«Сәлем – сөздің анасы»

Тақырып бойынша 19 материал табылды

«Сәлем – сөздің анасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Сәлем – сөздің анасы» деп қазақ бекер айтпаған. Алайда осы сөздің мән-мағынасын түсінбейтіндер арамызда көп-ау. Берген сәлеміңді алмай, сені көрсе де, көрмегендей қалыпта дәл қасыңыздан өте шығатындарға келесіде сәлемдескің келмейді-ақ. Бірақ келесі жолы да ондай кісілермен амандасасыз. Әйтеуір сіз сәлемдесуден айнымайсыз. Мұныңыз өте дұрыс. Діни кітаптарда да мұсылман мұсылманмен сәлемдесуі міндетті екені айтылады. Бұл – пайғамбарымыздан қалған сүннет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Сәлем – сөздің анасы»

Shape1

«Сәлем – сөздің анасы» деп қазақ бекер айтпаған. Алайда осы сөздің мән-мағынасын түсінбейтіндер арамызда көп-ау. Берген сәлеміңді алмай, сені көрсе де, көрмегендей қалыпта дәл қасыңыздан өте шығатындарға келесіде сәлемдескің келмейді-ақ. Бірақ келесі жолы да ондай кісілермен амандасасыз. Әйтеуір сіз сәлемдесуден айнымайсыз. Мұныңыз өте дұрыс. Діни кітаптарда да мұсылман мұсылманмен сәлемдесуі міндетті екені айтылады. Бұл – пайғамбарымыздан қалған сүннет.

Бірін-бірі танитын кісілер нәсіліне, дініне қарамастан амандасуы қажет. Өйткені олар, ең алдымен, ақыл иелері және бір-біріне бөтен емес. Сондықтан сәлемдесу – адамдар арасындағы қарым-қатынасты жал­ғастырар ең басты тілдік құрал. Алайда ауыз толтырып «Алланың нұры жаусын!» деп, яки «Ассалаумағалейкум» деп сәлемдесіп, оған «Сізге де Алланың нұры жаусын!» деп жауап қатуға тиіс. Өз бауырларымыздың кейбірі ата дәстүрді бұзып, әлі күнге басқаша амандасады. Өздеріңіз бірін-бірі көргенде беттерінен, тіпті еріндерінен сүйіп сәлемдесетін бойжеткендерді көріп жүрсіздер ғой. Міне, тап сол секілді ерлер де қол алысып амандасуды, тіпті төс түйістіргенді азсынып, енді бір-бірінің беттерінен «шөпілдетіп» сүюге кірісіпті. Әсіресе, мұндай келеңсіз құбылысқа икемділер ел білетін, азды-көпті лауазым иелері екені тіптен қызық. Ұлттың зиялысы болуға жарайтын, көпшілік «бұл бала билікке бір табан жақын жүретін азамат қой» деп қарайтын, костюм киіп, галстук тағып шікірейгендеріміздің кез келген жерде, көбіне қоғамдық жерлерде, кісі көп жиылған орындарда шұрқырасып, алма-кезек беттерін «былшылдатып» сүйісіп жатқанын көргенде өзің де қысылып қаласың. «Өзі ұялмаған – өзгенің бетін шиедей қылады» деген – осы. Сәлемдесуді осындай деңгейге дейін түсіріп жүргендердікі білместіктен дейін десең, зіңгіттей, білімді адамдар. Бұлардыкі әлде жағымпаздық па? Екеуі де сияқты. Оңаша кабинеттерінде кездескенде солай амандасып жүретін болса керек. Сірә, жүре-бара жұрт көзінше де солай амандасуға көшкен. Әрине, ұзақ уақыт көрмеген жағдайда балаларды, ұл-қыздарыңды, немере-шөберелеріңді бетінен, маңдайынан иіскеп, сүйіп, елжіреудің сөкеттігі жоқ. Көпшілік бас қосқан жерде ортақ сәлем бергеннен кейін, жекелеп амандасу – басы артық әрекет. Әдетте жасы кіші – үлкенге, жеке – жалпыға, аттылы – жаяуға, басшылар бұқараға бұрын сәлем беруі – міндет. Әлібек Жиенәлиев, № 56 мектеп-лицейінің ұстазы Астана



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2025
179
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі