Шалқан ертегісі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шалқан ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды кейіпкерлермен таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әсем бөбекжай бақшасы













Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық»

Ұйымдастырылғаноқуқызметі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Шалқан» еретгісі







Тобы: Ерте жас «Нұршуақ»


Өткізген: тәрбиеші Алдабергенова Жадыра



















Бәйгеқұм ауылы, 2020 жыл


Бекітемін

«Әсем» бөбекжай бақшасы

меңгерушісі


Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық»

Ұйымдастырылғаноқуқызметі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Шалқан» ертегісі

Мақсаты:Театр түрлері арқылы тыңдау мәдениетімен, түсіну дағдыларын қалыптастыру. Ертегі кейіпкерлерінің әрекетіне эмоционалды көңіл күйін білдіруге үйрету.

Көрнекі-құралы:Үстел үсті театры, интерактивті тақта, музыкалық жаттығу.

Әдіс-тәсілі:тыңдау, түсіндіру, көрсету, есту, қайталау.


Ұйымдастырылғаноқуқызметініңбарысы:


І-Кіріспе бөлім

Тәрбиеші: Балалар сиқырлы тақтаға қараңдаршы бізге қонақ келіп тұрған сияқты.

(шиқылдаған тышқанның дауысы шығады)

Ой бұл ненің дауысы екен? Бұл не шиқылдап жатқан? Ой балалар, бұл шиқылдауық тышқан ғой.

Ғажайып сәт:(тақтада тышқан шығады)

Тышқан:Саламатсыңдар ма, балалар! Мен бәрінен күштімін! Өйткенді атайдың өсірген шалқанын өзім жерден суырып алдым.


ІІ-Негізгі бөлім

Тәрбиеші: Ой тышқан, сен босқа мақтанба, шалқанды сен бір өзің жұлмаған шығарсың. Біздің балалар кішкентай болған соң, білмей қалады-деп мақтанып тұрған боларсың. Өтірік айтып мақтануға боламайды. Мен қазір бұл ертегіде шалқанды қалай жұлып алғаны жайлы балаларға айтып беремін. Балақайлар сендердің қызық ертегі көргілерің келе ме? Олай болса мен сендерге осы «Шалқан» ертегісін үстел-үсті театры арқылы айтып берейін.

(тәрбиеші балаларға үстел үсті театры арқылы ертегін айтады)

-Балалар қайталайықшы мынау – шал-қан, шал-қан. Ол қандай үлкен, қолымызбен көрсетейікші, бәрекелді.

Мынау кім – а-та, ал мынау – ә-же, мынау-немересі, мынау – күшігі, мынау-мысық, ал мынау мақтаншақ – тышқан.

-Балалар, кәне қолымызбен көрсетйікші шалқанды қалай жұлды. Бәрекелді сендерге ертегі ұнаса, әр қарай қызықты ойын ойнайық. Қараңдаршы тышқан мақтанған соң, мысық ашуланып тұр. Мысық қалай ашуланды кәне көрсетйікші. Енді тышқанды мысық ұстап алмау үшін қызықты ойын ойнайық.

Үстел-үсті ойыны:«Тышқанды жасыр»

Мақсаты: екі түсті ажыратып, түсіне сәйкес орналастыру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Сергіту сәті


Топ-топ,топ-топ басайық,

Алақанды соғайық,

Қолымызбен кәнекей,

Үлкен шалқан жасайық.


Ал енді балақайлар бәріміз бірге: шал-қан, а-та, ә-же, немересі, күшік, мысық, тышқан - деп қайталайық.

(тәрбиеші ертегі кейіпкерлерін балаларға қолдарына ұстатып, интерактивті тақтада көрсетіп қайталатады)


ІІІ – Қорытынды бөлім

-Бәрекелді балақайлар, бүгін барлығың оқу қызметіне керемет қатыстыңдар. Мен сендерге ризамын, мынау сендерге бүгінгі қонаққа келген мақтаншақ тышқанның сыйлығы, өйткені сендер оны мысықтан құтқарып қалдыңдар. (балаларға кішкентай ойыншықтар таратылады)


Күтілетін нәтиже: Ертегі кейіпкерлерінің әрекетіне эмоционалды көңіл күйін білдіреді.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.01.2021
716
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі