Сәлем сөздің анасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сәлем сөздің анасы

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі


Есік педагогикалық колледжі










Тәрбие сағаты


Тақырыбы:


Сәлем-сөздің анасы











Топ: 16

Топ кураторы: Қуанышбаева А.Т.





Есік 2009



Сәлем- сөздің анасы.

Мақсаты:

  1. Сәлемдесу туралы әңгімелесе отырып, білімдерін кеңейту.

  2. Оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту.

  3. Әрдайым әдепті болуға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, тәртіпті болуға баулу.


Көрнекілігі: Плакаттар, қалташалар, жұлдыздар, сөзжұмбақтар.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіңдер ме, балалар?

-Отырыңдар!

-Қазір бізге сынып сағаты. Бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы: «Сәлем-сөздің анасы» деп аталады.

1.Кіріспе бөлім:

-Балалар, сәлемдесу ағайыНЕ мен туысы, достарды, інілер мен ағаларды- барлық халық бірлігін көрсетеді.

Жалпы әлемдегі мұсылма мұсылман халықтарының барлығы да, соның ішінде қазақ халқы да бір-бірімен өзара сәлемдескен кезде «Ассаламмағалейкум» деп амандасады. Бұл сөзді сендер естідіңдер ме?

-Иә.

-Ол сөздің мағынасын білесіңдер ме?

-Бұл сөз «Тәңіріден есендік тілеймін» дегенді білдіреді.

- Ал, оған қандай жауап қайтарады?

-Иә, «Уағалейкумассаллам»

-Ал, уағалейкүмассаллам деген «Біз де сізге тәңіріден амандық тілейміз» деген мағынаны үстейді. Міне, бұл сәлемдесудің әдептіліктегі ең басы. Осыдан кейін барып, бала-шағамен мал-жандың есендігін сұрайды.

Халқымыз атамзаманнан бері бір-біріне иба көрсетіп, таныған-танымағанына қарамай сәлемдесуді, үлкендердің алдынан кесіп өтпеуді, қос-қолдап амандасуды, таңертен ұйқыдан тұрғанда ата-анаға, жасы үлкендерге сәлем беруді, және сол сияқты аяулы адамшылықты баршаға бірдей әдеп нормасы епіт, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған.

  1. Негізгі бөлім.

Қазақ салтында төріде ақсақал, сыйлй адам отырса, сырттан сәлем беріп келген жан дауыстап сәлем беріп, қолын кеудесіне салып, басын иген.


Ойын.

Балалар, енді біз сендермен біраз ойынға кірісейік! Алдымен, біз 3-топқа бөлінеміз, 1-топ Ақылдылар тобы, 2-топ Білімділер тобы, 3-топ Білгіштер тобы. Менің қолымда жұлдызшалар тұр. Сендер оның артындағы сұраққа жауап бересіңдер, және өз қалташаларыңа сол ұпайды жинайсыңдар!

Сұрақтары:

  1. Сөз анасы? (Сәлемдесу)

  2. «Ассаламмағалейкүм» сөзінің мағынасы

  3. «Уағалейкүмассаллам» сөзінің мағынасы

  4. Әдептіліктің ең басты белгісі?

  5. Таныс адаммен жолыққанда не істейсің?

  6. Сыныпқа біреу кіргенде не істейміз?

  7. Әдепті бала қандай болады?

  8. Әдептілік туралы мақал айт?

  9. Жақын адамдармен қалай амандасасың?

10.Басқа ұлттар қалай амандасатынын білесің бе?

-Жарайсыңдар!


-Ең алдымен, амандасатын адамның көзіне қарау керек, содан соң, онымен қабақты шытпай, күліп амандасу керек. Жасы кіші адам жасы үлкен адамға бірінші болып амандасады.

Жақындап келе жатқан адаммен амандасу керек, егерде озып бара жатсаң, озған адам міндетті түрде бірінші болып амандасады.

«Сәлеметсің бе?» Бұл кішкентай сөзде үлкен сыр жатыр.Бұл сөз «Мен сізді аман-есен ұшыратып тұрмын, жүзің жарқын болсын, Алланың нұры жаусын!» деген сөздерді өз ішіне алады.

«Армысыздар!»- сәлемдесудің ежелгі қазақи түрі.


3.Қорытынды бөлім:


-Енді балалар, сөзжұмбақ шешейік:



Сұрақтары:

  1. «Сізге Алладан амандық тілеймін» қай сөздің мағынасы?

  2. Сыныпта ең бірінші кіммен амандасамыз?

  3. Сәлемдесудің ежелгі қазақи түрі?

  4. Сәлем сөздің ...

  5. Тәртіпті болу, жақсы оқу қай оқушыға тән?

  6. Жасы үлкен кісімен кім бірінші болып амандасады?

  7. «Мен сізді аман-есен ұшыратып тұрмын» қай сөздің мағынасы?

  8. Сөйлеуден бұрын не істеу керек?


-Жарайсыңдар!

-Біз сендермен қандай тақырыппен таныстық?

-Дұрыс!

-Бұл не туралы екен?

-Енді біз бәріміз әдепті боламыз ба?


Белсенді қатысқандарды мақтап мадақтау.

-Осымен біздің тәрбие сағатымыз аяқталды.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
04.12.2020
386
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі