"Шалдарға шапан кигізер едім...."Мақала

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Шалдарға шапан кигізер едім...."Мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Болашақтағы жастарға керек деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шалдарға шапан кигізгім келеді.

Осы мақала мені көптен мазалап жүр еді,тіпті жылдар бойы оқталып қолыма қалам алам деймін, бірақ күйбен тірлік,жанталасқан-қараталасқан заман-ай тағат тартып отыруға да мұрша бермейсін-ау.Шалдарға шапан кигізейін деп едім,қаншама әкелеріміз,ағаларымыз ана дүниеге кетіп жатыр, енді қалғаны жарылқап алсақ болар,өзімізде ел ағасы болып келе жатырмыз.Оқырманым түсінік бере кетейін айтайын дегенім,қозғайын дегенім,бір қоғамдық талқыға лайық мәселе еді,ендігі мынау кім,қайдан шыққан бизнесмен бәрін жарылқағысы кеп жатқан деген де ой-түйіп қалған шығарсыз.Жо-жоқ ешқандай бизнесменде ,миллионерде емеспін,қарапайым мұғаліммін. Елден аларымнан берерім көп бір бейбақпын.Алладан бұрын адам жанымды алмай тұрғанда оқырманға ой тастамақпын.Осыдан 30-40 жыл бұрын совет үкіметі деген заман болған.Онда қазіргі компьютер,телефон,айти-сити дегенді түсінде де көрмеген мен және менің аға-апаларым өмір сүрдік. Біз не көрмедік деп мақтанбайын,біз тыныш заман,бейбіт өмір,молшылық,тоқшылық көрдік.Ең бастысы біздің көргеніміз,соғыс көрген,от кешкен,аштық көрген,жоқта өскен,қажырлы қайсар заманның адамдарын көрдік,әңгімесін,тарихын, өздерінің болашақ ұрпақтарына деген тілектерін естідік.Қай-қайсының да айтатыны біз көргенді сендер көрмесеңдер екен дейтін.Арман-тілектері адал жүректерден шыққасын оғанда жеттік.Енді бір сәт сол заманның адамдарын көз алдымызға елестетейік яғни киім киісін.Аталарымыз бастарында тақия,ешқандай қытайда-мытайда тікпеген өзінің кемпірі не сол маңайдың бір тігіншісінің қолынан шыққан.Еш қиындығы жоқ түсінік үшін айтайын екі қабат матаның ішіне түтіп мақта саласын не бір жұмсақ материал салып бастырып шығасын болды.Енді шапанға келейік тізеден жоғары (сюртик сияқты) жағасы мен жені көмкерілген,алдынан түймеленген,төсінде екі қапталында ыңғайлы қалтасы болады.Шақшасы,бәкісі,қалта сағаты өз орнымен тұрат.Ешбірінде де ою-өрнек болған емес,әйтпесе әжелеріміз оюдың оюын салар еді ғой,бізден қалған деп.Жені кеңдеу болатын,қолды жуғанда ыңғайлы,яғни шынтақтан жоғары төрт елі еркін түрілуші еді. Белберт,барқыт,қара қыжымнан,сиса матадан астар салынып тігілетін.Еш қиындығы жоқ кез-келген қолына машина ұстап көргеннің қолынан келетін.Өзбектер тізесінен түскен мақта салынған қаптама шапанын тоңса киген,түркімендер баласы шауып есегі озса киет,ар-жағы жаман айтылған жалғастырмай-ақ қояйын.Қандай заман болса да көршілеріміз шапанын тастамапты,тек біз ғана не кигенімізді ұмытып қалыппыз,еске түсірсек Абылай ханның құндыз ішігі, Барақ сұлтанның шекпені әлі олар музейде де жоқ қой.Бертінде көзбен көргеніміз ешқандай дүкенде сатылмаған қарапайым қолдан шыққан кез-келген ақсақалдың үстіне шақ келген шапан еді ғой.Біздің аталарымыз қарап отырсақ сән жағынанда аити болған екен-ау,Сотка салатын қалта,әмиянның орны,дәрі-дәрмекпен фонариктің өз орны бар.Атқа мінесіңбе,машинада отырасың ба бәріне ыңғайлы.Әлі есімде совет заманындағы ауыл ақсақалдарының орны ерекше екен-ау. Бірі төс қалтасындағы сағатын мақтана қарап,біреу сары жез шақшасын шертіп салып жатыр,әбден желінген, бәкісін тазалап,соңғысы төрт бүктелген құранға ұқсайтын кітапшасын алып жататын.Қара қыжымнан тігілген шапан, жағасы,жеңі қара атласқа ұқсас екі елі мата,қоңыр белберт шапан,қара белберт бәрі жарасымды үлкейген адамның қозғалысына сай кедергісі жоқ. Бұл тек менің есімде қалған естеліктер екен,ал енді сол заманда жасыл шырша сияқты сары шамдарының орнына сары ою салған қазіргі қытайдың шапандарын киген шалдарды көргендерін болса аттың басын жібере беріңдер.





Амангелді ауданы. Н.Мейірманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі Тарих пәнінің мұғалімі:Туякбаева Жанагул Койшиевна











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2019
521
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі