(Ұ) Постер
құрастыру.
Мақсаты: «Мереке» ұғымын
жан-жақты талқылау, миға шабуыл.
Оқушылар мереке ұғымына
сипаттама береді.
(Т) «Ұлттық және мемлекеттік
мерекелер» ассоциация құру.
Мақсаты: ҚР ұлттық және
мемлекеттік мереклереріне ассоциация құру арқылы олардың ұқсастығы
мен айырмашылығын, мән-мағынасын
түсіну.
Тапсырма орындалып болған соң
«Галерея» әдісі бойынша топтар постерлерімен алмасады. Әрбір топ
жасыл, қызыл, көк түсті стикерлер арқылы мәліметті өз тобымен
ойласа отырып, ретке келтіреді.
Мұндағы:
Қызыл түсті стикер - қате
жазылған ақпарат;
Жасыл түсті- мәліметтердің
ішіндегі ең ұнаған ақпарат;
Сары түсті – бағалаушы топтың
өздерінің қосқан мәліметі (толықтырылған
ақпарат).
/Постерлер толықтырылған
соң, әрбір топ өз постерлерін
қорғайды/.
Топтар бірін-бірі стикерлер
арқылы бағалайды.
(Ұ) Бейнежазба. «Әли мен Айя». Ұлыстың ұлы
күні - Наурыз мейрамы туралы
Мақсаты: Наурыз
мерекесінің мәнін түсіну.
Оқушылар ұжыммен
бейнежазбаны тамашалайды.
(Ж) Постермен
жұмыс
Мақсаты: оқушылардың
өздері білетін және бейнежазбадан жинақтаған білімдерін ортаға сала
отырып, Наурыз мерекесінің ерекшелігі туралы өз ойларын ортаға
салу, мән мағынасын түсіну.
- Балалар сіздер қандай
бейнежазбаны тамашаладыңыздар?
/Наурыз мерекесі
туралы/
-Ендеше, өз жұптарыңызға
Наурыз мерекесі туралы білетін ақпараттарыңызды
бөлісіңіздер.
(Ұ, Ө) «Сөйлейтін
микрофон»
Мақсаты: Ұлттық және
мемлекеттік мерекелер мен Наурыз меркесін туралы алған білімдерін
анықтау, сұрақ қоя білуге, толық әрі нақты жауап беруге
дағдылану.
Мұғалім қолына микрфон
алып оқушыларға бір сұрақ қояды. Қай оқушы жауап берсе, сол оқушы
микрофонды алып, басқа балаларға бүгінгі сабақ бойынша сұрақ қояды.
Осылайша ойын өз жалғасын табады.
Мұғалімге ұсынылатын
сұрақтар:
-
Мереке сөзін қандай
сөзбен ауыстыруға болады?
-
Қандай ұлттық
мерекелерді білесіз?
-
Қандай мемлекеттік
мерекелерді білесіз?
-
Ұлттық және
мемлкеттік мерекенің айырмашылығы
неде?
-
Ұлттық және
мемлкеттік мереклердің ұқсастығы
неде?
-
Наурыз меркесінің
басқа мерекелерден қандай ерекшелігі
бар?
-
«Наурыз» сөзі қандай
мағынаны білдіреді?
-
Наурыз мерекесі күні
табиғатта қандай өзгерістер болады?,
т.б.
Ойын аяқталған соң ең
үздік сұрақ пен жауап анықталып, ауызша
мадақталады.
(Ең үздік сұрақ пен
жауапқа сыйлық әзірлеуге болады. (мысалы: «Алтын микрофон»,
т.б.))
|