Мұғалімнің
аты-жөні: Қуекесова
Г.Т.
Күні: 19.02.2021
Сыныбы: 1а,г
–
сынып
Пәні: Ана
тілі
Оқушылар
саны: 3
Сабаққа қатысқан оқушылар
саны: ____
Сабақтың
тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат.
«Шалқан» ертегісі
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
Ертегі арқылы балалардың сөйлеу қабілеттерін
жетілдіруді жалғастыру. Ертегі мазмұнын түсініп, жүйелі әңгімелей
білуге дағдыландыру. Еңбексүйгіштікке баулу, ертегі мазмұнын
меңгерту.
Түзету-дамытушылық: Сөйлеу
дағдыларын дамытып, сөз қорларын молайту.
Тәрбиелік:
Достыққа, бір-біріне қамқорлық
жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекі
құралдар: түрлі-түсті қарындаштар,
қалам, құрастырмалы тапсырмалар, ұсақ қол моторикасына жаттығу,
айырмашылық табу тапсырмасы, презентация, ертегінің толық
бейнетаспасы, лабиринт, «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлері, ойлауды,
зейінді дамытуға арналған тапсырмалар.
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру,
көрсету, әңгімелеу, талдау.
Сабақ
барысы
І. Ұйымдастырушылық
кезеңі.
Психологиялық
дайындық
Қуанамын мен
де,
Қуанасын сен
де,
Қуанады
достарым,
Арайлап атқан
күнге.
ІІ. Негізгі
бөлім.
Ендеше бүгінгі сабақтың
тақырыбы: «Шалқан» ертегісі
Ертегінің негізінен
көптеген түрлері бар:
1. Қиял - ғажайып
ертегі.
2. Шыншыл
ертегі.
3. Жан-жануарлар
ертегісі.
4. Тұрмыс салт
ертегісі.
Шалқан
ертегісі тұрмыс – салт ертегісіне
жатады. Шалқан орамжапырақ тұқымдасына жататын екі жылдық көкөніс.
Түсі ақ немесе сары болады. Оның құрамында ағзамызға қажетті
дәрумендер, емдік қасиеті бар. Сонымен қатар шаш күтіміне де
пайдалы.
– Енді, балалар, назарымызды
бейнетаспаға аударайық. (Ертегі мазмұнын бейнетаспа арқылы
айту).
Балалар ертегі мазмұнын қызығушылықпен
тыңдайды.
– Балалар, сендерге ертегі ұнады
ма?
– Иә,
ұнады.
Сұрақ-жауап.
– Атай не
екті?
– Атай көмекке кімді
шақырды?
– Әже көмекке кімді
шақырды?
– Немересі нені
шақырды?
– Күшік нені
шақырды?
– Мысық нені
шақырды?
– Сонымен, бәрі бірігіп не
істеді?
ІІІ. Тапсырмалар
орындау.
1-тапсырма.
Атайға шалқанды шығаруға
көмектесетін көмекшілерін жинауға
көмектес.

2-тапсырма.
Суреттен 10 айырмашылығын
тап.

3-тапсырма.
Ертегі кейіпкерлерінің
көлеңкесін тап.

ІV.Сергіту
сәті.
Ұсақ қол моторикасын дамытуға
арналған жаттығу. «Шалқанды» үзік сызықтар арқылы бастырып, бояу
міндеттеледі.

4-тапсырма.
«Бауырсақ» пен «Шалқан»
ертегісінің кейіпкерлерін ажырат. Екі ертегінің кейіпкерлерін екі
түсті қарындашпен қорша.

5-тапсырма
Бақшада көп шалқандар өскен.
Бірдей көлемдегі шалқандарды тап. Ең үлкен және ең кіші шалқанды
көрсет.

6-тапсырма
«Шалқан» ертегісінің
кейіпкерлерін ретімен орналастыр.
Балаларға қиылған ертегі
кейіпкерлері беріледі. Оқушы ақ параққа ретімен кейіпкерлерді
орналастыру керек.
(шалқан, ата, әже, немере,
күшік, мысық, тышқан)
V. Кері
байланыс
Сұрақ-жауап әдісі
арқылы.
-
Бүгінгі сабақта қандай
тақырыпты өттік?
-
Ертегінің қандай түрлері
бар?
-
«Шалқан» ертегісінің
кейіпкерлерін ата.
-
Бұл ертегінің мағынасы
қандай?
VІ.
Қорытынды
-
Міне, оқушылар, сіздермен бірге ертегілер
еліне саяхаттай отырып, «Шалқан» ертегісі туралы білдік.
Бір-бірімізге көмектессек, барлық істеріміз жақсы нәтиже береді.
Тек бір ертегімен шектелмей, үйден көбірек ертегілер оқып
жүріңіздер!
-
Осымен сабағымыз аяқталды, белсенді
қатысқандарыңызға рахмет, сау
болыңыздар!
Жетекшісі: Дефектолог:
Ғиниятова Н. Т.