Шалғын өсімдіктері мен жануарлары.Дүниетану.4-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шалғын өсімдіктері мен жануарлары.Дүниетану.4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
төртінші сыныпқа дүниетану пәні бойынша алынған сабақ жоспарында жаңа әдіс-тәсілдер қолданылып өткізілген сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Шалғын өсімдіктері мен жануарлары

Пәннің атауы: Дүниетану

Мұғалімнің  аты-жөні: Темиргалиева М.М.     Күні: 17.01.2018 ж

Сынып: 4

Қатысқан оқушылар саны:9

Қатысқан оқушылар саны:9

Оқу мақсаттары:

Оқушыларға шалғын өсімдіктері мен жануарларын, олардың ерекшеліктері мен тіршілігі туралы мағұлматтар беру.

Сабақтың міндеті: 

1. Оқушыларға шалғын өсімдіктері мен жануарлары туралы түсінік беру.

2. Өз ойларын еркін айта білуге қабілетін, білімін, ой-өрісін дамыту.

3. Табиғатқа қызығушылықтарын арттыру, жануарларды, қоршаған ортаны қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Сабақтан күтілетін нәтиже:

   Шалғын туралы түсініктемелерді біледі

   Шалғын өсімдіктері мен жануарларын ажыратып талдай алады.

   Қосымша тапсырмаларды орындап, талдай алады

Тілдік мақсат:

   Өсімдіктер мен жануарлардың жаңа атауларын дұрыс атай білуге, пікірлерін талқылауға үйрету.

Ресурстар:

   «Таза тақта», «Рас па?», Сематикалық карта, тест жұмысы, «Бес бармақ» әдісі

Пәнаралық байланыс:

   Математика, әдебиеттік оқу, бейнелеу, өзін-өзі тану

Алдыңғы оқу:

 Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік мекен жағдайларына бейімделуі

Сабақ жоспары:

Сабақ барысы және жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар және қолданатын әдістер

Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері

Ұйымдастыру кезеңі


   Психологиялық дайындық.

   Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
   Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
   Мақсатымыз - білім алу,
   Міндетіміз - еңбектену,
   Еңбектену арқылы,
   «5»-ке қолды жеткізу. 

   II Топқа бөлу (гүлдер бойынша) 

 

Үй тапсырмасын сұрау


(білу, түсіну):

«Таза тақта» стратегиясы

   1. Бейімделу деген не?
   2. Қандай табиғат жағдайлары өсімдіктер мен жануарлардың бейімделуіне үлкен әсер етеді?
   3. Өлке ұғымына түсінік бер?
   4. Сенің тұратын жерің қандай аймаққа жатқызылады?
   5. Сен онда қандай өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ететінін байқай аласың?
   6. Азықты қалай тауып жейтінін айтып бер.

Топтық жұмыс

Дұрыс жауаптарға

1 балл қойылады  

қолдану, талдау

 Оқушылар өз бетінше салып келген суреттерін қолданып, талқылайды.

Дұрыс жауаптарға

2 балл қойылады Жұптық жұмыс

жинақтау, бағалау

Өздері тұратын жердің аймағы жайында дайындаған тірек сызбаларын дәлелдеп, өз ойларын жинақтап шығады.

Топтық жұмыс

Дұрыс жауаптарға 3балл

Жаңа сабақ 


   IV Қызығушылықты ояту.

  Жұмбақтар:                                                                                   
   1. Дала кілемі не?(Шөп, өсімдіктер)
   2. Біреуге найза түйрейді,Өзі де содан күйрейді.   (Ара)
   3. Шидім, шидім,шидім құс,
Ши басына қонған құс
Қарқаралы қара құс,
Хан басына қонған құс. (Шыбын)
   4. Құстай ұшады,
Құландай жортады,
Қойдан да қорқады.   (Қоян)

Жаңа сабақты түсіндіру. Шөптесін өсімдіктер жаз бойы жайқалып өсетін ылғалы жеткілікті шағын үлескілерді, әдетте - көгал, ал аумағы жағынан үлкендерін - шалғын дейді. Шалғындар, көбінесе, көктемде тасыған су жайылатын өзен аңғарларын, көл аңғарларын, тау етектерін алып жатады. Сонымен, шалғынды жазықтан да, өзен аңғарынан да және таудан да кездестіруге болады.

Құлпырған көк шалғын ерекше көз тартады. Жаздың шайдай ашық, ыстық күніндешөп арасынан гүлдер жайнап, таңғажайып әсем көрініс туғызады. Мұндағы тік өскен кесте жусан, шалғындық жоңышқа, қылтанақсыз арпабас, шалғындық атқонақ, жұпаргүл, күреңот, тышқанбұршақ сияқты алуан, түрлі-түсті гүл күлтелері көздің жауын алады. 

Жаздың басы мен ортасында шалғындағы шөп жұмсақ, балғын болады. Пішен шабу осы кезеңде басталады. Пішен дайындалатын шалғынды шабындық дейді. Кейбір шалғындар жазда және күзде мал жайылымы ретінде пайдаланылады.Шалғынды мал жемейтін улы өсімдіктер де кездеседі. Оларға: уқорғасын, сарғалдақ сияқты өсімдіктер жатады. Жаз ортасына қарай шалғынға бара қалсаң қайнаған тіршілікке кездесесің. Жылдың бұл мезгілінде шалғынды бунақденелілер өте көп балады. Гүлден-гүлге қонып тыным таппай шырын жинап жүрген бал арасын, өздері де гүлге ұқсас көбелектерді көруге болады. Алуан түрлі қоңыздар да, көкшегірткелер,түкті аралар да қаптап жүреді.

Шалғында бөдене де көп кездеседі. Оның  шөп арасында «бытпылықтаған» дыбысы естіледі. Олар жорғалап жүріп, қөбінесе шөп дәнімен, оның жас сабағымен , бунақденелілермен қоректенеді. Бөдене ұйысқан қалың шөп арасына ұя жасап, оған 10-20 жұмыртқа салып басады.

Шалғында ірі аңдар болмайды. Мұнда олардың өз жауларынан жасырынуы қиын. Ал, саршұнақ, көртышқан сияқтылар аз емес. Олар қалың шөптен бөктергінің көзіне онша түсе қоймайды және өз тіршілігіне қажетті басқа да жағдайлардың бәрін табады.

Оқулықпен жұмыс.Оқушылар тізбектей оқиды.Шығармашылық тапсырма. (Әр топ өз топтары бойынша постер қорғайды) 

   VI Сергіту сәті.  

   VII  «Рас па?» стратегиясы

  - Шалғынның шөптесін өсімдік өсетін жер екені рас па?
  - Сарғалдақтың бес сары күлтесі бар екені рас па?
  - Сарғалдақтың дымқыл жерді ұнататыны рас па?
  - Гүлкекіренің көгалдағы барлық гүлдерден биік болып өсетіні рас па?
  - Адамдарпдың көгорай шалғынға мал жаятыны рас па?
  - Көк шалғынның шағын джунглиге ұқсас екені рас па?
  - Түкті ара, балара, жабайы ара және қумырсқалар гүлдердің тәтті нәрін жинайтыны рас па?
  - Дала тышқандары, көртышқандары, қояндар мен құстар паналайтыны рас па?
  - Шалғында бөденелердің көп кездесетіні рас па?
  - Шалғын үстінде бүркіттің шарықтап ұшып жүретіні рас па?

   VIII  Семантиткалық карта толтыру (топпен жұмыс)

   1. Өсімдіктер тобы.

 

Құс

Бунақдене

Жануар

Өсімдік

Қоян

 

 

+

 

Түкті ара

 

+

 

 

Бүркіт

+

 

 

 

Қүреңот

 

 

 

+

 2. Құстар тобы.

 

Жануар

Құс

Өсімдік

Бунақдене

Жұпаргүл

 

 

+

 

Шегіртке

 

 

 

+

Бозторғай

 

+

 

 

Қөртышқан

+

 

 

 

 3. Жануарлар тобы

 

Өсімдік

Жануар

Бунақдене

Құс

Саршұнақ

 

+

 

 

Жоңышқа

+

 

 

 

Көбелек

 

 

+

 

Бөдене

 

 

 

+

                   

Жұптық жұмыс және  топтық жұмыс

Сабақты бекіту

(білу, түсіну):

«Сабақты тест жұмысы арқылы бекіту»

   1. Аумағы жағынан үлкендерін не деп атайды?
 А. Көгал     
 Ә. Шалғын +     
 Б. Гүл

   2. Шалғында мал жемейтін улы өсімдіктерді тап:
 А. Раушан, қызғалдақ    
 Ә. Балшатыр, қоғажай   
 Б. Уқорғасын +

   3. Шалғында қандай құс көп кездеседі?
 А. Бөдене +       
 Ә. Қарға       
 Б. Қарлығаш

   4. Шалғындв өз тіршілігіне қажетті жағдайлардың бәрін табатын жануарларды ата?
 А. Қасқыр, аю       
 Ә. Саршұнақ, көртышқан +             
 Б. Жолбарыс, түлкі

   5. Шалғында қандай бунақденелілер көп кездеседі?
 А. Қоңыз, көкшегіртке, түкті ара +    
 Ә. Қосаяқ, сартышқан
 Б. Қарақұйрық, сұркелес

   6. Шалғындағы ірі жыртқыш?
 А. Сұңқар     
 Ә. Бүркіт +       
 Б. Қарға

   7. Шалғын өсімдіктерін тап?
 А. Ботагөз, қазжуа
 Ә. Күреңот, жұпаргүл +
 Б. Жүзім, өрік

   8. Бөдене қанша жұмыртқа басып шығарады?
 А. 12-15        
 Ә. 40-50        
 Б. 10-20 +

 

қолдану, талдау

   Топтар бірін-бірі қолданған жұмыстарын талдайды

 

жинақтау, бағалау

  Топтар бірін-бірі бағалайды және ұпай сандарын шығарады.

 

Үйге тапсырма



(Оқушыларға келесі сабаққа шолу жасату)  Дала өсімдіктері мен  жануарлары туралы ізденіп келу

 


Өз жеріндегі дала өсімдігінің бір түрін алып оның ерекшелігін айту және оны талдау ұсынылады

 

  Шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған  тапсырмалар

Ребус, жұмбақ, эссе жазып келу беріледі.

 

Бағалау

 

 

Кері байланыс

Рефлексия «Бес саусақ» әдісі 

   1. Бүгінгі тақырып не туралы болды?
   2. Бүгінгі тақырып несімен ұнады?
   3. Сабақта қандай сезімде болдың?
   4. Тақырыпқа не қосар едің?
   5. Тақырыптан қандай үлгі алдың?

 


























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.00.2018
722
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі