Салт-дәстүр және тәрбие 6-класс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Салт-дәстүр және тәрбие 6-класс

Материал туралы қысқаша түсінік
6-кластың қазақ тілі пәні бойынша өткен сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін ________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 6 -класс

Бөлім:

8-бөлім: Қазақ халқының əдет-ғұрыптары мен салт-дəстүрлері. Наурыз. Морфология

Педагогтің тегі, аты,

әкесінің аты :

Күні:

Сынып: 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Салт-дәстүр және тәрбие.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.1.2.1 -әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (жаңалық, құттықтау) көтерілген мәселені талдау;

6.4.4.3- үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану.

Сабақтың мақсаты

Әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (жаңалық, құттықтау) көтерілген мәселені талдай алады. Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратып, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдана алады.

Ұлттық құндылықтарға баулу



Ұлттық мүдде құндылығы: Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту. Ұлттық мұраға ұқыпты қарау. Ұлттық мәдениетті дәріптеу

Ар-ұят құндылығы: Адал еңбекті құрметтеу. Өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезіну.

Талап құндылығы: Білуге, жаңаны тануға құштар болу. Дұрыс қарым-қатынас орната білу.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Білім алушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың

басталуы

7 минут



















Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Психологиялық тренинг

«Қамшы» әдісі арқылы жүзеге асады. Оқушыларды шеңберге шақырады . Оқушылар қамшыны ала тұрып бір-біріне бір сөзбен тілек білдіреді. Мысалы: «мейірімді бол» т.б.


Ойтүрткі

Екі әйел құдықтан су алып жатты.Олардың қасына тағы бір әйел келді.Өтіп бара жатқан қарт кісі де құдықтың жанында жатқан тасқа отырып, демалды.Әйелдер балалары туралы мақтанып айта бастады. Бірінші әйел: - Менің ұлым өте күшті, оны ешкім жеңе алмайды, - деді. – Ал менің ұлым әнді жақсы айтады.Ондай дауыс ешкімде жоқ , - деді екіншісі. Үшінші әйел үндемеді. Әйелдер су алып, үйлеріне қайтты.Қария да олармен бірге жүрді.Әйелдер шаршап демалуға тоқтады.Олардың алдынан үш бала шықты.Балалардың біреуі ары-бері секіріп, екіншісі ән айтып келе жатты. Ал үшіншісі үндемей келіп, анасының қолындағы ауыр шелекті алды. Әйелдер қариядан: - Біздің ұлдарымыз қандай екен ? – деп сұрады. - Мен бір ғана ұлды көріп тұрмын! – деді қария.



Балалар, қария қай ананың баласын меңзеді? Неліктен бір ғана ұлды көріп тұрғанын айтты? Бүгінгі тақырып не туралы болуы мүмкін?

Сабақтың тақырыбымен және оқу мақсатымен таныстыру;

«Бес қадам» әдісі арқылы топтан қалаған оқушы шығады.

1. Ата-анаң, ата-әжең саған қандай ақыл-кеңес береді?

2. Сен олардың тілін алмай, ренжітсең не болады?

3. Егер сен бір қате іс жасап қойсаң, қалай ақталар едің?

4. Саған олар үнемі кешіріммен қарайды деп ойлайсың ба? Неліктен?

5. «Тәрбие тал бесіктен» деген ұғымға қалай қарайсың?

Психологиялық тренинг

жасайды. Жақсы тілектер айтады.





Әңгімені тыңдап, қойылған сұрақтарға жауап береді.

Өз пікірлерін білдіреді.








Мәтінді мұқият тыңдайды. Қойылған сұрақтарға жауап береді. Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды.





Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!








Дескриптор

Білім алушы

-сұрақтарға жауап береді,

-көтерілген мәселені анықтайды,

-өз ойын дәлелдейді.

Рисунок 7

Оқулық

Қазақ тілі

«Атамұра» баспасы

2018 ж


Сабақтың

басталуы

5 минут







8 минут













7 минут













15 минут








Тілдік бағдар

Мекен үстеуі

Қимылдың, іс-әрекеттің болу орнын, бағытын білдіретін үстеудің түрі мекен үстеуі деп аталады. Мекен үстеулері қайда? қайдан? деген сұрақтардың біріне жауап береді. Оларға жоғары, төмен, әрі, бері, алда, тұс-тұстан, асты-үстінен, әлдеқайдан, осылай т.б. үстеу сөздер жатады.

Жұптық жұмыс

1-тапсырма « ПОПС» формуласы арқылы талданады. Оқушылар әр топтан жазғандарын тақтаға шығып қорғайды.

Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер. Мәтінде көтерілген мәселені анықта.

-Анасымен сөйлескеннен кейінгі баласының іс-әрекеті қандай болады деп ойлайсыңдар?

Ана мен бала екеуінің қайсысын жақтар едіңдер? Неліктен солай ойлайсыңдар?

Анасы дұрыс жасады ма? Неліктен?

Баласы дұрыс жасады ма? Неліктен?

Мәтіндегі негізгі ой неде деп ойлайсыңдар?



2-тапсырма. Платформамен жұмыс

Жеке жұмыс

1)Көп нүктенің орнына мекен үстеуін қойып жаз.
Жоғары – төмен, артта, осында, жол - жөнекей
1. Өмірдің бар кереметтерін …кездестіруге болады екен.
2. …отырған Ақтілеу мұғалімнің кіргенін аңғармай қалды.
3. Жолаушыларға…… көлік те кездеспеді.
2) Жұмбақ шешу
Жасыл желек көгалда,
Бірде артқа,
Бірде алға,
Желаяқ көп бала,
Таласып жүр бір шарға. (футболшылар)

Топтық жұмыс

3-тапсырма. Мекен үстеулерді қатыстыра отырып, сурет бойынаш сөйлем құрап жаз. «Автор орындығы» әдісі арқылы топта ең үздік 3 мәтінді оқыңдар.



Әңгімені тыңдап, қойылған сұрақтарға жауап береді.

Өз пікірлерін білдіреді.






Мәтінді мұқият тыңдайды. Қойылған сұрақтарға жауап береді. Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды.











Көп нүктенің орнына мекен үстеуін қойып жазады. Жұмбақты шешіп, мекен үстеуін табады.









Мекен үстеулерді қатыстыра отырып, сурет бойынаш сөйлем құрап жазады. «Автор орындығы» әдісі арқылы топта ең үздік 3 мәтінді оқиды.



Дескриптор

Білім алушы

-сұрақтарға жауап береді,

-көтерілген мәселені анықтайды,

-өз ойын дәлелдейді.




Бірін-бірі

«Нысана» әдісі арқылы бағалайды




Дескриптор

Білім алушы

-көп нүктенің орнына мекен үстеулерін дұрыс қояды,

-жұмбақты шешуін табады,

-үстеуді анықтайды.

Өзін-өзі

«Нысана» әдісі арқылы бағалайды





Дескриптор

Білім алушы

-мекен үстеулерді қатыстырады;

- сурет бойынаш сөйлем құрап жазады;

-құрылымын сақтайды;

-көлемін сақтайды.

ҚБ.

Топтар бір-бірін “Бағдаршам” әдісі арқылы бағалайды.


Оқулық

Қазақ тілі

«Атамұра» баспасы

2018 ж


































Сабақтың соңы

5 минут








Рефлексия

«Сезімнен туған ойлар» стратегиясы.

1 –қадам: 1 оқушы тақтаға шығып, сабақ туралы пікірін айтады, бұл пікірді, рефлексияны, ауызша емес, тақтада сурет салып, яғни суреттің бір шағын бөлшегін ғана бейнелейді.

2 – қадам: Басқа оқушылар кезек - кезек шығып, осы суретті жалғастыруы тиіс.

3 – қадам: Нәтижесінде қандай сурет салынғанын, осы суретке сәйкес қандай ой қорыту пайда болғанын алғашқы оқушының бастапқы пікірмен салыстырыңыз.

Үйге тапсырма:






Бүгінгі сабақта не пайдалы болғанын, не қиын болғанын, алдағы уақытта қандай өзгерістер енгізуге болатындығы жөнінде айтып, рефлексия жасайды.











     







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.02.2024
244
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі