400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Салауаттылық - денсаулық кепілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Салауатты өмір салтын насихаттау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Салауаттылық – денсаулық кепілі


Адам денесінің жетілуі - оның денсаулығы;

егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек,

ал егер сау болмаса, онда денсаулықты жетілдіру керек

Әл-Фараби


«Дені сау адам-табиғатты ең қымбат жемісі» деп өте орынды айтылған деп ойлаймын. Біз әрқашан даналықтарға сүйеніп, бірінші байлық – денсаулық деп жатамыз. Алайда, осы сөзге терең мән бермейтін сияқтымыз. Еліміз егемендігін алып, тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен бастап, осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жаөты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат еткен ерекше тұлғалаларды тәрбиелеуді негізгі мақсат-талабы еткен.

Салауатты өмір салтын сақтау туралы көп айтылып, жиі насихатталады. Елбасымыздың Жолдауларында да салауаттылықты мемлекеттік деңгейде қолға алу керектігі көрсетіліп келеді. Бұл еліміз егемендігінің ертеңгі кілтін ұстар ұрпағымыздың болашаққа бару жолының белгілі бағыты десек те болады. Алайда, бір әттеңі осы салауатты өмір салты деген ұғымды әркім әрқалай түсініп жатады. Салауатты өмір салты дегеніміз – денсаулықты нығайту мен сақтау, ағзаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін гигеналық ережені орындау.

Белгілі ғұламалардың бірі Аристотель: - «Жанды дене қозғалмаса өледі» - деген екен. Міне, қараңыз осы тұжырымдама менің ойфмша салауатты өмір сүрудің негізгі көзі болуы керек. Салауатты өмір салтын ұстануда спорттың рөлі зор. Денсаулық – адамға табиғаттың берген ең ұлы құндылығы. Ал сол құндылығымыз - денсаулыққа дене шынықтыру арқылы қол жеткізуге болады. Дене қозғалысы адамның организмін дамытып, еңбек ету қабілеттілігін арттырады, ауруды алшақтатып, ғұмырыңды ұзартады. Адам денсаулығын қалыптастыру және нығайту – медицинаның ғана емес, сонымен бірге барлық оқыту мен тәрбиелеу, білім беру жүйелерінің негізгі мақсаты мен міндеті. Себебі, шәкірт денсаулығының жағдайы оның оқу үлгеріміне, мінез-құлқына, қарым-қатынастарына тікелей әсер етеді. Сондықтан, таңертеңгілік жаттығулар жасауды әркім, әсіресе оқушылар күнделікті әдетке айналдырғаны абзал. Ал, қазіргідей төтенше жағдай орын алған кезде қашықтықтан үйде оқып отырған оқушылар үшін бұл сөзімнің мәні зор деп ойлаймын. Күнделікті таңертеңгілік жаттығулар, сабақ арасында бой жазу жаттығулары жасау, бос кезінде тиісті жаттығуларды қайталау адам ағзасына оң әсерін тигізері сөзсіз.

Қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді, организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады.

Ендеше, қозғалыста болайық, спортпен шұғылданайық, салауатты өмір салтын ұстанайық!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 мамыр
436
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі