Ақмола облысы
Астрахан ауданы
«Жамбыл орта мектебі» ММ
Салтанатты жиын
Тақырыбы:
Естен кетпес отты жылдар!

Өткізген: Ахметова Ш.А.
Мақсаты:
1.
Білімділік: Балаларға Ұлы Отан соғысы, жеңіс, ерлік, батырлық
туралы түсінік, ұғым беру, білімдерін
жетілдіру.
2. Тәрбиелілік: Отанды қорғауға, сүйіспеншілікпен қарауға, сүюге, үлкенді құрметтеуге, отан үшін шайқасқа түскен аға-апаларымыздың рухына бас июге, үлкенге – ізет, кішіге – қызмет етуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Балалардың ақыл-ойын, қиялын, тілін, сөз байлығын, ән айту қабілетін дамыту.
Көрнекіліктер: Альбом, ардагерлер туралы буклет, плакаттар, гүлдер, шарлар.
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ата аналар, ұстаздар, оқушылар! Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 73 жыл толып отыр. Бұл мерекені лайықты атап өту қазіргі ұрпақтың парызы деп білеміз. Ерлік ешқашан да ұмытылуға тиісті емес. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 миллион 70 мыңнан астам жауынгер қатысты. Олардың көпшілігі ұрыс даласында қаза тауып, хабарсыз кетті.
Алмас-Жүргізуші:
Әлемді дүрсілкіндірген оқиға 1941 жылы маусымның 22-де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 мамырда бұл оқиға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 73 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 73 жылдығы.
1941 жылы 22 маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын-қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.
Соғыс туралы музыка ойнап тұрады.
Көрініс: «22 маусым 1941 жыл» Жаздың жайма-шуақ күні, аяқ асты сұм соғыстың басталуы.
Назерке-Немересі: Әже, әже! Бүгін меннен бақытты адам жоқ. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді. (әжесін құшақтап еркелей күледі)
Акпейл-Әжесі: Талабына нұр жаусын, арманыңа жет балам! (маңдайынан сүйіп, қасына отырғызады, әкесі жымыиып, салмақты киіпте пышағын қайрап отыра береді, келіні ыдыс алып, келе жатып, радиодағы хабарды тыңдап тұрып қалады).
Радио: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва. Бүгін, таңертеңгі сағат 4-те Неміс фашисттері Германия мен Совет Одағының арасындағы шабул жасамау туралы шартты опасыздықты бұзып, біздің еліміздің терреториясына басып кірді.
Барлығы бірге: Соғыс! Соғыс! Соғыс!
(Ән «Священная война», қолындағы ыдысы түсіп кеткен келіні жылап, бетін жабады).
Назерке-Немересі:
— Аттан! — деді,
Ол қазір аттанады.
Жауынгердің ролін атқарады.
Неге бізге үмітсіз тесілесің?
Аттан, әке,
Жолыңнан кешігесің.
Кудесінде жаны бар пақырларың,
Тауып жейді сенсіз де несібесін.
Куат-Әкесі:
Тыңда балам, тыңда күнім,
Болуға жара қолқанат.
Кәрі анам, сәби інің,
Барлығы саған аманат.
Акпейл-Әжесі:
— Оралсын аман жеріне,
Көріссін туған елімен.
Келің-ау көздей қалтаға
Топырақ салып беріп жібер.
- Айналайын құлыным! Бізді тастап жауыздың жазасын беруге кетіп барасың, артыңда қалған отаның, халқын үшін жаныңды сал балам, тек жеңіспен орал. Әттең, өмір - ай саған не жаздық.
Аслан-Бала: Анашым мен үшін қамықпа, біз міндетті түрде жеңіспен ораламыз мені уайымдама. Әрқашан біздің Жеңіспен оралуымызды тілеңіз. Қош бол, анашым!
Назерке-Немере: Соғыс
деген қайдан шықты,
Авторы кім алғашқы?
Есіл адам, есі кетіп,
Оған несін жармасты?!
Бүкіл адам тарихының бетін неге қан басты?
Дильназ:
Соғыс деген — аққан соры ақсүйектің,
құлдың да,
Соғыс деген — төккен ары ұлдың және қыздың да.
Соғыс деген — Сотқарлардың қолындағы найзасы,
Соғыс деген — соғыс деген — зұлымдықтың
айнасы.
Алмас-Жүргізуші: Шаттанған жастардың жадыраған күнін фашистік Германия бір күнде, қара түтінге айналдырды. Адамдардың тыныш өмірі бұзылды. Отан үшін, халқы үшін жастарымыз соғысқа аттанды.
Отан ана жылағанда шер
сеніп,
Тапжылмастан төгеді екен жерге бұлт.
Қара бұлтты қақ жарайық, деді де,
Қолдарына қару алды ерленіп.
Бұлт торлады аспанды,
Қара жер қанға ластанды.
Зеңбірек атып жан-жақтан,
Осылай соғыс басталды.
Өлең: «Соғыстан қайтқан солдаттар»
Айым-Жүргізуші: Қаншама, күлкісіз, қиындық күндер, ұйқысыз түндер өтіп жатты. Апаларымыз майданнан ұлын, аға - інісін, жолдасын күтті, сөйте тұра, бала тәрбиелеп, егін екті, Десе де, Әр жүректе сағыныш, бір үміт Жеңіс деген.
(Хат әкелінеді)
Акпейл-Әжесі: Қызым майданнан хат келді, кел оқиық. ( хат оқылады)
Алмас-Жүргізуші:
Хат жазамын майданнан,
Мейірімшіл ғазиз - анама
«Жақыным - жарым» дегенмен,
Анаңдай жақын бола ма?
Көңілінде тілек, көзде жас,
Екі қолың жағаңда.
Қасірет шегіп, қан жұтып,
Сарғайдың ба санаға?
Сағынған соң мен ойлап,
жүрегің оттай жана ма?
Ет бауырың елжіреп,
Қайғыра берме балаңа.
Сабырдың суын бере көр,
Жаныңдаға жараңа.
Ажалсыз адам өлмейді.
Мезгілсіз шөлмек сына ма?
Ердің басы ел үшін,
Арыма жаным садаға.
Бұлт жамылып қар төсеп,
Мен жатырмын далада.
Акпейл-Әжесі: О, Құдайым бір өзің жар бола көр, балаларымыз аман – есен Жеңіспен оралса екен.
Алмас-Жүргізуші: Соғыс! Тек естілер жарылыс дауыстары. Соғыста олар тек соғысып қана қоймай, қимай шығарып салған ардақты ана, сүйікті жар, сәбилерін, Отанын, үйін де естерінен шығармады. Олар да, сағынды, сағыныштарын үйден жіберген хатты оқумен болды.
Айым-Ананың
хаты:
Құлыншағым аман ба?
Қолыма тиді сенен хат.
Хабарыңды есітіп,
Қуанып қалды ғаламат.
Күніге тоқсан тілеймін,
Құлыным кел деп саламат.
Жүрегім – жалын, ішім у,
Жанымда ауыр жарақат.
Көзімнің жасы төгіліп,
Ұйқыдан кетті рахат.
Отаның үшін қарағым,
Арың қымбат жаныңнан.
Бөбектерің аман - сау,
Ас жейді әзір қолымнан.
Ербеңдеген ермегім,
Тастамаймын қолымнан.
Көңілімде алаң жоқ,
Жаны сүйген жарынан.
Уһілеп кейде демалып,
Шығады түтін жалыннан.
Хабарыңды жиі жаз.
Өтпесін көп күн арадан.
Талқандап жауды аман қайт,
Бұлт серпіліп көгімде.
Жазылсын жүрек жарадан!
Алмас-Жүргізуші:
Сүйінші елім, сүйінші
Сүйіншіге сүйінші!
Қуан ата-анамыз,
Әжелер мен бабамыз.
Соғыс бітті жеңіспен,
Кешікпей елге барамыз.
Фашистің туын құлаттық,
Әскерін қырып сұлаттық.
Қанды шелек сұмдарды,
Қан құстырып жылаттық.
Ардақты Отан сен үшін,
Туып-өскен жер үшін.
Құрбан болды сан ұлың,
Әлпештеген ел үшін.
Құрбан қылып шыбын жанымды,
Төктім талай қанымды.
Неше өліп, тірілдім,
Аямай бойда барымды.
Мақтан ет ана ұлыңды,
Қойдай боп дұшпан қырылды.
Әлемнен фашист жоғалып,
Гитлердің басы жұлынды.
Әкесін күтіп бала отыр,
Баласын күтіп ана отыр.
Бір көрсем деп ел-жұртты,
Дүрсілдеп жүрек және тұр.
Сағыныштан сарғайып
Солдаттардың жары отыр.
Қайтады елге ерлерің,
Гүлденер қайта жерлерің
Ұмытылар ертең-ақ
Қиыншылық көргенің.
Айым-Жүргізуші: 1945 жылдың 9 мамыры. Герман фашизмінің күйрей жеңілген күні. Жеңіс! Ұлы Жеңіс!
Фашистік Германия тізе бүкті... Бірақ сол сұм соғыс өзімен бірге 10 миллионнан астам немістің өмірін алып кетті. Оны жеңген Кеңестер Одағы 27 миллион адамның өмірін берді.. Әрине, жеңіс өздігінен келген жоқ. Оны елі, жері үшін отқа түскен ерлер ерлігі жеткізді. Қазақстаннан 1941-1945 жылдардағы қанды қырғынға 1,3 миллион ұл мен қыз аттаныпты. Бәрі де жанқиярлықпен соғысты. 500-ден астамы елге Батыр атанып, аңызға айнала оралды. Содан бері зымырап 73 жыл өте шықты.
Бір минут үнсіздік.
Қуат: Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні.
Жақсы үміттің шырағы жанды міне!
Аспан бетін қаптаған қара тұман
Серпіліп зұлымдықтың сөнді түні!
Ақпейл: Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,
Жер бетінен жамандық мүлдем үрікті.
Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз,
Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.
Дильназ: Жаңғыртып әнмен аспан кеңістігін,
Халқымыз қуанышта тегіс бүгін,
Жауды жаншып, Отанды азат еткен
Құрметтеп қарсы алады Жеңіс күнін.
Назерке: 73 жыл бейбіт көктем таң атқалы,
73 жыл шуақты күн таратты әнін.
Елімде сонан бері 73 рет
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Соғыста өлгендер тек оралмады.
Алмас: Соғыс өтті жалмап талай өмірді,
Қаншама қан еш жазықсыз төгілді
Соғыс аты естілгенде құлаққа
Елестетер қара тажал өлімді
Келді міне, күндей жайнап гүл көктем,
Самал желі шашты тарап, бетті өпкен
Ұмытуға хақымыз жоқ оларды,
Олар біздің бақыт үшін қан төккен
Талай жанды қиды ажал балтасы,
Жауды жеңіп қайтты ауылға қаншасы
Бізідің мына бейбіт өмір алаңсыз
Ел қорғаған аталардың арқасы.
Өлең: "Жойылсын соғыс"
Ақпейл: Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып,
Жеңіс келді, қуандық көңіл тасып
Жауды жойып батырлар елге оралды
Ата-анамен қауышты құшақ ашып
Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,
Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды
Соғыстан соңғы сәби күлкісімен
Қара күндер қайғысын ұмыттырды
Қуат: Ұлы соғыс – төрт жыл адам төзгені,
Дерт пен ыза тірі дене сезгені
Төрт жыл ұдай көздемеппіз, атпаппыз,
Екі аяқты елдестен өзгені.
Ел зұламаты жер астында өртеніп,
Күн көзімен күн сүйегін жасырған
-Жеңіс! Жеңіс!
Бір сыбаға баршылық!
Қуаныңдар қалды жуық қарлы алып!
Осылайша отты салют бергенді-,
Біздің елден жаңа тарих жыр салып.
Назерке:
Бүгінгі күн көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында Жеңістің міне 73-көктемі де келіп жетті.
73 жыл-бейбіт көктем таң атқалы,
73 жыл-шуақты күн таратты әні.
73 рет- көктемде сонан бері,
Ашылды Жеңіс күннің парақтары,- дей отыра Ұлы Жеңіс күніне арналған тарихи журнал беттерін бірге парақтайық.
Аслан:
Уа, халқым!
Күн туды сенің басыңа,
Жау кірді сенің жеріңе.
Сұм фашистен қорғауға,
Аттан, халқым майданға!
Айым:
Жігіт кетті майданға
Тал бойында бес қару.
Айрылған арманда
Қалды артында жас ару.
Жас жүрегі бір түрлі
Алқымына тығылып,
Алғашында бір тұрды
Қалам ба деп жығылып...
Алмас-Жүргізуші:
Соғысқа 61 мемлекет, дүние жүзі халқының 80%-ы қатысты. Соғыс қимылдары 40 мемлекет жерінде жүріп, 110 млн адам әскерге алынды. 50 — 55 млн адам қазаға ұшырады. Фашистік Германияның мақсаты бүкіл Кеңес халқын құлға айналдыру, жерін басып алу еді. Германия фюррері Адольф Гитлердің қанқұйлы саясаты Кеңес халқын дүр сілкіндірді.
Айым-Жүргізуші:
9 мамыр – Жеңіс Күні – ең қымбатты, қуанышты да қайғылы, мәртебелі мереке, халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісі.
7 мамыр күні біз Қарулы күштер қатарында қызмет еткендер мен сапта жүргендерге құрмет көрсетеміз.
Алмас-Жүргізуші:
Нақ осы күн Отанға сүйіспеншілік іспетті адами құндылықтардың тұрақтылығы және өлшеусіздігі, оның мүдделерін қорғауға әзірлік, патриотизм мен ерліктің барлық көріністері туралы айғақтайды. Ұлы Жеңіс күнімен, Қазақстан Республикасының Қарулы күштер күні мерекесімен құттықтау үшін сөз кезегі мектеп директоры Меруерт Оразалықызына беріледі.
Айым-Жүргізуші: Осымен Ұлы Жеңіс күні мерекесіне арналған салтанатты жиын аяқталды.
Еліміздің іргесі берік, еңсесі биік болсын!
Алмас-Жүргізуші:
Елімізде тыныштық, бейбітшілік болсын! Тәуелсіз еліміздің туы биік болсын! Сау болыңыздыр!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Салтанатты жиын "Естен кетпес отты жылдар!" 8 сынып

шағым қалдыра аласыз