400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

САЛЬМОНЕЛЛЕЗ

Материал туралы қысқаша түсінік
Малдың залалдануы, ең бастысы, алиментарлық жолмен болды — сальмонелдермен контамирленген сүт, көк сүт, суды берген кезде. Сирегірек тыныс алу органдары, кіндік арқылы, енесінің құрсағында (әсіресе қозылармен құлындарда) залалдануы мүмкін. Шошқалардың ауру жұқтыруы көбінесе қасапхана қалдықтарын, ет-сүйекті және балықты ұндармен, құрама жемдермен, оларға сальмонелдер тұқым сепкенде болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

САЛЬМОНЕЛЛЕЗ (Salmonellesis)— бактериемия, токсемия құбылыстары мен іш тастау немесе өмір сүруге қабілетсіз төлдердін, тууымен сипатталатын жұқпалы ауру. Көбінесе бұзаулар мен торайлар, сирегірек—басқа мал түрлерінің төлдері ауырады. Аналық малдарда ауру іш тастау арқылы байқалады.

Аурудың таралуы. Сальмонеллез — жер шарының көптеген елдеріндегі төлдердің ең көп тараған ауруы.

Қоздырушылар Salmonella түрінің бактериясы. Малдың түрлері бойынша сальмонел-лездің негізгі қоздырушылары бұзауда - S. dublin, шошқада - S. сһоlеrае suis, қойда - S. аbortus оvіs, жылқыда - S. аbortus еqui болады. Сальмонеллдар — кішкене (2 - 3 мкм) анаэробтық, спора құрамайтын, теріс грамды таяқшалар. Сальмонеллдердің көп түрінің қимылы бар. Сальмонеллдер сырт ортада төзімді. Олар топырақта, суда айлар бойы сақталады, 15-30 мин. 70-75°С қыздыруға төтеп береді. Ең жақсы дезинфекциялық дәрулер 3-4 % күйдіргіш натрдың ыстық ертіндісі, 5 % ксилонафтың эмульсиясы, 2 % формалъдегидтің ертіндісі, жаңадан сөндірілген әктің 20 % шала ертіндісі, 2 % емес активті хлоры бар хлорлық әктің тұнған ертіндісі болып есептеледі.

Індеттік деректер. Жіті өтетін сальмонеллез 10 – 11 күндіктен жасы үлкен бұзауларда және 1 – 4 айлық торайларда кездеседі. Қоздырушының негізгі көзі - қиларымен, несеппен, мұрыннан шыққан сораппен, ал ересек малдар – сүтпен және қағанақ қабықтарымен, қағанақ суымен, іш тастау кезінде туу жолдарының зарарымен сальмонелдерді бөліп шығаратын ауру және ауырып айыққан малдар. Тышқан түстес кеміргіштер де бактерия тасушылар бола алады. Қойлар мен ешкілердің ішінде сальмонеллез әдетте қоздаудан – 1 – 1,5 ай бұрын таралады. Көп саулықтар іш тастайды. Биелердің сальмонеллезден іш тастауы да аз қауіп туғызбайды.

Малдың залалдануы, ең бастысы, алиментарлық жолмен болды — сальмонелдермен контамирленген сүт, көк сүт, суды берген кезде. Сирегірек тыныс алу органдары, кіндік арқылы, енесінің құрсағында (әсіресе қозылармен құлындарда) залалдануы мүмкін. Шошқалардың ауру жұқтыруы көбінесе қасапхана қалдықтарын, ет-сүйекті және балықты ұндармен, құрама жемдермен, оларға сальмонелдер тұқым сепкенде болады.

Патогенезі. Ішекте өсіп-өнген сальмонеллдер кілегейлі қабықтарды қабындырады, малдың енжарлығымен және жоғары температурасымен жүретін септицемияға себепкер болып сөл мен қанға өтеді. Бауырда, талақта, бүйректе, өкпеде және басқа органдарда некроздық ошақтар пайда болады. Жатырдың зақымдануы іш тастау немесе өмір сүру қабілеті жоқ тұқым тууына әкеліп соқтырады. Төлдердін, ауруы созылмалы өтсе бронхопневмония, артриттер дамыйды.

Клиникалық белгілері. Бұзауларда сальмонеллез жіті және созылмалы, кейде атипті өтеді. 5 - 8 тәулік ішінде жасырын кезеңнен соң, ауру жіті өткен жағдайда, қызу басталады, қан тамырының соғуы мен тыныс алуы жиілейді. Малдардын, қозғалуы аз, тәбеті жоқ. Сірілік ринит пен көздің дәнекер қабығының қабынуы жиі дамиды. Аурудың 2-3 күнінде негізгі клиникалық белгісі - диарея байқалады. Нәжіс сұйық, исі қолайсыз, кілегейше, ал жиірек қанмен аралас болады. Аурудың ауыр өткен жағдайында, ол бүйректердің зақымдануымен (нефрозды нефрит), жиі несеп шығаруы аурушаңдық тудыруымен, несептің көмескі түске боялуымен асқынады.

Шошқаларда сальмонеллездің білінуі біркелкі емес. Ересек шошқаларда ауру жиі симптомсыз өтеді, қысқа мерзімді қызу, іш тастау мүмкіндігі, өмір сүргіштігі жоқ төл тууы, мегежіндердің сүт аздығы.

Сальмонеллезбен ауру ересек қойларда негізгі клиникалық белгі — шу түсіру жиі тоқтап және метрит дамыйтын буаздығының ақырғы айында іш тастау. Жаңа туған қозыларда қызу, іш өту білінеді, 2—3 апталық қозыларда ауру пневмониямен және артриттармен асқынады.

Биелердің сальмонеллезінде іш тастау көп жағдайда 4—8 айлық буаздығында болады. Егер іш тастау болмаса, тіршілік қабілеті жоқ құлын туады.

Өлекседегі өзгерістер. Сальмонеллез жіті өткенде бұзаулардың талағы тым ұлғаяды, бауыр кішкене үлкейеді. Бұл органдарда некроздық ошақшалар жиі кездеседі. Жүректің сырт және іш қабында, талақ, бүйрек қаптарының астында, қуық қабының кілегейлі қабығында қан құйылуларды табады. Өкпе ұлғайған, әр жері қатайған, плеврасының астына қан құйылған. Созылмалы сальмонеллезден өлген бұзаулардың ішегінен фибринозды-дифтериялық қабыну табылады. Көкірек қуысының сөл түйіндері үлкейген, қан толған. Жүректің еті босаңдаған, жүректің сырт және іш қабының астында қан құйылған. Талақ аздап үлкейген, бауыр сарғыш-саз түсті, некроз ошақтары бар.

Диагнозды клиникалы-эпизоотологиялық өлекселік деректер мен бактериологиялық зерттеулердің негізінде қояды. Зертханаға түсікті, жаңа өлексені немесе талақтың, бауырдың, бүйректің, өкпенің бөліктерін, сөл түйіндерін, қуыс сүйектерді, дәнекерленген жасуша мен жүректің қанын жібереді.

Емі. Антибиотиктерді, сульфаниламидтік және нитрафурандық препараттарды, әсіресе антитоксикалық антибактериальдік қасиеттері бар спецификалық поливаленттік гиперим-мундық сарысумен үйлесінде кеңінен қолданады. Тетрациклиндік топтағы антибиотиктер (террамицин, биомицин) 20 мг/кг дозасында күніне 3 рет, синтомицин және левомицетинді бұзауларға 0,05 гр/кг дозасында және торайларға 0,02 гр/кг дозасында тағайындайды.

Иммунитет. Ауырып айыққан малдарда иммунитет болады. Спецификалық профилактика мақсатымен гиппериммундық сарысулар мен вакциналар пайдаланылады. Бұзаудың сальмонеллезін активті профилактикалау үшін концентрленген формолквасты вакцинаны, шошқаларда — поливаленттік формолквастік сальмонеллезге, пастереллезге, диплококтік инфекцияға қарсы вакцинаны, сонымен қатар ТС-177 штамынын, құрғақ тірі вакцинасын пайдаланады. Колибактериозға және паратифке қарсы формалтиомерсалды вакцинаны да пайдаланады.

Сақтық пен күресу шаралары. Буаз аналықтарға керекті күтім жағдайын, толық құнды азықтандыруды қамтамасыз ету қажет. Мал туатын бөлімдер мен профилакторийлар, мегежіндердің қоралары жаппай төл алу маусымына дайын болу керек. Сызға, суыққа, жел өтіне жол бермей төлге арналған қоралардағы микроклиматқа ерекше көңіл бөлу керек.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.02.2023
260
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі