"Шалқан "ертегісі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Шалқан "ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға ертегі мазмұнын әңгімелеп беру.Ересектердің айтқанын тыңдап, түсіне білуге, сұрақтарына жауап беруге үйрету; Есте сақтау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру; Ертегі мазмұны арқылы бір-біріне қамқор болуға, сыйластыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиешінің аты-жөні:Кенжебекова Дамели Капиятовна

Мектепке дейінгі екінші кіші топ,көркем әдебиет

Сабақтың тақырыбы: «Шалқан»ертегісі

Құндылық:дұрыс әрекет

Қасиеттер:жақсы қасиеттер,жан жылуы,қамқорлық жасау

Мақсаты: Балаларға ертегі мазмұнын әңгімелеп беру.

Міндеттері: Ересектердің айтқанын тыңдап, түсіне білуге, сұрақтарына жауап беруге үйрету;

Есте сақтау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру;

Ертегі мазмұны арқылы бір-біріне қамқор болуға, сыйластыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:ұнтаспа,ойын,жұмбақтар.


Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар бүгін «Көркем әдебиет» оқу қызметінде кездесіп отырмыз.Бүгін ерекше біз «Шалқан »ертегісін тамашалаймыз.


Шаттық шеңбері:

Қуанамын мен де! (Тәрбиешімен бірге шаттық шеңберге

Қуанасың сен де! тұрып,қимыл-қозғалыс жасайды)

Қуанайық достарым,

Жарқыраған күнге!


Балалар енді орындарымызға отырайық.Біз бүгінгі оқу қызметінде сендермен ертегі туралы әңгімелесеміз.

-Балалар ,сендер қандай ертегілер білесіңдер?

-Ертегіде қандай кейіпкерлерді білесіңдер?

Балалар жауабы

- Балалар сендер көп ертегі біледі екенсіндер. Олай болса бүгінгі біздің тақырыбымыз орыс халқынын ертегісі «Шалқан» мұқият тыңдар.
Балалар: Иа апай тыңдаймыз.
Ерте ерте ертеде. Бір әже мен ата баянды өмір сүріпті олар үй шаруашылығына үлкен ұқыптылық білдіре отырып, үй алдындағы бақшаға шалқан отырғызыпты. Айдан ай өтіп күз айында бақшаның жемісін жинап жүріп, шалқанды көреді шалқаны үлкен болып өсіпті. Осы кезде ата шалқанына тамсана қарайды.
Ата: Ой бәрікелді, менің шалқаным үлкен болып өсіпті. Бұл шалқан бәріне жететін болды деп шалқанды тарта бастайды, тартып – тартып шалқанды жұла алмай сөйтіп, көмекке өзінің кемпірін шақырады.
Кемпір - кемпір маған келші көмекке қарашы шалқанымыз үлкен болып өсіпті осыны жалғыз өзім тарта алмай қойдым. Сен маған көмектесші.
Кемпір: Ой шынында да үлкен болып өсіпті ғой кел тартсақ тартайық.
Тәрбиеші: Осылайша атаның артынан ұстап ары тартады бері тартады бірақ орынан қозғалта алмайды.
Тәрбиеші: Кемпір көмекке немере қызын шақырады.
Кемпір: Қызым – қызым бізге көмекке келші! Атаң еккеуміз шалқанды жұла алмай жатырмыз.
Қыз: Жарайды, әже сіздерге көмектесейін.
Тәрбиеші: Сонымен қызы көмекке келіп, шалқанды олар рет – ретімен тартады. Олардың күштері жетпейді. Сонымен немере қызы көмекке итін шақырады.
Қыз: Ақтөс - ақтөс сен бізге көмектесіп жіберші шалқанды біз жұла алмай жатырмыз
Ит: Аф - аф - аф көмектес десендер көмектесейін.
Тәрбиеші: Ит қыздың еттегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқанды ұстап, ары тартады, шалқанды сура алмайды.
Енді ит көмекке мысықты шақырады.
Ит: Мысық – мысық бізге көмекке келші біздер шалқанды жұла алмай жатырмыз.
Мысық: Мяу - мяу - мяу көмектесіп жіберейін.
Тәрбиеші: Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың еттегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқанды ұстап, әрі бері жұлқиды бырақ шалқан шықпайды.
Енді мысық көмекке тышқанды шақырады.
Мысық: Тышқан - тышқан бізге көмектесіп жіберші.
Тышқан: Әрине көмектесіп жіберемін.
Тәрбиеші: Тышқан келіп мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит қыздың еттегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқанды ұстайды.
Олар тарт - тарт ақыры шалқанды сурып шығарады.
Тәрбиеші: Міне балалар осындай қызықты ертегіні тамашаладық.
Тәрбиеші: Балалар тышқан бәрінен де мықты екен.
Балалар: Иа апай, тышқан тісімен тартып еді, шалқанды жерден сурып алды.
Тәрбиеші: Балалар тышқан кеміргіш отрядь қа жатады, олардың тістерімен ағашты кеміреді, жардыда кеміреді, өздеріне інде жасап алады екен.


Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын жауабын тапыңдаршы.


1.Адамға серiк,

Күзетке берiк. 


2.Мұртын сипап күн бойы,

Бетiн сусыз жуады.

Тысырды аңдып түн бойы,

Тышқанды көп қуады



3.Үй iшiн аралап,

Түнде көп жортады.

Қаптарды жарып,

Мысықтан қорқады.

Балалар жұмбақтың шешуін табады


Нені біледі: ертегіні тыңдап, мазмұнын айтуды.

Қандай түсініктерді игерді: бірлік, көмек, шалқан;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: сұрақтарға толық жауап беруді;




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.07.2018
579
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі