықтан дене тәрбиесі күнделкті қажеттілік болумен қатар денсаулықтың, шыдамдылықпен тез  қимыл іс әрекеттің символы болып табылады[2].

А.И.Левшин «қазақ халқының шыдамды, мықты болып өсетінін еңбегінде былай бейнелеген: « қазақ халқының өмірі үнемі мал бағумен, табиғатпен, таза ауада тіршілік етумен өмір өткізуі олардың дене бітімінің зор, күшті болып өсуіне себепкр  болған. Сондықтан да олар суыққа, ыстыққа төзімді, көп жасайды.Атқа мініп жүруді балалары жастайынан үйренген. Олар үшін атқа шабуыл гимнастикалық жаттығулардың бір түрі сияқты болып кеткен»-деген[3].

З.М.Богуславская, Е.О.Смирнованың еңбектерінде 3-4 жастағы балалардың  ой-өрісін дамытып, дене қимылын жақсартатын ойын түрлерін ұсынады. Олар дамыту ойындарының бірнеше талап бағыттарын көрсетеді.Аталған авторлардың айтуынша: «бала ның ой-өрісінің  жан-жақты дамуына  ойын элементтерін дене тәрбиесі сабақтарында аз-аздан еңгізе отырып, келесі сәтте ойлану ойындарына өтіп оқу –тәрбиелік процесінде жалғастырған жағдайда ол өз жемісін береді» деген пікір айтқан[4].

3-5 жас аралығындағы баланың салауатты өмірінің қалыптасуында басты фактор оның қимыл-қозғалыс әрекетінің қаншалқыты дұрыс жолға қойылғандығымен байланысты. Себебі қимыл қозғалыс жаттығулары бұлшық еттерге қан жүгіртіп, ағза қорегін арттырады.

Балалар үшін қозғалыс әрекеті үлкен мұқтаждық болып табылады. Қозғалыс бала үшін  үлкен бір қуаныш көзі, сондықтанда қимыл күші оның денесін қатайтумен қатар психикалық дамуына үлкен әсерін тигізеді. Сондықтан мектеп жасына  дейінгі балалардың мұндай қозғалыстарын дұрыс жоспарлап оны іске асыру балалардың қимыл дағыдыларын дұрыс қалыптастыруға, саналы қозғалыстарды көбейтуге, ағзаның бейміделу қабілетіне әсер етеді.

Ұйымдастырылған қозғалыстар аз болса да балалдарда гиподинамия немесе бұлшық ет қозғалыс белсенділігі төмендейді. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларға тән осы мүмкіндлікті пайдалана отырып, олардың салаутты өмір салтының  дұрыс қалыптасуына ұтымды құрал ретінде ұлттық ойындардан  құралған қимыл-қозғалыс элементтерін оқыту процесіне енгізу қажет деп санаймыз.

Қимыл-қозғалыс ойындары , мысалы «Көрші», «Ақ серек, көк серек», «шыт тастау», «ине жасырмақ», «белбеу тастау» қазақ халқының  ежелгі ұлттық ойындары бала денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, батылдыққа, ептілікке, төзімділікке, дер кезінде тез ойланып, тиімді амал, ақылды шешім, әдіс таба білуге машықтандырады.

Ертеден келе жатқан спорттық қимыл-қозғалыс ойындарының бірі- қазақша күрес. Екі топтан шыққан екі  бала қоян-қолтық ұстасып, аяқтан шалу, жамбасқа түсіру, көтеріп алып жауырынға  жатқызу тағы сол  сияқты айла-тәсілдер қолданып, бір-бірінің жауырынң жерге тигізгенге дейін күреседі.

Бұл қимыл қозғалыс ойындары баланың денесін, бұлшәқ еттерін жатықтырып қана қоймайды, сонымен бірге ойын үстінде баланың өзін-өзі жатықтыруға үйретеді.Соның нәтижесінде баланың нақтылы мақсатқа,яғни ойынға қатысқан әр баланың алдына жеңіске деген ұмтылысы пайда болады.




«Шалқар аудандық білім бөлімі» ММ


«Нұрсәт» бөбекжай-бақшасы






Салауатты өмір салтын қалыптастыру













Тәрбиешілер:Азаматова І.Қ

Әділханова Г.А








2019 жы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.01.2019
3785
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі