"Сәлем саған, алтын ұя мектебім!"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Сәлем саған, алтын ұя мектебім!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғашқы қоңырау салтанытының сценариі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебі» КММ

















«СӘЛЕМ САҒАН, АЛТЫН ҰЯ МЕКТЕБІМ»

Алғашқы қоңырау салтанаты









Жүргізуші: тәлімгер Д.О.Жактаева











02.09.2017 жыл



Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен қадірменді ата-аналар!
Армысыздар ардақты, мектеп оқушылары мен балауса балдырғандар!

Ендеше барлығымыз да сағынышпен күткен “ Сәлем саған, Алтын ұя мектебім ”атты білім күніне арналған мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймыз.
1-сыныпқа қадам басқалы отырған бүлдіршіндерді қарсы алайық! (ортаға 1-сынып оқушылары шығады)

Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр.
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз баршаларыңызға құтты болсын!
 
- Рапорт беруге!
Көк тудың желбірегені 
Жаныма қуат береді,
Таласқа түссе жан мен ту
Жан емес маған керегі
Көк тудың желбірегені –
 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалсын!
 
Бүгін біздің қуанышымызға ортақтасу үшін мерекемізге келген құрметті қонақтармен таныс болыңыздар:
1. Нұр Отан халықтық демократиялық партиясының бірінші орынбасары Дүрмекбаев Қайырғазы Нұрлыбекұлы
2. Ауыл әкімі Қайранбаев Талғат Жанатұлы

«Алғашқы қоңырау» мерекесін салтанатты түрде ашу үшін алғашқы сөз кезегі мектеп директоры  Ерлан Серікқазыұлына беріледі.

2017-2018 оқу жылының басталуына байланысты педагогикалық кеңестің қаулысымен таныстыру директордық оқу жөніндегі орынбасары Самал Қарпыққызына сөз кезегін береміз.

2017-2018 оқу жылының басталуы қарсаңында «Тамыз кеңесінің» марапаттаулары.

Құшақ жая қай жерде де қарсы алар,
Абзал жан бар, биік тұлға байсалды.
Қуаныш пен салтанатты шақтарда
Қонақтар да ақ тілегін ақтарар.
Құттықтау сөз

  1. Аудан әкімшілігінің өкілі Нұр Отан халықтық демократиялық партиясының бірінші орынбасары Дүрмекбаев Қайырғазы Нұрлыбекұлына беріледі

  2. Ауыл әкімі Қайранбаев Талғат Жанатұлына беріледі

  3. 1 сынып оқушыларының ата-аналарына беріледі Қабиденова Айша, Есімханова Ғазиза.

Біреулер енші ап өмірден,
Аттанбақ болса асып қыр
Біреулер балғын көңілмен
Алғашқы қадам басып тұр
Сондықтан да назарды,
Солар жаққа бұрайық
Балдырғандарды базарлы
Қарсы алып, қол ұрайық.


Бүгінгі мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1-сынып оқушыларына сәтті қадам, таудай талап тілей отырып, 1 сынып оқушыларын мектепке қабылдау рәсіміне кезек берейік.

Сынып жетекшілері Динара Серікқызы және Сымбат Серікбайқызы

Қадамыңа гүл бітсін деп ал халқым,
Қол соғып бір қошеметтеп тұр жалпың.
Ортаға 1-сыныпқа қадам бастаған бүлдіршіндер келеді,
Жүрек жарды тақпақтарын сіздерге айтып береді.
1-сынып оқушыларына «Менің Отаным Қазақстан» кітабын табыстау құрметі Нұр Отан халықтық демократиялық партиясының бірінші орынбасары Дүрмекбаев Қайырғазы Нұрлыбекұлына беріледі.

Жаңа оқу жылы құт болып,
Ізгілік оты жағылсын.
Бөбектеріміз жұп болып,
Алғашқы қоңырау қағылсын – алғашқы қоғырауды күмбірлете соғу үшін ортаға мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған оқушыларды шақырамыз.

  1. Қабдікәкімов Қуандық

  2. Зиятова Балауса

Аялар бейбіт күн нұры,
Мектебім, бізге жөргексің.
Алғашқы қоңырау сыңғыры
Ән болып сені тербетсін.
Сыңғырла қоңырау, сыңғыр қақ,
Жаңа оқу жылын ашқасын
Бал үнің сенің сырлы ырғақ
Сыныпқа бізді бастасын
Қоңырау үні шарықта,
Өзіңнің сиқыр тіліңде
Қызмет көрсет халыққа
Шақырып өнер – білімге
Жаңа оқу жылы жемісті
Мерейі үстем жыл болсын
Шәкірттеріміз өрісті
Елім дер қыз бен ұл болсын.
1-сынып оқушыларын мектеп табалдырығын аттап, сыныпқа апару рәсімі құрметті қонақтарға беріледі (1-сынып мектепке кіреді)
Ендеше мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған 1-сынып оқушылары мен алғашқы ұстаздарына қошеметпен қол соғып қояйық!

Мектепке 1-сынып оқушылары мен ұстаздарын алғашқы білім күніне арналған сабаққа шақырамыз.


Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан
 
Іздемей-ақ табылар – алғашқы қадамдарың құтты болсын, алтын ұя мектебіңде білім нәрімен сусындап, жарқын болашаққа сеніммен қараңдар.
Ақ жол, бүлдіршіндер!
Біліммен асып - тасайық
Тілеуін берсін көк көптің
Тілекпен осы ашайық
Есігін енді мектептің

Осымен 1-қыркүйек білім күніне арналған «Алғашқы қоңырау» мерекесі өзі мәресіне жетті. Салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Білім күні құтты болсын. Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!


Баннер



Салтанаттық ашылуы

Picture 2

1-сынып оқушыларын қабылдау

Білім сабағы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.12.2018
606
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі