"Сәлем түзелмей - әлем түзелмейді" тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Сәлем түзелмей - әлем түзелмейді" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: - Оқушыларды ізеттілікке, сыпайылыққа, әдептілікке, достыққа тәрбиелеу. - Оқушылардың сыйластық қарым - қатынас дағдыларын дамыу. - Оқушыларды үлкендермен амандасуға, бір - бірімен сәлемдесуге, бір - біріне ізет, сый - құрмет көрсете білуге үйрету. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тәрбие сағаты: «Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді»

Мақсаты: - Оқушыларды ізеттілікке, сыпайылыққа, әдептілікке, достыққа тәрбиелеу.

- Оқушылардың сыйластық қарым - қатынас дағдыларын дамыу.

- Оқушыларды үлкендермен амандасуға, бір - бірімен сәлемдесуге, бір - біріне ізет, сый - құрмет көрсете білуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақтың әдістері: баяндау, топтау, сұрақ - жауап.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

2. Хор сәлемдесу туралы

3 .Шаттық шеңбер

Дөңгеленіп тұрайық

Керегені құрайық.

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп

Киіз үйді құрайық.

-Балалар қараңдаршы біз міне бір шаңырақ астында тұрмыз

2. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Қай халық болмасын, қай ел болмасын, бір – біріне жылы мейір мен кең пейілділікті, достықты, өзара жақындықтарын білдіріп, амандық – саулық сұрасып, өзінің аман екендігін білдіруі –сәлемдесуінде.

-Ендеше Бүгінгі біздің «Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді» атты тәрбие сағатымызға бір- бірімізге жылы лебізімізді білдірейік! «Сәлем беру» туралы.

-Ендеше балалар қолымыздағы уықтарымыздың түстеріне қарай орындарымызға жайғасайық!

Ой қозғау:

-Оқушылар сендер сәлемдесе білген адам қандай болады деп ойлайсындар?

сәлемдесе білген адам

Қане мына тірек сызбаны толтырып жиберейікші?

Әдепті , мейірімді, кең пейілді, нағыз азамат

-Ал енді сендер білесіңдер амандаспайтын адамдар болады олар қандай адамадар деп ойлайсыңдар? (Мейірімсіз, қатігез, ызақор, паң, өркөкірек)

- Өзің қалай амандасасың?

- Кішіге бірінші болып амандасасың ба?

-Ұстаз болсаң ең алдымен неден бастар едің?

- Досың сәлем бермей қалса өкпелейсің бе?

- Өзіңе бірінші сәлем беруді қалайсың ба?

- Мұғалімдерге қалай амандасасың?

- Жылы шыраймен амандасуға қалайсың?

- Тыржиып, естір - естімес міңгірлеп, ернін жыбырлата салып амандасу туралы не ойлайсың?

1 – оқушы: Сәлем – әдептілік белгісі.

2 – оқушы: Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем қылу сияқты көптеген түрлері бар.

3 – оқушы: Сәлемдесу – кездескен адамдардың бір – бірінің амандығын біліп қуанышқа бөленуі. Бір – біріне аман – саулық тілеп, тілектестігін, ниеттестігін білдіру, әдептілік пен ізеттілік нышанын көрсетіп жақсылыққа жарылқауы.

4 – оқушы: Әрбір адам «Қайырлы таң», «Қайырлы кеш» деген сөздерді амандасуға қосып айтады.

5 – оқушы: Амандасу адамгершіліктің , әдептіліктің бір белгісі болып табылады.

6 – оқушы: Амандасқан адам қазақ салтында оң алақанын жүрегінің үстіне қойып басын изейді.

Жасының үлкендігін міндет етпей, алыс жол жүріп келген немесе ауылға алғаш келген адамға үлкен адамдар өзі келіп сәлем береді.

Қосымша мәлімет:

Мұғалім сөзі Халықаралық сәлемдесу күні (World Hello Day) жыл сайын 21 қарашада аталып өтеді. 1937 жылы бұл мерекені ағайынды американдықтар Майкл мен Брайен Маккамоктар ойлап тапқан болатын. Сол кездері Египет пен Израильдың арасында шиеленіс болып жатқан еді. Осы суық соғысты басу мақсатында өмірге келген бұл мереке сол күннен бастап халықаралық қақтығыстарды басудың басты күні саналды. "Бір оңтайлы шешімін табу керек", - деп балақ түріп, білек сыбанған ағайындылар әлемнің барлық елдеріне жарқын көңілмен ашық хат жолдайды. Жер бетіндегі елдердің қақтығыстарын басайық деп ешкімге қолқа салмайды, идеяны өздері-ақ қолға алды. Олар сосын сәлем айтып жіберген хат алушыдан тағы бір адамға осындай хат жолдауын өтінеді. Тым болса, осы хат алушының атынан 10 адамға жіберілсе деп тілейді. Уақыт өте келе бұл мейрам әлемнің 180 елінде тойлана бастап, олар да ағайындылармен қосыла осы идеяны қос қол көтере қолдайды. Содан бері Халықаралық сәлемдесу күні жер шарындағы кез келген жанның ортақ мерекесіне айналды. Бұл күні адамдар бар ренішін ұмытып, өзіне өкпе ұстап жүрген жандарды бауырына басып кешеді. Тіпті танымайтын жандарды көрсе де, сәлемінің қаншалықты түзулігін көрсетіп ықылас танытады. Аталған мереке Халықаралық болғандықтан бәріміз үшін де маңызы ерекше. Мұны жас та, кәрі де, әйел де, ер де, бай да, кедей де қатар тойлайды. Бұл - әлем елдерінің татулығы мен келісімін нығайтатын ұлы күн! Бастысы сәлем беру, сәлем алу ғана емес. Мәселе - көңілде... Шын ниетпен айтқан сәлеміңіз адам көңілінің көтеріліп қалуына себепші боларын ұмытпаңыз.


-Жақсы балалар біз қандай елдерді білеміз? Ресей, қырғызстан, қытай

Әр елдің өзіне тән діні, тілі , сал- дәстүрі, өзіндік ерекшеліктері бар.

Мұғалім- Ендеше сол елдердің бір – бірімен қалай сәлемдескеніне куә болайық.

Екі оқушыдан шығып көрсетеді.

1. Қазақ ұлты қол алысып амандасады.

- Ассалаумағалейкум.

2. Орыстар құшақтасып үш рет алма – кезек сүйісіп амандасады. Денінің саулығын сұрасады.

- Здравствуй.

3. Ағылшындар беттерін тигізіп амандасады.

- Хауду юду.

Жүргізуші: Ал, күншығыс елі жапондықтар бір – біріне иіліп, екі қолын қусырып, басын шұлғып, белін бүгіп, жымия күледі.

1 – қатар орындарынан тұрып, бір – біріне жапондықтарша сәлем береді.

Ауғандар алдымен қолын маңдайына тигізіп, иба жасап, иіліп сәлем береді. Бұл «басымыз аман болсын» дегені.

2-қатар орындарынан тұрып, ауғандықтарша сәлемдеседі.

Ертедегі қытайлар өз қолын өзі қысып амандасқан. Қазір «Бүгін тамақтандыңыз ба? Қарныңыз тоқ па ?» - деп сұраған.

3 – қатар қытайлықтарша сәлемдеседі.

Гректер «қуаныңыз» деп сәлемдессе,

Тибеттіктерде тіптен қызық, бір бірімен амандасқанда оң қолымен бас киімін алып, сол қолымен құлағының артын ұстап, тілдерін шығарады екен.

Француздар маңдайыңнан сүіп амандасады.Вон жур дейді

- Балалар міне біз білдік кай ел, калай амандасатын.

-Оқушылар енді топқа бөлініп орнымызға отырайық


«Әдептілік қағидалары» ( жағдаяттар шешу)

Әр топ жағдаяттық сұрақтарға жауап береді.

1. Қолында 2 ауыр сөмкесі бар бір әжей базардан келе жатыр еді. Алдынан ойнап 2 бала шығып, әжейді абайсызда қағып кетеді. Әжей жығылып, қолындағы бар заты шашылса да, екеуі артына қайырылмай алысып ойнап кете береді. Егер де сіз сол балалардың орнында болсаңыз не істер едініз?

2. Екі оқушы мектепке келе жатыр еді, алдарынан қарт кезігіп қалды. Ол оқушылардан мектепке дейін жол көрсетуін сұрады. Сонда оқушылар өздерін асығыс екенін айтып, өз жөндерімен кетіп қалады. Егер де сізде осындай жағдай болса сіздің іс әрекетіңіз?

3. Қоғамдық көлікте орында отырдыңыз, бір аялдамадан балалы әйел мінді ондай жағдайда қандай әрекет жасайсыз?

4. Көшеде жүргенде қандай әдептілік ережелерін сақтау керек?

«Халық айтса, қалт айтпайды» мақал-мәтелдер

1.Бір күн танысқа мың күн сәлем

2.Сәлемі түзудің өзі түзу.

3.Алыстан 6 жастағы бала келсе, 60 – дағы қария иіліп сәлем береді.


4. Әдептілік белгісі иіліп сәлем бергені

5.«Сөз анасы -сәлем»

6.Базарда мың кісі кездессе әркім сүйгеніне сәлем береді,

7.«Көргенді бала алыстан сәлем береді,

8.Замандасы жоққа сәлемдесетің адам табылмайды,

9.Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді,

10.сәлемдесудің артығы жоқ /жаман баланың есі жоқ!


VI. Қортынды жасау

Күн шуақтарын толтыру- әр оқушы өз қолдарынның бейнесі жатыр.

Бағанада айтып жатырмыз қазақ халқы

сәлемдесу арқылы біз кандай боламыз

Инабатты, сыпайы, ізетті,әдепті,

-Балалар неге ұқсайды ?«Күн» бүкіл әлемге жылуын, нұрын шашып тұрады,ендеше күндей жадырап, шуғымызды шашып амандасып жүрейік!

«Сөздің саласын табу қиын емес, Анасын табу қиын» деген екен жыр алыбы Жамбыл атамыз. Олай болса, сөз анасы да осы – сәлемдесу болса керек.

Қамшының сабындай қысқа ғұмырда «сіз - біздеріңіз» бұзылмай, сәлемдеріңіз түзу болсын.





















«Облыстық туберкулез – санаториясы мектеп-интернаты»КММ-сі









Shape1

Сәлем түзелмей,

әлем түзелмейді















Тәрбие сағаты





Дайындаған: Молдабаева Г.М.



















2017-2018 оқу жылы





















































Қазақ тәрбиені амандасудан, есен-сау сұрасудан бастаған. Кейбір егде адамдар «Ассалаумағалейкум» дегенінен-ақ кім екеніңді білдім» деп жатады. Бұл кездейсоқ айтыла салған сөз емес, олай болса, мәнісіне үңіліп көрейік.

Біріншіден, сәлем берген кісінің дауысының шығуын, сәлем беру ырғағын байқайды. Екіншіден, сәлем бергенде өзіңді қалай ұстайсың, қалай тұрасың. Үлкендер осының бәріне де назар аударады, сынайды.

Үлкеннің алдындағы сәлемің, басшымен амандасу, қол қысысың дабірталай нәрсені аңғартады : егде кісінің не жас баланың қолын қаттырақ қысып жіберсеңіз, дөрекілігіңіз бірден көрінеді.

Жалпы сәлемдесу мәдениеттің сырт көрінісі болып көрінгенімен, адамның ішкі мәдениетін де біраз көрсетіп тастайды. «Сәлеміңнен жаңылма», «Сәлемің дұрыс болсын» деген талаптың өзі –ақ сәлемдесу мәдениетінің, адамгершіліктің белгісі екендігін анықтап тұрғандай.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.05.2018
3678
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі