400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шалудың негізгі түрлері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Технология пәнінен шалудың түрлерін үйренуге арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ:. Технология

Тақырыбы:Шалудың негізгі түрлері.

Мектеп: «Ордабасы» жалпы орта мектебі


Күні:20.04.2017ж


Мұғалімнің есімі: Мыңбосын Құттықыз

СЫНЫП: 8


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар

саны:

Сабақ негізделген оқу

мақсаты(мақсаттары)


Шалудың негізгі түрлерін үйрету

Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар: Ілмекпен тізбектеп тоқуды үйрету



Оқушылардың басым бөлігі: Ілмекпен әртүрлі шалуларды үйрету



Кейбір оқушылар: Әртүрлі өрнектер тоқып үйрету


Табыс нәтижелері


Барлық оқушылар Ілмекпен тізбектеп тоқуды үйрнеді



Оқушылардың басым бөлігі: Ілмекпен әртүрлі шалуларды біледі



Кейбір оқушылар: Әртүрлі өрнектер тоқи алады


Жоспарланған

уақыт


Жоспарланған жаттығулар(төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)


Ресурстар


Басталуы 5 мин


Ұйымдастыру кезеңінде оқушылармен сәлемдесіп, оқушыларды түгелдеп, сабаққа қажетті жабдықтарды дайындау.Оқушылар шеңберге тұрып , техноло- гия пәні нені үйрететінін айтып шығады.Оқушыларды топқа 1,2 санау арқылы бөлу.Бағалау критерийлерімен таныстыру.Оқушылардың сұрауымен тағы «Түймедақ» әдісін қолданып , оқушылар өзін-өзі бағалап отырады.Үйге берілген тапсырманы «Миға шабуыл» әдісін пайдалана отырып, өтілген сабақтан сұрақтар беру.

Ілгек бізбен тоқылған бұйымдардың ерекшелігі қандай?

Қандай жіп түрлері пайдаланады?

Ілгек бізді қандай материалдан жасайды?

Ілгек біздің кандай номерлері болады?

Ілгек бізді қолға ұстаудың қандай әдісі бар?

Ілгек бізбен қандай бұйымдар тоқуға болады?

Кеспе қағазы

Түйме дақ суреті

Ортасы 25 мин

Жаңа сабақ:

Үштік одақ әдісін қолдану.Оқушылар жаңа сабақты топпен оқиды. Оқылым, тыңдалым, жазылым болады. Тыңдап отырған оқушыдан сұрау.Сабақты көрнекіліктерді пайдалана отырып, сұрау ілмекті бізбен шалудың түрлерін олардың ерекшеліктерін айту.

Сарамандық жұмыс барысында оқушылар ілгекті бізбен жіпті пайдалана отырып шалулар тоқып үйренеді.

Технология журналы

Тоқыма бұйымдар

Аяқталуы 10 мин


Қорытынды:

«Бестік сұрақ» әдісі. Оқушылар жаңа сабақ бойынша бес сұрақ дайындайды. Бір оқушы сұрақты оқиды, сәйкес сұрақтар өшіріледі.Сұрақтың мағынасына, көп қойылғанына қарай бағалау.Оқушылардың барлық критерийде жинаған бағасын жинаған күлтешесіне қарай бағаланады.

Кері байланыс:

Оқушылар өз пікірін стикерге жазады.

Бүгін не үйрендім?

Маған не ұнады?

Маған не ұнамады?


Қосымша ақпарат


Саралау– Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?


Бағалау- Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?


Пəнаралық байланыс: Биология, матем, сурет,

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері: Ілгекті бізбен жұмыс істеген кезде ұқыпты болу керек, оқыс қимылдауға болмайды, қайшымен жұмыс істегенде ұқыптылық қажет екенін ескерту.

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған

саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Тәжірибе кезіндегі сабақтар топтамасынан екінші сабағымның тақырыбы «Шалудың негізгі түрлері».Бұл сабағымның негізгі мақсаты ілгекті бізбен шалудың ең керекті негізгі түрлерін үйрету.Оқушыларды түгелдеп,шаттық шеңберіне жинап,технология пәні неге үйретеді деген оқушыларға сауал тастадым.Оқушылар өз ойларын еркін айтып шықты.Маған әсіресе Ділнәздың айтқан сөздері қатты ұнады.Ол технология сабағында үйренгенімді күнделікті өмірде қолданатынын айтып өтті.Оқушыларды бір,екі деп санатып жұпқа бөлдім.Бағалау критерийлерімен таныстырып, «Пирамида» әдісімен өзін өзі бағалайтынын айттым.Бұл бағалау өткен сабақта өтілген «Түймедақ» әдісіне ұқсас.Әр критерийге дұрыс жауап беріп отырған оқушылар,пирамиданы толық құрастырады.Үй тапсырмасын «Миға шабуыл» әдісін пайдалана отырып,сұрақтар беру арқылы сұрадым.Оқушылар сұрақтарға жауап берумен қатар ілмекті бізбен тоқығандағы ерекшеліктері туралы өз ойларын айтып өтті.Жаңа сабақта «Джиксо» әдісін қолдандым.Оқушылар білгендерімен бөлісіп,бір-біріне түсіндірді.Сарамандық жұмыс барысында оқушыларға қауіпсіздік ережесін ескертіп,ілгекті бізді дұрыс ұстауды,оқыс қимылдамауды,қайшыны дұрыс беруді айтып өттім.Оқушылар ілгекті бізбен шалудың түрлерін үйренді.Қабілеті жақсы оқушылар шалудың негізгі түрлерін жақсы меңгеріп алғандықтан,оларға қосымша шалудың күрделі түрлерін үйретуге тура келді.Шалуды енді үйреніп отырған қыздарға өз мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай жасадым.Оларға шалудың жолдарын көрсеттім.Сабақ үстінде кері байланыс жасап,жұмыстарына баға беріп отырдым.Сабақты «Бес сұрақ» әдісімен бекіттім.Оқушылар жалпы өткен сабақ пен осы сабақты байланыстыра отырып,әр оқушы бес сұрақтан дайындады.Бір оқушыға сұрақты оқытып.қалған оқушылар ол сұрақ қайталанса, өз парақтарынан сызып отырды.Осылай өз беттерінше сабаққа деген ынталарының артқаны байқалды.Оқушылардың жазған сұрақтарына оның мән мағынасына қарай дұрыс қойылғанын ескере отырып бағаладым. Сабақ соңында кері байланыс жасай отырып,оқушылар парақшаларын жоғары көтеру арқылы пирамиданың қаншалықты толтырылғаны байқалып тұрды.Пирамидасы толық жиналған оқушыларым Мерейлім мен Нұрай өте жақсы деп бағаланды.Ділнәз бен Асылдың пирамидасының бір бөлігі толық болмағандықтан оларды жақсы деп бағаладым.Алдағы уақытта бағдарламаның жеті модулін сабақтарыма ендіре отырып,сабақ беру үдерісі мен әдіс-тәсілім өзгерсе,оқушыларға спалы білім беруде үлкен көмегі тиеді деп ойлаймын.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды(оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды(оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 мамыр
674
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі