Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сәлемдесу түрлері.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сыныбы:4 Сабақ:26 Пәні: ҚХҰШӨ Мұғалімнің аты-жөні: Қырғызбаева Қ.Қ. Күні:14-15 |
Сабақтың тақырыбы: Сәлемдесу түрлері. |
||||||
Сабақта негізделген оқу мақсаты: |
Халқымыздың салт – дәстүріндегі инабаттылық ережесі туралы түсініктерін тереңдету арқылы балаларды сәлемдесу мәдениетіне, үлкенді сыйлауға, имандылыққа тәрбиелеу. Балаларды әдептілікке, кішіпейілділікке, сыпайылыққа, адамдар мен қарым – қатынас жасай білуге баулу. |
||||||
Сабақ мақсаттары: |
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Бейнематериал, суреттер бойынша таныс сөздердің мағынасын түсінеді, оған сәйкес дұрыс әрекет етеді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Оқушылар диалогқа түсе алады. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: тыңдаған, оқыған материал туралы өзінің қарапайым пайымдау (келісемін, келіспеймін, ұнайды, ұнамайды) жасау. |
||||||
Тілдік құзыреттілік: |
Оқушылар: Оқушылар терминдік сөздерді қолдана алады. Негізгі сөздер мен терминдер: Сәлем, Сәлеметсіз бе? Қайырлы таң! Қайырлы күн! |
||||||
Алдыңғы оқу: |
Тыйым салу сақтандыру. |
||||||
Сабақтың жоспары: |
|||||||
Жоспарланған уақыт |
Сабақтың барысы : |
РЕСУРС |
|||||
Басталуы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі: 2 минут Оқушылармен сәлемдесу, топтарға бөлу. Сынып оқушылары алдын-ала үш топқа бөлінеді. Түстер бойынша топқа бөлемін. Ынтымақтастық атмосферасын орнату Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, Сәлем бердік сіздерге , Құрметпенен біз. Алтын ережені сақтау Сәлемдесудің түрлеріне байланысты суреттер, слайд көрсетіледі. |
Сары,қызыл ,жасыл бөлінеді. Өлең оқу |
|||||
Сабақтың басы: Жаңа білім 20 минут |
Білу және түсіну Үй тапсырмасы: Жаңа сабақ: Сәлемдесу адамдардың бір – бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөлену, тілдесу, яғни ізеттілік пен инабаттылық нышанын білдіреді. «Сәлем – сөздің анасы» деп неге айтқан? Үлкен адамдарға сәлем беру – кішінің міндеті. Сәлем беру инабаттылық, имандылық, көргенділік, мәдениеттілік белгісі. Балалар, үлкен атаны көргенде қалай амандасады? Ал, қыздар ше? Әжені көргенде қандай жылы сөз айтамыз? Ал, балалар енді біз кімге қалай сәлем береді екенбіз. Бәріміз хормен айтамыз. Алдымыздан кезіккен Көп танысты көреміз Бәрінен де ізетпен Біздер сәлем береміз Сәлеметсіз бе, ағай! Сәлеметсіз бе, әже! Амансыз ба, атай! Ұл – қыз сәлем береміз, Өнегелі өренбіз. Халқымызда ақ сақалды атаны, ақ жаулықты ананы жалпы үлкенді сыйлап, алдынан қия өтпей сәлем беру ата – дәстүрімізде бар қасиет. Дәптермен жұмыс А. -Балалар, жаңа тақтадан қандай суреттерді көрдіңдер ? -Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай аталады деп ойлайсыңдар ? Дескрипторлар: -Сөздерді зейін қойып тыңдайды. -Осыған сәйкес дұрыс жауап береді. 2-тапсырма. Бүгінгі сабақтың мақсатын айту. Сөздік жұмысы (топпен, жекеше қайталау) Сәлем! – Привет! Сәлеметсіз бе? – Здраствуйте! Қайырлы таң! – Доброе утро! Қайырлы күн! –Добрый день 3-тапсырма Т. Ж. «Ой қозғау» Суреттер таратылып беріледі
-Суреттер не көріп тұрсыңдар? -Кім қалай амандасады? -Осы сәлемдесудің түрлеріне қарап қимыл, ым-ишарамен іс-әрекет жасап көру. Есте сақта! Егер көп адамға амандасатын болсақ «сәлеметсіздер ме?» - дейміз.
«Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді» эссе жазу
Сергіту сәті. Қаражорға биі Тербеледі ағаштар, Жел алдымен еседі. Кіп-кішкентай балалар, Үп-үлкен боп өседі.
|
«Сұрақтар ілмегі» әдісі. Термин сөздер Сабаққа белсенді қатысқан топтарды смайликтермен бағалап отырамын Сергіту сәті. |
|||||
Сабақтың ортасы 10 минут |
3.«Қане бөлісейік» Әр қатарбір берілген тақырыпқа қысқаша мәлімдеме беру керек. 4.Қорытындылау Сөздің басы сәлеммен басталады. Сәлемдесе білу де өнер. Сәлемдесе білейік. Сәлем беру өткінші міндет емес, өмірлік міндет. Сәлемдесуден жалығуға хақымыз жоқ. Сәлем беру – кішіліктің белгісі «Әдептілік бергісі – иіліп сәлем бергені» Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді. Ешқашан да сәлем беруден шаршамайық. Қорыта келгенде, әркім кіммен, қай жерде, қандай жағдайда жолығып тұрғанынан жаңылмай, салт-дәстүрімізден айнымай, барынша сыпайы, әдепті сәлемдесіп үйренгені абзал. Сәлем беру -өткінші міндет емес, өмірлік міндет. Ендеше одан жаңылуға да, жалығуға да қақымыз жоқ. |
жұмысқа арналған ресурстар «Мен саған-сен маған» |
|||||
Сабақтың аяқталуы 5 минут Бағалау Кері байланыс |
Кері байланыс «Кім алғы ?» оқушылар бәр-бәріне доп лақтырады, кім допты қағып алса, сол бүгінгі сабақта қандай сәлемдесудің түрлерін кезектесіп айтады. Білім ағашы. Бағалау -Біз не білдік ? -Не үйрендік ? -Сабақ қалай өтті ? «Үйге тапсырма: |
Ой алмасу Стикер тарату «Көңілді қадам» |
|||||
Қосымша ақпарат |
|||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
|||||
Рефлексия Сабақтың оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әр халықтың
сәлемдесуі де әр түрлі болып келеді.
әлемдегі ең қызықты сәлемдесу рәсімдерімен танысқыларың келе
ме?
Жаңа Зеландияға келген кез келген жан ұлысына және жынысына
қарамастан, сәлемдескен кезде мұрнымен үйкелесу керек. Бұл заңға
тіпті Уильям ханзаданың өзі бағынған.
Тибет. Көптеген елдерде тіл шығару әдепсіздік болып танылса, кейбір
жерде тілін шығарған жан жазаға тартылады. Тіл шығару тибет халқына
жат емес, себебі олар бір-бірін көргенде, тілдерін шығарады. Бұл
дәстүр өз жалғасын әлі күнге дейін табуда.
Жапон халқы сәлемдесу рәсіміне аса мән береді. Бір-бірін көрген
кезде олар иіледі. Жастар өзара бастарын изеп амандасады. Ал
татамиде тізерлеп отырып, жерге қарай иілу керек.
Кенияға сапар шеккен жандар масаи тайпасын кездестіреді. Масаи
тайпасының халқы бір-бірін көргенде, билей бастайды. Би арқылы олар
бір-бірімен амандасады. Сәлемдесу биі "адаму" деп аталады, яғни
"секіру биі". Билеген кезде шеңбер жасап, ырғалып, секіре
бастайды.
Қытай халқының дәстүрлі сәлемдесуі "коутоу" деп аталады.
Сәлемдескен кезде қолдарды бүгіп, иілу қажет. Әйел азаматтардың
сәлемдесу рәсімі "ваньфу" деп аталады.
Ерте кезде Қытайда дос – жаранмен сәлемдесудің түрі өз қолын өзі
қысу болыпты.
Тай елінің амандасу рәсімі "вай" деп аталады. Бір-бірлерін көрген
жандар алақандарын біріктіріп, бастарына қояды. Содан кейін иіліп,
"савадди" деп айтады.
Филиппин елінде сәлемдесу рәсімі жас ерекшеліктеріне байланысты әр
қилы. Мысалы, жас жігіт үлкен кісіні көрген кезде ол басын изеп, оң
қолымен үлкен кісінің оң қолын ұстайды. Кейін саусағының ұшын оның
маңдайына тигізеді де, "мано по" деп айтады. "Мано" - қол, "по" -
құрмет деген мағына береді.
Түріктер қол алысып сәлемдеседі. Көп көрмеген, сыйлы
адамдарының қолын сүйіп, қолын маңдайына апарады.
Төле би
Нақыл сөздері Өгізді-өрге салма-қанатың талар,Наданға көзіңді салма-сағың сынар.
Досыңа өтірік айтпа-сенімің кетер,Дұшпанға сырыңды айтпа түбіңе жетер.
-1663-1756 жж. өмір сүрген, Ұлы жүздің төбе биі.
-Жамбыл облысы, Шу өзені, Жайсаң жайлауында дүниеге келген.
-Дулат тайпасының жаныс руынан шыққан;
-Қазақ мемлекеті тарихындағы атақты саяси қайраткер;
-Тәуке хан тұсында ұйымдасқан Билер кеңесінің мүшесі;
-"Жеті Жарғы" заңын жасаушылардың көрнекті өкіл;
Қазыбек би
Нақыл сөздері Үй жанында биік төбең болса, Ол ерттеулі аттан кем емес, Отбасыңда білгір қартың болса,Ол жазылған хаттан кем емес. Ей, біз үш жүз-үш қазақ, керіспейік,Асылы, бізге керіскен жөн емес, келіскен жөн.
-1667-1764 жж. өмір сүрді.
-Орта жүздің биі. Арғын тайтасының қаракесек руынан.
-Қазақ хандарының ақылшысы, елші-мәмілегер, дипломант.
-Жоңғар хандығына елшілік, мәмілегерлік жол мен үш рет барған.
-Асқан шешен, ел басқарған, елші-мәмілегер, дипломант.
Әйтеке би
Нақыл сөздері -Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін,Батыр болсаң, дұшпанға найзаң тисін.
Бай болып пайдаң тимесе, Батыр болап найзаң тимесе,
Жұрттан алабөтен үйің күйсін!
-1682-1766 жж. өмір сүрген. Кіші жүдің биі.
-Әлім тайпасының руынан шыққан.
Шешендігі: Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады. Төле бала әуелі әкесіне барыпты. Жасы жүзге тақап отырған әкесі ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады.
Төле "Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ" дегенді сұрайды. Сонда әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады:
- Балам, мынаны сындырып
көрші.
Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра
алмайды.
-Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындыра береді.
Сонда Төле бала:
- Түсіндім, әке бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. "Саяқ жүрген таяқ жейді" демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой.
Бәрекелде, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. "Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын" дегенінің мәнісі осы, - депті.
Қаз дауысты
Қазыбектің оқыған жерлері, ел аузындағы
әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында
білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр,
рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы,
әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады.
Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі
еткен. Бидің жастық шағы мен бүкіл саналы өмірі қазақ елінің өз
ішінде рулық-тайпалық алауыздықтар мен хандық билікке таластың
неғұрлым өршіген, көрші мемлекеттердің көз тігуі жиілеп, Жоңғар
шапқыншылығы үдей түскен кезеңге тап келді. Ел аузындағы
аңыз-әңгімелерге қарағанда, ол Тәуке ханның белгілі би-батырлары
бастаған елшілігіне ілесіп алғаш рет қалмақ қоңтайшысы Цэван
Рабданға барғанында 14 жаста екен. Қылышынан қан тамған қаһарлы
қалмақ ханының алдында қазақ билері жасқаншақтық танытып,
күмілжіңкіреп қалған сәтте жасөспірім Қазыбек: “Дат, тақсыр!” деп
жұлқынып алға шығады да:
“Қазақ деген мал баққан елміз,
ешкімге соқтықпай жай жатқан
елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп,
жеріміздің шетін жау баспасын деп
найзасына жылқының қылын
таққан елміз.
Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз.
Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз.
Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса – күң
боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра
алмайтын елміз.
Сен темір болсаң, біз көмірміз – еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ
баласын теліткелі келгенбіз.
Танымайтын жат елге — танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең –
шабысқалы келгенбіз.
Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары
желіммен жабысқалы келгенбіз.
Бітім берсең – жөніңді айт, бермесең – тұрысатын жеріңді айт!” –
депті.
Жас баланың бұл сөздерінен бас алыспақ батырлықты да, ынтымаққа
шақырған ізгілікті де аңғарған қалмақ ханы әділдікке
жығылады.
Елшілік жау қолындағы 90 тұтқынды шабылған мал, тоналған мүлігімен шашау шығармай қайтарып алып, елге олжалы оралған екен.
Ел арасында Әйтекенің ең алғаш рет билік, тапқырлығымен көзге түсуін жұрт былай аңыздайды: