«Салқын және жылы түс туралы ертегісі»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Салқын және жылы түс туралы ертегісі»

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Салқын және жылы түс туралы ертегісі»


Мақсаты: Балаларды салқын және жылы түстер туралы ұғымдарымен таныстыру, оларды ажырата білу, ол түстерді ажырата білуге үйрету және түстерді араластыра отырып, жақсы әсер алу.

Құрал-жабдықтар: бояулар, палитра қағазы

Барысы:


  • Балалар, сендерге ертегі ұнай ма? (Иә!)

  • Бояулар туралы ертегі тыңдап, ол ертегіге барып қайтқыларың келе ме?

  • Мен сендерге ертегі айтамын, ал сендер бояулармен тәжірибелер жасаңдар. (Ертегі айту кезінде тәрбиеші балаларға жылы реңдерді көрсетіп, олардың бір – біріне ұқсастығын және айырмашылығын айтып, балалардың өздеріне қажет түстерді алуына көмектеседі.)

«Бір бояулар патшалығында Шегіргүл атты қызымен Жасыл деген патша тұрыпты. Патша өте қатты, қатал, ал қызы – сұлу, нәзік және сүйкімді болған. Патша барлық тұрғындарды өз қарамағындажәне қорқынышта ұстаған, ол тіптен, тәртіпті сақтау үшін, мемлекетінің жерін екіге бөліп қойған. (Балаларға Жасыл патшалығы деп, жасыл түсті қағазды көрсетіп, ол қағазды ортасынан екіге бөлеміз). Патшалықтың бір бөлігінде әрдайым күн шығып тұрды, онда жылы да, жарық еді, әр үйде от жанып, қызыл алмалар, қызыл сары апельсиндер және сары банандар пісіп тұрды, алқызыл мактар мен раушан гүлдері гүлдеді. Патшалықтың бұл бөлігінде тек сары, қызыл және қызыл сары түстер тұрды. (Осы үш түсті дөңгелекті қағаздың бір бөлігіне қоямыз). Бұл бояулар бір-бірімен өте дос және қызыққа толы болды.

Патшалықтың екінші жартысында әрдайым бейбітшілік, тыныштық болды. Көк аспанда көкшілдеу жұлдыздар, аяқ астында қар, ал өзендер мұз астында болды. Мұнда барлығы көк түсті, салқын және тек көк, ақшыл көк, көгілдір түстер өмір сүрді. Олар өлең де айтпады, тек мұздан керемет қамалдар салды. (Қағаздың екінші жартысына осы түстерді салуды ұсынайық). Жасыл патшасы екі жаққа бір – бірімен кездесуге қатаң тыйым салды. Патшаның қаталдығы сонша, ол екі мемлекеттің шекарасына өзіне хан сарайын салып алды. Ол сарайын жасыл, күлгін әйнектерден және тастардан жасады. (Қағаз ортасына жасыл мен күлгін түстен тіктөртбұрыш саламыз). Патша мемлекеттің қызыл сары түсті бөлігіндегі тұрғындарды – жылы деп, ал көк түсті бөлігінің тұрғындарын – салқын деп атады.

Жылы бояулар салқын бояулардың бар екенін білмеді, өйткені оларда әрқашан күн шығып тұратын, ал салқындар болса күннің жылуы не екенін білмеді.

Жасыл патша қызы Шегіргүл екеуі қызыл сары түсті тұрғындарға келгенде, олардың жасыл және күлгін түстері ашықтау жылы түске айналып, ал көк түсті тұрғындарға барғанда, түстері керісінше салқын көкшіл түстерге айналады. (Қағаздың екі бөлігінде жасыл және күлгін түстермен, біз де бояулармен осындай сиқыр жасап көрейік).

Патша қызы мұндай қатаң тәртіпке одан әрі шыдай алмады, ол бөлек – бөлек тұратын барлық бояуларды аяп кетті де, патшаның қатысуынсыз өзі барлығын өзгертуді шешті. Ол барлық бояуларды араластырды. Шекараны бұзып, барлығына бірге тату – тәтті тұруларына бұйырды. Бояуларға бұл өте ұнады, өйткені тек жылы мезгілде немесе тек салқын мезгілде өмір сүру өте қиын.

Сөйтіп, бояулар бірге өмір сүріп, еңбек ете бастады, ал патшалық ашық түсті боялды. Барлық түстер бөлек-бөлек тұрғандарын баяғыда ұмытса да, тек олардың аттары ғана ол туралы естеріне салып тұрды.

Осы уақытқа дейін қызыл, сары, қызғылт сары түстер жылы, ал көк, ашық көк, көкшіл – жасыл түстер салқын деп аталады.

  • Балалар, сендерге ертегі ұнады ма? Ол ертегіден сен не білдіңдер? (Түстердің жылы және салқын болатын)

  • Қандай жылы түстерді білдіңдер? (Сары, қызғылт-сары, қызыл).

  • Ал салқын ше? (көкшіл, жасыл, көк).

  • Бірақ жасыл мен күлгін түстер жылы да және салқын түстер бола алады екен. Ал, қанекей, мынадай тәжірибе жасап көрейік: Күлгін түсті палитраға жағып, оған көк түстің тамшысын қосамыз. Қараңдаршы, түс өзгерді ме? (Иә!). Ол қандай түс? (көкшіл-күлгін, салқын түс).

  • Ал егер, керісінше, қызыл түс қоссақ, қандай түске айналады? (ашық-күлгін, жылы).

  • Енді жасыл түспен осындай тәжірибе жасап көрейік: көк түсті көбірек қоссақ, қандай түске айналады? (көкшіл-жасыл, салқын).

  • Ал енді сары түсті көп қолдансақ, қандай түс болады? (ашық жасыл, жылы).

  • Балалар, өздеріңді ертегі патшалығының бір бөлігінің тұрғындарының орнында болып көріңдерші. Ойланыңдар патшалықтың қай бөлігінің тұрғындары боласыңдар. Жылы немесе салқын. (Бір-бірімен бір келісімге келуге үйретеді).

  • Өздеріңе қажетті түсті алып, палитра бетінде араластырып, осы реңнің түрлі түстерін дайындаңдар және осы түстер үйлесімінен өз суреттеріңді салыңдар. (Суреттерді және бояуларды таңдаудағы балалардың өзіндік жұмысы, сурет тақырыбын немесе сюжетті таңдауда жеке-жеке көмек көрсету).

  • Ал енді, жұмыстарыңды аяқтаған болсаңдар, суреттеріңді қастарыңа қойыңдар, ал қанекей, түстер патшалығының бойымен жүріп өтіп, ең тату бояулар бар суреттерді табайық».




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.12.2018
582
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі