Материалдар / «Сәлем, саған алтын күз!» (мерекелік ертеңгілігі)

«Сәлем, саған алтын күз!» (мерекелік ертеңгілігі)

Материал туралы қысқаша түсінік
«Сәлем, саған алтын күз!» (мерекелік ертеңгілігі)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2021
293
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы Первомай ауылы.

Бітік ОЖББМБ КММ


Тәрбиеші: Рахметуллина Нұрайла Әмірғалиқызы




«Сәлем, саған алтын күз!»

(мерекелік ертеңгілігі)

Зал әсем безендіріліп, музыка әуені ойналып тұрады. Фанфар ойналып «Ақ көгершін» ІІ- кіші тобының балалары залға кіріп оң және сол жақ қанатқа тұрады.

Жүргізуші: Құттықтау сөз.

Армысыздар құрметті қонақтар, ата – аналар, әріптестер және осы бөбекжайдың бүлдіршіндері! Баршаңызды осынау сағындырып, сарғайып жеткен «Алтын күз» мерекесімен құттықтаймыз! Біздің бүлдіршіндеріміз дайындаған ертеңгілігімізге қош келдіңіз!

Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл, жарқын жүз.

Сары алтынға малынған

Жетті міне алтын күз!

Балалар бүгін біздің зал қандай әдемі, қаншама түрлі-түсті жапырақтарға толы. Кәне айтыңдаршы бүгін бізде қандай мейрам?

Балалар: Күз мейрамы

Тақпақтар:


Күзім-ау, күзім-ау! Амина

Мінезің бұзық-ау

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау!


Алтын, сары, қызыл, көк, Айлана

Алуан-алуан жапырақ.

 Күзгі бақта күлімдеп,

 Көз тартады атырап.



Золотое Время года Алдияр

Осень добрая пришла

Всем подпрки принесла


Кездескен сон күзімен, Асел

Бұтағынан үзілген.

Ай жапырақ-сары алтын,

Айналаның бәрі алтын


Көбейді құт-береке Нұртілек

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз.



Рэйн рэйн гау эуей Мадина

Кам эган эназер дей

Литл чилдрен он ту плей

Рэйн рэйн гоу эуей


Жүргізуші:

Ән: «Жарқын күз»


Жүргізуші: Жеміс-жидек піседі, жапырақтар сарғайып,

Құстар ұшып барады, жаңбыр жауып, күн суып.

Жылы киім киеміз, бақшамызға келгенде,

Бұл қай мезгіл балалар, жауабын кәне кім табар?

Балалар: Күз

Жүргізуші: Ал сендер күз сөзінің үш тілде білесіңдерме?

Балалар: Күз-осень-autumn (отом)

Жүргізуші: Иә дұрыс айттыңдар балалар! Күз мезгілінде көптеген өзгерістер болады екен, оны біз қазір білетін боламыз, мен қазір сендерге сөйлемнің басын айтам ал сендер аяқтайсыңдар, жақсыма балалар?

-Күзде жапырақтар (сарғаяды)

-Күзде күн (суып салқындайды)

-Күзде құстар (жылы жаққа ұшады)

-Күзде жаңбыр (жауады)

-Күзде жемістермен көкөністер (піседі)

----Өте жақсы балалар!

Жүргізуші: Балалар сонымен күз мезгілінде жемістер мен көкөністер піседі екен!

(Залға бақша өсіруші қасында жемістерді ертіп кіреді)

Бақша өсіруші: Сәлеметсіңдерме балалар!

Балалар: Сәлеметсізбе!

Бақша өсіруші: Мен Бақша өсірушімін. Өзімнің бақшамда көптеген жемістер мен көкөністерді өсіріп, қысқа мол азық жинап алдым. Өзіммен бірге көкөністерімді ерте келдім.


Алма                         

Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім.
Жерге сілкіп түсірме,
Ісіп кетер маңдайың. Дильяра


Құлпынай                       

Піскен кезде құлпынай,

Қандай тәтті шіркін – ай.

Қарай бергің келеді,

Дүркін, дүркін, дүркін – ай..                       Еркеназ


Алмұрт                     

Тіл үйірген алмұртпын

Таңсығымын бар жұрттың.

Жақсы өсіре алмайды,

Қараса егер салғырт кім. Айзере С


Шие                           

Мен моншақты шиемін,

Құмарсыңдар білемін.

Кетіп қалып жүрмесін,

Тамағыңа сүйегім. Айсана


Би: «Жемістер»

Жүргізуші: Балалар бақша өсіруші бізге ойынын бірге ала келген, ойынның аты «Көкөністер мен жемістерді жина», яғни екі себет тұрады, біреуіне көкөністерді, ал екіншісіне жемістерді шатастырмай жерден жинап себетке саламыз. Ендеше бірге ойнайық.

Ойын: «Көкөністер мен жемістерді жина»

Әуен ойналып шашу шашып Күз ханшайымы кіріп келеді.

Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдерме, балалар!

Ырысқа толы қоймалар,

Сабан тойы тойланар.

Берекелі күз болам,

Байлыққа мұртың майланар. -сендер мені шақырдыңдарма?

Жүргізуші: Сәлеметсіңбе, Алтын күз! Қош келдіңіз! Күз ханшайымы , біздің балалар күз туралы өлен, тақпақтар біледі.  Сіз жәйланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз

Тақпақтар:

Сары теңге жапырақ, Алихан Т

Бояған ба көл бетін? 

Тоңазыпты топырақ, 

Ызғарлы екен жел де тым.



 Астық жеміс жиылды, Сая

 Қамбамызға құйылды.

Ардақты күз мың алғыс,

 Алдық өнім сыйыңды.


Күн шуаққа маужырап, Шұғыла

Жатыр еді атырап

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.


Ұшты талдан жапырақ  Айзада Д                

Сары көбелек секілді 

Аспанда жай шатырлап

Тамшы жерге секірді



Жүзім, алма жинаймыз, Айзере Д              

Алтын мақта тереміз.

Үлкендерді сыйлаймыз,

Көмектесе береміз


Сау-сау етіп жапырақ Бақытжан

Сабағынан үзілді.

Қоңыр тартып атырып

Көкке құстар тізілді.



Ән: «Жаңбыр»

Ойын: Күн мен жаңбыр.

Би: «Қолшатыр»


Тақпақтар:


О, алақай, тамаша, Инжу Ш

Шашу шашады жапырақ.

 Бақтың іші алаша,

 Аунар ма еді жатып ап!



Өнім үйіп тастадық, Жұлдызай

Оқуды да бастадық.

  Берекелі алтын күз,

 Ашық болсын аспаның.


Фол из фан Сабира

Ай лайв ту ран

Ай си зе сан

Фол из фан


Жайдары күз, жарқын күз Айару                

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы кең далам,

Дариядай шалқар күз.



Осень наступила Арслан

Высохли цветы

И глядят уныло

Голые кусы


Ән: «Көңілді жаңбыр»

Би: «Бақалар»

Тақпақтар:


Даун даун даун Алихан Ә

Елоу әнд браун

Зе ливс а фолин

Овер зе таун

  

 Қуандырып біздерді, Мұхаммедали       

 Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.


Падают, падают листья Нұриман

В нашем саду листопад

Желтые, красные листья

По ветру вьются летят


Берекелі, мерекелі,  Нүркен
Келді жомарт алтын күз, 
Қалада да, далада да, 
Жанның бәрі жарқын күз. 

Күздің қазан айында Елнур
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр етеді.

Мен торғаймын, торғаймын Қасым
Суықтан да тоңбаймын,
Құрт - құмырсқа жәндіктен.
Бау - бақшаны қорғаймын.


Құстар қайтты ән салып, Нұралы
Бұлт шарлады аспанды,
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды.


Итс райнин биг Тамирлан

Итс райнин смол

Итс райнин отм

Ливс ин фол



Би: «Күзгі вальс»

Алтын күз: Балалар мен осы күзгі балға құр келмей сендерге өзімнің тәтті жемістерімді ала келдім, сол жемістерді сендерге табыстағым келеді. (балаларға жемістер беріледі).

Алтын күз балалармен қоштасып залдан шығып кетеді.

Бақша өсіруші: Жарайсыңдар, балалар қандай әдемі балалар. Гүлдей жайнап өсе беріңдер.

Ән: «Күзгі бақ»


Жүргізуші:

Алтын күзді тойладық,

Би биледік, ән салдық.

Қуанышпен қарсы алдық,

Бәріңізбен қоштасайық – деп мерекемізді аяқтаймыз. Сау болыңызда

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ