Павлодар облысы
Ертіс ауданы
Ертіс ауылы,КМҚК №2 балабақша
Нургаламова Айслу Сапарқызы
Жоба: « Салт – дәстүрім қазынам»
Жобаның паспорты:
Жобаның түрі:
Орындалу мерзімі: қысқа мерзімді (екі ай)
Жобаға қатысушылар: Ересек топ балалары, тәрбиешілер, ата-аналар.
Жобаның құрылу қағыдасы: бірлесіп әрекет ету;
Қамтылатын білім бөлімдері: «Таным», «Коммуникация», «Әлеумет», «Шығармашылық».
Тақырыптың өзектілігі:
Салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері. Күнделікті қолданыста бір мәдени топты екіншісінен айыратын және бейресми жолмен реттейтін қабылданған мінез-кұлық ережесіне немесе әлеуметтік әрекеттерді жөнге келтіретін терминге жатады.
Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық — өнеге тәжірибесін құраған. Бұл талаптар мен ережелерді халық бұлжытпай орындаумен бірге оны құрметтемеген, сақтамаған адамдарды сол заң негізінде жазалап та отырған. Өткен заманда қазаққоғамы үшін салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарды. Мысалы, той, наурыз көже, қыз ұзату, қонағасы, шашу, ерулік ата салты болып саналады. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы — мәдениеттің байлығы. Мысалы, ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат тергеу, құрдастық қалжың, т.б. салт-дәстүрге жатады. Қазақ халқы салт-дәстүрге бай. Әдет, ғұрып, ишара, ырым, тыйым, дағды бәрі осы салт-дәстүр көрінісі.
Салт дәстүр мәселесі Қазіргі таңда салт дәстүр мәселесі алғашқы орындарды тіреп тұр. Қазақ халқында көптеген салт дәстүрлер мен ырымдар бар. Бірақ өкінішке орай адамдардың көбісі ырым мен салт дәстүрді шатастырады екен. Ата баба өсиеті болып келе жатқан салт дәстүрлердің өзіндік ерекшеліктері болса, ырым жырымдар арнайы тыйымдар үшін қолданылған.
Мақсаты: Салт- дәстүрді насихаттау, қолөнерге, сахналау өнеріне баулу.
Міндеттері:
-
Қазақ халқының асыл мұраларын, ,озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін жүйелі түрде баланың бойына сіңіру.
-
Балалардың ойлау қабілеттері мен тілін дүниетанымын дамыту.
-
Әр нәрсені салыстыра отырып,олардың арасындағыайырмашылықтар мен ұқсастықтарды ажырата білу жәнеоларды жинақтап,өз беттерімен қорытынды жасау.
-
Балалармен және ата-аналармен бірігіп тәрбие жұмыстарын өткізу, сахналау.
Жобаның мазмұны:
1. «Салт және дәстүр»тәрбие сағаты (слаид)
2. «Салт дәстүр оның түрлерімен танысу» әңгімелесу
3. «Салт дәстүр туралы әңгімелейй білу» ашық іс-әрекет
4. «Салт дәстүрім қазынам» қорытынды іс-әрекет
Күтілетін нәтиже:
-
Балалар салт-дәстүрлермен танысады;
-
Сал-дәстүрдің түрлерін ажырата алады;
-
Салт-дәстүрді сахналауға үйренеді;
Жобаға қажетті материалдар:
-
Салт-дәстүр.
-
Тыйым сөздер.
Жобаның іске асыру бағыты:
-
Балалар мен тәрбиешінің біріккен іс-әрекеті
-
Тәрбиешілердің ара қатынасы
-
Ата-аналармен қарым-қатынас
Жобаның жүйесі
Жобаның құрылысы
|
№ |
Білім беру салалары |
тақырыбы |
мазмұны |
|
1 |
«Таным», «Коммуникация», «Әлеумет», «Шығармашылық» |
«Салт-дәстүр мен оның шығу тарихымен танысу |
1.Әңгіме «Салт-дәстүрдің шығу тарихы» 2.«Дәстүр не үшін қажет?», «Салт-дәстүр қай кездерде қолданылады?» «Салт-дәстүрді кім ойлап тапты?» әңгімелесу 3. Дидактикалық ойын: «Шешуін табайық (салт дәстүрге қатысты) 4.Слаид көрсету |
|
2 |
«Коммуникация», «Әлеумет», «Шығармашылық» |
«Салт дәстүрдің түрлерімен танысу» (салыстыру,теңеу, метафора) |
1.«Салт-дәстүрлердің қандай болады?» әңгіме 2.Дидактикалық жаттығу: « Затқа сәйкес теңеу тап», 3.С/О «Ұйқасын тап» «Сөз суретшісі», «Сандықша», «Сурет галереясі», «Бұл неге ұқсас?». 3.Суретшілердің шығармаларын қарастыру. 4.Суретке қарап әңгімелей білу 5. Салт дәстүрдің суреттерін салусуретін салу 6.Әңгіме оқу 7. «1001 мақал 101 жұмбақ» |
|
3 |

Салт дәстүр туралы не үйрендік... |
1.Әңгіме. «Салт дәстүр қалай пайда болды» 2.Дидактикалық ойын: «Суреттегіні тап», «Керісінше айт». 3. Дидактикалық жаттығу: «Бұл қай дәстүр», 4.Қимылды ойын: «соқыр теке» 5.Суретшілердің шығармаларын қарастыру. 6. «Күн астындағы Күнекей қыз»ертегісін оқып беру 7. Балаларға арналған кітапшалар жасау. 8. «Не?Қайда?Қашан?» ойын-сауық |
|
4 |
Таным», «Коммуникация», «Әлеумет», |
«Салт дәстүрім қазынам» қорытынды ұйымдастырылған іс-әрекет |
Ата-аналармен әріптестерге арналған қорытынды мерекелік іс-шара |
Жобаның құрылысы
Жобаның жүзеге асыру кезеңдері
|
1-кезең Ұйымдастырукезеңі (06.02.2018-10.02.2018ж) |
Жобаның мақсатын,міндетін анықтау,әдеби материалдарды қарастыру; |
|
2- кезең Дайындықкезеңі (13.03.2018-24.03.2018ж) |
Жобаның жоспарын құрастыру; Материал жинақтау (салт-дәстүр,тыйым сөздер т.б жинақтау; Жобаның дидактикалық және әдістемелік оснащения; |
|
3-кезең Тәжірибелік (27.02.2018 -17.03.2018ж) |
1.Кеңестер,әңгімелер,нұсқаулықтар құрастыру. 2.Ата-аналармен балаларға шығармашылық тапсырма. 3. Балалармен біріккен іс-шара 4.бақылау,әңгімелесу,ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті,көркем әдебиет оқу,ойын және шығармашылық іс –әрекет,мерекелік іс шара |
|
4-кезең Қорытынды (27.03.2018ж-31.03.2018ж) |
1.Жоба барысында жинақталған материалдар қоры. 2.Балалардың жұмбақтарды білу туралы білімінің деңгейін анықтау (мониторинг) әңгімелесу арқылы 3.Жобаның жүзеге асыру есебі. 4.Жобаның қорытынды ұйымдастырылған іс-әрекетіне дайындық. 5.Әріптестер мен ата-аналарға арналған «Салт дәстүрім қазынам» атты ашық іс-әрекет |
Күтілетін нәтиже
Еліміздің болашағы - жас ұрпақты тәрбиелеуде, бірінші бесік - отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік - білім білім беру мекемесі, яғни баланың қоғамға өзіндік пайдасын тигізер тұлға болып дамып жетілуіне бірден-бір ықпал ететін орын – балабақша. Тек қана отбасындағы тәрбие баланы сөзсіз жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптасуына аздық етеді.
Сондықтан да қазіргі заманға сай халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын қымбат қазына ретінде бағалап, балабақшадағы тәрбие жұмысын кеңінен ұйымдастыра білуіміз керек. Адам баласы дүниеге келгеннен бастап, үнемі салт-дәстүр аясында өседі. Бала тәрбиесінде халыктың, тұрмыстық салт-дәстүрлердің туу себептерін, даму ерекшеліктерін ашып көрсетудің тәрбиелік мәні зор. Мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың жасерекшеліктеріне сай ата-баба дәстүрі мен халық педагогикасын басшылыққа алып, тәрбие жұмысын ғылыми негізде ұйымдастырып, ұтымды жүргізе білуіміз қажет. Ол үшін осы ұғымдардың мазмұнын түсіну керек.
«Салт – кәсіпке, сенімге, тіршілікке байланысты әдет-ғұрып, дәстүр. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Уақыт өткен сайын салтқа өзгеріс еніп, өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді. Жаңа қоғамдық қатынасқа сай келмейтін салт-дәстүрлер ығысып, өмірге қажетті жаңалары дамып отырады.
Дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер. Ол – қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі. Жалпы адамзат есіндегілерді және әлеуметтік тарихи тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші және жинақтаушы. Дәстүрде бірнеше ұрпақтың мәдениеті мен мәдениеттілігінің көп түрлігі және бірлігі жинақталған. Ол қоғамдық өмірдің барлық саласын, тәжірибесін қамти отырып, қоғамның әр деңгейіндегі ақылды даналықты бейнелейді. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады.
Жұмысты қорытындылай келе мынадай шешімге келуге болады:
-
Барлық балалар салт дәстүрлерді жақсы көреді;
-
оның шығу тарихын біледі;
-
түрлерін анықтай алады;
-
Салт дәстүр туралы білуге деген қызығушылықтары басым;
-
Балалар көптеген салт дәстүр жатқа біледі ,және айта алады
Балалар жоба барысында қызығушылық,белсенділік танытты.ата-аналарда жобаға белсене ат салысты. Салт дәстүрдің шығу тарихы туралы ақпарат іздеуге көмектесті.Шығармашылық тапсырмалар орындауға,балалармен бірге сурет салуға, салт дәстүрді,жаттауға көметесті.Балаларға арналған салт дәстүр жинақтауға қатысты.
Жаңа тапсырма: «Басқа ұлттың салт-дәстүрлері»
Жобада пайдаланған мәліметтер көзі:
-
Ақпараттық мәлімет:
- ғаламторлық ақпарат http://vospitatel.com.ua/zaniatia/rech/v-gostyah-u-skazki.html.
- Қуырмаш.Мектепалды даярлық тобы мен бастауыш сынып балаларына арналған.Түзетілген./Құраст.С.К.Раева.-Алматы: «Алматыкітап баспасы» ЖШС,2012,-48бет
- Сиқырлы орман.:Сауат ашу.-Алматы: «Аруна» баспасы,2007.-144бет
-
Мамандардың көмегі –әдіскер Б.Г.Сарсембаева,тәрбиеші Ж.Ж.Оспанова,музыка жетекшісі Г.А.Иманберлинова,балалар,ата-аналар
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Салт дәстүрім қазынам

шағым қалдыра аласыз